"Төрт түліктің кеңесі" ашық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Төрт түліктің кеңесі" ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік:
Төрт түлік туралы түсінік беру. Өлеңді дұрыс түсініп оқу. Ізденіске жетелей отырып, өлең мазмұнын түсіндіру.

ә)Дамытушылық:
Оқушылардың сөздік қорын молайту. Ынта қойып тыңдау, жазу, талдау машықтарын қалыптастыру. Өз ойын жүйелі түрде жеткізе білуге дағдыландыру. Оқушылардың ой – өрісін,дүниетанымын кеңейту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
б) Тәрбиелік:
Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке баулу. Топпен бірігіп жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: сыни-тұрғыдан ойлау, сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын, сергіту жаттығулары.
Сабақтың көрнекілігі: төрт түлік туралы суреттер, мақал мәтелдер, сөздік
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:
I.Қызығушылықты ояту 1.Тренинг өткізу. Жақсы қасиеттер туралы әңгімелеп, балалардың зейінін сабаққа аудару. Төрт түлікке байланысты сыныпты үш топқа бөлу. 2. Үй жұмысын сұрау.

Таудай бол! өлеңін сұраймын

II. Мағынаны тану.

Төрт түлік жайлы не білесіңдер? Төрт түлік туралы сұраймын.

Оқулықпен жұмыс.

Қой , сиыр, жылқы, түйе – төртеуі бір күні жиылып отырып кеңеседі. «Қайсымыз қандай жерге , қандай кісіге бітсек , жақсы болар еді?» деген сөзді айтысады.

Сиыр – Қалың қорық нуға бітем,
Қоры үзілген қуға бітем.

Қой – Күнгейлі қара тасқа бітем,
Шаруа қуған басқа бітем.

Жылқы – Бетегелі белге бітем,
Найза ұстаған ерге бітем.

Түйе – Жалмаң құлақты сорға бітем,
Ел ішіндегі зорға бітем.

Сергіту сәті

Төрт түлік туралы өлең

Қ

ошақаным қойдың, Қайда қалып қойдың ? Бұлтиып тұр бүйірің , Қай өрістен тойдың?

Секең ,секең ей лақ, Жүрмін саған кейуақ. Секірмесең болмайма Секірмей ақ кейуақ

Ботақаным нардың Жарға неге бардың ? Тілерсегің дірілдеп Жүре алмай қалдың

Сөздікпен жұмыс

Қоры үзілген қу – азығы таусылған кедей.

Біту – қандай жерде , қандай адамның қолында өмір сүруін айтады..

Топпен жұмыс жасау


1-топ төрт түлік туралы өлең, мәтін құрастыру

2-топ төрт түлік туралы сурет салу

3-топ төрт түліктің пайдасы жайлы әңгімелейді.

Дәптермен жұмыс

Төрт түлік аттарына сай адам есімдерін дәптеріне жазады.

Өлеңдегі шөп атауларын теріп жаз.

Сабақты қорытындылау.

Төрт түлік туралы қандай жаңа дерек алдың?


DrawObject2 DrawObject1






DrawObject4 DrawObject3

DrawObject5

DrawObject6

DrawObject7




DrawObject8






Бағалау.Сабақта белсене қатынасқан оқушыларды мадақтау, мақтау және бағалау.

Оқушының аты,жөні

Бағасы

1



2



3



4



5



6



7



8




-Бүгінгі сабақта не білдік? Не ұнады? ( оқушылардың пікірін тыңдау).

Үйге тапсырма.

«Төрт түліктің кеңесі» өлеңін түсініп оқып келу.


Қаралды


Әдістеме жетекшісі: Ж.Идрисова

«Қараөзек» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі


«Бекітемін»

Мектеп директорының міндетін

уақытша атқарушы: С. Жақсанова


Ашық сабақ

Тақырыбы:

«Төрт түліктің кеңесі»


Пән мұғалімі: Ишанқұлова Рыскул

Пәні: әдебиеттік оқу

Сынып: 2 «Ә»



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.06.2018
585
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі