Материалдар / Тренердің рефлексия жазбалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тренердің рефлексия жазбалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Тренерлерге көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қазан 2018
524
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Мерзімі: 21.09.16 ж. 1 сабақ

Күн тақырыбы : Кіріспе: оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізудің қажеттігін негіздеу.

Бүгін- мен үшін ерекше күн. Себебі іріптестеріме тренерлік жұмысымды бастадым.

Бүгінгі күнге дейін де әріптестермен жұмыс жүргізіп келгеніммен, осы жолы

жауапкершілігі үлкен істі бастағанымды сезінгендеймін.

Сондықтан барынша дайындықпен келдім.Сабақтың басында шеңбер құра отырып, тыңдаушылар естіген жақсы жаңалықтарын айтып бір-бірімен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға тырысты. Тыңдаушыларға осы курстың маңыздылығын түсіндіре отырып, жауапкершілікпен қарауларына өтініш білдірдім. Тыңдаушыларға қажетті ресурстар таратып бердім. Барлығы дерлік «Мұғлімге арналған нұсқаулық»-пен қамтамасыз етілді.Бірінші сабақта топта жұмыс істеудің әдістемесі туралы болды.Өз тәжірибелерінде топтық жұмысты қалай қолданғаны туралы ой қозғай отырып, топтық тапсырма берілді. Тыңдаушылар топта жұмыс істеу ережесін ортаға сала отырып, постер қорғады. Топтық жұмыстың артықшылықтарымен, топтық жұмыстың түрлерімен танысты.2-ші сабақ басталмас бұрын бір-бірінің жақсы қасиеттерімен билей жүріп танысу арқылы сергіту сәтін жүргіздім.

2-ші сабақты «Мұғалім не үшін өзгеру керек ?» деген сұрақ қою арқылы миға шабуыл жасай отырып бастадым. Мұғалімдер ХХI ғасыр дағдыларын меңгеру керектігін ашып көрсетуге тырыстым. Тыңдаушылардың басым бөлігінің бұрынғы үйреншікті сабақ беру жүйесімен сабақ өткісі келетінін айтып жатты.Оқушыладың өз бетінше ізденуіне алған білімдерін өз беттерінше өмірде қолдана алу керктігіне бірден-бір ықпал ете алатын адам-ол ұстаз екендігі туралы әңгімелер өрбіді.

Сабақ соңында нұсқаулықтың «1-8» беттері аралығын оқып келулеріне тапсырмалар берілді.Кері байланыс алу барысында мұғалімдер топтық жұмысты ұйымдастыру жолдары мен оның артықшылықтарын түсінгендігін жазды. Біраз бөлігі «Өзгеріске ілесу үшін көп жұмыс қажет,оған біз дайын емеспіз» деген сияқты өз ойларын жазыпты.

Түйінді ой: Мұғалімдермен жұмыс барысында тиімді оқыту мен оқу әдістемесін енгізу үшін біршама кедергілерді жою қажеттілігін ұғындым. Мұғалімдерге тапсырмаларды түрлендіре дайындау арқылы осы идеяны терең ұғынуына көмектесуім керек деп ойлаймын.


Мерзімі: 21.09.16 ж. 1 сабақ

Күн тақырыбы : Кіріспе: оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізудің қажеттігін негіздеу. Shape1

Бүгін- мен үшін ерекше күн. Себебі іріптестеріме тренерлік жұмысымды бастадым. Бүгінгі күнге дейін де әріптестермен жұмыс жүргізіп келгеніммен, осы жолы жауапкершілігі үлкен істі бастағанымды

сезінгендеймін.

Сондықтан барынша дайындықпен келдім.Сабақтың басында шеңбер құра отырып, тыңдаушылар естіген жақсы жаңалықтарын айтып бір-бірімен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға тырысты. Тыңдаушыларға осы курстың маңыздылығын түсіндіре отырып, жауапкершілікпен қарауларына өтініш білдірдім. Тыңдаушыларға қажетті ресурстар таратып бердім. Барлығы дерлік «Мұғлімге арналған нұсқаулық»-пен қамтамасыз етілді.Бірінші сабақта топта жұмыс істеудің әдістемесі туралы болды.Өз тәжірибелерінде топтық жұмысты қалай қолданғаны туралы ой қозғай отырып, топтық тапсырма берілді. Тыңдаушылар топта жұмыс істеу ережесін ортаға сала отырып, постер қорғады. Топтық жұмыстың артықшылықтарымен, топтық жұмыстың түрлерімен танысты.2-ші сабақ басталмас бұрын бір-бірінің жақсы қасиеттерімен билей жүріп танысу арқылы сергіту сәтін жүргіздім.

2-ші сабақты «Мұғалім не үшін өзгеру керек ?» деген сұрақ қою арқылы миға шабуыл жасай отырып бастадым. Мұғалімдер ХХI ғасыр дағдыларын меңгеру керектігін ашып көрсетуге тырыстым. Тыңдаушылардың басым бөлігінің бұрынғы үйреншікті сабақ беру жүйесімен сабақ өткісі келетінін айтып жатты.Оқушыладың өз бетінше ізденуіне алған білімдерін өз беттерінше өмірде қолдана алу керктігіне бірден-бір ықпал ете алатын адам-ол ұстаз екендігі туралы әңгімелер өрбіді.

Сабақ соңында нұсқаулықтың «1-8» беттері аралығын оқып келулеріне тапсырмалар берілді.Кері байланыс алу барысында мұғалімдер топтық жұмысты ұйымдастыру жолдары мен оның артықшылықтарын түсінгендігін жазды. Біраз бөлігі «Өзгеріске ілесу үшін көп жұмыс қажет,оған біз дайын емеспіз» деген сияқты өз ойларын жазыпты.

Түйінді ой: Мұғалімдермен жұмыс барысында тиімді оқыту мен оқу әдістемесін енгізу үшін біршама кедергілерді жою қажеттілігін ұғындым. Мұғалімдерге тапсырмаларды түрлендіре дайындау арқылы осы идеяны терең ұғынуына көмектесуім керек деп ойлаймын.














Мерзімі: 28.09.16 ж. 2 сабақ.

Күн тақырыбы: Сыныпты қадағалау әдістемесі.

Мұғалімдерге нені білу қажет.

Мақсаты: Мұғалімдер сыныпта қадағалау жүргізу әдістемесіне талдау жасайды және ғаламдық мәдени айырмашылықтар, қоршаған орта факторларының сынып мәдениетіне әсері туралы қорытынды шығарады.

Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу мен сергіту сәтін «Бастаушы кім? »деген әдіс арқылы түсіндірдім. Айгүл апай сыртқа шығып кетті,ал көшбасшы Фарида апай болды Кір жаю қимылдары арқылы би көрсетті. Сырттан келген Айгүл біраз ойланып, көшбасшыны таба білді.Мұғалімдер өздерінің сыныпта қадағалау жүргізу дағдылары туралы ойларын ортаға салды.Қадағалаудың құрылымдалған және құрылымдалмаған сабақ түрлерін салыстырды. Сонымен қатар мәдениет санатына анықтама беріп,аталған термин оқу ортасымен қалай байланысатынын түсіндіру үшін мәдениет түрлері тақырыбы бойынша топқа бөліне отырып постер жасады. Тыңдаушыларды сабақ беретін сыныптардың біркелкілігіне қарай топтастырып,топтасқан топтарғаSwod талдаудың кестесін ұсынып,сол сыныпқаSwod талдау жасауды тапсырдым.Сергіту сәтін«Жұбыңды тап» әдісі бойынша жүргіздім.Жануарлар суреттерін ала отырып,қимыл-қозғалыс арқылы жұптарын табу керек.Бұл сәтте мұғалімдер барынша белсенділік танытып, өте қызықты жаттығу орындадық деп қуаныштарын жасырмады.Өзіңмен қатарлы әріптесіңнің алдында жаңалықпен таныстыру, олардың тәжірибесіне өзгерістер енгізу кәсіби шеберлікті  қажет етеді. Өйткені, барлығы жоғары білімді, өз саласының мамандары. Олармен жұмыс жасағанда теориялық және әдістемелік жағынан өзіңе сендіре білуің керек. Сол үшін өзімді сенімді ұстадым, бағдарлама идеясын түсіндіруге тырыстым.Коучинг сабағын жүргізу сәтін бейнежазбадан көріп отырып өзімнің кемшіліктерімді көрдім. Сұрақты өзім бағыттап өз сұрағыма көбіне өзімнің жауап беруім, ойлануға уақыт бермеуім, дерек жинауда жұмыстың аздығы болды. Алдағы уақытта осы жіберілген кемшіліктерімді ескере отырып келесі әріптестеріммен кездесуімде жұмыс барысын нақты белгілеп мұқият зерделеуімді көздеймін.




















Мерзімі: 5.10.16 ж. 3 сабақ.


Күн тақырыбы: Мұғалімнің мінсіз мұғалім туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу.

Оқушылардың пікірі бойынша құзырлы мұғалімнің сипаттамасы қандай? Мұғалімнің оқушылардың жеке ерекшеліктері туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу.

Мұғалімдер мінсіз оқушы мен мінсіз мұғалімнің анықтамасын береді және сапалы оқыту мен оқудың нақты критерийлерін әзірлейді.

Ынтымақтастық ахуал «сіздің осы қасиетіңіз...» жаттығуы орындалды.Әріптестер бір-бірінің қасиеттерін айтып бөлісе білді.

1.«Мінсіз оқушыға» сипаттама

2.Әр түрлі бес елдегі мінсіз оқушының сипаттамасы.

3.«Оқу және ынталандыру» таныстырылымын көрсету

Мұғалімдер өздерінің тәжірибесі негізінде сапалы оқыту мен оқудың үлгісіне талдау жасады.

Мұғалімдер тұтастай алғанда оқу үдерісінің мәнін , жекелеген оқушыларды ынталандыру жолдарын , олардың эмоциялық ахуалын және сыныптан тыс өмірін терең түсіне ала ма? 
Менің бір қуанғаным: мектепте жас ұстаздардың қызығушылығының жоғары деңгейде екендігі.Қатысушылардың 10-нан астамы жастар.

21 ғасыр оқушысы қандай болу керек?Оқушыны қанағаттандыру үшін мұғалім қандай болу керек?

21 ғасыр мұғалімі қандай болу керек?

Мінсіз оқушы қандай болу керек?Әр топтан шығып қорғалды.

Білім беру барысында кездесетін кедергілер:

1.Кездесетін кедергілер

2.Әлеуметтік жағдайы төмен-

3.Мектептің әлеум - педагогымен байланыста болу

4.Шығу жолдары

Талқылауда мұғалімдер пікірлерін жазып. әр топтың жұмысына жабыстырды. Әр берілген тапсырманы топтағылар өздері жеке оқып танысып алды, сосын түсінгенін жұппен жұмыс жүргізу үшін қасындағыға айтды, сосын топпен жұмыс жүргізіліп, талқыға салды.Сабақ қызықты және тартысты өтті.

Мұғалімдер таратпа материалдармен, слайд-шоумен танысып болғаннан соң, өзара талқылап, өз беттерінше топпен жоспардағы жаттығуларды орындауын сұрадым. Осы сәтте тек мінсіз оқушының емес, мінсіз мұғалімнің де қасиеттерін жазбаша баяндауын жөн көріп. Мынадай тапсырмалар бердім: бірінші «мінсіз мұғалімнің» қасиеттерін жазуды, соңынан «мінсіз оқушы» қасиеттерін жазуды сұрадым. Ол үшін, мұғалімдерге үлкен ватманның ортасынан екіге бүктеп, сол жақ бөлігіне мұғалімнің, оң жақ бөлігіне оқушының қасиеттерін жазуды өтіндім. Өте белсенділікпен мұғалімдер тапсырманы 35 минут ішінде орындап шықты.

Сапалы оқытуды анықтау үшін сыни тұрғыдан ойластыру мақсатында мұғалімдерге ватманды тұтастай ашып мұғаліммен оқушының бойындағы қасиеттерін салыстыруды сұрадым. Сол сәтте мұғалімдердің тарапынан мынадай пікірлер айтылды: «Біз өзіміздің бойымызда қандай қасиеттер болса, оқушының да бойына сондай қасиеттерді қалыптастырады екенбіз»,- деп айтқан сәтте, мен мұғалімдердің санасында сыни ойлауының орын алғандарын байқадым.

Сол талқылаудан соң карточкаларды талдау бойынша жаттығуларды сәтті, жылдам орындады. Мұнда мұғалімдердің уақыт өте өз беттерінше білім алуға деген ынталары артып, қалыптаса бастағанын байқадым.

Қорыта келе, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» - көшбасшының демеуімен кез келген адам баласы ұдайы даму үстінде, өз қатесін өзі түзете отырып еңбек етсе, онда ілгері жылжып, сапалы нәтижеге жетері анық.









Мерзімі: 12.10.16 ж. 4 сабақ


Күн тақырыбы: 1-сабақ: Бұдан әрі даму бағыттары мен басымдықтарын анықтау үшін жеке тұлғаның құндылықтары мен көзқарастарын нақтылау.

2-сабақ: Оқыту және оқу әдістемесін жетілдіру мақсатында зерттеу жүргізу қажеттігін негіздеу және мойындау. Сыныптағы психологиялық ахуал.

Мұғалімдер зерттеулер мен жетілдіру арқылы кәсіби дамудың қажеттілі туралы қорытынды жасайды деп жоспарладым.Күнде сабақ сергіту сәті арқылы бастадым. Мұғалімдердің барлығы шеңбер жасай отырып,қол мен қол деп тапсырма берілгенде алақандарын, аяқ пен аяқ,мұрын мен мұрын, арқа мен арқа,шынтақ пен шынтақ дегенде шеңбер болып жүрген мұғалімдер бір- біріне тигізе жүріп,тапсырманы орындады.Кешегі күнгі жазылған кері байланыстан түйген ойымды ортаға салып,қайта талдауларына мүмкіндікк бердім. Сосын біз оқушыларды қалай оқытамыз? Ойлануға уақыт бере отырып,топта талқыланды.Слайд көрсетілім ін көрсеттім. «Шульман ілімі»Мұғалімге беттерін топтарға бөле отырып,«Шульман үш көмекшісі» бойынша постер жасап,оны қорғады.«Микрофон» әдісі арқылы тыңдаушыларды өз сабақтары туралы ойларын айтқыздым. Жабық , ашық сұрақтар қою арқылы.Мысалы: -Күнделікті сабағыңызды жоспарлағанда ең алдымен неге, не үшін, қандай тәсілдерге сүйенесіз?-Сіз үшін жеке тұлғаны қалыптастыруда қандай құндылықтар маңызды деп санайсыз?-Көзқарастарды нақтылау барысында қандай зерттеулер жүргізе аласыз? 1-топқа сұрақ: Оқу мәдениеті сіздің сыныптағы оқушыларға қалай әсер етеді? 2-топқа сұрақ: Оқушыға өзінің түсінбегендігін мойындауы маңызды екенін түсінуге қалай көмектесе аламыз? Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым- қатынасты кеңейту мүмкіндіктерін атап бер? 3-топқа мынандай сұрақ қою: Мұғалім-оқушы өзара әрекеттестігі ?Сосын «Менің арманымдағы мектеп» қиялындағы мектепті әр топ суретін салу арқылы көрсетіп, қорғады. Коучинг өткізгеннен соң мұғалімдермен болған пікір алмасу кезінде олар бұрын оқушылармен сабақ өткізу барысында зерттеушілік жұмыс жүргізбейтіндіктерін айтты.Шындығында зерттеушілік жұмыс жүргізу мұғалімдер арасында қызығушылық тудырды. Оқушыларды деңгейлерге бөлу болғанымен олармен топтық, жұптық жұмыстардың жүргізілмейтіндігі айтылды. Ашық немесе жабық, түрткі сұрақтарын бір-бірінен ажыратылмайтындықтары, мұғалімдер өз жұмыстарына талдау жасағанымен атүсті жүргізілетіндігін, өз- өздерін бағалау жасамайтындықтарын мойындай отырып, алдағы уақытта осы жұмыстарды жүргізуге кірісетіндіктерін білдірді.













Мерзімі: 19.10.16 ж. 5 сабақ


Күн тақырыбы: 1-сабақ: Оқудағы кедергілерді анықтау. Оқудың аффекттік теориясы.

2-сабақ: Оқушыларды ынталандыру.Оқушылардың оқу туралы пікірін

анықтау (оқушыдан кеңес алу).

Мұғалімдер оқушының оқуында туындауы мүмкін кедергілерді анықтайды және олардың оқуға деген ынтасын сақтап қалу мақсатында оқушыларға қолдау көрсету әдістеріне талдау жасайды. Мұғалімдер оқудағы кедергілердің алуан түрлі сипаттамаларын (зияткерлік, әлеуметтік және эмоциялық), оқытудың ынталандыру теорияларын, «қиын» оқушылармен жұмыс істеу әдістерін талдайды. Сонымен қатар оқушылардан кеңес алу рәсіміне қатысты тәсілдерді әзірлейді.Бүгінгі сабақ «Сағат» ойынымен басталды. Бүгінгі сабақта Жания барлығымызға ақ қағаз таратып, сағаттың суретін салыңыздар деп тапсырды. Барлығымыз сағаттың суретін салып 1-ден бастап 12-ге дейін топтағылардың атын жазып шықтық. Тақтада ойынның ережесі жазулы тұрды, соған қарап ойын ойналды. Оқушылар оқуында туындауы мүмкін болған қандай кедергілер бар?

  1. Орта

  2. Әлеуметтік жағдай

  3. Сыныптың қолайсыздығы, жағдайы

  4. Үйдің, мектептің материалдық жағдайы

Тыңдаушылар оқушылардың оқуында туындауы мүмкін болған факторларды кинолента әдісі арқылы көрсеттім.«Елші әдісі» бойынша топтар бір-біріне елші жіберіп, елшілер келесі топқа барып оқушылар үшін оқу үдерісін қиындататын факторлар туралы өз тобының пікірін айтты, келесі топ пікірін тыңдады. Модерация әдісі бойынша оқушылардың оқуына оқуына оң әсер ететін және оқу үдерісін айтарлықтай қиындататын факторларды талдау жасадым.Жалпы алғанда, мұғалімдермен өткізілген сабақтар нәтижесінде олардың арасында оқу мен оқытудағы соңғы жаңалықтарға қызығушылығы басым,жаңалыққа жаны құмар мұғалімдердің бар екендігін байқадым.
























Мерзімі: 26.10.16 ж 6 сабақ


Күн тақырыбы :Оқудағы әлеуметтік өзара іс-қимыл, әлеуметтік өзара іс-қимыл ауқымын кеңейту. Сабақтың интербелсенді және инклюзивті болуын қамтамасыз ету.


Мұғалімдер оқудағы әлеуметтік өзара іс-қимылдың және оқу үдерісіндегі инклюзивтілік қағидаты маңыздылығының себептерін анықтайды деп жоспарладым.Оқуда инклюзивтің маңыздылығы жайлы жазылған пікірлер бойынша тізім жасалынып, тізім бойынша 4 топқа бөлдім.

«Қаздар сабағы» туралы видеороликті көрсету арқылы видеороликтегі түйінді идеялар туралы ойларын айтуды тапсырдым.Топтарға сұрақтар бердім.

«оқудағы әлеуметтік іс-қимыл дегеніміз не?»

«Сабақта топтасып, жұптасып оқудың мағыздылығы қандай деп ойлайсыз?» «Сабақта әлеуметтік іс-қимыл үдерісінің берері қанша?»

«Интербелсенді және инклюзивті мағыналарын ашып берсеңіз?»

«Үлкен шеңбер мен кіші шеңбер» әдісімен шеңберге тұрып тиімді оқыту мен тиісті орта қалыптастыру жайлы және барлық оқушыны сабаққа қатыстыру жолдары туралы бір-біріне пікірлерін айтты. Мұғалімдерді социограмма әдісімен таныстырдым .Бүгінгі өткен сабақ бойынша «Социограмма» әдісі негізгі қорытынды жасауды тапсырдым.

ИНКЛЮЗИВТІ (гипер активный) – ерекше оқушыға назар аудару және Мотивация дегеніміз- қызығушылық дегенді білдіретіндігін бірлесе талқыладық.

Әлеуметтік өзара іс-қимыл мәні және оның маңызын негіздеу өзекті болып табылатындығына және олар барлық оқушылар үшін тиісті орта қалыптастыруға

ықпал ететіндігіне мұғлімдер көзіміз жетті деген ойлар айтты.























Мерзімі: 2.11.16 ж 7 сабақ


Күн тақырыбы : 1 сабақ: Оқудағы кедергілерді анықтау. Оқудағы кедергілерді, соның ішінде жас ерекшеліктері проблемаларын жеңу мақсатындағы педагогикалық тәсілдерді таңдау және нақтылау.

2-сабақ: Оқушылардың қабілеттері және оқуға жағымды көзқарастары.

Мұғалімдер оқуда туындауы мүмкін барлық кедергілерге талдау жасайды және оларды шешу жолдарын ұсынады деп жоспарланды.

Сабақ күндегідей сергіту сәтінен бастадым.Бүгін әр елдің амандасуы бойынша жүргізілді.Мұғалімдерге ғаламтордан елдердің қалай амандасатынын табу ұсынылды.Садан кейін амандасу түрлерін жұпта орындаттым.

Жағымды ахуал құру үшін « Қос шеңбердегі комплименттер» жаттығуын орындады.

Мұғалімдер екі шеңберге (ішкі және сыртқы) бөлініп, бір-біріне жүзін қаратып тұрады. Ішкі және сыртқы шеңберде бір-біріне бет қаратып тұрған мұғалімдер кезектесіп бір-біріне комплимент айтуы керек. Содан кейін ішкі шеңбердегілер оң жаққа бір адым жасап, алдында алмасып тұрған басқа мұғаліммен комплименттермен алмасады.

Екі шеңбер бір -бірінің арасынан өтеді.Сол кезде қандай кедергілер болы мүмкін?

-Қол -Дене -т.б

Оқудағы кедергілер тақырыбын осылайша аштым.

«Оқудағы кедергілерді анықтау» слайд көрсете отырып,топтарға«Оқудағы қиындықтарды анықтау» бойынша тапсырма бердім.

«Көбелек» таныстырылымын» талдау жасады. Талдау арқылы кедергінің мәнін түсінді.

Сабақ соңында Модерация әдісін қолдандым. Сабақ барысындағы бөлімдерге ойды тұжырымдау жүргіздім. Рефлексия «Бес саусақ» әдісі арқылы мұғалімдердің өз бойындағы және оқудағы кедергілерді болдырмау қажеттілігін түсінгенін байқадым және қуандым десе де болады.


























Мерзімі: 09.11.2016ж 8 сабақ


Күн тақырыбы : 1-2-сабақтар: Қалай оқу керектігін үйренудің мәні. Мұғалімнің оқушылардың қалай оқу керектігін үйрену қабілеттерін дамыту жөніндегі әрекеттері.

Мұғалімдер балалар өз оқуы туралы білетін және өзінің эмоцияларын, ынтасы мен әлеуметтік қарым-қатынасын басқару үшін көбірек мүмкіндік алатын, өзін-өзі реттейтін оқушы ретінде дамуына ықпал ететін шарттар мен факторларды зерделейді деп жоспарланды.

Серіктестік, ынтымақтастық орта құру мақсатымен «Шар үрлеу», «Шар жару» жаттығуларын мұғалімдер бірлесе жасады.

1.Таныстырылым көрсетттім.«Қалай оқу керектігін үйрену»

2.Мұғалімге арналған нұсқаулықтан 33 -35 беттерінен мәтінді топтарға бөліп бердім.

а) Қалай оқу керектігін үйрену

ә)Метатану дегеніміз не?

б)Метатану аспектілерін санаттау

Топта мәтіңмен жұмыс аяқталған соң, топтарға сұрақтар қоя отырып, өз ойларын жинақтаулары үшін ой қозғак салдым.

1-топқа,Сұрақ: Өзін –өзі реттеу дегенді қалай түсінесіз?

2-топқаСұрақ: Сіз қандай мінез – құлықты өзін-өзі реттеуге оқытудың дәлелі деп санайсыз?

3-топқа сұрақ : Сіз өз сыныбыңызды өзін-өзі реттеуді оқытуға ықпал ететін қандай жағдай жасайсыз, немесе жасағыңыз келеді. Топтар эмоционалдық, танымдық,ынталандырушылық, әлеуметтік аспект бойынша өз ойларын ортаға салып, топта талқылады.

«Айналмалы бекет» әдісі арқылы топтар оз ойларын жазып толықтырды, үлестірмелік материалмен жұмыс жүргізіп, салыстырды. Рефлексия барысында өзін-өзі реттеу мен метатанымдық қабілеттерді дамыту баланың алғыр оқушы болу ықтималдығының негізгі көрсеткіші болып табылатынын түсінгендіктерін жаза білді.

Түйінді ой.

Тіпті кішкентай балалардың өздері, тиісті жағдай жасалса, өздерінің оқуыүшін үлкен жауапкершілік алуға қабілетті.Балалар ерте жастан бастап оқу үдерісін түйсіне бастайды, оқу тапсырмаларын орындағанда өз тәсілдерін қолдана біледі, сондай-ақ өздерін жақсы оқушы ретінде ұсына алады.










Мерзімі: 16.11.2016ж 9 сабақ


Күн тақырыбы: 1-2-сабақтар:Бүкіл зейінді және педагогикалық амал-тәсілдерді оқушыларға бағыттау және оларға қалай оқу керектігін үйренуде көмек көрсету.

Қалай оқу керектігін үйренуге қатысты оқыту әдістері мен тәсілдеріне басты назар аудару.


Мұғалімдер балалар өз оқуы туралы білетін және өзінің эмоцияларын, ынтасы мен әлеуметтік қарым-қатынасын басқару үшін көбірек мүмкіндік алатын, өзін-өзі реттейтін оқушы ретінде дамудың әдістемесін талдайды.

Сабақты зейінді шоғырландыруға арналған жаттығуды көрсетуден бастадым.

Өз бетімен оқу/өзін-өзі реттеудің 4 аспектісін көрсететін бейне жазбаларды қарауды ұсындым:

Пиджак кию;

Балмұздақ жасау; Тыңдаушылармен 3 тапсырманы орындағанда көңіл күйлері орныққандай болды. Топты кіші топтарға бөле отырып тапсырма орындағанда оқытудағы басқару және көшбасшылық модулін қолдана отырын тыңдаушылармды басқарып олардың арасынан көшбасшыны анықтадым


Планшет;

Кеңседе.

Топтық жұмыс.

Өзін-өзі реттеу дегенді не?

-Өз бетімен әрекет еткенде балада қандай дағдылар қалыптасады?

-Бұл дағдылар қандай балада жақсы дамыған?

-Оқушының өз бетімен әрекет етуін қалыптастыру үшін не қажет?

Мұғалімдер естігенді есте сақтау дағдысын дамыту үшін арналған жаттығуларды орындады.

20 зат есімді айтылады. 1.Алма 2.Кітап. 3.Гүл. 4.Дәптер. 5.Сағат.6.Оқу. 7.Доп. 8.Жер. 9.Өрік. 10.Нан.11.Су. 12.Қалам. 13.Ат. 14.Сурет. 15.Өрік.16. Тас. 17.Бала. 18.Қол. 19.Жүрек. 20.Бас.

Есте қалған сөздер жазады. қаншалық көп болғаны дұрыс.

Түйінді сұрақтар:

Өзін өзі реттеу дегенді қалай түсінесіз?

Сіз қандай мінез-құлықты өзін өзі реттеуге оқытудың дәлелі деп санайсыз?

Сіз өз сыныбыңызда өзін өзі реттеуді оқытуға ықпал ететін қандай жағдай жасайсыз немесе жасағыңыз келеді?

Танымдық (Метатану)

Эмоционалдық(эмоционалдық зият)

Элеуметтік(зерде теориясы)

Ынталандырушылық(шеберлік бағдары)

Мәтін әр топқа беріледі. Оны топта талдап, бір адам басқа топқа барып түсіндірді.

1 топ.Өзін өзі реттеу педагогикасы: Өздігінен оқуға ықпал ету және ынталандыру.

2 топ.Педагогиканың аспектілеріне (төрт негізгі қағидаттарына) сәйкестік.

3 топ.Мүмкіндіктерді анықтау.

4 топ.3-5 жасар баланың өздігінен білім алуын тексеру парағы.

Тыңдаушылармен 3 тапсырманы орындағанда көңіл күйлері орныққандай болды. Топты кіші топтарға бөле отырып тапсырма орындағанда оқытудағы басқару және көшбасшылық модулін қолдана отырын тыңдаушыларымды басқарып, олардың арасынан көшбасшыны анықтадым.

Сабақ соңына қарай тыңдаушылармның жүздеріне күлкі үйірліп көңілдері орныққандарын байқадым. Бұл осы күнгі сабақтың бағасыз бағалауы болды. Тыңдаушылардың сабақ соңынан жазған рефлексияларынан қорытқаным осы бағытта болашақта жұмыстар атқару керектігін ойға түйдім.




Мерзімі: 23.11.2016ж 10 сабақ


Күн тақырыбы: Диалогтік оқыту

Сабақ барысында диaлoгтiк oқытуды жaңa әдiс-тәсiлi рeтiндe қaрaстырып, тәжiрибeлeрiнe eнгiзугe бaғыт бeру. Диaлoгтiк oқыту тaнымдық iс-әрeкeтiн, сөйлeу мәдeниeтiн дaмыту, шығaрмaшылық iздeнiстeргe жeтeлeудiң тиiмдi тәсiлi eкeнiнe нeгiздeрiн жeткiзумақсатым болды.Мектебіміздің даму басымдығы осы тақырып болғандықтан, барынша көңіл бөлулерін өтіндім.

«Тіл-оқыту мен оқудағы байланыс құралы». Тақырып бере отырып,, жеке жұмыс жасауды ұсындым. «Өрмекшінің торы» арқылы жүзеге асырылды.

Мерсер негіздемесі бойынша көрсетілім ұсындым.

1 –топ: Әңгіме-дебат

2-топ: Зерттеушілік әңгіме

  1. Топтық жұмыс, диалог құруды, сахналауды ұсынады.

Зерттеушілік әңгіменің (әр оқушыға мүмкіндік беріледі, идея алмасады) маңыздылығына назарларын аудардым.

Сергіту саті «Картоп егу»

Мұғалімдер шеңбер болып жүріп арқасын екі қолымен тармалайды, егеді, шөбін щабады, қобсытады. Күзде картопты алады. Бүгінгі сабақ диалогтік оқыту. Ауызша сөйлеу қабілеті дамиды, есте сақтау қабілеті қалыптасады, миға сұрақ арқылы шабуыл жүргізіледі, өз ойларын айтуға мүмкіндік туады, сыни көзқарасдамиды, 1 ортақ идея қалыптасады.

«Диалогтік оқытуды сабақта қалай ұйымдастыруға болады және күтілетін нәтижелер» тақырыбында әр топ өз ойларын ортаға салды. Оқушыладың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрәкет түрлерін Рэт және Браун 2001ж зерттеді. 1-2 минут оқушының жауабын күту керектігі айтылды. Тілді дамыту диалогтік түрде пайдаланады. Белсенді сынып және белсенді емес сынып кестесі толтырылды. Сабақ тартымды өтті, бірақ ережені ұстанбаған мұғалімдер болды.



















Мерзімі: 30.11.2016ж 11 сабақ


Күн тақырыбы 1-сабақ: Сын тұрғысынан ойлаудың мәні.

2-сабақ: Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану.

Мұғалімдер 21 ғасырда сын тұрғысынан ойлаудың маңызы мен өзектілігі туралы тұжырым жасайды.

Түйінді ой.Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін.

МАН-дағы материалмен Джигсо әдісі арқылы таныстыруды жөн санадым.

Сергіту сәтінде мұғалімдер «Арам-зам» биі биленді. Әр топқа жеке тапсырмалар берілді, тақырыптары нақтыланған үй топтарында екеуі үйде қалып тапсырманы оқып шығады. Қалған топ мүшелері басқа топқа барып, тақырыптарымен танысып үйреніп келеді. Білгендерін үй топтарына келіп таныстырады. 1 топқа сиқырлы шаршылардың негізгі ережелер тәжірибесі берілді, осы бойыншы жұмыс жүргізілді. Әр топта болған қонақтар өз топтарына барып білгендерін айтып ортаға салады. Білім берудегі сыни тұрғысынан ойлауда нақты стратегия берілмейді. Екінші жұмыс сыныптың жаңа үлгісін жасау, яғни топтардың жұмыс істеу әрекеті болды.

Интерпретация дегеніміз – ой елегінен өткізу. Ал, креативті ойлау шығармашылықпен ойлау, яғни сыныптың жаңа үлгісін жасай креативті ойлауға жатады. Сыни ойлау – күрделі ой еңбегі. Сыни ойлаудың әдіс-тәсілдерін Эдвард Де Боненің «Алты ойлау қалпағы» бойынша әр топ өз ойларын қорғады. Тпоптарға әр түрлі түс берілді.

Келесі тапсырма: Әр топқа бір әріп айтылды, сол әріпке байланысты алты сөзді айтып шығу керек. О әрпіне қатысты он сөз айтылып, әр топ диалог жасады, көрініс көрсетті. Жақсы жасаған топтпға жұлдызша беріліп отырды.

Келесі тапсырма: Суретшінің бірнеше суреті берілді соған қарап суретшінің не айтқысы келгенін табу керек. Топта талқыланды. Ойлау пирамидасы толтырылды, кері байланыс жүргізілді.

Архиватор 3, 2, 1»

  • Сізге ұнаған 3 моментті атаңыз.

  • Өзіңіздің әрекетіңізде қолданатын 2 моментті атаңыз.

Сізге қозғау салған(сұрақ қою) 1 моментті атаңыз.(ықылас тудыратын

Сабақ әдеттегі сабақтан тартымды және белсенді түрде өтілді.













Мерзімі: 7.12.2016 ж 12сабақ

Күн тақырыбы 1-сабақ: Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану.

2-сабақ: Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға арналған әдістерді жоспарлау.

Мұғалімдер оқу үдерісінде сын тұрғысынан ойлауды дамытудың негізгі әдістерін анықтайды.

Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалышешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді.


Сын тұрғысынын ойлау туралы және ойлау дағдыларын дамытуға арналған әдістер бойынша таныстырылым көрсетілді.

«Боз орамал» бейнефильмін көру, топтар бір-біріне бейнефильм бойынша сыни тұрғыдан ойланатын сұрақтар қою,әр топ ойларын бір-бір мақалмен түйіндеу туралы тапсырма берілді.

Келесі тапсырма:

1.Сын тұрғысынан дамыту құралдарын әр мұғалім өз пәндерінде қалай қолданатындары туралы түсіндіріп айтады.

2.Сын тұрғысынан дамыту құралдарын әр мұғалім өз пәндерінде қалай қолданатындары туралы түсіндіріп айтады.

3.Ойларын стикерге жазады, модерация әдісімен қажетті, қажетті емес тәсілдерді жинақтайды, әдіс-тәсілді тиімді қолдануды біледі.

Келесі тапсырма: Қорқынышты әңгіме жазу. Коментарий дегеніміз – түсініктеме беру. Әңгіменің мықты және әлсіз жақтарын көре білу керек. Бір ұсыныс айту керек. Кері байланыс дегеніміз – жауап алу. Сыныптарын бағалауда балалар кері байланыс жасауды үйренулері керек. Топтық бағалау, өзара бағалау, өзін-өзі бағалау жүзеге асырылды. Идеялар аукционы жүргізіліп, өзінің білмегенін басқа топтың жұмысымен толықтырды. Бүгінгі сабақ бойынша білім қабырғасына бірнеше тақырыптар жазылды. Бүгінгі сабақ тартымды, қызықты өтті.























Мерзімі: 14.12.2016 ж 13сабақ


Күн тақырыбы 1-2-сабақтар: Бағалау үдерісінің мақсаты. Оқу үшін бағалаудың (ОүБ) мәні. Мұғалімдер оқушылардың нені үйренгенін жүйелі талдап, бағалап отырады. Оқушылардың оқу қарқынын тиімді бағалау оқушыларды дамытудың пәрменді әдісі болып табылады. Тыңдаушылар өздеріне қажеттіні түртіп отырады. Қосымша қалыптастырушы бағалау үшін өздері тапсырма дайындайдыМұғалімдер «мен бұл әдісті сатып аламын, себебі ....».

Әдістер таныстырылымы «Жарнама» әдісі арқылы ұсынылады«Ойланыңыз, жұппен талқылаңыз, бөлісіңіз, топта талқылау» әдісі

«Социометрия» әдісі бойынша мұғалімдерге бағалау туралы ұғымдарының деңгейін берілген шкалалар арқылы көрсетуді тапсырдым.

Келесі тапсырма: Байтеректің макетін жасау. Әр топ жасады, ортаға шығып қорғалды. Байтеректің критериі әдемі, биік, талапқа сай, ұлттық нышанда, эстетика болу керек. Критерийді алдын ала берген дұрыс, критерийге қарап оқушылар жақсы баға алуға тырысады, ынталанады.

«Социометрия» әдісі бойынша мұғалімдер бағалау туралы ұғымдарының деңгейін қайта бағалады. Сергіту сәтінде теңеу ойыны болды. Үй жиһаздары, конс товар, ыдыс аяқ атауы, киім атауын айтып шығ арқылы 4 топ құрылды. Үлестірме қағаздағы тапсырма: сурет салу, ән айту, сахналық қойылым, ашық хат(құттықтау сөз) осы тапсырмаларды топтар орындап шығып жалпылама баға берілді. Бұл критерисіз бағалау.

Мұғалімдер ИНСЕРТ жүйесі бойынша білемін, білдім, білгім келеді бойынша өз ұсыныстарын білдірді.


























Мерзімі: 21.12.2016 ж 14сабақ


Күн тақырыбы :Оқу үдерісін жоспарлауда ОүБ қолдану әдістемесі

Мұғалімдер өздерінің тәжірибесі және бағалау мақсаты мен оның қолдану әдістемесін зерделеу негізінде оқу үшін бағалаудың әртүрлі тәсілдерін әзірлейді.

Бағалау үдерісінің (оқу үшін бағалау) оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіну мұғалімдердің түйсігінде үлкен өзгерістердің жүзеге асырылуын талап етеді, себебі олар бағалауды оқу үдерісін аяқтайтын үдеріс ретінде дәстүрлі түрде қабылдауға үйреніп алған.

Ынтымақтастық ахуал орнату үшін «Шымкент жаңбыры» жаттығуын орындаттым.

Нормативтік бағалау арқылы топтарға бөліп алдым. «2», «3», «4», «5»

Нормативтік бағаларды таңдау арқылы топтарға бөлінді.Төрт топқа топтасты.Тыңдаушыларға үлестірме материалдармен танысып шығуды ұсындым..

1.Бағалаудағы мұғалімнің рөлі

2. Қорытындылар парағы немесе Пікірлер парағы

3. Оқушыларды сабақ мақсаттарымен таныстыру

4. Сабақтың табыс критерийлерімен таныстыру және оларды талқылау .

Тыңдалым, жазылым, талқылау жүргізілді. Өздеріне қажетті ақпараттар мен мәліметтер алды, «Кейс» әдісі туралы түсінік қалыптастырды.Мұғалімдердің рефлексиясы«Бүгінгі сабақта сіз үшін маңызды болған екі негізгі қорытындыны тұжырымдаңыз».






























Мерзімі: 11.01.2017 ж 15 сабақ


Күн тақырыбы : Сабақта ОүБ қолдану әдістемесі.

Бағалау үдерісінің (оқу үшін бағалау) оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіну мұғалімдердің бағдарлама идеяларын іс-тәжірибеде қолдану арқылы түйсінуді талап етеді. Курс қатысушылары өз бетімен әзірлеген әдістерді қолдана отырып, дереккөздер мен әріптестердің тәжірибесін талдау нәтижесінде өздерінің сабақ жоспарларын жасайды.

Ынтымақтастық ахуал «Тамаша екен» жаттығуын орындаттым.Тыңдаушыларды үлкен шеңберге тұрғыздым. Әрбір тыңдаушы өз бойындағы жақсы қасиетін айтады, мысалы : -Мен ақкөңілмін;-Мен ақылдымын. Қалғандары «Тамаша екен»! деп бас бармағын көрсетеп,қолдарын жоғары көтереді.

Мұғалімдерге оқу үшін бағалаудың мәні және оны оқыту тәжірибесінде қолдану әдістемесі туралы білімдерінарттыру үшін алма ағашының суретін салуды тапсырдым. Топтардың жұмыстарын алмастырып, бағалаттым.

- өзін бағалау;

- бір-бірін бағалау;

- критериялар арқылы бағалау;

- қойылған бағаларды салыстырып, қорытынды жасау

  • Оқу үдерісін бағалау қажет пе?

  • Сіз сабақта нені бағалайсыз?

Сыныпта жағымды ахуалды қалыптастыру үшін Айнұр сәргіту сәтін билете отырып өткізді.

Сіз қандай бағалау түрлерінен пайдаланасыз?

Оқу үшін бағалаудың сәтті-сәтсіз жақтары. «Сәтті-сәтсіз» алгоритм кезектілігі түсіндірілді.

Қорытындысын Т кестесі арқылы шығаруға нұсқау берілді.

«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясына сүйене отырып, сабақтың ең жақсы жетістігі және кемшілігіне ұсыныс айтқыздым.


















Мерзімі: 18.01.2017 ж 16 сабақ

Күн тақырыбы : Оқыту мен оқуда АКТ қолдану мақсаттары.


Жоспардағы «Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану мақсаттары. Оқу сапасын арттыру мақсатында сыныпта АКТ-ны пайдалану әдістемесі. Жаңа технологияларды қолдану» тақырыбы бойынша өткізілген сабағымды құрастырғанда тренерге арналған нұсқаулықта берілген сабақ жоспарын басты назар аудардым. Сабақты жоспарлау кезінде өз мүмкіндігімді ескер отырып жана технологялар туралы бар білетінімді тындаушыларыма жеткізу және тиімді қолдануға бейімдеуге бағытталды. Бұл тақырып заман талабына сай үлкен сұраныста болғандықтан оны неғұрлым сапалы және топтағы тыңдаушыларға қол жетімді етіп түсіндіру барысында бірнеше жаттығулар жинақталды. Сондықтан өткізілген жоспардағы сабағымда АКТ-мен жұмысты іс жүзінде орындауға көп көңіл бөлдім. Бұл тыңдаушыларымның қызығушын артырды. Өз оқушылары үлкен табыстарға қолжетізу үшін және әрине, өз уақытын үнемдеу барысында көбірек ұмтымды екенін түсіндіруге бағытталды. Көздеген мақсатқа жеткізу үшін неғұрлым сапалы білім беруде жан жақты мүмкіндіктерді жеткілікті қажеттілігін бағалай бақылай алды.

Миға шабуыл. АКТ қолдануға арналған жаттығу. Мен әрбір топқа ағылшын тілінде жазылған 5 сөз бердім, олар түрлі заттарды білдіреді және сол заттардың интернетті пайдалану арқылы аудармасын таба білу керек болатын, 2 топ тез тауып алды да, 3 топ таба алмады.

Қатысушыларды топтық талқылауға шақыру мақсатында тапсырма берілді.

Мектепте АКТ тиімді қолданудағы кедергілер.

Сынып жағдайында АКТ-ны барынша қолдану жағдаяттары.

Сыныпта АКТ қолдануда туындайтын кедергілер.

АКТ-қолдану туралы мұғалімдердің деңгейлерін болжау үшін «Социометрия» әдісін қолдандым. Бірлесе отырып, 7 балдық бағалау критерийін құрып алдық.Мұғалімдерден 5-еуі 5 балмен бағаланды,қалған мұғалімдер 1 балмен бағаланды.

Мұғалімдерге арналған нұсқаулықтағы теория « Шынжыр» әдісі бойынша нөмірленіп, оқылып талданады.

1-топ. Пән бойынша педагогикалық білім.

2-топ. Пән бойынша технологиялық білім.

3-топ. Технологиялық білім.

4-топ. Технологиялық, педагогикалық және пәндік білім.

«Пікір» көрсетілімінен үзінді көрсете отырып, тәжірибелерін біріктіре қорытынды жасай отырып, «АКТ тиімділігі» тақырыбына модерация жасадым.Мұғалімдерге АКТ-ны меңгеру арқылы құзырлы мұғалім қасиеттерін бойына жинақтау қажеттігі туралы ұсыныс айтылды. Мұғалімдер бұл мүмкіндіктерді бұрын қолданбағандарына өкініш білдірі жатты. Сабақ барысында көптеген мұғалімдерімді мазасыздандырған сұрақ осындай аз уақыт арасында қаншама үйренген білгендерін сабаққа қалай көрсете алатындары. Бұл сұрақтарына өздері жауап берулеріне бейімдедім. Сөз соңында сіз оның барлығын істей алмайсыз мұғалім өз мүмкіндігі қаншалықты соған көп көңіл бөлу керек деген тұжырымға келдік. Ең маңыздысы мынау: прогресс – сіздің нені сезіне алатыныңыз.






 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!