тренинг - жаттығулар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

тренинг - жаттығулар

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бір-бірімізді түсінуге үйренеміз


Мақсаты: «Өзін-өзі және басқаны сөзсіз түсіне білу икем дағдысын дамыту. Өзін-өзі және басқаларды түсіне білудің маңыздылығының мәнін ашу».

1-жаттығу «Сөзсіз амандасу»

Мақсаты: Сөзсіз түсіне білу икем дағдысын дамыту

Нұсқау: әр қатысушы сөзсіз амандасудың бір тәсілін көрсетіп, бәрімен амандасып шығады. Солай бәрі өз тәсілімен амандасып шықпайынша ойын жалғаса береді.

Талдау: 1. Кімнің амандасу тәсілі көбірек ұнады?

2. Өздеріңізді қалай сезінесіздер?

2-жаттығу «Қандай түс?»

Мақсаты: басқаларды сөзсіз түсіне алу икем дағдысын дамыту

Нұсқау: бәрі дөңгеленіп отырады. «Бір-екі» деп санап шығады, бірлер көздерін жұмғанда, екілер алдын ала дайындалып қойған әр түрлі түстердегі жабысатын қағаздарды «бір» деп санаған қатысушылардың маңдайына сыңары бар бір түсті қағазды жабыстырамыз. Қағаз жапсырылып болған соң екілер отырады. Ал бірлер жұмулы көздерін ашып, өздерінің маңдайларына жапсырылған қағаздарының түсіне сәйкес жұпты іздеп табу керек. Қатысушылар сөзсіз мимика, жестпен бір-бірлеріне маңдайларында қандай түстің тұрғанын түсіндіру арқылы өз жұптарын табу керек. Кейін бәрі бір-бірін тауып болған соң орындарына жайғасады. Енді қалған екінші тобы дәл солай ойынға кіріседі.

Талдау: 1. Басқаның маңдайында тұрған түсті түсіндіру оңайға соқты ма?

2. Қандай тәсілдерді қолданғанда сіз маңдайыңыздағы қағаздың түсін анықтадыңыз?

3. бәрі өз тәсілдерін айту арқылы ең тиімді тәсілдерді атап өтсе.

3-жаттығу «Вавилон башнясы»

Мақсаты. Өзінің ойын түсіне білу және өз дегенінде тұра білу қабілетін дамытып, қатысушылардың арасында жағымды эмоцияны тудыру.

Нұсқау: жаттығу 4-6 адамнан тұратын жарты топтарда орындалады. Әр топқа 50-60 қағаз беріледі. (макулатураға арналған қағаз болса)

Тапсырма: осы қағаздардан бекітетін заттарды пайдаланбай мүмкіндігінше биік башня құру керек. Бұл тапсырманы орындауға 10-15 мин жетеді. Егер жұмыс белсенді жүріп жатса, қағаз жеткілікті болса, уақытты әлі де ұзартуға болады. Құрылған башняның әдемілігіне қарауға болады. Не кімдікі биік екендігін салыстырып, сайыс ұймдастыруға болады.

Талдау: 1. Қатысушылар арасында жұмысты қалай бөлдіңдер?

2. Башняны құруда кімнің айтқан ойын іске асырдыңдар?

3. Өз ойын іске асыру үшін адам бойында қандай қабілеттер керек?

4-жаттығу «Қолынан ұстап»

Мақсаты: сипап сезулерін дамыту арқылы бір бірлеріне деген жағымды көзқарасты тудыру. Басқаны сезіне білу қабілетін ынталандыру.

Нұсқау: Қатысушылар айшық болып отырады, орталарынан біреуі ортада тұрған орындыққа отырады. Ортада тұрған адамның көзі байланады. Қалғандары бір-бірлеп оның қолынан ұстайды. Көзі жұмулы отырған адамның міндеті кімнің қолынан ұстап тұрғанын табу керек. Түгел балалар орындықта отырып көргенінше ойынды жалғастыруға болады.

Талдау: 1. Сипап сезу арқылы кімнің қолынан ұстап тұрғанынды табу қиын болды ма?

2. Қандай белгілерге сәйкес қатысушыларды айыра алдын?

5-жаттығу «Бип»

Мақсаты: есту арқылы дауысты ажырата білу қабілетін дамыту

Нұсқау: Қатысушылар айшық болып отырады, орталарынан біреуі ортада тұрған орындыққа келіп қатысушыларға артын беріп отырады. Жүргізушы отырғандардың артынан жүріп кез келген қатысушының иығына екі қолын салғанда ол «бип» деу керек. Ал отырғандарғ артын беріп отырған адам «бип» деген кім екенін табу керек. Түгел балалар орындықта отырып көргенше ойынды жалғастыруға болады.

Талдау: 1. Есту арқылы кімнің даусы екенін табу оңай болды ма?

2. Қандай белгілерге сәйкес қатысушыларды айыра алдын?

3. Кімнің дауысы екенін нақты білу қандай жағдайларда аса маңызды деп ойлайсың?

Қорытынды. Бүгінгі жаттығулардың қайсысы қандай икем дағдыны қалыптастырды деп ойлайсыз? Кімге қай жаттығу көбірек ұнады? Неге?



Екібастұз қаласы, Абай Құнанбаев атындағы №2 ЖОББ мектептің педагог - психологі Каримова Алмагуль Айтановна

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2020
676
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі