Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Топырақта микроклимат жасау»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Топырақта микроклимат жасау» тақырыбындағы инновациялық жобасының маңызы туралы ұстаз қауымымен бөліскім келеді. Инновациялық бірлескен ғылыми авторлық жоба өзіндік тиімділігі және өзектілігімен ерекшеленеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа жоба - маңызды бағыт.



«Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжінің«Тоқыма өндірісі» мамандығының

арнайы пән оқытушысы, колледждер

арасындағы «Өнерлі ұстаз-2017» байқауының

І орын жеңімпазы Абдикаликова

Нұргүл Бахытжанқызы





Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Үкімет «Тоқыма кластерін» дамыту жоспарын бекітті. Сол заңға сәйкес облыстағы сала бойынша маманданған кәсіптік білім беру мекемелері, соның ішінде өзім оқытушы болып еңбек ететін «Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжінде «Тоқу өндірісі» мамандығының «тоқушы» біліктілігі бойынша білім алушылар кілем, матаны машинамен және қолмен тоқу, жүн, кендір және жібек өнеркәсібі мен мақта иіру пункттері зауыттарында, текстиль, галантерея өндірістерінде, қолмен тоқу, айналмалы және машиналар мен құрал-жабдықтарда жұмыс істеуге даярланып келеді. Экономика нарығында өзіндік орны бар кәсіпорындарға ауадай қажет мамандар, жыл сайын әлеуметтік-серіктестік негізінде жұмыспен қамтылатын колледж бітірушілерінің 90 пайызы есебінен толығуда.

Сонымен қатар қабылданған «Мақта саласын дамыту» туралы заңға да байланысты жаңа жобалар іске асуда. Өңіріміздің басты ерекшелігі болып табылатын шаруашылықтағы мақта-тоқыма өнеркәсібі үшін негізгі шикізат. Сондықтан мақтаның сапасы жақсы болу үшін топырақтың құнарлы болуы ең басты мақсат. Бұл мақсатқа қол жеткізуде көптеген жобалар ұсынылып жатқаны мәлім. Бұл бағытта жанында көріп-біліп, көз жеткізіп, мол тәжірибесімен ұстаздық жолымның бастауында өзіме шексіз септігін тигізген колледжде оқытушы болып жұмыс жасайтын жолдасымның әкесі Асаумидин Әбдіхалықовтың өнегесінен үлгі ала отырып, бірлесе іске асырған «Топырақта микроклимат жасау» тақырыбындағы инновациялық жобасының маңызы туралы ұстаз қауымымен бөліскім келеді. Инновациялық бірлескен ғылыми авторлық жоба өзіндік тиімділігі және өзектілігімен ерекшеленеді.


Жобаның жаңалығы: топырақтың бетін алдын ала егіске дейін құнарланған, өсімдіктерге керекті барлық қоректік заттары бар, өте жоғарғы жиіліктегі сәулемен өңделген, жұқа қабатты топырақ табақшасымен жабылады. Өзектілігімен қатар жан-жақты тиімділігін атап өтер болсақ: жоба ауылшаруашылық оның саласы егін шаруашылығына қатысты және жылу сүйгіш– мақта, көкөністер және бақша дақылдарын, гүлдер, дәрі шөптер, дәндерді селекциялау, дәруменді өсімдіктерді және т.б. өсіруге арналған. Аталған жоба елде азық-түлік қауіпсіздігін шешу, органикалық ауылшаруашылықты дамытуды және экологиялық таза өнім өндіріп шығаруға бағытталған, сондай-ақ, экологиялық дағдарыс, ауылшаруашылық экологиясы, климат, азық-түлік дағдарысы, елді мекендерді көгалдандыру сияқты мәселерді шешуге өзінің айтарлықтай үлесін қосады.

Жобаның ерекшелігі сонда: егістік жерлерде қолданғанда, жерді тозудан сақтайды, жердің құнарлығы жақсарады, өнімнің өнімділігі артады, ерте егуге және көшеттерді отырғызуға болады, өнімді 1 ай ерте және жылына 2 рет алуға болады, агротехникалық жұмыстар жасалынбайды, тамшылатып суаруды қолдануға болады. Жылыжай, көшет жайларда және үй жанындағы телімде жыл бойы қолдануға, үсіктен, суықтан қорғайды. Ылғалды сақтайды, зиянкестерден, шегірткелерден және аурудан қорғайды, топырақ табақшасын өте жоғарғы сәулемен өңдеуге болады. Жоба мақта егу жұмыстарын жүргізгенде қолдану тиімді. Мұнда жердің беті тегіс, түзу болады, таза, арамшөптерсіз өседі. Қол күші қолданылмайды, тамшылатып суғаруға өте қолайлы.

Аталған жобаға ҚР өнертабысына төмендегідей 3 инновациялық патенттер алынды:

  1. 21509. Топырақты сырғытып өсімдіктерді жабу тәсілі және оны жүзеге асыруға арналған құрылғы.

  2. 26198. Өте жоғарғы жиіліктегі сәулемен топырақты өңдейтін құрылғы.

  3. 24857. Екі жақты іс-әрекет жасайтын шнек. Топырақта микроклимат жасауға арналған құрылғы.

Жоба бірнеше рет әртүрлі конкурстарға, конференцияларға қатысып, марапаттарға ие болды:

  • Астана қаласында өткен Республикалық конкурсының финалисты, инновациялық бизнес-жоспар NIF$50K диплом иегері;

  • Шымкент қаласындағы «Инновация және бизнес ынтымақтастығының табысы», ОҚО бойынша ғылыми конференциялар және семинар-конкурстарда жүлделі орын;

  • Алматы қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арналған «Болашақ осында басталады» инновациялық жобалардың Бірінші Республикалық конкурсының грамота иегері;

  • Астана қаласында Бесінші халықаралық форум «Кәсіптік білім беру және бизнес» серіктестермен сұхбат қатысушысы;

  • ОҚО әкімдігінің кәсіпкерлік, индустриалды инновациялық даму және туризм басқармасы, ауыл шаруашылығы басқармасы, Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының дипломдар және гармоталары, пікірлер және тұжырымдамалары.

Жобаны барлық шаруақожалықтары, фермер шаруашылықтары, үй жанында телімі, еліміздің барлық қалаларында, аудандарында, ауылдарында тұратын тұрғындар, жылу сүйгіш өсімдіктерді өсірумен, егін шаруашылығымен айналысатын азаматтарға қолдануға болады.

Жобаның артықшылықтары мен ерекшеліктерін ұстаздар қауымымен бөлісе отырып, теория мен тәжірибені ұштастыра отырып білім беруде, өндіріске деген қызығушылықтарын ашуда өз еңбек жолымды енді ғана бастаған өзім сынды мамандарға тәжірибелі ұстаздардан тәлім алып үйренеріміз көп дегім келеді.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.06.2018
566
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12