400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг. Балаңыздың бірінші сынып бағдарламасын меңгеруі қалай

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ата-аналармен өткізілген тренинг 1- сынып

Сабақтың тақырыбы:Балаңыздың бірінші сынып бағдарламасын меңгеруі қалай?

Мақсаты: 1. Ата-аналарға әдістемелік көмек ұйымдастыра отырып ,балаларының оқу сапасымен таныстыру.

2.Ата-ананың мектеппен байланысын нығайту, бала тәрбиесіне, оқу сапасына жауапкершілігін арттыру.

Көрнекілігі:нақыл сөздер,тапсырмалар .



Сабақ барысы

Кіріспе

Бала- біздің өміріміздегі кездейсоқтық емес , заңды құбылыс.Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ. «Ұяда не көрсең , ұшқанда соны ілерсің» деген. Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке қыран болуы керек. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім, ал, ұстаздан оқу-білім алады.

Бастауыш сынып мұғалімі мен ата-аналар баланың негізгі тәрбиешілері болып табылады. Сондықтан жас ұрпақ тәрбиелеп , оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата-аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ алар асуымыз биік.

Балаңыз 1 сынып оқушысы болып үлгерді Ал, сіз балаңыздың сабағын қалай қадағалап жүрсіз ? Күнделікті үй тапсырмасын орындауда қандай қиындықтар кездесуде?

Міне, осы тұрғыда сөз қозғалатын «Балаңыздың бірінші сынып бағдарламасын меңгеруі қалай ?»

тақырыбында тренинг өткіземіз. Өз ойымызды ортаға салып ,пікірлесеміз.

Топқа бөлу

1 топ –ата-аналар

2 топ – 1 сынып мұғалімдері

3 топ - мұғалімдер

Ой қозғау. Ата-аналарға сұрақ.

Сіздің балаңыз мектепке дайын ба?

Мектептегі педагог-психолог және логопедтің 1-сыныпқа қабылдау кезіндегі тексеру қорытындысымен танысу.

Ата-аналарға арналған тестік тапсырмалар

Ата-аналарға сұрақ .

Осы кісілердің тексеру қорытындысымен келісесіз бе?

1 Жағдаяттық тапсырмалар

1 топ- ата-аналарға Балаңыздың мектепке келуіне бар жағдайды жасадыңыз.Ал, бірақбалаңызда сабаққа деген ынта, зейін жоқ .Сіз неістер едіңіз?

2- топ -1- сынып мұғалімдеріне Бала мектепке келді .Оқу құралының бәрі түгел. Сіз қанша сабақты түсіндірсеңізде ештеңе ұқпайды Ал, сіз қандай жұмыс жасар едіңіз?

3-топ –мұғалімдерге 1 сынып мұғалімдерінің қазіргі таңдағы жүргізіп жатқан жұмыстарына көңіліңіз тола ма?

2 жағдаяттық тапсырмалар

  1. топ Балаңыз әріптерді таниды . Бірақ жүргізіп, қосып оқи алмайды. Үйден қандай жұмыстар жүргізесіз?

2-топ Сіз ата-анаға оқушыңыздың сөздерді жүргізіп , қосып оқуына қандай әдістемелік көмек бере аласыз?

3-топ 1 сынып мұғалімдері қандай жұмыстар жасаса сынып белсенділігі артады деп ойлайсыз?



Қорытынды



Бала бойындағы адамгершілік қасиеттердің пайда болуы ата-ана, ұстаз, жақсы құрбысынан екені сөзсіз. Сондықтан «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек.» -деп алаш ардақтысы М. Жұмабаев айтқандай бала тәрбиесі , білім алуы барлығымыздың бірлескен жұмысымыздың нәтижесі.

Тақырыпты қорытындылай келе ассосация құру.



1-топ Балаңыздың қандай болып өскенін қалайсыз?

2-топ Ата-аналарға берер кеңестеріңіз.

3- топ 1 сынып мұғалімі қандай жұмыстар жасаса сынып белсенділігі артады?

Міне, құрастырған гүлдерімізді қосу арқылы гүл шоғын жасадық.Сол сияқты балаларымыздың саналы ,тәрбиелі азамат болып өсуіне ата-ана,мектеп, мұғалімнің арасында байланыс болуы керек деп қорытындылаймын.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 ақпан
724
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі