Материалдар / Топырақ жағдайының мониторингі және литомониторинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Топырақ жағдайының мониторингі және литомониторинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Топырақ жағдайының мониторингі және литомониторинг
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Маусым 2018
1719
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Су нысандарының мониторингі

1. Су нысандарының мониторингі.

Су нысандарының мониторингі - жеке автономды жүйе. Су нысандары жүйесін құрудың мақсаты – қоршаған ортаның сапасын басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету. Су нысандарының мониторингін жобалау табиғи сулардың бірлігі принципіне негізделген. Су нысандарының мониторингі олардың сипаттамалары, қызметі, қажеттілік деңгейі мен орналасуына қарай жүргізіледі. Әрбір су нысаны өзінше жеке жүйе түрінде қарастырылады. Су нысандарына:

• сумен қамтамасыз ететін көздер;

• су дайындайтын стансалар;

• суды тарататын жүйелер;

• су шығаратын жүйелер, сорғышты канализациялық стансалар;

• ағынды суды тазартатын стансалар;

• ақаба суларды жинау және жөнелту жүйелері жатады.

Осы нысандардың барлығы күрделі табиғи-техникалық жүйе болып табылады.


2. Су нысандары мониторингінің категориялары және ұйымдастырылуы.

Су нысандарына байланысты қызметтерді негізінен сумен қамтамасыз ететін Басқарма және канализацияны басқару, Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, гидрометеорология және табиғи ортаны бақылау орталығы, облыстық табиғатты қорғау департаменті атқарады.

Су нысандарын бақылайтын арнайы пункттер құрылған. Бақылау пункттері жүйелі түрде немесе арнайы бағдарлама бойынша су сынамаларын алып, олардың сапалық көрсеткіштерін бағалаумен айналысады. Судың ішуге жарамдылық сапасын немесе ағын сулардың әр түрлі техникалық жүйелерде қолданылуын тексеруден өткізеді.

Бақылау пункттері сияқты әр түрлі гидрометеорологиялық посттар мен стансалар да бар. Олар:

  1. Бақылаудың жылжымалы құрал-жабдықтары. Оларға негізінен жылжымалы зертханалар жатады. Жылжымалы зертханалар табиғи және техникалық жүйелермен шектелген су нысандарын сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша бағалау жұмыстарын орындайды. Бағалау жұмыстарын аралық, автоматтандырылған немесе автоматты әдістермен жүргізіледі. Өзендер мен көлдер және су қоймаларының кеме жүзетін учаскелерінде жүзуге арналған заттар пайдаланылады.

  2. Бақылаудың автономды пункттері. Автономды пункттер табиғи және техникалық су нысандарының сапаларын автономды тәртіппен бақылауға арналған. Су мониторингі құрамындағы бақылаудың автономды пункттері арнайы зерттеулер орындағанда тиімділік көрсетеді. Жергілікті су нысандары күйінің қалыптасу ерекшеліктерін анағұрлым дәл анықтауға мүмкіндік береді.

  3. Стансалар. Стансалар су мониторингінің бағдарламалары бойынша зерттеу жұмыстарын орындайтын ұйымдар. Оларда су нысандарының күйіне белгілі бір көрсеткіштер бойынша талдау жүргізетін зертханалар (гидрохимиялық және гидробиологиялық зертханалар) болады. Судың құрамын талдау қолмен немесе автоматты түрде жасалынады. Бақылау стансаларының жұмыстары қозғалмалы немесе автономды жабдықтар көмегімен орындалады. Олардың міндеттері: сынаманы алу, жинау, талдау, өңдеу және қорытынды жасау. Стансаларды аймақтық желілер немесе обсерватория деп атайды. Стансалар экологиялық мониторинг орталықтарына ақпараттарды жеткізіп отыруы тиіс.

Бақылау желісінің негізгі элементі – бақылау пункттері немесе табиғаты әр түрлі су нысандарының экологиялық күйінің сапалық және сандық көрсеткіштерін тұрақты өлшеулер жүргізетін сынамаларды жинақтау нүктесі.

Қоршаған орта мониторингінің ғаламдық жүйесі (ҚОМ ҒЖ) жүйесінде беткі сулардың сапасын су нысандарының мониторингі желісінің құрылымы бойынша бірыңғай талаптармен белгіленген ережелерге сәйкес бақылайды. Бақылау негізін келесі принциптер құрайды: кешенділік және жүйелілік, мониторингті жүргізу мерзімінің гидрологиялық жағдайлар сипатымен сәйкестендірілуі, су сапасы көрсеткіштерін бірыңғай әдістермен анықтау. Бұл принциптерге бақылау бағдарламалары арқылы (физикалық, химиялық, гидробиологиялық және гидрологиялық көрсеткіштер бойынша) қол жеткізуге болады. Ол үшін келесі әдістемелік материалдар басшылыққа алынады: «Беткі сулар және олардың түбіндегі шөгінділерді гидробиологиялық талдау әдісі бойынша нұсқау», «Құрлықтағы беткі суларды химиялық талдау бойынша нұсқау», «Беткі суларды ақаба сулармен ластанудан қорғау ережелері» және т.б.

Беткі сулардың сапасын байқау және бақылау жұмыстарын ұйымдастырудың бірінші кезеңі – бақылау пункттерінің орналасу орнын таңдау. Бақылау пункттері ең алдымен шаруашылық маңызы бар, сондай-ақ ақаба сулармен үнемі ластанып отыратын су қоймалары мен су құйылыстарында ұйымдастырылады. Ақаба сулармен ластанбаған су қоймалары мен құйылыстарында және олардың жеке учаскелерінде фонды бақылайтын пункттер құрылады. Бақылау пункттерінде су қоймалары мен құйылыстарының гидрометеорологиялық және морфологиялық ерекшеліктері, ластаушы көздің орналасуы, ластану мөлшері, тасталынатын ақаба судың қасиеттері мен құрамы, сондай-ақ су пайдаланушының қажеттілігі ескеріліп, бір немесе бірнеше екі жақты қақпақ ұйымдастырылады.

Бүгінгі таңда Ресейде тұрақты бақылау көздері 1700 пункттен тұрады және елдің ірі су нысандарын қамтиды. Бақыланатын ингредиенттер мен су сапасы көрсеткіштерінің тізімі ақаба сулардың құрамы мен көлемі, олардың уыттылығы мен су пайдаланушының қоятын талаптарына қарай анықталады. Бұл өз кезегінде әр түрлі тұрақты пункттер желісінің бақылау бағдарламаларына өзгерістер енгізуге себепші болады. Барлық пункттер үшін су температурасы, қалқымалы заттар, минералдану, түсі, pH, еріген оттегі, ОБҚ5, ОХҚ, иісі, негізгі иондар, биогенді компоненттер, сондай-ақ мұнай өнімдері, фенолдар, пестицидтер, көп тараған ластаушылар міндетті түрде анықталады.

Барлық тұрақты бақылау желілері 4 санатқа бөлінеді (су сапасы жөнінде тиімді ақпаратпен қамтамасыз ету, ластану деңгейінің өзгерісін бағалау және қоршаған ортаны қорғауға арналған іс-шаралардың тиімділігін бағалау мақсатында):

• Бірінші санатқа екі жақты қақпақпен тұйықталған негізгі ірі өзен бассейндерінің құйылыс учаскелерін, уылдырық шашатын орындар және бағалы балықтар тұқымдары қыстайтын жерлерді қоса есептегенде шаруашылық маңызы бар су нысандары немесе олардың учаскелерінде орналасқан пункттер жатады;

• Екінші санатқа су нысандарында орналасқан пункттер жатады, атап айтқанда, қалалардағы өнеркәсіпті аудандар және жұмысшы поселкелері; суды ішуге және тұрмыстық-шаруашылық мақсатта пайдаланатын халық; халық демалатын орындар және т.б.; сондай-ақ РФ территориясына шекаралас шетелдерден ағып келетін және ағып өтетін екі жақты қақпақтар, су шаруашылығы теңгерімін құратын өзендердегі екі жақты қақпақпен тұйықталған пункттер.

• Үшінші санатқа су сапасына орташа және әлсіз әсер ететін су нысандарында орналасқан пункттер жатады;

• Төртінші санатқа су сапасына ластаушылар тікелей әсер етпейтін («фондық» учаскелер) су нысандарында орналасқан тұрақты бақылау желісінің пункттері жатады.

Пункттердің санаттарға байланысты бақылау мерзімдері де әр түрлі болады. Бірінші санат пункттерінде бақылау қысқартылған бағдарлама бойынша күнделікті және толық бағдарлама бойынша – әр он күн сайын жүргізіледі. Екінші санат пункттерінде күнделікті көзбен бақылау жүргізіледі, ал толық бағдарлама бойынша бақылау ай сайын жүргізіледі. Үшінші санатты пункттерде қысқартылған бағдарлама бойынша ай сайын, толық бағдарлама бойынша төртінші санат пункттеріндегідей негізгі гидрологиялық кезеңдерде жүргізіледі.

Мемгидрометтің (1984 ж.) әдістемелік нұсқауларына сәйкес ақаба сулар әсер ететін аудандарда көрсеткіштердің 70-ке жуық түрі анықталатын болған.

Зиянды заттардың концентрациясын дифференциалды анықтауға және ШРК-мен салыстыруға негізделген бақылау жүйелері тиімсіз болып табылады. Өйткені, көптеген жағдайларда ШРК мәні белгілі бір уытты заттың тікелей әсері арқылы белгіленеді, ал оның болашақта тізбекті түрде әсер етуі мүмкін екені ескерілмейді. Сол себепті белгілі бір әсердің анықталған көрінісі нақты экологиялық жағдайды сипаттап бере алмайды. Ластаушы заттың жеке әсерінің болуы сирек жағдай, демек ластаушы заттар қосылып, біріккен түрде әсер етеді, олар біріккен түрде зиянды әсерлерін күшейтуі не әлсіретуі мүмкін.

Қазіргі уақытта ішетін, шаруашылық және мәдени-тұрмыстық мақсатта падаланылатын су нысандары үшін зиянды заттардың шамамен 1000 ШРК және балық шаруашылығына арналған су қоймалары үшін судың ластануын анықтайтын 700 ШРК белгіленген. Ал, тегі жағынан антропогендік болып келетін ластаушы заттардың су қоймалары мен су құйылыстарындағы түрлері 1 млн.-нан асып түсетін көрінеді. Биотестілеу әдістемесін жасағанда және стандарттағанда іс жүзінде тіркелген барлық ағзалардың ерекшеліктерін толық ескеру мүмкін емес.

Су жүйесінің жағдайы су жинайтын орынның ауданына, антропогендік жүктеме деңгейіне тікелей байланысты.

Су экожүйелерінің жағдайын гидробиологиялық талдаудың дәстүрлі әдістері бар. Дегенмен, су мониторингін ұйымдастыру және жүргізудің өзіндік проблемалары жеткілікті. Мәселен, ол физикалық және химиялық көрсеткіштер бойынша талдаудың тиімді әдістерін және су сапасын интегралдық бағалауды жетілдіру.

Ішетін су экожүйелерінің гидробиологиялық мониторингінің бағдарламасы барлық негізгі жүйелер, атап айтқанда фитопланктон, макрофит, зоопланктон, зообентос, микрофлора және т.б. бойынша бақылауды ескереді. Гидробиологиялық бақылау пункттері қоршаған орта күйі мониторингінің Ұлттық жүйесіндегі бақылау және орналастырудың жалпы принциптерімен сәйкес таңдап алынады. Елеулі ластанған су нысандары мен олардың учаскелері мұқият бақылауға алынады, ал антропогендік жүктемесі аз нысандар фонды анықтау үшін бақыланады. Бақылау пункттерінің көбісінде гидробиологиялық сынамалар екі не одан көп жақтаулы түрде алынады, ластанудың көкжиекпен, сондай-ақ вертикаль таралуы ескеріледі.

Бассейндік (территориялық) органдар су шаруашылығы жүйесін және ғимараттарын бақылайды және бақылауды ұйымдастырады: бөгеттердің гидротехникалық құрылысы, гидротораптар, ағын суларды жинақтаушылар, мелиоративті жүйелер, су жинақтайтын және суалғыш құрылыстары, сондай-ақ су нысандарына жіберілетін ағын судың сапасы мен мөлшерін бақылап отырады, осы органдар су нысандары кенеттен ластанғанда ішетін сумен қамтамасыз ететін су қоймаларының ластануына мониторинг жүргізуге қатысады, ластанудың таралуын, оның су нысанының күйіне әсері жайлы болжам жасайды.

3. Теңіздердің ластану мониторингі. Ластану деңгейін бақылайтын теңіз стансалары су нысанынынң су шаруашылығындағы маңызына байланысты 3 санатқа бөлінеді. 1970 ж. аяғында бақылау желісі барлық ішкі және шайып кететін теңіздерді қамтитын 1 санатты 60-70 стансадан, 2 санатты 570-600 станса және 3 санатты 1100 стансадан құралған.

1985 ж. әлемдік мұхиттардың кешенді ғаламдық мониторингінің бағдарламасы құрылды (МОНОК). Осы бағдарлама бойынша зерттеулер бір-бірінен экожүйелерінің өнімділігі және негізгі қызметінің заңдылықтары жағынан ерекшеленетін мұхиттың әр түрлі климаттық аймақтарында, сондай-ақ антропогендік жүктеме деңгейіне қарай (жергілікті және фондық аймақтар) жүргізілді.

Бұл бағдарлама бойынша зерттеу жүргізу қажеттігі салыстыруға болатын нәтижелерді алу үшін стандарт әдістерді пайдалануға негізделген.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!