Материалдар / Төтенше жағдайдан қорғанудың ережелерін есте сақтайық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Төтенше жағдайдан қорғанудың ережелерін есте сақтайық

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп оқушыларына төтенше жағдай болған кезде ситуациядан шығу жолдарын түсіндіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2021
512
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Төтенше жағдайдан қорғанудың ережелерін есте сақтайық!


You tube:
https://youtu.be/KN_hHGy0rFE


Мұғалім:
Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді. 
Табиғи сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер
Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ. 
ЖЕР СІЛКІНУ.
Жағдайды көз алдыңызға елестетіңіз: қатты жер сілкінісі болған кезде егер сіз жұмыста, үйде, ал інілеріңіз немесе қарындастарыңыз сол кезде мектепте немесе балалар бақшасында болса?

Есте сақтаңыз: жер сілкінісі басталған кезде үрейленбеңіз және басқалардың да үрейленуіне жол бармеңіз; 
•Газ, су және жарықты сөндіріңіз;
•Жер сілкіну төменгі баллмен жай болса, онда қорықпаңыз, сол жерде тұрыңыз, яғни күтіңіз.
•Екінші және одан да жоғары қабатта болсаңыз ол жерден ешқайда кетпеңіз;
•Ішкі қабырғаның қауіпсіз жеріне, бұрышқа, есіктің жақтауына тұрыңыз
•Кереуеттің, столдың астына кіріңіз, себебі бұлар сізді құлайтын заттар мен сынықтардан қорғайды. Өзіңізді ауыр жиһаздар мен терезелерден аулақ ұстаңыз;
Егер көшеде болсаңыз:
•Ғимараттар мен электр желілерінен алшақ, ашық алаңда тұрыңыз, үзілген электр желілерінен алшақ тұрыңыз;
•Ғимараттың алдың кесіп өтпеңіз және оған кірмеңіз.
Егер автокөліктің ішінде болсаңыз:

Ашық алаңда қалыңыз жер сілкінісі біткенше көлік ішінде болыңыз


Су тасқын, сел
Су тасқынының негізгі үш себебі бар: жаңбырдың өте көп жаууы, қардың тез еруі мен тұрып қалған мұздардың жалжуы.Әсіресе қар еруі ұзаққа созылғанда өте қауіпті.



Су тасқыны кезінде:
•үйдегі газды, суды, жарықты сөндіру;
•пештегі жанып жатқан отты өшіру;
•үйдегі бағалы заттарды үйдің төбесіне немесе жоғары қабатқа шығару;
•мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін ашып тастау.
Кездейсоқ су тасқанында өзіңізбен бірге жылы киім, мүмкіндігінше су өткізбейтін киім, жамылғы, тамақ және т.б. керекті нәрселерді алып, ең биік жерге көтеріліңіз, ол жерді ешқашан су баспайды.


Құйын - өте қауіпті.

Құйын жылдамдығы 100 м/с дейін жетеді, ең тез жылдамдығы 30-40 км/сағ. Құйынмен бірге аспанға ұшқан шыбықтар, майда тастар және т.б. нәрселердің ұшуы адамдарға қауітпті тудырады.
Құйынның дауылдан айырмашылығы, ол кіші болып келеді, сондықтан оған кез болмау мүмкіншіліктері бар. Тек қана құйынның бағытын және жылдамдығын анықтап, қарсы бағытта жүру қажет. Құйынға кезіккен жағдайда кез келген жерге қадалған заттан ұстап, бетті, әсіресе, көзді қолмен не болмаса матамен жабу қажет.
Қарлы боран (дауыл)
Егер сіз боранда қалсаңыз:
Қар үстінен паналайтын орын дайында;
•ағаштардың арасынан қуыс жер табыңыз;
•паналайтын орныңызды үлкейтіңіз;
•ұйықтамауға тырысыңыз, егер бар болса балауыз жағыңыз.
Паналайтын жерде отырып не істеу керек:
•паналаған орынды белгілеу керек;
•бір-біріңе жақын отыру керек;
•барлық киім түймелерін салып, етек-жеңін дұрыстау керек;
•ыстық шәй, кофе ішу керек;
•басыңды, аяғыңды барынша жылы ұстау керек;
•майлы азық пен қант жеу керек

Үсіген адамды жылыту жолдары:
Ең тиімдісі:
•ваннада (40 С жооғары емес);
•ыстық суға малынған сүлгі, жаймаға орау, суысымен қайты жылысына ауыстырып орау керек.
Бір мезгілде зардап шегушінің саусақтарын уқалап отыру керек, аяғын жоғары көтеріп қойса, денесі мен басына қан жақсы жүреді. 
Дененің кейбір жерлерінің қатты үсуі өмірге өте қауіпті.
Мысалы: оттың қасына зардап шегушіні орап отырғызған дұрыс, оған өте ыстық болмауы тиіс, жылынған сайын оттан алыс отырғызған дұрыс.
Зардап шегуші жылынып, өз қалпына келсе: тәтті шәй немесе кофе, егер лоқсымаса, құспаса онда тамақтандыру қажет.





Өрт
•Отпен жұмыс істегенде абай болуға;
•Балалардың отпен жұмыс істеген кездегі қырсыздығына; 
•Қоқысты үйге, аулаға, орманды жерлерде өртеуге;
•Автокөліктен шыққан жалынға;
•Күн күркірегендегі найзағайларға;
Өрт елді-мекендегі ғимараттар, ағаш көпірлер, электр желілері мен ағаш бағаналардағы байланыс, мұнай өнімдері қоймаларында және басқа материалдар мен адамдар, ауылшаруашылық малдары өртке шалдығуы мүмкін.

Вирустық инфекциялар

Елімізде наурыз айының 13-нен бастап көпшілік іс-шараларға тыйым салына бастады. Орта білім беру орындары 16 наурыз – 5 сәуір аралығында каникульға шықты. Өткен жылдың 4 оқу тоқсанын, осы жылдың 1, 2 оқу тоқсандарын қашықтықтан түрлі платформалармен оқудамыз. Әр адам үшін денсаулық бірінші орында тұруы керек. Вирустан қорғану үшін қандай іс-әрекет жасауымыз керек? Вирус адамнан адамға қалай беріледі ?

1) Науқас адаммен тікелей байланыс арқылы

2) Түшкіру және жөтел кезінде

3) Науқас адамның жеке заттарынан және ыдысынан байланыс арқылы жұғады


Вирустан қалай қорғануымыз керек?


1) Қолды сабынмен ( кез келген түрі жарайды)

20 секунд бойы жуу қажет.

2) Сантайзерлер

3) Адам көп жерге бармау

4) Қол алысып амандаспау

5) Үйде болу

6) Сыртқа шыққанда бетперде( маска) тағу




Қорытынды:

ҮЙДЕ БОЛ...

Жазатайым жығылғысы келер дейсің орға кім?

Сезінбесең секем алмай сыртқы жауды, сорладың.

Қабырғаң дүр болғанымен, қоғамың бір – бауырым,

Үйден шықпа, елді сақта!

Үй қазіргі – ҚОРҒАНЫҢ!


Кембағал да кешіп жатыр, байбалам сап бай да мұң,

Еуропа, Азия да таппай бірін айланың.

Өзіңе де, өзгеге де көмегің сол – бауырым,

Үйден шықпа, елді сақта!

Үй қазіргі – ЖАЙЛАУЫҢ!


Қабыл ал да риза бол, Жаратқанның сынағын,

Елге түскен өтер бастан сәл шыдасаң, мына күн!

Ошақ бөлек болғанымен, Отан ортақ – бауырлар,

Үйден шықпа, елді сақта!

Үй қазіргі – ЖҰМАҒЫҢ! 

Авторы Асқар Дүйсенбі






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!