Материалдар / «Төрлет, Жаңа жыл!»

«Төрлет, Жаңа жыл!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға жаңа жыл мерекесін сезіндіру, мерекелік көңіл – күй сыйлау. Көңілді ойындар ойнатып, достық қарым-қатынас орнату.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Сәуір 2018
360
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дефектолог – мұғалімі Каликова Айгерім Орынғалиқызы

Тақырыбы: «Төрлет, Жаңа жыл!»

Мақсаты: Балаларға жаңа жыл мерекесін сезіндіру, мерекелік көңіл – күй сыйлау. Көңілді ойындар ойнатып, достық қарым-қатынас орнату.

Жүргізуші : Жаңа жылдың таңы неткен арайлы, Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды. Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық Бәрімізге әкелсін мына арай жыл! Құтты болсын ағайын! Жаңа жылың тағы да Ертеңгілік басталсын Біздің орталығымызда.«Төрлет, Жаңа жыл!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! (Балалар музыка әуенімен жұптасып залға кіреді)Би «Бубенцы»(Аю шыршаның түбінде ұйқыда жатады) Жүргізуші:
  • Келді, міне, Жаңа жыл,
Азаймасын ән мен жыр.Ел көңілін көтерсінҚұтты болсын Жаңа жыл!- Қараңдаршы балалар, айнала неткен керемет, мына шыршамызда ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп-әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп, жиналып калыппыз. Бірақ шыршамыз көңілсіз. Қане бәріміз бірге шырша шамын жағайық. Сиқыршы : -Сиқырлы сөздерді де білесіңдер ме? Қане айтып көріңдерші.Балалар :
  • Бір, екі, үш! (үш шапалақ)
Шырша жарқырай түс!(қолдарымен фонарик жасайды)Жүргізуші: -Бұл қалай болғаны? Шыршамыз неге жанбай тұр? Балалар орталық директорын ортаға шақырайық. Жүргізуші:
  • Нұрландырып маңайды
Шырша шамы жағылсынЖаңа жылдың құрметінеАқ тілектер ағылсын!Орталығымыздың директоры Гульнара Хисметоллақызына сөз кезегін береміз. ( орталық директоры шырша шамын жағады.)Ән: «Шырша жыры» Дүйсенов МұратШыршаның сөзі: Жүргізуші: -Міне балалар шыршамыздың да шамдары жарқырап жанды. Ертеңгілігімізді әрі қарай жалғастырайық. Ендеше ортаға Қоян мен кішкене көжектерімізді шақырайық.Би: «Қояндар»(Қасқыр кіреді. Қояндар үйшіктің ішіне тығылады.) Қасқыр : Менің мұрныма тәтті иіс келіп тұр. Бұл ненің иісі болды екен а?!(Түлкі шыға келеді,. қарны аш қасқыр түлкіге тарпа бас салады.)Түлкі : Қасеке, сізге не болған ? Менің етім тәтті емес. Жаңа байқап қалдым осы маңайда қояндар билеп жүрген болатын. Сіз оданда сол қояндарды жеңіз.Қасқыр : А-а-а, иә оның да дұрыс болар. Мен онда қояндарды іздеп көрейін. Балалар, сендер қояндарды көрдіңдерме ? Балалар : Жо-о-қ, жо-о-қ. (Түлкі құйрығын бұлаңдатып үйшікті айнала жүреді) Түлкі: -Қасеке міне, міне қояндар мына жерде тығылып жатыр. (қасқыр оларды бір-бірлеп жеуге дайындалады) (Қасқырдан қорыққан қояндар қашып, аюдың артына тығылады) Аю : -Бұл не шу? Менің тәтті ұйқымды бұзған кім? Қояндар : -Біз Жаңа жыл мерекесіне жақсы көңіл күймен келіп едік. Қасқыр бізді жеп қоймақшы.Аю : -Қорықпаңдар! Мен сендерге көмектесемін. Қасқыр, түлкі сендер қояндарды неге ренжітесіңдер. Бәрің дос болыңдар, тату болыңдар! Жаңа жылды жақсы қарсы алайық. (Қасқыр бәрібір көнбейді. Қарны ашқаны соншалық, тіпті аюдың да сөзін тыңдамайды) Қасқыр: Жоқ, жо, жоқ мен сендермен дос болғым келмейді, менің қарным аш, мен сендерді жегім келеді . (қояндарға қарай тұра жүгіреді) Жүргізуші: -Мұныңыз не қасеке? Бүгінгі мереке достықтың, бірліктің, жақсылықтың жаршысы. Ашық болсын күнімізБиік тұрсын туымызТату дос боп халықтарБақытты болсын балалар!Қасқыр : -Басымыз қосылып жиналып қалыппыз ғой. Қане, олай болса бәріміз Жаңа жыл мерекесін жақсылап тойлайық!Хоровод «Топ-топ сапожок»Жүргізуші : -Ал енді, балалар, бұл Жаңа жыл мерекесін тойлау үшін кімдер жетіспейді? Балалар (хормен) : -Аяз ата! Ақшақар!Жүргізуші : -Жарайсыңдар балалар! Ендеше бәріміз бірге шақырайық.Балалар: - Аяз ата, Ақшақар! (Ортаға музыка әуенімен Аяз ата мен Ақшақар келеді)Аяз ата: Балаларым, балғыным, Армысыңдар, жарқыным. Тілегенім жыл бойы Сендердің денсаулығың.Ақшақар: Сүйсіндірер маңайды Ақшақармын арайлы Жалт-жұлт еткен жүзімнен Күміс сәуле тарайды. Ақшақармын аппақпын, Қалай тыныш жатпақпын. Менсіз қыстың сәні жоқ Әнмін, жырмын, тақпақпын.-Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!Жүргізуші: -Қош келдіңіздер, төрлетіңіздер Аяз ата, Ақшақар! Біз сіздерді жыл бойы сағынып, асыға күттік. Сіздерге арнап балаларымыз тақпақ жаттады.АсылжанЖасыл шырша орманнанБізге арнайы келіптіОйыншығын балаларШыршаға әсем іліпті

ЕрланЖаңа жылды қарсы алыпБарлық бала ән салыпАқшақар жүр би билепҚол соғады барша жұртӘлібекЖаңа жылда барлық үйгеАя ата келедіЖаңа жылда сәбилергеСыйлық әкеп бередіӘлияАппақ тонға ораныпБазарлықты мол алыпКелді алыс сапарданАяз ата ораныпСаламатАяз ата келдіТамашаны көрдіРиза болып қуаныпБізге сыйлық бердіВаляЖаңа жыл келгендеҚуанып қарсы аламызАяз ата келгендеБилейміз ән саламызАсемайНаша елка хорошаВся сияет от огняШарики, хлопушкиКрасивые игрушкиБи: «Ұлпақарлар биі»Ойын. (Аяз ата мен Ақшақар бір ойын ойнатады)Аяз ата: -Балалар бізде Жаңа жыл мерекесіне арнайы сіздер үшін Антарктидадан кішкентай биші пингвиндерді шақырттық.. Би: «Көңілді пингвиндер»Жүргізуші :
  • Жаңа жылымыз қайда? Қане, бәріміз бірге шақырайық.
Балалар: Жаңа жыл, Жаңа жыл.(Музыка әуенімен Жаңа Ит жылы кіреді)Жаңа Ит жылы
  • Мен Жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмынНұрымды да себейінЖырымды да төгейінЖүргізуші : Қош келдің міне Жаңа жыл! Төрімнен орын алғайсыңЖаңа бақыт, жаңа нұр,Көгімде менің самғайсың!Ескі жылымызда осында Жаңа жылға айтар тілегі, аманаты болса, сурап көрейік. Ескі жыл, Жаңа жылға қандай тілегің бар, айта отыр.Ескі Тауық жылы:Мен жыл бойы сіздермен бірге болдым. Менің жылым берекелі де, мерекелі жыл болды. Қазақстан үшін тарихи жыл, өйткені халықаралық ЭКСПО Астана қаласында өтті. Бұл бүкіл дүние жүзі халықтарының бас қосқан тарихи оқиға. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, алдағы жылда да Қазақстан халқына, орталықтың ұжымына тыныштық, құт-береке, толағай табыстар, зор денсаулық, бақыт тілеймін.Жүргізуші: Жаңа жыл-жаңа қадам, жаңа бақыт Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт Келіп, міне жатырмыз қауқылдасып. Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым. Құтқа орансын кең байтақ дархан елім Қазақтың пейіліне тарту етсін Табиғат ашық аспан, таң шапағын!.-Құрметті балалар, қонақтар! Осымен жаңа жыл мерекесіне арналған «Төрлет Жаңа жыл!» атты мерекелік шарамыз аяқталды. Жаңа жылымыз құтты жыл болсын! Жылдан жылға аман-есен жете берейік.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ