Материалдар / тренинг
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналарға арналған тренинг
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Наурыз 2018
474
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТРЕНИНГ БАҒДАРЛАМАСЫ:
  • «Танысу» жаттығуы;
  • Топқа бөлу;
  • Ой жинақтау;
  • Ситуациялық сұрақтар;
  • «Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы;
  • «Ашық айтсам…» жаттығуы;
  • Рефлексия;
  • қорытынды.
ТРЕНИНГ БАРЫСЫ:Психолог сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бігінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі ата-ана» атты тренинг-сабағымызға хош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.Баланы жастан бақпасаң,Жамандықтан қақпасаң,Қадірден жұрдай қасқа боп,Кешкенің өмір босқа тек. – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.
  • «Танысу» жаттығуы:
Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы 1 қасиет кезекпен айтып шығады.Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді.
  • Топқа бөлу:
Ата-аналар сол тұрған күйлерінде түрлі-түсті гүлдерді таңдайды. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.
  • Ой жинақтау:
Үш топқа тақырып беріледі.Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.I-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.II-топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.III—топ. Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек.
  • Ситуациялық сұрақтар:
Ата-аналар үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.
  • Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
  • Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы, түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады….деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде, елеусіз қалдырасыз ба?
  • Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
  • Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
  • Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?
  • Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?
  • Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?
  • Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі, алайда бір күні сынып жетекшісі оны үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды, сіздің іс-әрекетіңіз?
  • Балаңыздың сабағы тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрсыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?
  • Биыл сіздіңі балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп, мазаңызды алады, сабаққа барғысы келмейді. Сіз жұмыссыз, енді не істейсіз?
  • Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал, балаңыз тәрбиеңізге еш көнер емес, не істейсіз?
  • «Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы
Ата-аналарға мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі:
  • Бұл жұмыста Сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес боласыздар, сол себепті де еш ойланбай, қорықпай, берілген тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар.
  • Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын? Суреттер қандай болу керек?» деп сұрауға болмайды: өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз бойынша салу керек.
  • Суреттерді тез салу керек, өйткені оларды салуға уақыт өте аз беріледі.
  • Суреттерді салғанда, басқалардың суреттеріне қарауға болмайды.
Осыдан кейін ата-аналарға үй, жол, жылан, шарап ішетін бокал, шалбар мен әйелдердің басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек: әр затты салуға мейлінше аз уақыт беріп (5-10 сек), ата-аналарды асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отырған жөн.Ата-аналар салынып біткен суреттерін бір-біріне көрсеткеннен кейін, оқытушы олардың мынандай мағына білдіретіндігін айтады:Үй – адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді.Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл ата-ана өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық.Үйдің есік-терезелері бар болса онда бұл студент – қарым-қатынасқа ашық адам.Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын юолса, бұл жәйт ата-ананың қонақжай екендігін білдіреді.Жол – адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы.Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді.Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.Жылан – «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы.Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынынан көрініп тұрса, онда Сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз.Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда, онда Сіз «Басқалардың мен туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз.Бокал – адамның ішімдікке деген көзқарасын білдіреді.Бокалдың суреті кішкене болып, оның іші бос болса, онда мұны салған адамның ішімдікке немқұрайды болғаны.Шалбар мен орамал – ата-аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді.Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда ата-ана өмірде ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз.
  • «Ата-анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі.Көңіліне көп жұбаныш,Гүлденіп ой-өлкесі, — деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Адам да өсімдік сияқты, күтілмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізде ұстайық.
  • Балаға жан және дене өзгерістерінің байланыстарын табуға көмектесу.
  • Балаға маман тарапынан тағылған мін, ескертулерді шын пейілмен түсіну және түсіндіру.
  • Баланы ағза қызметінің қалыптасуымен мұқият таныстыру.


Ой жинақтау ( плакат, фломастер, қала)1)    Баланың дамып жетілуіне қандай тәрбие әдістерін қолданасыз.2)    Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай қарым-қатынас болу керек?( Сурет – схема арқылы өз ойларын талдайды )Ата-анаға көз қуаныш,Алдыңа алған еркесі.Көңіліне көп жұбаныш,Сіз қандай ата-анасыз?Сауалнама 1.         Кез-келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?2.         Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?3.         Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?4.         Өз қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?5.         Балаңыздың ісі ашуландырған кезде, өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?6.         Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?7.         Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге болады ма?8.         Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?9.         Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?10.       Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?11.       Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?12.       Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе көңіл аудармайсыз ба?13.       Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?Жауабы:1.         Әрқашан жасаймын,келісемін - 3 ұпай2.         Кейде ғана келісемін - 2 ұпай3.         Келіспеймін - 1 ұпай ·         0-16 - Бала тәрбиесі - сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыруүшін педагог немесе  психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.·         17-30 - Балаға қамқорлық жасау - бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңыздатәрбиелік қабілет бар,  тәжірибеде әрқашан бір қалыпты, бір бағыттағы мақсатпенәрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.·         31-39 - Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тектүсініп қана қоймай,  әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.Сіз қандай ата-анасыз?Сауалнама 1.         Кез-келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?2.         Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?3.         Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?4.         Өз қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?5.         Балаңыздың ісі ашуландырған кезде, өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?6.         Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?7.         Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге болады ма?8.         Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?9.         Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?10.       Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?11.       Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?12.       Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе көңіл аудармайсыз ба?13.       Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

Сіз қандай ата-анасыз?Сауалнама 1.         Кез-келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?2.         Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?3.         Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?4.         Өз қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?5.         Балаңыздың ісі ашуландырған кезде, өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?6.         Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?7.         Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге болады ма?8.         Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?9.         Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?10.       Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?11.       Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?12.       Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе көңіл аудармайсыз ба?13.       Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

Сіз қандай ата-анасыз?Сауалнама 1.         Кез-келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?2.         Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?3.         Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?4.         Өз қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?5.         Балаңыздың ісі ашуландырған кезде, өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?6.         Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?7.         Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге болады ма?8.         Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?9.         Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?10.       Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?11.       Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?12.       Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе көңіл аудармайсыз ба?13.       Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?



1)    Баланың дамып жетілуіне қандай тәрбие әдістерін қолданасыз.

2)    Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай қарым-қатынас болу керек?



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!