Тренинг "Алғыс айту парызым"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг "Алғыс айту парызым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогтармен топтық тренинг Алғыс айту күніне өткізілген іс-шара Балабақша тәрбиешілерімен бірге өткізілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

МКҚК №9 «Наурыз» бөбекжайы














«АЛҒЫС АЙТУ ПАРЫЗЫМ»



















Педагог- психолог: Базарова И.Е










Ақсай 2021 жыл


Тақырыбы: «Алғыс айту - парызым»

Мақсаты:  Алғыс айту туралы түсінік беру; үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым- қатынасын  дамыту; әдептілік, кішіпейілділік, ізгілікке тәрбиелеу. Педагогтар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу. 


Қажетті құралдар: ақ парақтар, маркер, арнайы пазлдар, скотч, түрлі-түсті сағыздар, шарлар, бір реттік стакандар.. 

Тренинг жоспары:

1.Сәлемдесу. 

2. «Шаттық шеңбер»

3. «Қолтырауын» ойын

4. «Алғыс пазлы» топтық тапсырма

5. «Су шаригі» топтық ойын 

6. «Алғыс айту» сөзжұмбақ топтық тапсырма 

7. Қорытынды. «Көңілді шеңбер» жаттығу. 


Ұйымдастыру:
Психолог: Құрметті педагогтар өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін, олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу. Бүгінгі мақсат-айналамыздағы адамдарымызға алғысымызды айта отырып, сыпайы қарым-қатынаста болып, жақсы көңіл-күй сыйлау, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу. 

Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.


1.Сәлемдесу.  Педагогтар шеңбер жасай тұрады.

Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей біз бүгін бір – бірімізбен дәстүрден тыс амандасу түрлерін жасаймыз. 1 нұсқа. Алақанымыздың ішін және сыртын тигізіп бір – бірімізге күлімсірей қарайық. 2 нұсқа. Бір – бірімізге маңдайларымызды тигізіп сәлемдесеміз. 3 нұсқа. Оң және сол жақ иықтарыңызды тигізіп сәлемдесу. Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыздар?

2. «Шаттық шеңбер». 
Ең алдымен жүргізуші бастайды. Жүрекшені алып, «Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз ... қайырымды адамсыз». Әр қатысушы жүрекшені алып, жалғастырады. Сөйтіп барлық қатысушы өз ойын айтып шығуы керек. 

3. «Қолтырауын» ойыны

Психолог: Ал енді әріптестер екі топқа бөліне қояйық. Скотч арқылы қатысушылардың бірінің аяғын екінші адамның аяғына, екінші адамның аяғын үшінші адамға дәл солай бірнеше адамның аяқтарын орау арқылы қолтырауын болып, кедергілерден өтулеріңіз керек. Бұл жердегі мақсат ұйымшылдық таныту және мәреге жету. Ендеше барлықтарыңызға сәттілік тілеймін. Ойын басталды.



4. «Алғыс пазлы» топтық тапсырма.

Қатысушыларға арнайы жасалған пазлдар беріледі. Пазлдарды құрастыру арқылы жасырынған сөзді немесе сөйлемді табулары керек.

Жасырын сөздер: мың алғыс сізге, алғысым шексіз, алғыс білдіреміз. Топтық тапсырманы орындау барысында қатысушылардың ұйымшылдық қабілеттерін анықтаймыз.


5. «Су шаригі» топтық ойын.

Бұл топтық ойын «су шаригі» деп аталады. Ойын шарты бойынша бір реттік стакандардың ішінде толтырылған су болады. Қатысушылар топ болып жұмыстанулары керек. Судың бетінде қалқып тұрған шарикті бір орыннан екінші орынға жылжытулары керек. Топтағы бір қатысушы шарикті бір ыдыстан екінші ыдысқа ысырып, өз орнына барып, келесі топ қатысушысын жібереді. Ол қатысушы да бірінші қатысушы жасағандай екінші ыдыстан үшінші ыдысқа жылжытады. Дәл сол қалыпта барлық топ қатысушылары қатысып шығады.


6. «Алғыс айту» сөзжұмбағы.
Қатысушылар алғыс айту күніне орай дайындалған сөзжұмбақты шешулері керек. Топ бойынша салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтардың жауабын айтып, сөзжұмбақты шешулері керек.

Сөзжұмбақ сқрақтары мен жауаптары:

Асату - дәстүрлі ас-тағам мәдениетінде жолы үлкен адамның жасы кішілерге табақтағы еттің сыбағалы мүшесінен дәм таттыру арқылы өзінің ілтипатын білдіретін этикалық рәсім. Ет жеп болған соң, қонақтың жасы үлкені сый табақтан уысын толтыра ет алып, басқаларға өз қолымен асатады.

Тілашар. Ауылдың ділмар,шешен ақсақал қарияларын шақыру - бүлдіршіннің тілі жеке –жеке сөздерді айтуға икемделе бастаған кеде тілі тез шығу үшін дәстүрлі «тілашар тойы»жасалады.

Байғазы — қазақ дәстүрінде үлкеннің кішіге, негізінен балаға беретін сыйлығы. Байғазыны, көбінесе, жасөспірім балалар, бойжеткен қыздар, бозбалалар жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда ағалары мен жеңгелерінен, әпке, әке-шеше, жанашыр жақын туыстарынан сұрайды.

Қыз ұзату- ертеден келе жатқан екі елдің арасындағы байланыс болар ер адам мен әйел адамның ағайын мен халықтың алдында бата алып, отау құруға бастау болар салт-дәстүр. Қыз ұзату дәстүрі осы сөйлеммен шектелмейді.Қызын құтты орынға қондыру мақсатында жасалады.

Бәсіре - қазақ шаңырағында дүниеге ұл бала келгенде, сол күндері туған құлынды немесе ботаны нәрестенің бәсіресі деп атау салты. Қазақ халқының ұғымы бойынша, дүниеге келген баланың болашағы өзіне атаған бәсіремен тығыз байланысты. Сондықтан оны мінбейді, сатпайды.

Айдар - төбесінің орайындағы тумысынан алынбаған бір шоқ қарын шашы арнайы қалдырылады. Айдар - айбардың және күш-қуаттың белгісі. Баяғы кезде перзент көрмей зарығып жүріп, аяқ астынан ұлды болса, оның төбесіне бір шоқ шаш қойып, оған маржан-моншақ араластырып өріп қоятын салт болды.

Сүйінші – қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық. Дүниеге жас нәресте келуін, келін түскенді, алыстағы сағынған адамның келгендігін, жоғары атақ, үлкен сыйлық берілуін, т.б. қуанышты сәттерді алғаш хабарлаушы сүйінші сұрайды. Сүйіншіге бағалы зат немесе ақша береді.

Бастаңғы — қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі. Жастар сейілі деп те атаймыз. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде ауылдың қыз-келіншектері сол үйге жиналып, Бастаңғы жасалады.

Жасау — жігіт жағынан келген қалыңмал мөлшеріне шамалас, кейде одан да асып түсетін, ұзатылатын қызға берілетін мал-мүлік.



7.Қорытынды «Көңілді шеңбер» жаттығуы.

Қазір мен күн шаригін сізге беремін. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, сары шарикті беріп отырамыз. Қоштасуға сары шарикті алғанымыз, күндей жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Рахмет!


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.00.2021
851
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі