400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг: 4 класс оқушыларының танымдық процесін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың танымдық процестерін дамыту, есте сақтау, ойлау, зейін қабілетін дамыту.Психологтар сабақ барысында бұл тренингті қолдана алады.Оқушылардың таным процестеріне қажетті жаттығулар жинақталған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Анықтама

Өткізілген топ: 4 «А», 4 «Ә», 4 «Б», 4 «В», 4 «Г», 4 «Д», 4 «Е», 4 «Ж»

Жүргізілген жұмыс: «Түстер» жаттығуы, «Зейінді бол!» жаттығуы, «Кім жоғын тауып ал» жаттығуы, «Керісіншелер елі» жаттығуы, Релаксацияға байланысты жаттығу. «Өзіңмен – өзің».

Мақсаты: Оқушылардың танымдық процестерін дамыту, есте сақтау, ойлау, зейін қабілетін дамыту.

«Түстер» жаттығуы

Жүргізуші: балалар мен сендерге қазір қызыл, көк, сары немесе жасыл түстерді көрсетемін. Қай балаға жасыл түс түссе, ол жасыл түсті үш заттың атын атау керек. Айтқан затты қайталап айтуға болмайды. Мысалы, жасыл түсті алған оқушы жапырақ деп айтуға болады.


«Зейінді бол!» жаттығуы

Жүргізуші: Балалар барлығымыз орнымыздан тұрамыз қазір мен сендерге сөздер оқимын, сол сөздердің ішінен сендер жануарлардың атын естігенде қол шапалақтауларың керек, ал құстың аттарын естігенде аяқтарыңмен топырлатасыңдар, балықтардың атауларын айтқанда, балық ұқсап жүзулерің керек. Қарақат, алабұға, алма, түлкі, сандық, көгершін, сауысқан, шортан, жолбарыс, теледидар, қарға, аю, гүл, тотықұс, кит, акула, бауырсақ, қоян, ақ шағала, шабақ, арыстан, қарлығаш, торғай, қалам, карбыз, дельфин, шортан, қағаз, қарындаш, аққу, бекіре, сазан, піл, бегемот, дала, зебра, тырна, үйрек.


«Кім жоғын тауып ал»

Ойыншылардың барылығы көздерін жұмуы керек. Осы уақытта жүргізуші бір баланы иығынан түртеді, ол дыбыссыз жәй кетіп қалады. Жүргізуші белгі бергенде барлығы көздерін ашып, кім жоқ екенін тауып алуы керек. Кім жоғын ең бірінші тауып алса, сол жеңімпаз болады. Ойын есте сақтау қабілетін және бақылауды тексереді.


 «Керісіншелер елі».

Мақсаты: Ойша әрекетету қабілетін жаттықтыру.

Жаттығудың жүргізілуі: балалар шеңбер бойына отырады. Жетекші үш әріптен тұратын сөзді айтып, доп лақтырады. Допты ұстаған ойыншы әріптерді кері атайды (күн-нүк, көз-зөк, сан-нас). Аударылған сөздердің мағынасы болмауы мүмкін. Ойынның күрделену ісөздің ұзақтығына байланысты.

Аяқ Тал Тас Қаз Нан Тор

Қол Ара Бал Гүл Түн Құт

Лақ Күн Зат Өрт Қар Шар

Көз Піл Тіл Қас Бор Көл


Релаксацияға байланысты жаттығу. «Өзіңмен – өзің».

Балалар орындықтарында отырып, көздерін жұмады. Әуен ойнайды. Ыстық жазды елестетейік. Алтын күн аспанда өз шуақтарымен қызыл құмды қыздырып тұр. Сендер табандарыңмен оның қызуын сезесіңдер. 
Сендер мөлдір теңіздің жағасында асықпай жүріп бара жатырсыңдар. Ол сендерге сыбырлап: «Сәлеметсің бе, балақай! Айналаға қарашы, табиғат-ана неткен сұлу! Оның әдемілігіне сүйсінудің өзі қандай бақыт! Күнді көріп, оның шуақтарына қыздырынған қандай бақыт! Құстардың сиқырлы үнін тыңдаған, осы күнге қуанған қандай бақыт! Сенің осындай кең дүниеде бар екенің қандай бақыт» - дейді. 
Жаздың күнгі саябақты көз алдарыңа елестетіп, барлық дыбыстарды сезініңдер.
- Өздеріңді бақытты сезіндіңдер ме? Оны қалай түсіндіңдер? 



Қорытынды: Оқушылар ойын, жаттығуларға жүргізушінің нұсқауын мұқият орындай отырып, белсенділікпен қатысты. Өз ойларын ашық жеткізе білді. Өткізілген тренинг жаттығулар тартымды өтіп, оқушыларға ұнады, кейін оқушылар арасындағы қарым – қатынас нығая түсті.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
20.05.2022
2649
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі