Материалдар / Тоқсандық жиынтық бағадау Қазақстан тарихы 11 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тоқсандық жиынтық бағадау Қазақстан тарихы 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 11 сыныпқа керек тжб жасауға еөптеген тапсырмалар бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2020
4566
14 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1















«Қазақстан тарихы» пәнінен

тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы

11-сынып
(жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-
гуманитарлық бағыт)
















Нұр-Сұлтан, 2020 жыл


Page 2

МАЗМҰНЫ
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты ...................................................................... 2
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар ........................ 2
3. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер .......................................................... 2
4. Ойлау дағдыларының деңгейі.............................................................................................. 4
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін
мақсаттарды бөлу ....................................................................................................................... 4
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі ................................................................................... 5
7. Модерация және балл қою .................................................................................................... 5
І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ................... 6
IІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ............... 12
III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ .............. 19
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ .............. 25



















1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес, білім алушы
тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарға арналған «Қазақстан тарихы»
пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (жаратылыстану-
математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
3. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер
Білу
- Қазақстандағы саяси ойдың дамуына едәуір үлес қосқан тарихи қайраткерлерді;
- Қазақстан тарихы бойынша негізгі тарихи деректер мен ғылыми еңбектерді;
- Қазақстан полиэтникалық қоғамының қалыптасу тарихын;
- дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымын;
- түрлі тарихи кезеңдердегі ұлттық мәдениет пен ғылымның маңызды жетістіктерін;
- Қазақстан мемлекеттігі дамуының тарихи кезеңдерді.
Түсіну
- Қазақстан халқының өмір сүру жүйесінің қалыптасуы мен дамуына географиялық
фактордың ықпалын;
- түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстандағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени
өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын;


Page 3

3

- дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымының ерекшеліктерін;
- Қазақстанда саяси ойдың дамуындағы тарихи аспектілерді;
- Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына тарихи
тұлғалардың қосқан үлесін;
- ұлттық біртектілікті сақтау үшін қазақтардың мәдени мұрасының маңызын;
- қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін Қазақстан этностарының мәдениеті
мен дәстүрлерін құрметтеу қажеттілігін.

Қолдану
- түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық мәдени
даму ерекшеліктерін анықтау кезінде;
- Қазақстанның дамуындағы тарихи тұлғалардың рөлін анықтауда;
- Қазақстанның өткен және қазіргі кездегі оқиғалары мен құбылыстарына қатысты өз
позициясын анықтау кезінде тарихи ойлау дағдыларын.
Талдау
- Қазақстанның тарихи дамуын әлемдік тарих контекстінде, ортақ белгілері мен
ерекшеліктерін анықтай отырып;
- себеп-салдар байланыстарын анықтау мақсатында Қазақстан тарихындағы тарихи
оқиғалар, процестері мен құбылыстарды;
- тарихи тұлғалар қызметінің себептері мен нәтижелерін;
- Қазақстан тарихы бойынша ғалымдардың еңбектері мен деректерді;
- Қазақстан аумағындағы этногенез, саяси және мәдени процестерге қатысты негізгі
ғылыми теорияларды;
- бүгінгі Қазақстанның даму үрдістері мен перспективаларын.


Page 4

Жинақтау
- тарихи талдау әдістерін қолдана отырып шығармашылық, танымдық, зерттеушілік,
жобалық сипаттағы жұмыстарды;
- Қазақстан тарихы туралы тұтас түсініктері мен тарихи санасын қалыптастыру үшін
тұжырымдар мен гипотезаларды.
Бағалау
- түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның дамуына (географиялық, демографиялық,
көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) түрлі факторлардың
ықпал ету дәрежесін;
- Отан тарихына ықпалы контекстінде тарихи тұлғалардың қызметін;
- Орталық Азия халықтары мәдениетінің әлемдік өркениет дамуына қосқан үлесін;
- тарихи мәліметтердің шынайылығын;
- Қазақстан тарихының этникалық, саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық
мәселелері бойынша түрлі ғылыми теориялардың дәлелдік дәрежесін.
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Сипаттама
Тапсырмалар
түрлері
Білу және түсіну Қазақстандық заңнаманың және мемлекеттік
бағдарламалардың негізінде көші-қон
саясатының негізгі бағыттары мен
басымдықтарын түсінеді; «Алаш» ұлттық
идеясының тарихи негіздерін анықтайды.
КТБ - Көп таңдауы
бар тапсырмалар
ҚЖ - Қысқа
жауапты қажет
ететін тапсырмалар
Қолдану Көшпелі мал шаруашылығы және
егіншіліктің ерекшеліктерін «тіршілікті
қамтамасыз ету жүйесі», «қоныстану
жүйесі», «экожүйе» ұғымдарын пайдалана
отырып анықтайды; Қазақ мемлекеттілігінің
даму жолдары туралы ұлттық зиялылардың
қоғамдық-саяси көзқарастарын
салыстырады.
ҚЖ - Қысқа
жауапты қажет
ететін тапсырмалар
ТЖ - Толық
жауапты қажет
ететін тапсырмалар
Жоғары деңгей
дағдылары
Дереккөздер негізінде көшпелі және
отырықшы халықтың мәдени өзара әсерін
анықтайды, Қазақстан аумағында
қалалардың пайда болуы мен дамуындағы
Ұлы Жібек жолының рөлін талдайды;
мемлекеттік стратегиялар мен
бағдарламалардың мазмұнын зерттеу және
Қазақстан Республикасы әлеуметтік-
экономикалық даму болашағын болжайды.
ҚЖ - Қысқа
жауапты қажет
ететін тапсырмалар
ТЖ - Толық
жауапты қажет
ететін тапсырмалар

5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін
мақсаттарды бөлу

Тоқсан Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей
дағдылары
I 0 % 20% 80%
II 0 % 20 % 80 %
III 20 % 20% 60 %
IV 0% 20 % 80%
Барлығы 5% 20% 75 %


Page 5

5

6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кезкелген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған
нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім
алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық
бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім
алушыларға көмек беруге негізделген кез-келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға
немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалауа аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.

7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс
үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.


Page 6

6

І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
I тоқсанның жиынтық бағалауына шолу

Ұзақтығы - 40 минут
Балл саны - 30 балл

Тапсырмалар түрлері:
КТБ - Көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.

Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа 5 тапсырмадан тұрады. Тапсырмаларда кестелер, сызба нұсқалар
ұсынылған. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде
жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық
және шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.


Page 7

7

І тоқсан бойынша жиынтық бағалау таырмаларының сипаттамасы

Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
саны*
Тапсырма
№*
Тапсырма
түрі*
Орындау
уақыты,
мин*
Балл* Бөлім
бойынша
балл
Өркениет: даму
ерекшеліктері
11.1.1.2 Көшпелі мал шаруашылығы
және егіншіліктің ерекшеліктерін
«тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі»,
«қоныстану жүйесі», «экожүйе»
ұғымдарын пайдалана отырып
анықтау
Қолдану 1 1 ҚЖ 7 6
30
11.1.3.1 Қазақстанның экономикалық
даму ерекшеліктерін талдау үшін
«экономикалық жүйе», «дәстүрлі
(аграрлы) экономика», «жоспарлы
(социалистік) экономика» ұғымдарын
пайдалану
Жоғары деңгей
дағдылары
1 2 ҚЖ 7 5
11.1.2.2 Қазақстан аумағында
қалалардың пайда болуы мен
дамуындағы Ұлы Жібек жолының
рөлін талдау
Жоғары деңгей
дағдылары
1 3 ТЖ 6 4
11.1.2.4 Дереккөздер негізінде
көшпелі және отырықшы халықтың
мәдени өзара әсерін анықтау
Жоғары деңгей
дағдылары
1 4 ТЖ 10 7
11.1.3.4 Мемлекеттік стратегиялар
мен бағдарламалардың мазмұнын
зерттеу және Қазақстан Республикасы
әлеуметтік-экономикалық даму
болашағын болжау
Жоғары деңгей
дағдылары
1 5 ТЖ 10 8
Барлығы - 5 - - 40 30 30


Page 8

8

«Қазақстан тарихы» пәнінен І тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1.Ұсынылған өлшемдер бойынша шаруашылық қызмет түрлерін салыстырып, кестені
толтырыңыз.
Критерийлері Көшпелі мал шаруашылығы Егіншілік
«Тіршілікті қамтамасыз ету
жүйесі»

«Қоныстану жүйесі»
«Экожүйе»
[6]
2. ХХ ғасырдағы Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.
Дәстүрлі (аграрлы) экономика Жоспарлы (социалистік) экономика
Артықшылығы
Кемшілігі
Қорытынды ой
[5]
3. Дереккөзді пайдаланып, Ежелгі Отырар қаласының дамуындағы Ұлы Жібек жолының
рөлін көрсетіңіз.
Жібек жолын зерттеудің әрі маңызды, әрі сирек олжасы – Отырардан табылған күміс ақша
мен заттар көмбесі. Көмбедегі тиындардың жиыны таңғаларлық. Ол жерде Шығыс
Түркістан қалалары – Алмалық, Пулад, Эмиль (Еміл), Орда әл-Азамның; еуропалық
Қырымның; малайзиялық Сива, Кони, Тебриздің; қазақстандық Жент қалаларының
ақшалары жинақталған. Ақшалардың соғылған уақыты XIII ғасырдың 40–60 жылдары.
Заттардың ішінен, әсіресе, күмістен жасалған ұйғыр жазуы бар құрама белдік жапсырмалар,
ортаазиялық бұрама білезіктер, поволжиялық өрме білезіктер, Кіші Азия қалалары
шеберханаларының бірінде жасалған белдік айылбастар – теңдесі жоқ жәдігерлер.
Дереккөз: «Құм жұтқан қалалар: Отырар қалашығы» Әйгерім Бегімбет, 2017ж.

Ұлы Жібек жолының Отырардың дамуына әсері туралы 2 аргумент келтіріңіз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
«Ұлы Жібек жолының Отырар қаласының жойылуына әсері болды» деген пікірге қатысты
өз ойыңызды жазыңыз. Дәлел келтіріңіз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[4]

4. Көшпелі және отырықшы халықтың өзара байланыстарын анықтаңыз.
Көшпелілер отырықшы халықтарға қарағанда өздерінің шаруашылығының бір жақты
және бір салалы болуына байланысты сауданың дамуына мүдделі болды...
Көшпелілер үшін әртараптандырылған экономикасы негізінде қосымша өнім өндіру
қиынға соғатын. Отырықшы қоғаммен сауда жасау барысында көшпелілер үшін тек
егіншілік өнімдері ғана емес, сонымен қатар, қолөнер бұйымдары да қызығушылық
тудыратын. Бұл бұйымдарды өздері жасауға талпыныс жасағанына қарамастан
көшпелілер өз қоғамының арасында қолөнер өнімдерінің сапалы әрі қажетті көлемде
өндіруді іске қоса алмады.
Хазанов А. М. Кочевники и внешний мир. Изд. 3-е, доп. А.: Дайк-Пресс, 2002. — 604
с. с. 329)


Page 9

9

Киіз үйдегі қазаққа дәрігер мен фельдшердің баруы


Шаруашылықтағы
байланыстары
1.
2.
Сауда байланыстары 1.
2.
Мәдени байланыстар 1.
2.
Қорытынды
[7]
5."Қазақстан-2050" Стратегиясындағы «Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу,
инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел
қамтитын экономикалық прагматизм» пайымдауына сүйене отырып, Қазақстан Республикасы
әлеуметтік-экономикалық дамуына SWOT талдау жасаңыз.
S Күшті жақтары 1.
2.
W Әлсіз жақтары 1.
2.
O Мүмкіндіктері 1.
2.
T Қауіп -қатері 1.
2.
[8]


Page 10

10

Балл қою кестесі
№ Жауап Балл
Қосымша
мәлімет
1
Критерий Көшпелі мал
шаруашылығы
Егіншілік
«Тіршілікті
қамтамасыз ету
жүйесі»
маусымдық
көшпелілер –
жайылымдық
жер іздеу
отырықшы
шаруашылық
«Қоныстану
жүйесі»
Жайылымдар-
дың жанында
тұрақты
орынның
болмауы. Қыста
оңтүстікке, жазда
солтүстікте
қоныстанды.
Өзендер мен
суармалы жерлердің
жанында, негізінен
оңтүстікте болды
«Экожүйе»

Жайылымдардың
ескіруі, тұрақты
әсердің болмауы
Қалпына келтіру
мүмкіндігі
болды.
Құнарлы жерлердің
азаюы табиғи
тыңайтқыштардың
пайдаланылуы
судың көп көлемде
пайдаланылуы.

6
Мағынасы
сәйкес
жауаптар
қабылданады
2
Дәстүрлі (аграрлы)
экономика
Жоспарлы
(социалистік)
экономика
Артықшылығы дәстүрлі экономика
тұйық, оқш ау
шаруашылыққа
негізделді.
жұмыссыздықты
болдырмады және
экономиканы
орталықтан
жоспарлады.
Кемшілігі Әлеуметтік-
экономикалық артта
қалушылық, ұдайы
өндіріс қарқынының
тым төмен болуы.
Ауыр және жеңіл
өнеркәсіп
арасындағы
сәйкессіздіктің
орын алуы.
Қорытынды ой ХХ ғасырда Қазақстанда дәстүрлі
экономика да, жоспарлы экономика да
болды. Қазіргідей сыртқы сауданың
өсуіне және нарықтық қатынастардың
дамуына жол берілмеді

5
Мағынасы
сәйкес
жауаптар
қабылданады
3
1. Отырар қаласының дамуында Жібек жолының рөлі зор, себебі
қала осы сауда жолы бойында орналасқан. Жан-жақтан әр елдің
саудагерлері келген. Бұл қала V ғасырда аса ірі мәдениет және
сауда орталығы болды.
2. Отырардың сауда орталығы ретіндегі рөлі X-XII ғасырларда
күшейді. XI ғасырда сауда айналымы үшін шығарылатын теңге
сарайы болған. Сонымен қатар Отырар ірі діни және білім
орталығы болған.
4
Мағынасы
сәйкес
жауаптар
қабылданады


Page 11

11

Отырар қаласының жойылуына Жібек жолының әсері болды
деп ойлаймын. Себебі моңғол шапқыншылығынан кейін қайта
өрлеген қаланың мүлдем жойылуына Жібек жолы рөлінің
төмендеуі әсер етті. Кейін Теңіз жолы дамыған соң қала арқылы
жүрген Жібек жолы өз маңызын жоғалтты, Отырар дағдарысқа
ұшырады.
4
Шаруашылықтағы
байланыстары
1. Өзен, көл суларын ортақ
пайдалану
2. Малға жем-шөп қорын жинау,
егіншілікке малды еңбек күші
ретінде пайдалану
Сауда
байланыстары
1. Көшпелілердің сауданың дамуына
мүдделі болуы
2. Қолөнер бұйымдарын сату, сатып
алу
Мәдени
байланыстар
1. Жәрмеңкелерге қатысу , дәрігерлік
пен фельдшерліктің дамуы
2. Тіл, дін, салт-дәстүр, әдет-ғұрып
ұқсастықтары
Қорытынды
Көшпелілер мен отырықшылар арасында байланыс
болған. Мал өнімдеріне мамандандырылған көшпелі
экономика егіншілік өнімдерін, қолөнер бұйымдарын
отырықшылардан алса, отырықшылар мал өнімдерін,
кейбір қолөнер заттарын, қолөнерге қажетті шикізаттарды
көшпелілерден алып отырды. Мұндай сауда, айырбас
қатынастары, әсіресе отырықшы халықтар мен көшпелі
елдер көршілес орналасқан шекаралық, аймақтарда
пәрменді түрде іске асып отырды.

7
Мағынасы
сәйкес
жауаптар
қабылданады
5
S Күшті
жақтары
1. экономиканы дамытуға әлеуеттің
жоғарылығы, мысалы табиғи байлық;
2. кәсіпкерлікті дамытуға,
инвестицияларды тартуға мемлекет
тарапынан қолдау;
W Әлсіз
жақтары
1. Экономиканың шикізаттық
бағытының басымдығы
2. Кейбір салаларда монополияның
болуы
O
Мүмкін-
діктері
1. Отандық брендті насихаттау,
бәсекелестікті арттыру
2. Экспорттың көлемінін импорттан
асыру
T Қауіп -
қатері
1. Дамыған елдерге экономикалық
тәуелділік
2. Мұнай өнімдеріне тәуелділік

8
Мағынасы
сәйкес
жауаптар
қабылданады
Барлығы 30 балл


Page 12

12

IІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
IІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 30 балл

Тапсырмалар түрлері:
КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан
тұрады. Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы жауап нұсқаларының ішінен бір немесе
бірнеше жауап нұсқаларын таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе
қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады.


Page 13

13

ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Бөлім Тексерілетін мақсат
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
саны*
Тапсырма
№*
Тапсырма
түрі*
Орындау
уақыты,
мин*
Балл*
Бөлім
бойынша
балл
Саяси-құқық
тық процес
тер
11.2.1.1 Қазақстанның этникалық
құрамының өзгеру үрдісін
түсіндіру үшін «аграрлық саясат»,
«көші-қон саясаты»,
«моноэтностыққұрам» ұғымдарын
пайдалану
Қолдану 1 1 ҚЖ 6 5
30
11.2.1.2 Қазақстанда халықтың
этникалық құрамының өзгеру
кезеңдерін зерттеу
Жоғары деңгей
дағдылары
1 2 ТЖ 10 7
11.2.2.2 Қазақстандық заңнаманың
және мемлекеттік
бағдарламалардың негізінде көші-
қон саясатының негізгі бағыттары
мен басымдықтарын түсіндіру
Жоғары деңгей
дағдылары
1 3 КТБ 6 6
11.2.2.3 М емлекеттік
стратегияларды және
бағдарламаларды зерттеу негізінде
ұлтаралық және конфессияаралық
келісімнің қазақстандық үлгісін
бағалау
Жоғары деңгей
дағдылары
1 4 ТЖ 12 8
11.2.2.4 Ұлттық бірлікті және
қазақстандық бірегейлікті
нығайтудағы Қазақстан халқы
Ассамблеясының рөлін сипаттау
Жоғары деңгей
дағдылары
1 5 КТБ 6 4
Барлығы: - 5 - -
40 30 30
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер


Page 14

14

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Қазақстан тарихы» пәнінен ІI тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1.Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісіне қатысы бар ұғымдардың мағынасын
түсіндіріңіз.
Ұғымдар мағынасы
«аграрлық саясат»
«көші-қон саясаты»
«моноэтностыққұрам»
халықтар
депортациясы

«интернационализм»
[5]
2. Дереккөздерді пайдалана отырып, Қазақстанда халықтың этникалық құрамының өзгеру
кезеңдерін зерттеңіз
А дереккөзі.
Қазақстанда 1954–1960 жылдары 25,5 млн. га тың және тыңайған жерлер жыртылды, соның
17 млн. Қостанай, Целиноград, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Көкшетау облыстарының
аумағында болды. Игеру науқанына еліміздің басқа аймақтарынан еріктілер ағыла бастады. 1954
жылы 17 наурыздағы мәлімет бойынша Ақмола облысына – 3705, Көкшетау облысына – 1363,
Қостанай облысына – 4877, Павлодар облысына – 1431, Солтүстік Қазақстан облысына – 2666
адам келді. 1954 жылы мамыр айында Қазақстанға 130 мыңнан астам адам, 1954-1955 жылдары
барлығы 360 мың механизаторлар, құрылысшылар және т. б. мамандар, инженерлі-техникалық
жұмысшылар жіберілді, ал 1954–1960 жылдары 640 мың- нан астам, оның жартысын комсомол
жолдамаларымен келген жастар құрады.
дерек: https://e-history.kz/kz/publications/view/3153 © e-history.kz
В дереккөзі.
«Депортацияланған гректер республикаға сегіз жыл бойы жеткізіліп тұрды. 1941 жылы
неміс контингентімен қоса алғанда Қазақстанда 15-20 севастопольдік гректер тұрды. 1942 жыл
«краснодарлық жыл» болды. Сәуірден қазанға дейін созылған кампания нәтижесінде
республикаға төрт мыңға жуық грек көшірілді. 1944 жылы Қазақстан «ереуілдеп»
депортацияланғандарды қабылдаудан бас тартты. Дегенмен де 1240 грек Гурьев облысына
қоныстандырылды. 1949 жылы Қазақстандағы грек контингенті Грузия, Әзірбайжан, Кубань мен
Украинадан көшірілген 37 мың грекпен толыға түсті. 1950 жылға қарай Қазақстандағы 820 165
қоныс аударылғандардың ішінде 43-44 мыңы гректер болды. Олар республикадағы барлық
арнайы қоныс аударылғандардың 5% жуығын құрады».
«Спецэшелоны идут на Восток» Гректен шыққан орыс тарихшысы Иван Джуха

С дереккөзі.
Соғыс тарихында тылда еңбек ету үшін зорлық-зомбылық көрсетіліп, халықты әдейілеп
қоныс аудару, еңбек армиясына еріксіз еңбек ету және басқа да айла тәсілдер қолданылды.
Бұл еріксіз еңбек армиясын ұйымдастыру тәжірибесі, елімізде индустриаландыру науқаны
басталар кезден бастау алды. Қоныстанушылар топ-тобымен, белгіленген топ бойынша да үкімет
адамдарының қатаң бақылауымен келіп жатты. Соғыс кезінде қара жұмыстарға ең алдымен жер
аударылғандармен бірге 16 жастан жоғары сенімсіз, соғысқа жіберілмейтін азаматтар, әйелдер,
қарттар т.б. жіберілген еді. Оларды ХКІІ қызметкерлерінің бақылауымен құрылыс жұмысшы
күші колонналары деп атады. Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстан территориясында 11 лагерь
жұмыс істеген. Осы лагерлерде тек қана «отанын сатқандар» ретінде 1946 жылы 0618 адам
қамалса, ал 1947 жылы 13 035 адам жазаға тартылған. Сол сияқты 1948 жылы 17 171 адам
ұсталып, 1949 жылы 12 091 адам тұтқындалған. Тұтқындардың күшімен аса ірі қорғаныс
зауыттары мен комбинаттар салынды.


Page 15

15

Тарихшы Манаш Қозыбаевтың еңбектерінен...
Тарихи оқиғалар Себептері Салдары
1-кезең
2-кезең
3-кезең
[7]
3. Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған
тұжырымдамасына сүйене отырып, көші-қон саясатының негізгі бағыттарын түсіндіріңіз, мысал
келтіріңіз.
Бірінші. Сыртқы көші-қон процесін басқару дегеніміз
__________________________________________________________________________________
Мысалы
Екінші. Этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуы, бұл
__________________________________________________________________________________
Мысалы
Үшінші. Ішкі көші-қон процестерінің реттелуіне жатады:
__________________________________________________________________________________
Мысалы
[6]
4. Берілген ақпаратты және өз біліміңізді қолданып, ұлтаралық және конфессияаралық
келісімнің қазақстандық үлгісін бағалаңыз.
«Қазақстан – бүгінде ұлтаралық келісім мен тұрақтылықтың мекені. Қазақстан Республикасы
Конституциясының 1-бабының 2-тармағына сәйкес, Республика қызметiнiң түбегейлi
принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн
экономикалық даму; қазақстандық патриотизм. Осы тұста аталған жұмысты іске асыру
мақсатында 1995 жылғы 1 наурызда оның мәртебесін Қазақстан Республикасы Президенті
жанындағы консультативті-кеңесші орган деп бекіткен Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың«100 нақты қадам: баршаға
арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру
жөніндегі міндеттерінің негізінде Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту тұжырымдамасы
әзірленді.
«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2014 жылғы Жолдауында «Мәңгілік
Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы ұсынылған болатын.
Бүгінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы – қазақстандық бірегейлік пен бірлікті,
қоғамдық келісімді қалыптастыратын құндылықтар жүйесіне айналды».
Ғаламтор материалдарынан қысқартылып алынды
Саясаттың артықшылықтары Саясаттың кемшіліктері
1.
2.
3.
1.
2.
3.
Қорытынды ой:
[8]
5. Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін сипаттап, ойды жалғастырыңыз.
1) Халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша
қоғамдық келісімді қолдау және дамытуда...
1.........................................................................................................................................................
2.........................................................................................................................................................
2) Мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуде ...
1.........................................................................................................................................................
2.....................................................................................................................................................[4]


Page 16

16

Балл қою кестесі
Тапсыр
ма №
Жауап Балл Қосым
ша
мәліме
т
1

Ұғымдар мағынасы
«аграрлық
саясат»
ауыл шаруашылығы мен бүкіл
аграрлық-өнеркәсіпітік комплексті
әлеуметтік экономикалық тұрғыда
ұдайы дамытуды қамтамасыз ететін
шаралар жиынтығы.
«көші-қон
саясаты»
адамдардың тұрғылықты мекенінен әр
түрлі себептермен басқа жерге қоныс
аударуы, көшіп-қонуы.
«моноэтностыққ
ұрам»
этностың тарихи қалыптасқан
этникалық аумағында құрылған және
оның егемендігін іске асыратын
мемлекет.
халықтар
депортациясы
мемлекеттен тұлғаны мәжбүрлеп
шығару.
«интернационал
изм»
Елдің халықаралық ынтымағы; барлық
ұлттардың теңдігін мойындау.

5
Басқа
да
дұрыс
жауапт
ар
қабылд
анады
2
Тарихи оқиғалар себептері салдары
1-кезең.
Қазақстанға
халықтарды күштеп
депортациялау.
Екінші
дүниежүзілік соғыс
қарсаңында және
соғыс жылдарында
Қазақстанға жер
аударылған корей,
шешен, ингуш,
түрік, болгар,
Қырым татарлары
және басқа
халықтар болды.
Екінші дүниежүзілік
соғыс кезінде
гитлерлік әскер мен
режимге жәрдемдесті
деген сылтау болды.
Мысалы, КСРО-ның
ХКК мен БКП(б)
ОАК-ның 1937 жылғы
21 тамыздағы
қаулысында Қиыр
Шығыс кәрістерінің
қоныстарын аудару
«өлкеге жапон
тыңшыларын еткізбеу
мақсатында»
жүргізіліп, «жапон
тыңшылары» деген
желеумен жер
аударылып, сенімсіз
халық деп танылды.
Қазақстан
көп ұлтты
мемлекетке
айналды.
Өз елінде
1969
жылғы
санақта 29
пайызды
ғана
құрады.
Ұлттық тіл,
дәстүр,
менталитет
жойыла
бастады.
Ұлттық
мектептер
жабылды,
қазақ
тілінде
ақпарат алу
көзі
әлсіреді
т.б.
2-кезең.
Соғыс кезінде
тылда еңбек ету
үшін халықты
әдейілеп қоныс
аудару, еңбек
армиясына еріксіз
соғыс кезіндегі Еңбек
армиясы болмаса да,
арзан және міндетті
еңбек күші ретінде
жер ауып келгендер
басқа да осы сияқты
адамдармен қатар
7
Басқа
да
дұрыс
жауапт
ар
қабылд
анады


Page 17

17

еңбек ету және
басқа да айла
тәсілдер
қолданылды.
бұрынғыша халық
шаруашылығына
мобилизациямен
тартылатын болды
3-кезең.
Қазақстанда 1954–
1960 жылдары 25,5
млн. га тың және
тыңайған жерлер
жыртылды.
Соның 17 млн -ы
Қостанай,
Целиноград,
Солтүстік Қазақстан,
Павлодар және
Көкшетау
облыстарының
аумағында болды.
Игеру науқанына
еліміздің басқа
аймақтарынан
еріктілер ағыла
бастады. Олардың
саны 2 млн. асты

3
Бірінші. Сыртқы көші-қон процесін басқару дегеніміз
шетелдік мамандарды тарту, Қазақстанға жұмыс істеуге
келген адамдарды орналастыру.
Мысалы: жақсы маман кадрларды маман тапшы аймақтарға
жұмысқа орналастырып жатыр.

Екінші. Этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуы,
бұл Қытайда, Моңғолияда, Ресейде тұратын қазақтардың елге
оралуына байланысты мәселелер.
Мысалы: Отанына оралған азаматтарға мемлекет тарапынан
жақсы қолдаулар көрсетіп отыр.

Үшінші. Ішкі көші-қон процестерінің реттелуіне жатады
Қазақстанның өз ішіндегі көші-қон мәселелері жатады.
Мысалы: «Серпін» бағдарламасы арқылы аз қоныстанған
аймақтардағы жұмыс күшінің жетіспеушілігін жою үшін
тығыз қоныстанған аймақтардан адамдарды қоныстандыру.
6
Басқа
да
дұрыс
жауапт
ар
қабылд
анады
4

Саясаттың
артықшылықтары
Саясаттың кемшіліктері
1. Қоғамдық татулық пен
саяси тұрақтылық
2. Біртұтас ұлтты
қалыптастыру
3. Жалпыұлттық
патриотизмді
қалыптастыру
1.Қоғамда демократияның
белгісі оппозицияның
әлсіздігі
2.Қазақ ұлтының басқа
ұлттармен бірігіп кетуі,
ұлттық келбеттің жойылуы
3. Сыбайлас жемқорлықтың
кең қанат жайылуы
Қорытынды ой:
Жалпы мемлекеттің ұстанған бағыты мен саясаты өте
дұрыс, алайда заңның шынайы үстемдігін орнату әлі де
көп күш жұмсауды қажет етеді.

8


Page 18

18

5
1)Халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз
қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау
және дамытуда көптеген шаралар жүзеге асырылуда.
Мысалы, әр түрлі жалпыұлттық мерекелердің болуы, ұлттық
–мәдени орталықтардың жұмысы. Достық үйлері белсенді
жұмыс атқаруда. Әрбір ұлттың ұлттық мерекелерінің атап
өтілуі үшін де жақсы жағдайлар қарасытырлған.
2) Мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм
көріністеріне қарсы әрекет етуде ...
жат діни ағымдардың енуіне жол бермеуге үндейді, Әлемдік
Діндердің съезін өткізуге көмектесуде.

4
Басқа
да
дұрыс
жауапт
ар
қабылд
анады
Барлығы 30 балл


Page 19

19

III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
III тоқсанның жиынтық бағалауына шолу

Ұзақтығы - 40 минут
Балл саны - 30 балл

Тапсырмалар түрлері:
КТБ - Көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.

Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа 5 тапсырмадан тұрады.Тапсырмаларда кестелер, сызбанұсқалар ұсынылған.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушылар бірнеше жауап нұсқалары арасынан бір
жауапты таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер
түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушылар орындаушылық және
шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.


Page 20

20

ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
саны*
Тапсырма
№*
Тапсырма
түрі*
Орындау
уақыты,
мин*
Балл* Бөлім
бойынша
балл
Қоғамдық
саяси ойдың
дамуы
11.3.2.1 «Алаш» ұлттық идеясының
тарихи негіздерін анықтау
Білу және түсіну 1 1 КТБ 5 4
30
11.3.3.1 «Мәңгілік Ел» идеясының
біріктіруші құндылықтарының
маңыздылығын анықтау
Жоғары деңгей
дағдылары
1 2 ҚЖ 6 5
11.3.1.2 Қазақстандағы қоғамдық-
саяси ойдың дамуына тарихи
қайраткерлердің қосқан үлесін
бағалау
Жоғары деңгей
дағдылары
1 3 ТЖ 9 7
11.3.1.5 XIX ғасырдағы қазақ
ағартушыларының қоғамдық-саяси
қызметін талдау
Жоғары деңгей
дағдылары
1 4 ТЖ 10 8
11.3.2.2 Қазақ мемлекеттілігінің
даму жолдары туралы ұлттық
зиялылардың қоғамдық -саяси
көзқарастарын салыстыру
Қолдану 1 5 ТЖ 10 6
БАРЛЫҒЫ: - 5 - -
40 30 30
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер


Page 21

21

«Қазақстан тарихы» пәнінен Ш тоқсан бойынша
жиынтық бағалау тапсырмалары

1.Тест тапсырмаларын орындаңыз.
1.1.«Алаш» ұғымының шығуы немен байланысты?
a) Қазақтың ел болып хандық құрғанға дейінгі ежелгі тайпаларының ортақ атауы
b) Аңыз бойынша ертедегі ханның алты ұлына байланысты оқиға
c) Мал-мүлікке жеке меншік болмаған кездегі қауым тұрмысының сипаты
d) Қалмақтарды қорқыту үшін қолданылған ұран
1.2. «Алаш» ұлттық идеясының туындау себебі неде?
a) Бірінші дүниежүзілік соғысқа қазақтардың қатысуы
b) Отарлық езгіде болған елдің санасын оятудағы құрал
c) Қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігін алуға бастау
d) Ауызекі айтылуға жеңіл болғандықтан
1.3. «Алаш» партиясы қандай ұлттық мәселелерді көтерді?
a) Ұлттық экономиканы дамыту
b) Дәстүрлерді жандандыру
c) Автономия алу
d) Шекараларды бекіту
1.4. Қазақ ұлттық саяси партиясын құру қандай жиында талқыланды?
a) Түркістан өлкесі Кеңестерінің Төтенше V съезінде
b) Орынбордағы Жалпы қазақ съезінде
c) Бүкілтүркістандық төтенше IV съезінде
d) Семейдегі облыстық съезде
[4]
2. «Мәңгілік ел» идеясынның елді біріктіруші ретіндегі маңызын жазыңыз
Құндылықтар Маңызы
Қазақстанның тәуелсіздігі мен астанасы
Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік
пен келісім

Зайырлы қоғам және жоғары руханият
Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы
Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы
[5]
3. Дереккөздерді және өз біліміңізді қолданып, қоғамдық-саяси ойдың бастауы және дамуына
үлес қосқан тарихи қайраткерлерді бағалаңыз.

А дереккөзі
Әл Фараби «Қайырымды қала» трактатында әл-Фараби әлеуметтiк әдiлеттiлiк пен еркiндiктi
орнықтыратын — iзгiлiктi қоғам туралы ой қозғайды. Мұндай қоғамды ұлы ойшыл «әрбiр адам
екiншi адамның өмiр сүруiне қажеттi үлесiн беретiн, бiр-бiрiне көмектесетiн адамдарды бiрiктiру
арқылы ғана адам өз табиғатына сай жету дәрежесiне ие болатын» қоғам түрiнде елестетедi.
Осындай «жетiлдiрiлген қоғамда, Фарабидiң айтуынша бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасау,
көмектесу, қолдау, ұжымдасу адамдардың өмiрлiк қажетiне айналады».

В дереккөзі
«Диуани лұғат ат түрік» - түркі халықтарының тамаша ескерткіші болып табылады. Сөздікте
адамгершілік, тәлім-тәрбие, психологиялық қасиеттер, адамның бойында кездесетін жағымды
және жағымсыз мінез-құлықтарға сипаттама береді. Махмұд Қашғари онда тәлім-тәрбие,
дидактика, өсиет, адамгершілік, ұрпақ тәрбиесі, ізгілік туралы ой-пікірлер айтады. Мәселен,
«Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер», «Ұлысында ұлы болсаң, біліміңді елге бер»,


Page 22

22

«Асығыс еткен іс шала, асығыс жаққан от шала», «Ұлым, ақыл тыңдасаң, білімсіздік жоғалар,
білім қалар артыңда, ғұмыр сырғып жоғалар».

С дереккөзі
Жүсіп Баласағұн қоғамдық құрылымның кемелдігін жеке адамның бостандығы, тәуелсіздігі
анықтайды деп санады. «Құтты біліктің» негізгі айтар ойы – адамның адами жетілуі мен кісілік
кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты, құтты ету. Оның пікірі бойынша
мемлекеттік аппарат жақсы ұйымдасқан болуы тиіс: сыртқы басқыншы күштерге қарсы тұра
алатындай қуатты болуы тиіс; жергілікті халықтың мүдделерін қорғайтындай икемді болуы тиіс;
ел арасында салықты жинау мен оны реттеу үшін жеткілікті дайындалған болуы тиіс. Ол хандар
мен бектерді кедейлерге қайырымды болуға, оларды киіндіріп, тамақ беруге, оларға жылы қарауға
шақырады.

Қоғамдық ойдағы ұқсастығы Қоғамдық ойдағы айырмашылығы
1.
2.
3.
1.
2.
3.
Тарихи маңызы:
[7]

4. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастарын IDEA формуласын
қолдана отырып талдаңыз

Ш. Уәлиханов қазақтардың кедейлік тұрмысының және саяси белсенділігінің төмендігінің
себебі ретінде надандықты санады. Осыдан ол ағартуды аса жоғары бағалаған. Оның пікірінше,
білімді адамдар кедейшілікпен нәтижелі түрде күресе алады. Халықтың дамуы үшін ең бірінші
бостандық пен білімді қажет еткен ойшыл, патшалық биліктің қазақ даласына ғылымды және
мәдениетті жібермеу саясатына қарсы тұрды.

Ы.Алтынсаринның ойынша, одан әрі қарай мектеп ісін дұрыс жолға қою қажет. Мектептер жаңа
жақсы өмірге күресе алатын жаңа азаматтарды қалыптастыруға назар аударуы тиіс.

А.Құнанбаевтың іс-әрекеті халықты қанаудан сақтау болатын. Осы жағдайда ол билікті білімді
адамдарға беру керек деген тұжырымға келеді. Ойшыл білімді билеуші мен білімді халықтың
концепциясын негіздеушілердің бірі.

I (Identify) – тарихи оқиғалардың себептерін анықтаңыз.
1._____________________________________________________________________________
2._____________________________________________________________________________

D (Describe) –сәйкесінше дәлелдерді сипаттаңыз.
1._____________________________________________________________________________
2._____________________________________________________________________________

E (Explain) – осы себептердің тарихи оқиғаға қалай ықпал еткенін түсіндіріңіз.
1._____________________________________________________________________________
2._____________________________________________________________________________

A (Analyze) – осы себептердің қаншалықты маңызды болғанына талдау жасаңыз
1._____________________________________________________________________________
2._____________________________________________________________________________
[8]


Page 23

23

5. Қазақ мемлекеттілігінің даму жолдары туралы ұлттық зиялылардың қоғамдық-саяси
көзқарастарын салыстырыңыз.
«Алаш» қозғалысы
қайраткерлері
Революционер-демократтар
Көтерілген
мәселелер

Ой-пікірлерінің
мықты тұсы

Ой-пікірлерінің
әлсіз тұсы

[6]


Page 24

24

Балл қою кестесі
Тапсыр
ма №
Дұрыс жауап балл Қосымша
мәлімет
1 1-а, 2-с, 3-с, 4-b 4
2
Қазақстанның
тәуелсіздігі мен
астанасы
Тәуелсіздікті сақтау, оны қорғау әр
азаматтың борышы, ал астананы
көркейту елдің мәртебесі
Қоғамымыздағы
ұлттық бірлік,
бейбітшілік пен
келісім
Елде бірлік пен тыныштық болмаса,
прогресс болмайды. «Бауыры
бүтінді жау алмайды»
Зайырлы қоғам және
жоғары руханият
Білім мен ғылымды дамыту және
зайырлылық қоғамның жемісі
Тарихтың, мәдениет
пен тілдің ортақтығы
Өз елінің тарихын білу. ұрпақ
сабақтастығын жалғастыру арқылы
ұлттық тілді дамыту
Жалпыға ортақ еңбек
қоғамы
Азаматтардың барлығын еңбекпен
қамту және табысты тең бөлу
дамудың сатысы

5
Басқа да
дұрыс
жауаптар
қабылда-
нады
3

Қоғамдық ойдағы ұқсастығы Қоғамдық ойдағы
айырмашылығы
1.Ізгілікті қоғам
2. Адамгершілік
3. Көмектесу, қолдау,
ұжымдасу
1.Жеке адамның
бостандығына қатысты
2. дінге көзқарас
3. утопия
Тарихи маңызы:
ұлы ғұламалардың қоғамды жетілдіруге қатысты пікірлері
ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда

7
Басқа да
дұрыс
жауаптар
қабылда-
нады
4
I – халықтың отаршылдықтың бұғауына түсуі, білім-ғылымның
дамымауы т.б.
D- Патша өкіметі қазақтың мемлекеттілігін жойды (1822-24
жылғы реформалау), орыстандыру саясаты мен
қоныстандырудың басталуы т.б.
E- елдің қамын ойлаған ойшылдардың Уалиханов, Құнанбаев,
Алтынсарин еңбектерінің халық арасына таралуы, мектеп
ашуға, оқу-білімге тартуға, ұлттың тарихы мен этнографиясын
зерттеуге үлес қосты
А – Бұл шығармалар әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ
және қазақ халқының асыл мұрасы қатарына кіреді
8
Басқа да
дұрыс
жауаптар
қабылда-
нады
5
«Алаш» қозғалысы
қайраткерлері
Революционер -
демократтар
Көтерілген
мәселелер
Жер, автономия,
білім, ғылым
Теңдік, бостандық
Ой-пікірлерінің
мықты тұсы
Ұлттық
экономиканы
дамыту
Еңбекшілердің
талаптары
Ой-пікірлерінің
әлсіз тұсы
Федерация
құрамында болу
Кеңес үкіметін
қолдау

6
Басқа да
дұрыс
жауаптар
қабылда-
нады
Барлығы: 30 балл


Page 25

25

IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
IV тоқсанның жиынтық бағалауына шолу

Ұзақтығы - 40 минут
Балл саны - 30 балл

Тапсырмалар түрлері:
КТБ - Көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Берілген нұсқа 5 тапсырмадан тұрады. Тапсырмаларда кестелер, сызбанұсқалар ұсынылған.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушылар орындаушылық және шығармашылық
қабілеттерін көрсетеді.


Page 26

26

ІV тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Бөлім Тексерілетін мақсат
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
саны*
Тапсырма
№*
Тапсырма
түрі*
Орындау
уақыты,
мин*
Балл*
Бөлім
бойынша
балл
Білім мен
ғылымның
дамуы
11.4.2.2 XVIII-ХХ ғасырдың
басында зерттеушілердің
еңбектерін зерделеу негізінде
Қазақстандағы ғылымды дамытуға
қосқан үлесін бағалау
Жоғары деңгей
дағдылары
1 1 ТЖ 7 5
30
11.4.2.3 XIX-ХХ ғасырдың
басындағы Қазақстан аумағында
оқу орындардың дамуындағы
өзгерістер мен сабақтастықты
анықтау
Қолдану 1 2 ҚЖ 6 5
11.4.2.6 Қазақстандағы кеңестік
білім беру жүйесін реформалауды
талдау, жетістіктері мен
қайшылықтарын анықтау
Жоғары деңгей
дағдылары
1 3 ТЖ 7 6
11.4.3.1 Қазақстан
Республикасының стратегиялары
мен бағдарламаларын зерттеу
негізінде білім және ғылым
жүйесін жаңартудың
алғышарттары мен маңызын талдау
Жоғары деңгей
дағдылары
1 4 ТЖ 10 8
11.4.3.3 Қазақстан Республикасы
«Болашақ» халықаралық білім беру
бағдарламасының елді
жаңғыртудағы маңыздылығын
талдау
Жоғары деңгей
дағдылары
1 5 ТЖ 10 6
Барлығы: - 5 - -
40 30 30


Page 27

27

«Қазақстан тарихы» пәнінен IV тоқсан бойынша
жиынтық бағалау тапсырмалары
1."Қырғыз-казак немесе қырғыз-кайсақ ордаларының және даланың сипаттамасы" атты
А.И. Левшиннің еңбектерінен үзінділерді оқи отырып, сұраққа жауап беріңіз.

1.Қырғыз-қайсақтарды сипаттау үшін алдыменен аталуы жайында тоқталып өтемін. -
«Қырғыз» деген қарақырғыз немесе бурут деп аталған халық. Қырғыз-қайсақтармен
айтарлықтай байланысы жоқ. «Қайсақ» немесе «қасақ» деген екінші сөз. Кейбір деректерде
«қасақ» атауы екімыңжылдық тарихы бар дейді. Әрине, бұның шын-өтірігін айырып
жатпаймыз. Тек тоқтала кетейік дегеніміз, орыс тайпаларының ішіндегі «казак» аталып
жүргендерде де бар. Бұл атауды олар орта ғасырларда иемденді. Негізгі иесі өздерін «қазақ»
деп жүрген қырғыз-қайсақтар. Ал өздері және орыстардан өзге жақын көршілері өздерін
«қазақ» деп атайды. Бұл атпен оларды парсылар, бұхарлықтар, хиуалықтар атайды.

2. XVI және XVII ғасырлардағы жазбаларымызда «қазақ ордалары» дегеннен басқа атау
кездеспейміз. Кейін анықтауыш ретінде «қырғыз» сөзі қосылды. Сөйтіп «қырғыз-қазақ»,
кейін «қырғыз-қасақ», аяғында «қырғыз-қайсақ» болып аталып кетті. Қорыта айтсақ,
«қырғыз-қайсақ» емес, қырғыз-қазақ деп атауымыз керек деп ұсынамын.
Осылайша халықтың негізгі атауын сақтауға болады.
Жоғарыда атап кеткен «жаңа атау» XVIII ғасырдың басынан қолданыста. Бірақ Орынбор
губерниясындағы іс-қағаздар кеңсесінде және сыртқы істер коллегиясындағы 1740-1760
жылдардағы хаттарда «Қазақ ордасы», «Қырғыз-қазақ әскері» деген жазбаларды
кездестіруге болады. Ал, 1705 жылы в Амстердамдағы баспадан шыққан Витсеннің «Noord
en Oost Tartarye» еңбегінде де бүгінгі қырғыз ордаларын «қазақ ордасы» немесе «татар
қазақтары» деп келеді. Бұл еңбектерді кезінде Бірінші Петр арнайы алдыртқан.

А.И.Левшинді «қазақ даласының Геродоты» деп атау себебіне 3 аргумент келтіріңіз.
__________________________________________________________________________________
Ғалымның зерттеулері қаншалықты қазақ тарихына үлес қосты деп ойлайсыз? Дәлел келтіріңіз.
__________________________________________________________________________________
[5]
2. А, В, С дереккөздерін қолданып, сұрақтарға жауап беріңіз.
А дереккөзі В дереккөзі


С дереккөзі
Патша өкіметі қазақ халқы арасында оқу-ағарту ісін бастауыш білім берумен, яғни орыс
тілін және арифметиканың жай амалдарын үйретумен шектеу жеткілікті деп санады, ал орта
білім беруге, оның үстіне жоғары білім беруге ол мүдделі болмады. Отаршыл өкімет
орындары бастауыш мектептерді әсте де қазақтардың толық және жан-жақты білім алуы үшін
емес, болыс басқарушылары жанында тілмаш, сұлтандардың іс жүргізушілері және т.б. болып
жұмыс істеуге жарарлықтай аздаған білім беру үшін ғана ашты. Қазақстан аумағында: 1876


Page 28

28

жылдан Верный және Орал қалаларында ерлер гимназиялары жұмыс істеді, 1871 жылы Орал
мен Семейде қыздар гимназиялары ашылды. Орта мектептерде оқу үшін жоғары ақы төленуі
оларға негізгі халықтын қолы жетпейтін етті. Өлкеде мектептердін үш үлгісі: педагогикалық,
ауыл шаруашылық және қолөнерлік үлгілері болды. Төменгі ауыл шаруашылық
мектептерінің негізгі мақсаты - көшпелі қазақ қоғамында егіншілік білімін тарату, қазақ
санасына отырықшы тұрмыстын көшпелі тұрмыс салтынан «артықшылығын» сіңіруге тиіс
болатын. Патша өкіметі қазақ халқы арасынан өзіне сенімді тірек жасауға, әкімшілік аппарат
үшін, сондай-ақ орыстандыру рухында ағартушылық қызмет атқаратын сенімді кадрлар
даярлауға ұмтылды
https://el.kz/kz/news/archive/content-3786

ХІХ - ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан территориясындағы білім беру мекемелерінің
дамуындағы 3 өзгерістерді анықтаңыз
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
[3]
Өзгерістердің себебін жазып, ойыңызды қорытындылаңыз.
__________________________________________________________________________________
[2]

3. Қазақстандағы кеңестік білім беру жүйесінің жетістіктері мен қайшылықтарын анықтаңыз.
Кеңестік білім беру жүйесінің артықшылықтыры
1.
2.
3.


Кеңестік білім беру жүйесінің кемшіліктері:
1.
2.
3.
[6]

4. Берілген дереккөзге сүйене отырып Қазақстан Республикасының білім және ғылым жүйесін
жаңартудың маңызын көрсетіңіз.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 — 2020 жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫнан
Бағдарламалық мақсаттар
- педагог мамандығының беделін көтеру;
- білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары
мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету;
- жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене
бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның
табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру,
еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды
дамыту.
- жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті,
отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді
қалыптастыру.


Page 29

29

Бағдарлама алдына қойған мақсаттарына жетті ме? Мысал келтіріңіз.
1.
2.
Ауыл мен қала жастары арасындағы білім алудағы теңдікті қалай орнатуға болады. |Өз
ұсынысыңызды жазыңыз.
1.
2.
Еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды қалай
дамытуға болады? Өз ұсынысыңызды жазыңыз.
1.
2.
Жастардың бойында отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық
қасиеттерді қалай дамытуға болады? Ұсынысыңызды жазыңыз.
1.
2.
[8]
5. «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасының елді жаңғыртудағы маңыздылығын
талдаңыз.
Болашақ - Қазақстан Республикасы Президентiнiң білім беру, санат жетілдіру мақсатында
құрылған халықаралық стипендиялық бағдарлама.
1993 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қаулысымен
«Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Бұл бастама дарынды жастарға
келешекте өздерінің жинақтаған тәжірибелерін мемлекет игілігіне пайдалану үшін шетелде
сапалы білім алуға көмектесу идеясына негізделген. Стипендия қызметте табысты өсудің,
түлектердің кәсіби мамандануының кепілі іспеттес. Бұның дәлелі ретінде бағдарламаның
көптеген түлектері мемлекеттік қызметте, мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда,
акционерлік құрылымдарда жауапты қызметтерді атқарып, мемлекеттік және халықаралық
жобаларға қатысып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда. Қазіргі кезде үміткерлер әлемдегі
32 елдің алдыңғы қатарлы 630 оқу орындарында оқи алады. Бүгінгі таңда стипендияны іске
асыруда магистрлік және докторлық бағдарламаларға, сондай-ақ біздің ел үшін анағұрлым
қажетті болып табылатын техникалық және медициналық бейіндегі мамандарды дайындауға
ерекше көңіл бөлінеді.
Ғаламтор материалдарынан

Нақты сол уақыт үшін
маңызы

Қоғам үшін маңызы
Экономика үшін маңызы
Саясат үшін маңызы
Белгілі бір уақыт
аралығынан кейінгі маңызы

Өзіндік пікір
[6]


Page 30

30

Балл қою кестесі
Тапсырма

Жауап Балл Қосымша
мәлімет
1
1. А.И.Левшинді «қазақ даласының Геродоты» деп атау
себебіне төмендегі үзінділер дәлел:
- «Қырғыз-қайсақтар» деп Еуропалықтар атаған. Атау
екі сөздер құрылады: қырғыз және қайсақ.
- Тек тоқтала кетейік дегеніміз, орыс тайпаларының
ішіндегі «казак» аталып жүргендерде де бар. Бұл атауды
олар орта ғасырларда иемденді. Негізгі иесі өздерін
«қазақ» деп жүрген қырғыз-қайсақтар. Ал өздері және
орыстардан өзге жақын көршілері өздерін «қазақ» деп
атайды. Бұл атпен оларды парсылар, бұхарлықтар,
хиуалықтар атайды.
- XVI және XVII ғасырлардағы жазбаларымызда «қазақ
ордалары» дегеннен басқа атау кездеспейміз. Кейін
анықтауыш ретінде «қырғыз» сөзі қосылды. Сөйтіп
«қырғыз-қазақ», кейін «қырғыз-қасақ», аяғында
«қырғыз-қайсақ» болып аталып кетті.
2. Қазақтар жөнінде алғаш монографиялық еңбек жазды.
«Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ далаларының
сипаттамасы» (1832) атты еңбегінің 1-бөлімінде қазақ
жерінің географиялық сипаттамасы берілген. 2-бөлімі
қазақ халқының тарихына, 3-бөлімі этнографиясына
арналған. Бұл еңбегінде Левшин “қазақ” деген атауға
ғылыми анықтама беруге тырысқан. Қазақ халқының
Ресей әкімшілігіне өтуінен бастап, XIX ғасырдың
басына дейінгі Орынбор әкімшілігі және орыстармен
арадағы сауда, ресми және саяси қарым-қатынастан
көптеген мағлұматтар береді
5
Басқа да
дұрыс
жауаптар
қабылданады
2
1. Зайырлы мектептің пайда болуы;
2.Қолөнер мектептерінің пайда болуы;
3. Білім беру мекемелерінің жүйесін құру.
Себеп: бұл өзгерістер Қазақстанның Ресейге
қосылуынан және оның өлкені игеруге деген
сұранысының артуынан кейін мүмкін болды.
Қорытынды: қазақ жерінде ағарту жұмыстары жүргізіле
бастады. Жастар білім алуға мүмкіндік алды.
5
Басқа да
дұрыс
жауаптар
қабылда-
нады
3
Артықшылықтары:
1. Жаппай сауатсыздық жойылды
2.Ұлттық білім ордаларының ашылуы
3. Қазақстан зиялылары қалыптасып, ғылым жолға
қойылды
Кемшіліктері:
1.Халық шаруашылығында ғылыми -техникалық
мамандар жетіспеді
2.ЖОО қазақ жастары аз оқыды
3. Қазақ тілі шеттетіле бастады
6
Басқа да
дұрыс
жауаптар
қабылда-
нады


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!