Материалдар / Тоқыма мозайка техникасымен жасалған тігін бұйымдарының дизайны (құрақ, пэчворк, квилт). Идеяны зерттеу. Эскиз. Материал таңдау және дайындау. Жұмысты орындау реттілігі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тоқыма мозайка техникасымен жасалған тігін бұйымдарының дизайны (құрақ, пэчворк, квилт). Идеяны зерттеу. Эскиз. Материал таңдау және дайындау. Жұмысты орындау реттілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тоқыма жұмыстарымен қалай жасау керектігін үйрене аласыз
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Таныстым: ДОІЖО Г.Кадирова

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 3 А

Дизайн және технология

Мектеп: Ғ.Мұратбаев ШЖЖОМ

Күні: 27.02.2023ж

Мұғалімнің аты-жөні: А.Тасболатова

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспаған саны:

Сабақ тақырыбы

Тоқыма мозайка техникасымен жасалған тігін бұйымдарының дизайны (құрақ, пэчворк, квилт). Идеяны зерттеу. Эскиз. Материал таңдау және дайындау. Жұмысты орындау реттілігі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.5.1-Өзінің және өзгенің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) тәжірибесіне сүйене отырып және композицияның негізгі заңдылықтарын ескеріп, қарапайым нысандардың дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау

5.1.4.1-Шығармашылық жұмысты орындау кезеңдерін анықтай отырып, жоспар дайындау

Сабақ мақсаттары

  • пэчворк, квилт, курак техникалармен танысу

  • жұмыс міндеттерін бөліп беру

  • ою – өрнек шаблондар бойынша декоративтік мазаика техниткасында тәжірибе орындау

Сабақтың барысы

кезеңдері

Педагог іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ басы


5 минут

Сәлемдесу.Психологиялық ахуал орнату.

- оқушылардың зейінін шоғырландыру

«Миға шабуыл» оқушылардың назарын аудару, суреттер арқылы сабақ тақырыбын ашу.

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтау

- оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға көңіл бөлу.

«Конверт» әдісі бойынша сұрақ –жауаптар кезеңі.

1. Құрақ дегеніміз не?
2. Құрақтан қандай бұйымдар жасауға болады?
3. Құрақтың қандай түрлерін білесіңдер?
4. Құраққа мата қалай таңдалады?


Берілген техникалар (пэчворк, квилт, кұрак) бойынша бейне роликті қарау,

Сұрақ-жауап

Құрақтың атаулары әр түрлі: а) қазақ тілінде құрақ құрау өнері – құрақ.б) орыс тілінде құрақ құру өнері «лоскутное шитье» немесе «мозаика». в) жапон тілінде құрақ құрау өнері «сашико» .г) ағылшын тілінде құрақ құрау өнері «печворг» және «квилт»- деп атайды.Құраққа қойылатын талап біреу – ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және түстерінің үйлесімді орналасуы.

Өзара бағалау





Жетістік критерий мен дискрипторлады ашу.




Оқулық

Көркем еңбек

5 (қыздар), Р.Ш.Алимсаева, И.А.Развенкова, О.С.Якупова, О.С.Лосенко, Е.Е.Велькер

Көкшетау «Келешек»2030

Сабақ ортасы

35 минут



«Галереяға саяхат» әдісі. Құрақ түрлеріне шолу.

Ботакөз құрақ. Математикалық фигуралары бар, ортасы төрт бұрышты шетіне үшбұрыш тігілген, жиектеме тігісі бар үш түрлі матадан тігілген ботакөз құрақ.
Гүл құрақ. Алты қырлы фигурадан тұратын, жиектеме тігісі бар, үш түрлі матадан тігілген гүл құрақ.
Бауырсақ құрақ. Ромб, үшбұрышты, төрт бұрышты фигуралардан құралған шетінде жиектеме тігісі бар, бес тірлі матадан тігілген бауырсақ құрақ .

Түс шеңберінде түстер екі топқа бөлінеді: жылы және суық. Түс шеңберінде бір-біріне қарсы тұрған түстерді қарама-қарсы түстер дейді.Олар қызыл-жасыл, сары-күлгін, көк-қоңыр т.б.

Сарамандық жұмыс. Жеке дара.

ТҚЕ еске салу. Кіріспе нұсқау. Құрау технологиясы
«Тырнақтар» құрағын құрастыруға арналған технологиялық картасы
№----Құрастыру реті-------------Керекті құрал-жабдықтар --------------нобайы
1. Үлгі бойынша екі түрлі матадан 10*10 және7*7 шаршы қиып ал, тігіске 0,5-1см қосымша қалдыр. екі түрлі мата, қарындаш, үлгі, қайшы.
2. Шаршыларды диагональ бойынша екі үшбұрышқа бөл. екі түрлі мата, қарындаш, үлгі, қайшы.
3. Үлкен үшбұрышқа екі кіші үшбұрышты қосып көкте. ине, жіп, мата, қайшы, тігін машина
4. Екі қатардың арасына 3-4см екі түсті жолақ көкте,тік. ине, жіп, мата, қайшы, тігін машина
5. Екі жағынан сән үшін екі түсті жолақтан 3-5см жүргіз. ине, жіп, мата, қайшы, тігін машина
6.Құрақ бетіне сәйкес астарлық мата қиып ал, бір жағынан 10*12 см қалдыра отырып, көкте және тік, бұрыштарын қиып аударып үтікте. ине, жіп, мата, қайшы.:
1.Қандай өрнекті құрасақ та сол өрнектің сызбасын қағаз бетіне түсіріп аламыз.
2. Матаның түр түсінің үйлесімділігін анықтау үшін оны түс таңдай отырып, бояп аламыз.
3. Геометриялық пішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да, сол қағазды үлгі етіп, пайдалану арқылы, матаны қағаз мөлшерімен қиып аламыз.
4. Қиылған матаны өрнек бойынша рет-ретімен: - әулі ортаңғы бөлік, содан кейін шеткі бөліктерді тігіп аламыз.
1 Кіріспе нұсқау.
1. Құрақ бөлшегіне астар қию жолдары.
2. Астар мен құрақ бөлігін біріктіру. Көктеу.
3. Құрақ көрпеше немесе жастық ішіне мақта немесе жүн салу.
4. Ашық жерлерін біріктіру.
5. Бұйымды дайындау.
2 Ағымды нұсқау.
1. Техникалық қауіпсіздік ережелерін қайталау.
2. Құрақ бұйымын астарлық шыт матаның бір шетінен орналастырып, жиектеп сызып аламыз.
3. Сызылған сызық бойынша матаны қиып алу.
4. Қиылған астар мен құрақ бөлшегін оң бетімен беттестіріп, теріс бетінен шетін 1 см тігіске есептеп сызу.
5. Сызылған сызық бойымен көктеп тігіп шығу.
6. Бір шетінен 10-15см тігусіз жер қалдыру.
7. 10 – 15 см тігіс жерден бұйымды оң бетіне айналдырып, ішіне тегістеп жүн немесе мақта салып ашық жерін ішкі тігіспен тігу.

Оқушыларға суреті, сызбасы бойынша бұйым конструкциясын өздігімен жасауға мүмкіндік беру. Дайын лекало және қима үлгі нұсқаларын жасау.

Жасалу жолдары:
а ) композициялық орналасуы, симметрия сақтауы;
ә )түстерінің үйлесуі, жарасымды болуы;
б ) қағазға геометриялық элементтерін түсіру, дұрыс және бірдей орналасуын қадағалау



Құрақ құрау екі мақсатты көздейді.1.Матаның қиындыларынан іске ұқсату (Кәдеге жарату).2.Үлкен сәнділікке баулу,матадан әр түрлі фигуралар жасай отырып,қиылыстырып бір бұйым жасап шығару.


Абай атамыз айтқан бес дұшпанның бірі – ысырап болса, өнердің бұл саласы сол ысырапшылыққа жол бермейді.




Бағалау критерийлер:

*_______________

*_______________

*_______________

Сарамандық жұмыстың аяқтағаннан соң құрастырған бағалау критерий бойынша бірін - бірі бағалау.

http://www.rukodelie.ruДля тех, кто любит вышивать


http://masterica.narod.ru/inde x.htm - "Мастерица".






Сабақ соңы

5 минут

Рефлексия: «Жетістік баспалдағы»







стикер










Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!