Түркістан облысы Мақтаарал
ауданы «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Тренинг
(
Ата-аналармен)
Тақырыбы:«Бірге
болайық!»
Педагог-психолог:
Мусабекова Ұ.Ж.
Мырзакент 2018-2019 оқу
жылы
Тренинг
(Ата-аналармен)\
Тақырыбы: «Бірге
болайық!»
Мақсаты: Ата-аналар арасындағы
байланысты нығайта отырып, эмоционалды жігер беру. Бірін - бірі
кеңірек танып, білуге, қатысушылардың шығармашылық қабылеттерін
дамыта отырып, өз мүмкіндіктерін шамалап, көңіл -күйлерін
көтеру.
Психолог:
Қайырлы күн Құрметті ата-аналар! бүгінгі
тренингке келгендеріңізге көп рахмет! Әуелі танысып алайық... (
барлығы өздерін таныстырып өтеді). Барлығымыз бірлесе жұмыс
атқарғанда ғана, жақсы нәтижелер мен жетістіктерге қол жеткіземіз.
Сіздермен бірлесе отырып отбасы тәрбиесіне байланысты
мәселелерге көңіл аударуға, оны шешуге,бала жүрегіне жол табуға,
оны түсінуге тырсып көрелік.
Тренинг
кезеңдері.
-
«Сәлемдесу»
жаттығуы
-
«Ата- ана мен бала арасындағы
қарым-қатынас?» (сұрақнама)
-
«Кім жылдам?»
жаттығуы
-
«Таныс болайық!»
жаттығуы
-
«Кері байланыс»
жаттығуы
-
«Кедергіден өту»
жаттығуы
-
«Рефлекция»
(сұрақтар)
-
Қорытынды
1-жаттығу
«Сәлемдесу»
Қатысушылар шеңбер құрып
отырады
Нұсқаулық: Барлығымыз орынымыздан тұрып бір бірімізбен қол беру
арқылы, құшақтасып, оң иықпен, сол иықпен, оң аяқпен, сол аяқпен,
оң тіземен, сол тіземен, балалық еркелікті еске алып мұрын ұшымен
сәлемдесеміз.
2 – жаттығу
«Ата- ана мен бала арасындағы
қарым-қатынас?»
(тест)
Нұсқау.
Ата-аналар берілген сұрақтарға
5 нұсқаның біреуін белгілеу арқылы жауап
береді.
Идеалды отбасы- бұл... ( ата-аналардың
жауаптары тыңдалады).. «Аяқталмаған сөйлемдер
әдісі» (ата-аналарға сөйлемдер оқылады, олардың
жауаптары тыңдалады, қажет болған жағдайда
толықтырылады)
Бала қандай болады?
Егер:
- Баланы сынап отырса , ол ...
(жек көруді) – үйренеді
- Бала өшпенділікпен өмір сүрсе,
ол... (агрессивті болуды) үйренеді
- Бала кінәлап отыруда өмір
сүрсе, ол... (кінәлі адамдай сезініп өмір сүруді)
үйренеді.
- Бала төзімділікте өссе, ол....
(басқаларды түсінуге) үйренеді.
-
Баланы қолдап отырса, ол... (басқаларды
түсінуге) үйренеді.
- Баланы келемеждей берсе, ол... (тұйық)
үйренеді.
- Бала түсіністікте және ынтымақтасуда өмір
сүрсе, ол... (бұл өмірде сүйіспеншілікті табуға)
үйренеді.
- Егер де бала мадақтаулар арасында өмір сүріп
жатса.....( ол өзгелердің құнын таниды)
(өзіңіздің айтылған сөздерге
қарым-қатынасыңызды айтып беріңіз, өмірден мысалдар келтіріп
ойыңызды растаңыз).
3- жаттығу «Кім жылдам»
жаттығуы»
Нұсқау:
Қатысушылар шеңбер құрып отырады. «Ауа, су, жер» деген сөзді айта
отырып, допты бір - біріне лақтырады. Допты қағып алған адам «ауа»
деген сөзді естіген адам құстардың, «су» деген сөзді естіген кезде
балықтардың, «жер» дегенде аңдардың аттарын айтуы тиіс. Ойын шапшаң
ойналуы тиіс.
4 – жаттығу. «Таныс
болайық!»
Қатысушыларды екі қатар сапқа
тұрғызу керек.
Нұсқаулық. Барлық тапсырманы біз үнсіз жасаймыз, мүмкіндігінше әр
тапсырманы жылдам және дұрыс жасауға ұмтылу керек.
Бірінші тапсырма бой өлшемі бойынша сапқа тұру керек.
Екінші тапсырма Саптың басында 1 - қаңтар, соңында желтоқсан
Туған күндері бойынша орналасу.
Үшінші тапсырма: Саптың басына көзі қою қара адам тұруы керек, ал
саптың соңында шашы ең ашық түсті адам тұруы керек.
Қарсы топ мүшелеріне тексерту керек.
5 - жаттығу. «Кері
байланыс»
Қатысушылар шеңбер құрып
отырады.
Жүргізушінің қолында доп болады.
Нұсқаулық: Қазір бір бірімізге допты
беру арқылы допты қағып алған адам: Сен өмірде қандайсың? Деп сұрақ
қояды қағып алған адам өз бойындағы жақсы қасиетін айтады. Әркім өз
бойындағы жақсы қасиеттерін айтып шығуы
керек.
6- жаттығу. «Кедергіден
өту» бағытында бейне жаттығу.
Ортаға 6 қатысушы шақырамын. Сіздерге тапсырмалар беріледі.
Тапсырмаларды үнсіз оқып, вербалдық емес қарым - қатынас
құралдарының көмегімен жағдаяттарды ойнап шығуы тиіс. Басқа
қатысушылар не жайлы «баяндап» жатқанын шешулері
кер
7-жаттығу.
Рефлекция.
Жаттығуларды талқылау: Жаттығу
қорытындысы мен рефлексия жасауда мынадай сұрақтарды қарастыру
тиімді.
Жаттығудың қай кезеңдері қиындық тудырды?
Неліктен?
Қатысушылар қазір өздерін
қалай сезініп отыр?
Ойынды жылдам ойнау қиын болды ма?
Жаттығудың қай кездерінде қандай сезімдер пайда болды?
Қатысушыларға әрбір жағдайға байланысты ұсынылған жағдайға
байланысты
рөлдерге таңырқаған кездер
болды ма?
Қорытынды:
Қатысушылар плакатқа сурет
салу арқылы, өз топтарының атын қорғап
шығады..