Материалдар / ТӨРТ ТҮЛІГІМ — ТІРЛІГІМНІҢ ЫРЫСЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ТӨРТ ТҮЛІГІМ — ТІРЛІГІМНІҢ ЫРЫСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға төрт түліктің қасиетімен оның төлі туралы түсіндіру. және де өзімнің әріптестеріме бөліскім келеді іс-тәжірбие алмасу үшін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қаңтар 2019
567
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТӨрт түлігім — тірлігімнің ырысы

Мақсаты: Төрт түлік малдың өрісімен, тіршілік табиғатпен, қадір-қасиетімен таныстыру.

Мал мен адам арасындағы байланысты ашу, "Малым - жаным садағасы, жаным — арымның садағасы" мақалының мазмұнын ашу. Әр малдың өз түрлері бар екендігі жайында балаларға түсініктер беру, төрт түлікке байланысты өлең - тақпақ, мақал-мәтелдер жаттату.


Көрнекілігі: "Төрт түлігім — тірлігімнің ырысы" атты плакат, малдың өсуі реті бойынша берілетін атаулар сөздігі, мақал-мәтелдер, жаңылтпаш, жұмбақтар.


Ұлттық ойын: "Қалай айтуды білейін".

Сабақ барысы.

1. Қазақ халқының негізгі тіршілігі мал шаруашылығы туралы әңгімелеу.

2. Төрт түліктің өзіне тән ерекшеліктерімен таныстыру.

3. Төрт түлік мал туралы өлең оқу, ән айту.

4. Малды қалай шақырамыз? Қай төл қалай дыбыстайды?

5. "Қалай айтуды білейін" ойыны.

6. Төрт түлік туралы мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақтармен таныстыру.

7. Сабақты қорытындылау.

Оқушы. Хош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарында жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз, балғын шақты балалар.

Оқушы. Армысыздар, мұғаліңдер, әз жандар,

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп ән де бүгін шырқалар.

Оқушы. Даланың көркі мал.

Өзеннің көркі-тал.

Бәрі бірге хормен айтады:

Бүгінгі тәрбие сағатында

Айтылады "Төрт түлік мал!"

Мұғалім. Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналасқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік табиғатын, қадір-қасиетін әбден зерттеп білген. Тіпті малдың айырықша қасиетін, ерекшелігін танитын Толыбай сияқты сыншылар да шыққан. Сөйтіп өздерінің тіршілік, шаруашылық өмірін осы мал өсірумен байланыстыра жасаған. Оның өнімдерін оңтайлы пайдалануды игерген. Малдың еті, сүті, жүні, терісі, мүйіз, сүйегіне дейін өз қажетіне жаратып отырған. Мінсе көлігі, ішсе сусыны, жесе тамағы, кисе киімі, тұтынса бұйымы да осы мал болған.

Кең даланы еркін шарлап, көшіп-қонған халқымыздың тұрмыс-тіршілігі төрт түлікпен байланысты болған.

"Малым-жаным садағасы, жаным-арымның садағасы" деген ата-бабаларымыз мал атаулының қадір-қасиетін жетік біліп, сахараны төрт түлікке толтырған.

Мал өсіруге аса қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес. Олай болса, бұл біздің еліміз үшін бұдан былай да аса маңызды.

Қазақ халқының өз балаларын "ботам", "құлыным", "қошақаным" деп еркелетіп әлпештегенінде де осы төрт түлік малға ерекше сүйіспеншіліктің бар екенін көруге болады.

Халық ұғымында әр малдың пірі, киесі бар деп түсіндіріледі. Мысалы: түйе атасы — Ойсылқара, жылқы атасы - Қамбар ата т.б. Ал олай болса төрт түліктің пірлеріне сөз кезегін берейік.

Оқушы (Ойсылқара):

Шаруаның бір пірі - Ойсылқара.

Түйені өсір жарылқап, болсын пана.

Ит-құс, пәле індеттен аман сақта,

Топ-топ қылып боталат аруана.

Оқушы (Қамбар ата):

Шаруаның бір пірі -Жылқышы ата,

Тілегенде өзің бер ақтан бата.

Үйір-үйір жылқыны шұрқыратып

Ойдан-қырдан арқансыз әкеп мата.

Оқушы (Зеңгі баба):

Шаруаның бір пірі Зеңгі баба,

Сиыр берсең сүтті бер өңкей мама.

Кең өріске шұбыртып өзін бағып,

Кешке жақын қотанға әкеп қама.

Оқушы (Шопан ата):

Малды берсең қойды бер,

Ұлды берсең бойлы бер.

Жұртқа ақыл салғандай

Ақпен ортақ ойлы бер.

Оқушы (Шекшек ата):

Қойды көсем бастайтын,

Өткелден үркіп, саспайтын—

Шекшек ата баласы,

Ешкі бассын үйінді,

Ешкі басса үйінді

Кешке бассын үйіңді.

Әр малды байлағанда да өзіне тән атауы бар.

Түйеде мұрындық, жылқыда ноқта, сиырда басжіп, қойда көген болады. Мәселен, сиырды сауу үшін оны басжіппен байлаймыз. Әр мезгілде малдың жүнін, түбітін алудың да өзіне тән атаулары бар. Қойды қырқады, ешкіні түбітін алу үшін тарайды, жылқыны күзейді, түйені жүндейді.

Сиырды аухау-аухау, қойды пұшайт-пұшайт, ешкіні шөре-шөре, жылқыны құрау-құрау, түйені көс-көс деп шақырамыз. Ал олар қандай дыбыс шығаратынын біз естіп жүрміз. Сиыр мөңірейді, қой маңырайды, түйе боздайды, жылқы кісінейді. Малдың сүтінен жасалатын тағам түрлері өте көп. Түйенің шұбаты, биенің қымызы аса құнды, шипалы сусын. Ал сиыр мен қой сүтінен айран, сүзбе, қаймақ, кілегей, маңыз, май, ірімшік, құрт, ежігей, саржу т.б. көптеген тағам алынады.

"Мал баққанға бітеді" дейді халқымыз. Дастарханда ақ мол болу үшін біз малды бағып-қағып күтуіміз керек. Ата кәсібі - балаға мұра.

Олай болса, малды бағу, күту—біздің міндетіміз, кең даланы малға толтыратын біздер боламыз.

Ал енді сендерге кезек берейін.

1. Оқушылар хоры: "Қошақан" әні.

2. Тілашар (Райымбек домбырамен).

3. Әнші төлдер.

Кішкентай төлдер енесі өріске кеткенде қарны ашып ән салады.

Оқушы. әә-мәә" деген әні бар,

Жібек тоны сәні бар,

Қошақаным момақан

Сүйкімді бір жануар.

Оқушы. "Мее-мее" деген әні бар,

Байқамасаң жамырар.

Секендеген лағым

Бір тынымсыз жануар.

Оқушы. "Мөө-мөө" деген әні бар,

Үй маңынан табылар.

Мөңіреген бұзауым

Маған үйір жануар.

Оқушы. "Бөө-бөө" деген әні бар,

Енесін тез сағынар.

Жібек жүнді ботақан

Мөлдір көзді жануар.

Оқушы. "Күмбір-күмбір" әні бар,

Желпілдеген жалы бар.

Желдей жүйрік құлыншақ

Желмен шапқан жануар.

Мінеки, өздерің айтқандай өр төлдің өз әні бар. Олай болса, осы малдардың жүріс-тұрысы, дауысын дұрыс сипаттауға, тілімізде дұрыс айтуға дағдыландыру мақсатында "Қалай айтуды білейік" атты ойын ойнайық.

Енді балалар малды қалай шақыруды салайық.

Оқушы. Биені құраулап, түйені көс-көс деп,

Сиырды аухаулап, ешкіні шөрелеп

Шақыра аламыз, сауамыз бағам

Малдың төлдеуін қалай айтады?

Оқушы. Бие құлындайды.

Қой қоздайды.

Ешкі лақтайды.

Түйе боталайды.

Сиыр бұзаулайды.

Енді балалар төрт түлік жайында қандай теңеу, мақал-мәтелдер білесіндер?

Оқушы. Егіз қозыдай.

Тойған қозыдай.

Үйыған сүттей.

Оқушы. Ер қанаты — ат,

Сөз қанаты— хат.

Оқушы. Аттың бәрі тұлпар болмас,

Құстың бәрі сұңқар болмас.

Оқушы. Жер — ана, мал - бала.

Балалар кім жұмбақ шешкізеді?

Оқушы. Басында екі таяғы бар,

Төрт аяғы бар.

Адам деуге болмайды,

Бірақ сақалы тағы бар.

(Ешкі)

Оқушы. Шапаным да, тоным да,

Арқанын, жүр жонында.

Атам соның соңында

Таяғы бар қолында.

(Қой)

Оқушы. Кішкентай ғана бойы бар.

Айналдыра киген тоны бар.

(Қой)

Оқушы. Туа салып жүріп кеткен,

Енесін қуып жеткен.

ұлын)

Оқушы. - Сонымен, балалар, төрт түлікті атандар.

Түйе, жылқы, қой (ешкі), сиыр.

Төрт түліктің қандай пірлерін білесіңдер?

Шопан ата, Ойсылқара, Қамбар ата, Зеңгі баба, Шекшек ата.

- Төлдерді, қалай шақырамыз?

Қойда жуас бозымды,

Шақырамын қозымды:

пұшайт-пұшайт.

Қысқа ғана құлақты

Шақырамын лақты:

шөре-шөре.

Желбіреген тұлымы

Шақырамын құлынды:

құрау-құрау.

Білмейтұғын ұзауды

Шақырамын бұзауды:

аухау-аухау.

Алатаудай жоталы

Шақырамын ботаны:

көс-көс.

Құрметті қонақтар, бүгін сіздер ұландарыңыздың өнерлерін көріп тамашаладыңыздар. Міне тәрбие сағаты да тәмәмдалып келеді, мерекені "Алатау" өнімен аяқтаймыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!