Материалдар / тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Әке тренинг
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2024
102
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қалыбай негізгі орта мектебі» КММ
















Shape1

«Саналы әке»






тренинг



















2023-2024 оқу жылы

ТАҚЫРЫБЫ: «Саналы әке» тренинг


Мақсаты: Әкенің отбасындағы тәрбиеге- өте маңызды рөл атқаратындығын көрсете білу, мектеп пен ата-ана байланысын ынтымақтастыру өзара серіктестік орнату, ата-ананың, баланың оқу – тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру.
Қатысушылар: әкелер
Құрал — жабдықтар: түрлі- түсті бояу, стикер, желім, плакат, интерактивті тақта, таратпа материалдар.
Тренинг сабақтың міндеті: ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау; өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу; көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.

Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың басты ұстазы – ата-ана. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ, сондықтан да баласының әдепті, білімді болып өсуін армандайды.
Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Сондықтан да мектеп өміріне, бала тәрбиесіне белсене араластыру, мәдениетін арттыру, ата- ана мен мектеп арасында серіктестік орната отырып ынтымақтастықта жұмыс жасау мақсатында ұйымдастырылатын тренингтердің маңызы орасан зор.

І. Амандасу.
Мақсаты: Ата-аналарды орындарына отырғызу, жақсы психологиялық көңіл-күйді қалыптастыру.
«Сәлем – сөздің анасы» демекші кез-келген жерде, қандай жағдайда болмасын адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа жеңіл өту үшін алдымен амандасып, сәлем алысқаннан кейін жұмысы жөнінде сөз қозғайды. Бұл қашанда осылай болған, болады да, болуы керек. Дүниежүзіндегі сан алуан халықтардың сәлемдесу салты да түрлі-түрлі болып келеді. Қазір сіздерге бірнеше елдің амандасу салтын көрсетемін.
1. «Еуропалықтар» — қолын қысады.
2. «Жапондықтар» — иіледі.
3. «Тайланд» — арқаларымен үйкелеседі.
4. «Малайзия» – жұдырықтарын соғып.
5. Ал енді, өзіміздің ұлттық қазақша амандық – саулық сұрап, қал-жағдайымызды біліскенге не жетсін! Олай болса, қол алысып бір-бірімізбен сәлемдесейік.

ІІ «Танысу» жаттығуы:

Мақсаты: Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы 1 қасиетін кезекпен айтып шығады.

Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.
Мысалы: Мен бақытты – Бақытжан;
Мен көңілді – Қуанышпын;
Мен дарынды – Дидармын.
Бұл сұрақтардың көмегімен қатысушылардың тілдік белсенділігін шақырып, олардың ойындарға, жаттығуларды орындауға қызығушылыгы бар ма, жоқ па екенін анықтап алуға мүмкіндік туады.
Әрбір бала- дара тұлға. Бала тәрбиесінде ата-ана балаға қысым көрсетуден, бала көзінше дөрекі сөйлеуден, жат қылықтар көрсетуден аулақ болып, үлгі болу керек. Сонда ғана білімді, жан- жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз.
ІІІ. «Топпен» жұмыс (Жағдаят шешу). Стикерлер арқылы топқа бөлу.

Мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беріп, өз ойларын айту. Яғни, ата-ана өзінің отбасын салу және отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан-жағына отбасы сөздері арқылы жеткізу керек.

1-топқа-Қыз тәрбиесіндегі әкенің рөлі?

2-топқа- Ұл тәрбиесіндегі әкенің рөлі?

Топ ішінен бір ата-ана жасалған жұмысын қорғайды.

Сіз қандай әкесіз?

Қорытынды.
Құрметті ата-аналар! Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасын түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық

Ж.Ж. Руссо: «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» — деген екен.
Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Олай болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз болып, біз болып бірге атсалысайық

IV. Рефлексия «Жүректен жүрекке»

Ой — түйін:
Нұсқау: Ал, енді мына жүрекке назар аударайықшы. Ол тірі емес, біз қазір оған жан береміз. Мына жүрекшелердің артына балаға деген ақ тілектеріңізді оқи отырып, үлкен жүрекке жапсырайық. Жүрек тірілді, ол үнемі дүрсілдеп соғып тұратын болады.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!