Материалдар / Төрлет, төрлет Наурыз
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Төрлет, төрлет Наурыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мейрамы на балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Наурыз 2024
93
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Төрлет, төрлет Наурыз!» ертеңгілік

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.

Хабаршы (бала):

Сүйінші! Сүйінші! Сүйінші! Көктем келді! «Бөбек» балабақшасында Наурыз тойы басталды. Естімегендер естіңдер. Тойдан қалып қоймаңдар.

1. Жүргізуші:

Келіңіздер, Наурыз тойға бәріңіз бүгін

Аямас бүлдіршіндер ән мен жырын

Тойлайық халық тойы Наурызымның

Шуағын жерге төккен бақыт күнін

2. Жүргізуші:

Келіңіздер, Наурыз күнін қарсы алайық

Билейік, жыр жырлайық, ән салайық

Қаһарлы қыстан өтіп, наурыз келді

Арқаңды кеңге салшы, уа халайық!


«» әні

Балалар отырады.

1. Жүргізуші:

Төл мерекеміз Наурыз мейрамы құтты болсын!

Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

2. Жүргізуші:

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

Осы көктемнің мерекесіне арналған биімізді билеп берейік

Би «»

1. Жүргізуші: Балалар біздер Ұлыстың Ұлы күні ақ бата алып,  шашу шашатын  кім екенін білесіңдер ме?

Балалар: Қыдыр Ата! Наурыз Әже!
2. Жүргізуші: Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды, шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!



ҚЫДЫР АТА: 

Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын! Әумин!

Наурыз Әже:

«Наурыз келсе, құт келгені, халайық!»
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (отырған  қонақтарға шашу шашу)

1. Жүргізуші: Қыдыр ата! Наурыз Әже! Ортаға жайғасыңдар бүгін біздің «Нұр-Арман» ауылында үлкен той болғалы жатыр бізбен бірге тойлатыңыздар!

Қыдыр Ата: Жарайды құрметтеп бізді төрге шақырсаңдар ешқандай қарсылығымыз жоқ.

(Ортаға барып отырады)

Тақпақтар

2. Жүргізуші: Қош келдің, Наурызым ардақты,
Халқым саған бар үмітті арнапты
Жылда солай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.

Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді
Қуанышта ел енді
Наурыз келді, салтымыз
«Көгерсін»деп халқымыз
Көшеге тал егеді.

1. Жүргізуші:

Ерітіп қарын даланың,

Жинатып гүлін саланың.

Жетелеп жұмсақ самалын,

Келді Наурыз – жыл басы.

Күлімдеп қарап күміс күн,

Аспаның бүркіп пүліш түн.

Ұлы күні Ұлыстың,

Келді Наурыз – жыл басы!

Кезекті қазақша әнге берейік.

Ән: «»

2. Жүргізуші:

Уа, халайық, халайық!

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық!

 Шашу! Шашу!

Көп шашайық шашуды,

Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.

Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,

Ризығың болсын көл – көсір!

1. Жүргізуші:

Қашанда құт – береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу - салты елімнің.

Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,

Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!

Би: «»

2. Жүргізуші: Рахмет балалар. Енді біздің балалар  ұлттық ойын ойнап береді.

Ойын: «Қыз қуу»  бір қыз қашады оны бес бала қуады кім бірінші барып бетінен сүйеді сол жеңіске жетеді.


Кішкентай бала қолында қамшы бар “Сүйінші, сүйінші” сәби дүниеге келді.


Қыдыр Ата: Сәбилерің құтты болсын! Баланың бауы берік болсын! Кішкентай сәбиді әкеліңдер азан шақырып атын қояйық!

Әже: Құндақталған сәбиді алып келеді!

Қыдыр Ата: Сен наурыз мерекесі күні дүниеге келгесін  сенің атыңды Наурызбай қоямыз деп Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” үш рет құлағына айқайлайды.

Наурыз Әже: Енді дүниеге келген сәбиді бесікке салайық! 

Бала: Әже баланы бесікке салу үшін не керек?

Наурыз Әже: Ол үшін Бесік, қолбау, аяқбау, шүмек, көрпе, көпшік . Бесік – қасиетті мүлік. Бесікті аластап, тыштырма жасап, баланы бесікке бөлейді. Бәле-жаладан сақтасын деп, ырымдап, оған тұмар тағып қояды.

(Рәсім жасайды)

Аспапта: «Келіншек»

Әже: Балаларым  осы наурыз біздің жаңа жылымыз осы мерекеде мен үнемі наурыз көже пісіремін. Сол наурыз көжені қалай пісіру жолын немерелерім айтып берсін (әже наурыз көже пісіру жолын айтып береді)

Бала:

Арпа, бидай, тары бар
Қатық, малта, тағы бар
Ішілетін, жейтінің
Бұл көжеде бәрі бар.
Бала:

Бата беріп атамыз,
Бата беріп әжеміз
Тәтті болып жасаған
Көжеден дәм татамыз
Бала:
Құт бауырсақ шашылып,
Наурыз тойы ашылсын
Бір бірімен мына жұрт
Көрімдігін асырсын
Бала:

Ашылды да кебеже

Дәм әзірлеу басталды

Әжем наурыз көжеге

Жеті түрлі ас салды.

Бала:

Наурыз келді құт болып

Мына бізге сүт болып

Аққа аузымыз толады

Бар жақсылық болады.

Бала:

Наурыз келді еліме

Наурыз келді жеріме

Байлық бақыт тілеймін

Бүкіл қазақ еліне!


Құрметті қонақтар менің жеті түрлі дәм салған наурыз көжемнен ауыз тейіңдер! Ақ мол болсын!

1. Жүргізуші: Халқымыздың ұлттық өнерінің керемет түрі бұл айтыс. Наурыз мейрамында ақындар айтысы болып отырған. Ақындар жақсылық пен жамандық, суық пен жылының күресін жырлаған.
Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда. Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген кішкентай айтыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алайық:
Айтыс:

Ұл бала:

Ата – баба дәстүрін

Үйренуден қашпаймыз

Айтыс десе сәнденіп

Қыздар іздей бастаймыз
Қыз бала:
Біржан болып сен келсең

Ақын Сараң мен болам

Сәйгүлік болып сен шапсаң

Аққу құсың мен болам

Ұл бала:
Біздің топтың ұлдары

Шеттерінен ақылды ақ

Жұмбақ тақпақ бұл тойға

Айтып берер тақылдап
Қыз бала:
Үй – жабдығын бұл тойға

Біздің қыздар сәндеді

Қонақ күтіп ән салды

Ұлдарыннан кембе еді
Бірге: Наурыз тойы салтымыз
Аман болсын халқымыз
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын
Наурыз құтты болсын!
2. Жүргізуші:: Бәрекелді, балалар! Даналарымыздың осындай ақыл сөздерін жанымызға сақтап, үлгі етіп, мұра етіп алып жүрейік

Ойын: «Арқан тарту»

Тақпақтар.

1. Жүргізуші: Бәрекелді балалар. Тақпақты сондай жақсы айтады екенсіңдер.

Батаменен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер,- дегендей аталардан бата күтеміз.

Қыдыр Ата:

Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,

Тербетсін шаттық әні қазақ жерін

Той бастаған қадамын құтты болсын,

Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсын

Қош болыңыз, Наурызым ардақты

Халқым саған бар үмітін жалғапты!

Жылда осылай келе берсін жарасып!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Наурыз береке – бірлік әкелсін!

Сау болыңыздар!

Наурыз әже: О, халқым кішкентай менің балаларым! Сендердің бүгін өнерлеріңді тамашаладым үлкен тойының куәсі болдық тойларың тойға ұласа берсін халқымыз тыныш, еліміз аман болсын!


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!