Материалдар / «Төрлет, Жаңа жыл!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Төрлет, Жаңа жыл!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға жаңа жыл мерекесін сезіндіру, мерекелік көңіл – күй сыйлау. Көңілді ойындар ойнатып, достық қарым-қатынас орнату.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Сәуір 2018
467
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

«№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

дефектолог – мұғалімі

Каликова Айгерім Орынғалиқызы

музыка мұғалімі Кизатова Гүлнар Жексенғалиқызы


Тақырыбы: «Төрлет, Жаңа жыл!»


Мақсаты: Балаларға жаңа жыл мерекесін сезіндіру, мерекелік көңіл – күй сыйлау.

Көңілді ойындар ойнатып, достық қарым-қатынас орнату.


Жүргізуші :

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық

Бәрімізге әкелсін мына арай жыл!

Құтты болсын ағайын!

Жаңа жылың тағы да

Ертеңгілік басталсын

Біздің орталығымызда.

«Төрлет, Жаңа жыл!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

(Балалар музыка әуенімен жұптасып залға кіреді)

Би «Бубенцы»

(Аю шыршаның түбінде ұйқыда жатады)

Жүргізуші:

  • Келді, міне, Жаңа жыл,

Азаймасын ән мен жыр.

Ел көңілін көтерсін

Құтты болсын Жаңа жыл!

- Қараңдаршы балалар, айнала неткен керемет, мына шыршамызда ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп-әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп, жиналып калыппыз. Бірақ шыршамыз көңілсіз. Қане бәріміз бірге шырша шамын жағайық.

Сиқыршы : -Сиқырлы сөздерді де білесіңдер ме? Қане айтып көріңдерші.

Балалар :

  • Бір, екі, үш! (үш шапалақ)

Шырша жарқырай түс!(қолдарымен фонарик жасайды)

Жүргізуші: -Бұл қалай болғаны? Шыршамыз неге жанбай тұр? Балалар орталық директорын ортаға шақырайық.

Жүргізуші:

  • Нұрландырып маңайды

Шырша шамы жағылсын

Жаңа жылдың құрметіне

Ақ тілектер ағылсын!

Орталығымыздың директоры Гульнара Хисметоллақызына сөз кезегін береміз.

( орталық директоры шырша шамын жағады.)

Ән: «Шырша жыры» Дүйсенов Мұрат

Шыршаның сөзі:

Жүргізуші: -Міне балалар шыршамыздың да шамдары жарқырап жанды. Ертеңгілігімізді әрі қарай жалғастырайық. Ендеше ортаға Қоян мен кішкене көжектерімізді шақырайық.

Би: «Қояндар»

(Қасқыр кіреді. Қояндар үйшіктің ішіне тығылады.)

Қасқыр : Менің мұрныма тәтті иіс келіп тұр. Бұл ненің иісі болды екен а?!

(Түлкі шыға келеді,. қарны аш қасқыр түлкіге тарпа бас салады.)

Түлкі : Қасеке, сізге не болған ? Менің етім тәтті емес. Жаңа байқап қалдым осы маңайда қояндар билеп жүрген болатын. Сіз оданда сол қояндарды жеңіз.

Қасқыр : А-а-а, иә оның да дұрыс болар. Мен онда қояндарды іздеп көрейін. Балалар, сендер қояндарды көрдіңдерме ?

Балалар : Жо-о-қ, жо-о-қ.

(Түлкі құйрығын бұлаңдатып үйшікті айнала жүреді)

Түлкі: -Қасеке міне, міне қояндар мына жерде тығылып жатыр.

(қасқыр оларды бір-бірлеп жеуге дайындалады)

(Қасқырдан қорыққан қояндар қашып, аюдың артына тығылады)

Аю : -Бұл не шу? Менің тәтті ұйқымды бұзған кім?

Қояндар : -Біз Жаңа жыл мерекесіне жақсы көңіл күймен келіп едік. Қасқыр бізді жеп қоймақшы.

Аю : -Қорықпаңдар! Мен сендерге көмектесемін. Қасқыр, түлкі сендер қояндарды неге ренжітесіңдер. Бәрің дос болыңдар, тату болыңдар! Жаңа жылды жақсы қарсы алайық.

(Қасқыр бәрібір көнбейді. Қарны ашқаны соншалық, тіпті аюдың да сөзін тыңдамайды)

Қасқыр: Жоқ, жо, жоқ мен сендермен дос болғым келмейді, менің қарным аш, мен сендерді жегім келеді . (қояндарға қарай тұра жүгіреді)

Жүргізуші: -Мұныңыз не қасеке? Бүгінгі мереке достықтың, бірліктің, жақсылықтың жаршысы.

Ашық болсын күніміз

Биік тұрсын туымыз

Тату дос боп халықтар

Бақытты болсын балалар!

Қасқыр : -Басымыз қосылып жиналып қалыппыз ғой. Қане, олай болса бәріміз Жаңа жыл мерекесін жақсылап тойлайық!

Хоровод «Топ-топ сапожок»

Жүргізуші : -Ал енді, балалар, бұл Жаңа жыл мерекесін тойлау үшін кімдер жетіспейді?

Балалар (хормен) : -Аяз ата! Ақшақар!

Жүргізуші : -Жарайсыңдар балалар! Ендеше бәріміз бірге шақырайық.

Балалар: - Аяз ата, Ақшақар!

(Ортаға музыка әуенімен Аяз ата мен Ақшақар келеді)

Аяз ата: Балаларым, балғыным,

Армысыңдар, жарқыным.

Тілегенім жыл бойы

Сендердің денсаулығың.

Ақшақар: Сүйсіндірер маңайды

Ақшақармын арайлы

Жалт-жұлт еткен жүзімнен

Күміс сәуле тарайды.

Ақшақармын аппақпын,

Қалай тыныш жатпақпын.

Менсіз қыстың сәні жоқ

Әнмін, жырмын, тақпақпын.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Жүргізуші: -Қош келдіңіздер, төрлетіңіздер Аяз ата, Ақшақар! Біз сіздерді жыл бойы сағынып, асыға күттік. Сіздерге арнап балаларымыз тақпақ жаттады.

Асылжан

Жасыл шырша орманнан

Бізге арнайы келіпті

Ойыншығын балалар

Шыршаға әсем іліпті


Ерлан

Жаңа жылды қарсы алып

Барлық бала ән салып

Ақшақар жүр би билеп

Қол соғады барша жұрт

Әлібек

Жаңа жылда барлық үйге

Ая ата келеді

Жаңа жылда сәбилерге

Сыйлық әкеп береді

Әлия

Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оранып

Саламат

Аяз ата келді

Тамашаны көрді

Риза болып қуанып

Бізге сыйлық берді

Валя

Жаңа жыл келгенде

Қуанып қарсы аламыз

Аяз ата келгенде

Билейміз ән саламыз

Асемай

Наша елка хороша

Вся сияет от огня

Шарики, хлопушки

Красивые игрушки

Би: «Ұлпақарлар биі»

Ойын. (Аяз ата мен Ақшақар бір ойын ойнатады)

Аяз ата: -Балалар бізде Жаңа жыл мерекесіне арнайы сіздер үшін Антарктидадан кішкентай биші пингвиндерді шақырттық..

Би: «Көңілді пингвиндер»

Жүргізуші :

  • Жаңа жылымыз қайда? Қане, бәріміз бірге шақырайық.

Балалар: Жаңа жыл, Жаңа жыл.

(Музыка әуенімен Жаңа Ит жылы кіреді)

Жаңа Ит жылы

  • Мен Жаңа жылмын

Мен жаңа нұрмын

Нұрымды да себейін

Жырымды да төгейін

Жүргізуші :

Қош келдің міне Жаңа жыл!

Төрімнен орын алғайсың

Жаңа бақыт, жаңа нұр,

Көгімде менің самғайсың!

Ескі жылымызда осында Жаңа жылға айтар тілегі, аманаты болса, сурап көрейік. Ескі жыл, Жаңа жылға қандай тілегің бар, айта отыр.

Ескі Тауық жылы:

Мен жыл бойы сіздермен бірге болдым. Менің жылым берекелі де, мерекелі жыл болды. Қазақстан үшін тарихи жыл, өйткені халықаралық ЭКСПО Астана қаласында өтті. Бұл бүкіл дүние жүзі халықтарының бас қосқан тарихи оқиға. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, алдағы жылда да Қазақстан халқына, орталықтың ұжымына тыныштық, құт-береке, толағай табыстар, зор денсаулық, бақыт тілеймін.

Жүргізуші: Жаңа жыл-жаңа қадам, жаңа бақыт

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт

Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт

Келіп, міне жатырмыз қауқылдасып.

Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым.

Құтқа орансын кең байтақ дархан елім

Қазақтың пейіліне тарту етсін

Табиғат ашық аспан, таң шапағын!.

-Құрметті балалар, қонақтар! Осымен жаңа жыл мерекесіне арналған «Төрлет Жаңа жыл!» атты мерекелік шарамыз аяқталды. Жаңа жылымыз құтты жыл болсын! Жылдан жылға аман-есен жете берейік.




































Ертегі «Байлық іздеген ит»

Автор : Ерте, ерте, ертеде бір ит өмір сүріпті. Ол байлыққа кенелсем екен,- деп армандап, қазына іздеп кетеді. Қолына күрек алып жерді қаза бастайды.

Бір кезде қасына Тышқан жүгіріп келеді:

Тышқан: -Неге сен менің інімді қазып жатырсың?

Ит : Мен бұл жерден үлкен қазына іздеп жатырмын. Мен бай болғым келеді..

Автор: Бай болғын келеме, онда мен саған көмектесейін дейді де, тышқан оған алтын тенге береді.

Тышқан: Мына тенгені жердің астынан тауып алған едім, енді оны саған беремін.

Автор: Ит ол ақшамен дүкенге барып, өзіне керек тәттілер алады. Жол бойы қуанғаннан әндетіп келе жатады.

Ит : -Ав-ав-ав, алақай, алақай! Мен керемет қазына таптым.

Автор: Қуаныштан сүйек мүжіп келе жатқан иттің алдынан әтеш шығады.

Әтеш :-Сәлем, сәлем! Сен неге қуанып келе жатырсың?

Ит : -Мен қазына тауып алып дүкенге барып, көп тәттілер алып келе жатырмын.

Әтеш : Мен саған қызығып тұрмын, менің балапандарым аш отыр қиқымдай да наным жоқ.

Ит: Мен сенің балапандарыңа нан берейін.

Автор : Өзінің ісіне қуанған ит дорбадан алмасын алып, әрі қарай жөнеледі. Бір кезде алдынан аш қояндар шығады.

Қояндар : Менің қарным ашты, менің қарным ашты

Автор : Ит аш қояндарды аяп кетіп, қояндарға дорбасынан сәбіз шығарып беріп, әндетіп әрі қарай жөнеледі.

Қояндар : -Рахмееет!

Автор : Бір кезде алдынан аю шығады

Аю: -Салем, мен қояндардан сенің қазына тауып алып, бәріне тәттілер таратып жүргеніңді естідім.

Ит : -Ия, ия сағанда табылады. Мен бал сатып алғанмын, соны саған берейін.

Аю : -Рахмет, сенің берген балың тәтті - деп ойлаймын.

Автор : Тәттілердің таратқан иттің дорбасы жеңілдеп қалғанын көрген ит жылап қалады.

Ит : Мен бар байлығымнан айырылып қалдымғой.

Тышқан : -Неге жылайсың, ормандағы барлық аңдар ит жомарт екен ,- деп сені мақтан тұтып, енді сенімен дос боламыз деп қуанып жатыр. Достықтан артық қандай байлық бар ?!

(Сол кезде қасқыр келеді )

Қасқыр: -Бұл не қуаныш? Бәрің көңілдісіңдер ғой?

Түлкі : -Қасеке естімедіңіз бе ? Жомарт ит барлық аңдарға тәттілер таратыпты.

Қасқыр : -А, солайма? Мен бұларды жайдан – жай қоймаспын.

(Қасқыр қояндарды қуа жөнеледі.)

Ит : -Қасеке, ашуланбаңыз, сізге тәттілерден де асқан қызық бар. Мына орманның іші достық пен татулық, бірліктің мекені. Олай болса бәріміз достасып, көңілді би билейік.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!