№ 2 «Жанар» МКҚК бөбекжай
–бақшасының педагог-психологы: Смаилова Лаззат
Жанарысовна
Ата - аналарға
тренинг
Тренинг тақырыбы:Біз
бақытты отбасы
Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын
арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала
тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым -
қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын
ашу.
Барысы:
1. Танысу жаттығуы
2.Ой қозғау “Сөйлемді
аяқта” әдістемесі.
3.Мақалды мәтініне сәйкес
сурет бойынша орналастырыңыз
4. «Жанұя бақыты»
жобасы
5. Тыныштық сәті: (баяу музыканың үнімен өткізіледі.) «Гүлдің
оянуы»
6.Ата-анаға кеңес: Балалар өмір сүруді өмірден
үйренеді
Психолог: Қош келдіңіздер,
құрметті ата - аналар. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады
деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол,
тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып,
ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. Отбасы - Адам баласының
алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген
сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады.
Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын
бесігі.
Бала қанша балабақшаға барып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның
өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал
сіздердің ата - ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды
әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет –
балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі
тренингімізге қатысып отырған ата - аналарға әрдайым осы
балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп балабақшаға келе
беріңіздер демекпіз! Олай болса, бүгінгі тренингімізді бастамастан
бұрын өздерімізді таныстырып өтейік.
І. «Танысу»
жаттығуы
Ата - аналар өз есімдерін және баласының есімін айтып өз баласының
бойындағы жақсы қасиеттерді атап айту.
Ал енді музыка ырғағымен үш
топқа бөлініп отырамыз.
2.
Ой қозғау.“Сөйлемді аяқта”
әдістемесі.
— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі….
— Отбасы бұл…
— Отбасым бақытты болу үшін…
— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…
— Мен қалар едім отбасымның…
3.Мақалды мәтініне сәйкес
сурет бойынша орналастырыңыз
Әдепті бала ата-анасын
мақтатар
Әдепсіз бала ата-анасын
қақсатар
Балапан ұяда не көрсе ұшқанда
соны іледі
Бала тәрбиесі бесіктен
4.«Жанұя бақыты»
жобасы.
Мақсаты: Ата - ананың бала тәрбиесіндегі қарым — қатынасы туралы
түсініктер беру арқылы ата - аналардың білімін көтеруге
көмектесу.
Жоба шарты:1 топ «Мінсіз отбасы» моделін құру.2топ Заманауи отбасы
моделін құру.3. Бақытты отбасы моделін
құру
Яғни, ата - ана өзінің отбасын
салу және отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан жағына
отбасы сөздері арқылы жеткізу керек.
4. Тыныштық
сәті: (баяу музыканың үнімен
өткізіледі.) «Гүлдің оянуы»
Терең демалайық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп
көріңіздер. Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш
жарығы. Қандай тамаша! Қане, сұлулықты тамашалап көрейік! Бұл
таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік
әкелсін. Ішкі дүниеміз тап - таза, жап - жарық болып кетті. Міне,
керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! Түрлі -
түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің
ортасындағы дөңгелек бұл сіздің балаңыз. Бұл жәй гүл емес,
сүйіспеншілік гүлі. Көзіңіңізді жұмып осы гүлдің елестетіңіздер. Ол
әлі кішкентай. Күн оны жылытып, өсуіне көмектеседі. Гүлдің исін
иіскейміз. Міне, бізде қандай ғажап гүл пайда болды.
Ал, енді осы сәтті қағаз бетіне түсіріп, ата - аналар ақ параққа
гүлдің суретін салып, гүлдестерге баласына деген сүйіспеншілігін
жазып, өз ой - пікірлерін айтады.
Ата-анаға
кеңес
-
Баланы үнемі сынай берсе, ол жек көруді
үйренеді;
-
Егер бала өшпенділікте өссе, ол қатыгездікті
үйренеді;
-
Егер де балаға күле берсеңіз, ол тұйық болып
өседі;
-
Егер баланы сөге берсеңіз, онда ол кінәлі
сезіммен өседі;
-
Егер баланы әлпештей берсе, ол өзімшіл болып
өседі;
-
Егер бала шыдамдалықпен өссе, онда ол басқаларды
қабылдауды үйренеді;
-
Егер баланы қолдап тұрса, онда ол өзіне сенуді
үйренеді;
-
Егер баланы мақтаса, онда ол игілікті болып
өседі;
-
Егер бала қауіпсіздікте өссе, онда ол адамдарға
сенуді үйренеді.