Материалдар / «Төрлет, төрлет Наурыз!» ертеңгілік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Төрлет, төрлет Наурыз!» ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2021
341
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Төрлет, төрлет Наурыз!» ертеңгілік

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.

Көрнекілігі: Топ Наурыз мерекісіне орай безендірілген.

Наурыз Думан” әні орындалады қазақ киімдерін киген балалар айнала жайылған көрпелерге жайғасып отырады.

Жүргізіуші: Армысыздар, бүлдіршіндер, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.



Осы көктемнің мерекесіне арналған әнімізді шырқап берейік



Халық әні: «Илигай» хор



Жүргізуші: Балалар біздер Ұлыстың Ұлы күні ақ бата алып, шашу шашатын кім екенін білесіңдер ме!



Балалар: Қыдыр Ата! Наурыз Әже!

Жүргізуші: Ендеше ортаға шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!



Наурыз Әже: «Наурыз келсе, құт келгені, халайық!»

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық (отырған қонақтарға шашу шашу)



Жүргізуші: Қыдыр ата! Наурыз Әже! Ортаға жайғасыңдар бүгін біздің «Алтын дән» ауылында үлкен той болғалы жатыр бізбен бірге тойлатыңыздар



Қыдыр Ата: Жарайды құрметтеп бізді төрге шақырсаңдар ешқандай қарсылығымыз жоқ.

Қыдыр ата : (Ерлан) бізге батаңызды берсеніз!

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін

Ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын! Әумин!

(Ортаға барып отырады) Тақпақ



Айару : Күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге жырлашы

Елімнің дастарханына

Береке, ырыс сыйлашы



Жүргізуші: Қош келдің, Наурызым ардақты,

Халқым саған бар үмітті арнапты

Жылда солай келе бергін жасарып,

Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.



Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді

Қуанышта ел енді

Наурыз келді, салтымыз

«Көгерсін»деп халқымыз

Көшеге тал егеді.



Би: «Қара жорға»



Жүргізуші: Рахмет балалар. Енді біздің балалар ұлттық ойын ойнап береді.



Ойын: «Асықты түсіне қарай қоржыңға жинау»



Салт-дәстүр: Тұсау кесу – бала тәй – тәй басқанда жасалатын думанды дәстүр. Ел арасында «Тұсауы кесілмеген бала көп сүрінеді, жығылады» деген наным бар. Тұсау кесу дәстүрі қыз балаға да, ұл балаға да жасалады. Жақсы ниетті ырымдарға сай шөппен, ала жіппен, малдың тоқ ішегімен тұсау кеседі. Қазіргі кезде көпшіліктің қатты қателесетін бір жері бар. Ол – қайшымен кесу. Қазақ халқында қайшылану жақсылықтың белгісі емес. Сондықтан «Баланың өмірі қайшыланып қалмасын» деген ниетпен тұсауды қайшымен емес, пышақпен кескен. Бала жүре бастаған кезде кішігірім той жасап, тұсау кеседі.





Әже: Менің балаларым осы наурыз біздің жаңа жылымыз осы мерекеде мен үнемі наурыз көже пісіремін. Сол наурыз көжені қалай пісіру жолын айтып өтейін (әже наурыз көже пісіру жолын айтып береді)



Құрметті қонақтар менің жеті түрлі дәм салған наурыз көжемнен ауыз тейіңдер! Ақ мол болсын!



Қыдыр Ата: О, халқым кішкентай менің балаларым! Сендердің бүгін өнерлеріңді тамашаладым үлкен тойының куасі болдық тойларың тойға ұласа берсін халқымыз тыныш, еліміз аман болсын!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!