400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тренинг 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
11 сынып Мамандық таңдау психолоиялық тренинг Оқушыларға мамандық таңдауға нұсқау беру. мамандық таңдау жолдарын қалыптастыру. мамандық түрлеріммен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы




Тақырыбы: Мамандық және болашақ

Психологиялық тренинг


Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар. 11 сынып оқушыларымен өткелі отырған психологиялық тренингке қош келдіңіздер.


Тренингімізді бастамас бұрын, алдымен балалар музыка қосылып тұрады соған ортага 1-1ден шыгып атымызды атап, мысалы мен Нұрғиса Намыстымын деп билеп шығып 1-1 ден менин қолымдығы сандықтан 1 қима қағаз алып менің жаныма келіп тұрамыз.. Алып болсақ әріптеріңіздің қызыл әріп алғандар 1-топқа, жасыл әріп алғандар 2-топқа отырайық. Енді қолдарыңыздағы әріптерден қандай сөз шығады соны құрайық.

Жақсы балалар, бүгінгі біздің психологиялық тренингіміздің тақырыбы «МАМАНДЫҚ және БОЛАШАҚ» деп аталады. Демек 1-ші топ мамандық, 2-ші топ болашақ тобы.

«МАМАНДЫҚ» «БОЛАШАҚ»

(слайд)

Біздің тренингтің мақсаты:

-Оқушыларға мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту;

-мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу;

-Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу, бағыт-бағдар беру;

-психологиялық қолдау көрсету;

Ж.Аймауытовтың мынандай сөзі бар: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» деген екен.

Ендеше балалар «Мамандық деген не?» деген сұраққа ойланайық, пікірлесейік.

(слайд)

Алдыларыңыздағы плакатқа өз ойларыңызды жазсаңызар.

СShape1 ендердің ойларыңша мамандық дегеніміз не? (1,2 оқушы өз ойларын айтады)

Shape2 Shape3

Мамандық


Shape5 Shape4



Ойланайық, пікірлесейік

Келесі сұрақ менен жауап сіздерден, сіздерге берілген сұраққа ақылдасып жауап бере кетейік. Әр топқа 3-сұрақтан беріледі

1-топ

- Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдадың ба?

- Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыңдар?

-Жақсы маман болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет?

2-топ

-Сенің мамандық таңдауыңа кім әсер етті?

- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек?

- Адамның мамандық таңдауына әлеуметтік жағдайы әсер ете ме?


Психологиялық сәт. «Психогеометрия( - өзін-өзі тану деп аталыды. Яғни алдыларыңызда берілген геометриялық фигуралардың 1еуін өзіңізге ұнағанын таңдаңыздар. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті қабілетті білдіреді. әрқайсымыз өзімізді танып көрейік.

Таңдап болсақ алдыларыңызда кітапша берілген сол кітапшада таңдаған фигураларыңыздың мәні жазылған, соны оқып әркім өзімізге сәйкес келема соны анықтайық. Әр топта 2 баладан өз таңдауымызды айтып оқып кетейік. (2топтан 2 бала )

«Стрессті қалай жеңуге болады?»

Ойын барысы: Ортаға оқушылар қолдарына қаламдарын алып шығып шеңбер құрып тұрады

1. Оқушыларға шар үлестіріледі, оқушылар 1-1ден өз бойларындағы қорқынышты, сенімсіздікті айтады. Әр оқушы айтқан сайын шарды үрлеп отырамыз. (мамандық тандауда коркамын, өзіме сенімсізбін, ҰБТ дан қоркамын, менің қолымнан келмейді деген сияқты)

Оқушылр бәрі 1 сөзден айтып шығады болған соң 1-1ден мен барлық қорқынышымды жеңемін деп шарды жарады.


«Бұл ойыннан қандай ой түйдіңдер?» оқушылар өз ойын айтады.



Мамандық таңдау- өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Талдау жасау оңай емес. Ең бастысы-адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді. Сондықтан икемі, қызығуы, бейімі бар мамандықты таңдай білу, өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын ойлау, мұндай еңбектен шабыт туатыны, ол өнімді еңбекке ұласып, табыс әкелетінін білу керек.


«Қайта байланыс» жаттығуы
Оқушылар шеңбер құра отырады да, допты әр қайсысы кезекпен кезек ала отырып тренингтің өткізілуіне байланысты өз ойларымызды білдірейік:

- Тренингте ең бірінші не ұнады?
- Не ұнаған жоқ?
- Өзің жаңадан не білдің?

 "Алған әсеріңіз қандай?"- стикерлерге бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңіз қандай соны жазып калдырады
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
12.05.2022
617
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі