Материалдар / Тоқта, сақтан, Жол ашық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тоқта, сақтан, Жол ашық

Материал туралы қысқаша түсінік
1-4 сыныптар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
1188
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Тоқта. Сақтан. Жол ашық!»

Мақсаты: Жол қозғалысы ережелерін насихаттау және алдын алу. Көшеде жүру тәртібін

білгізу және көше қатынас ережелерін қайталау.Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: АКТ-ны пайдалану,көшеде жүру ережесіне байланысты белгілер,

бағдаршам, оқушылардың өз қолдарымен салған суреттері.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың дайындығын тексеру, бүгінгі іс шараның тақырыбы, мақсаты хабарланады.

ІІ.Негізгі бөлім Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Балалар сендер өмірлеріңді, денсаулықтарыңды сақтағыларың келсе, әрқашан жолда жүру ережелеріне сақ болыңдар! Демек, жаяу жүргіншілергеқойылатын талаптарды бұлжытпай орындаңдар. Ол ең алдымен жол бойының қозғалысын реттеуде өте үлкен роль атқаратын бағдаршамның қызметін білу.Сендер әрине ауыл балаларысыңдар, бізде бағдаршам жоқ бізге қажеті жоқ демей, білуімізқажет.Қалаға қыдырып барған кезде өте қажет деп білуіміз керек.

Қайда да болсын \қалада, ауылда\әрбір жаяу жүргінші, әр бала жол бойында аса сабырлылықпен, аспай саспай жүріп, тұруы тиіс.Ұшқалақ, ұрыншақ болмау керек, машина алдын кесіп өтуге болмайды. Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердіңжүріп тұруына кедергі келтіреді, апатқа ұшыратады.Көшеде келе жатып, қақпадан шығып келе жатқан машинаны көрсең, сақтанып күте тұр.Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт. Мектапке келе жатқанда, өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл.Өткел тар болса, кездескен үлкен кісіге жол бер.Машиналар жүретін үлкен көшемен жүруге болмайды.

Балалар, көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?

Оқушы: - Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу- машина астына түсуден, апаттан сақтайды.

Оқушы: - Көшеде жүру тәртібін орындамау – көліктің жүріп- тұруына кедергі келтіреді. Мысалы- жолаушылар жұмысқа, саябаққа, дәрігерге баруға кешігуі, фабрика, зауыттарға, дүкенге жүк мезгілінде апарылмауы, вокзалдарға,басқа қалаларға дер кезінде жете алмауы мүмкін.

Мұғалім: - Біздің қаламызда, сол сияқты біздің еліміздің қала, ауылдарына – бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да,үлкендер де,яғни барлық жүргіншілер, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

- Балалар, көшеге қараңдаршы, өздерің бірде- бір жүргізуші бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көшені кесіп өтпейді, жасыл көзі жанғанша күтіп тұрады.

- Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен,көрейік.

Мынандай сұрақтарға жауап беріңдерші.

Жиекжол деген не?

- Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.

Жаяуға қай жермен жүруге болмайды?

- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.

- Мектепке келе жатқанда, өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл.Өткел тар болса, кездескен үлкен кісіге жол бер.


Оқушы: Жиекжол бар ғой,

Жандар үшін жаяу.

Деп оны сен тар ғой,

Шықпа жолға таяу.



- Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?

- Көшеде жүру тәртібін көрсететін – бағдаршам.

Бағдаршам- өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу- баршамызға керек.

Оқушы: Бағдаршам аты

Көп көзі бар батыр.

Тоқ болғанымен заты

Өзінде көп ақыл.

Оқушы: - Бағдаршам- өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.

Енді бағдаршам қызметі туралы айтайық.

/Бағдаршамның қызыл көзін көрсетіп/:

Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда жүргіншіге де,көліктерге де тоқтап тұру керек.

Сары шам бағдаршам отының ауысын көрсетеді.Бұнда да жүруге болмайды.

/ Бағдаршамның сары сигналын көрсетеді /.

Сарыдан кейін- жасыл. Сигнал жанғанда ,жол ашық, жүруге болады.

1-оқушы: Көреген дәу қырағы,

Көшемізде тұрады.

Ол бергенде команда,

Бағынамыз әмәнда!

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.


2-оқушы: Тоқта!


3- оқушы: Сақтан!


4- оқушы: Жол ашық!


1- оқушы: Жүрме жолға таласып.

2- оқушы: Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға!


3-оқушы: Сары көзін ашқанда ,

Қарап қалма аспанға!


4-оқушы: Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін, жасқанба!

/ Бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап, кезегі келгенде көрсетіп тұрады./


- Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?

- Көшені екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңнен сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл сигналы жанған кезде өтуге болады./Көрнекілігі көрсетіледі/.

- Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз?

- Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса, көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз.Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз.Егер ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше, сол орында күте тұрамыз/ оқушы қалай өтетінін көрсетеді/

- Балалар, сендер Дұрыс және Бұрыс атты екі оқушының көшеде қалай жүретінін көресіңдер.Екеуінің қайсысы көшеде жүру тәртібін білмейді,аңғарып отырыңдар!

Кішкене ғана көрініс.

Екі оқушы жиекжолмен жүріп келеді.Бұрыстың түймелері салынбаған, қалай болса солай киінген, ал Дұрыс таза, тап тұйнақтай, жиекжолдың оң жағымен жүріп келеді.Бұрыс тротуардың сол жағымен келе жатыр. Жолда қария әжейді қағып кетеді, кешірім сұрауды да ұмытады.

Мұғалім: - Балалар, Дұрыс пен Бұрыстың қайсысы қателіктер жіберді және қандай қателіктер?

- Бұрыстың үсті – басы кір, киімі алқам- салқам, өзіне мән бермейді екен.Қарияны қағып кетіп, кешірім сұраған жоқ.

- Не себепті кісіні қағып кетті?

- Көшеде жүру тәртібін білмеді. Жиекжолда дұрыс жүрген жоқ.

- Ал жиекжолда қалай жүру керек?

- Жиекжолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге болмайды.

- Онда тағы қалай жүруге рұқсат етілмейді?

- Төрт- бес адам қатар жүруге болмайды.


Мұғалім: - Балалар, сендер Тұманбай Молдағалиевтің «Болар бала еді ол» деген өлеңін тыңдап көріңдерші.

  • Бұл өлеңнен балалар, сендер кейбір жақсы оқитын оқушылардың көшеде жүру тәртібін сабақта жақсы біліп, өте жақсы жауап бергенімен былай шыға бере ұмытатынын, сондай оқушының бірі- Арман қандай жағдайға ұшырағанын естисіңдер.

1- оқушы: Жаудыраған көздері

Қарақаттай қара еді.

Ойлап айтар сөздерін

Ойшыл болар бала еді.

Ары-бері өткенде,

Бізге сәлем үзбейтін.

Өзінен сәл үлкенді

«Сен» демейтін, «Сіз»- дейтін.

2-оқушы: Әр жыл сайын оқудан,

Мақтау қағаз алатын.

Оқығанын тоқыған.

Болар бала болатын.

Өсе келе ғылымға,

Жақын болар дейтін ем.

Жайнап өнер шыңында,

Ақын болар дейтін ем.

3-оқушы: Жұртты аузына қаратқан,

Ғалым болар дейтін ем.

Аты әрбір тарапқа,

Мәлім болар дейтін ем.

Көзіме жас сүзілді,

Келе алмадым көмекке.

4-оқушы: Добын қуып көшеде,

Жел болып ол ұшыпты.

Машинаның астына,

Абайсызда түсіпті.

Өше қалған отындай,

Жатыр бала сәл жанып.

Шофер да тұр дел- сал боп,

Жүзін қара тер жауып.

5- оқушы: Ана байғұс аңырап,

Бетін жыртып тастапты.

Бақыт лағып жамырап,

Үй қаңырап бос қапты.

Әкесі кеп еңкілдеп,

Бала үстіне құлады.

Екі иығы селкілдеп,

Өксіп- өксіп жылады.


6- оқушы: Арман еді ұл аты,

Лайық еді атына.

Ата- анасын жылатып,

Көзін жұмды қапыда.

7- оқушы: Одан бері зуылдап,

Талай-талай жыл өтті.

Жасыл көше дуылдап,

Қуантады жүректі.

8- оқушы: Тұрды талай жаңа үйлер,

Сәні болып қаланың.

Туды талай сәбилер,

Үміті боп ананың.

9-оқушы: Жыламасын аналар,

Жас ұландар, өсе бер.

Сақ болыңдар, балалар,

Сақ жүріңдер көшеде!

Мұғалім: Арман не себепті қаза болды?

Оқушылардан сұрақтарға толық жауап алынады.Бұдан кейін оқушылар өздерінің бағдаршам туралы іздестіріп тапқан жұмбақтарын кезегімен айтып шығады.

Арқаным тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім. /Жол/.


Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. /Бағдаршам/


Сөйлегенді білмейді,

Бірақ «тоқта, жүр!» дейді.


Әйгілі үш сөзді,

Бір дәу тұр үш көзді.

Оған жас-кәріміз,

Бағындық бәріміз.


Менің үш көзім бар,

Бір көзім:«кідір» дейді,

Бір көзім:«жүгір» дейді,

Бір көзім: «Абайла» дейді

«Қарап ал маңайға» дейді.


Қорытынды:

Дегенмен өздерің жақсы оқушылар екенсіңдер. Әрдайым осындай сақ болыңдар.Белсене қатысып, ізденгіштік қабілетін көрсеткен оқушылар аталады.

Осыдан кейін хормен «Бағдаршам» әні орындалады.

Көшеде бағдаршам болмаса,

Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе.

Кідірме, абыржып онда аса,

Сенгейсің өзіңнің көзіңе.


Көшеде ортаға жеткенше

Әуелі көзің сал сол жаққа,

Балақай, ортадан өткен соң,

Мойның сал сол жақтан оң жаққа.


«Мен білем, бәрін мен!»деме,

Отырған жоқсың бөлмеде.

Машина өтіп кеткесін,

Жолаушы алға беттесін.


Ұшқалақ бала ұрыншақ

Ойлалық соны ұғынсақ.

Машина өтіп кеткесін,

Жолаушы алға беттесін.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!