Біз
біргеміз!!!
Мақсаты: Ұжымның
көңіл-күйлерін жақсарту, қарым-қатынасты нығайту, өзін
еркін сезінуге көмектесу, ұжым ауызбіршілігін
қалыптастыру.
Тренинг
ережесі:
1.Күлімсіреу;
2.Бірігіп жұмыс
жасау;
3.Өз ойын еркін ашық
жеткізу;
4.Белсенді қимыл
қозғалыс;
5.Еркін
отыру;
Тренинг
бағдарламасы:
“Комплимент,
қошемет»
“Үй,жол,жылан,шалбар және
орамал”
диагностикасы;
Ұжымдық
хор
4.«Жасырылған хат, ойлан
тап!»
Ыстық картоп
ойыны;
«Оның есесіне мен…»
жаттығуы
“Күн шуағы”
–қорытындылау.
Арайлап атқан таңмен күліп
оянудың денсаулығымызға қаншалықты пайдалы екенің білесіз бе?
Таңертең айнадан өз келбетімізді көріп, жай ғана жымиюдың күні бойы
көңіл-күйіңізге тигізер ықпалы мол. Күлу-адамдар қатынасының
маңызды бөлшегі. Мысалы, езуінен жымию адамның өзіне сенімділігін,
еркіндігін, мейірімділігі мен қуанышын білдіреді екен. Ал күлкі
иесінің жанына-тыныштық, жылу, деніне саулық сыйлайды. Барлық адам
күле алады. Күлкі арсыз дегенімізбен, күлкінің адам денсаулығына
пайдасы өте көп.
1.«Комплимент» психологиялық
жаттығуы.
Жаттығудың
шарты:
Қатысушылар қатармен
бір-бірлеріне комлимент айтып, мақтау
керек.
2.“Үй, жол, жылан, шалбар және орамал”
диагностикасы.
Қатысушыларға ақ парақ пен
қалам таратылады. Үй, жол, жылан, шалбар және орамалдың суретін
салу тапсыралады. Суретті салып аяқтағаннан кейін, диагностикасы
экран арқылы слиадпен көрсетіледі.
Үй
– адамның өзін-өзі бағалау
деңгейін көрсетеді.Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл адам
өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық.Үйдің
есік-терезелері бар болса – қарым-қатынасқа ашық адам. Үйдің есігі
ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын болса, бұл жәйт адамның
қонақжай екендігін білдіреді.
Жол – адамның қарым-қатынасқа
қандай деңгейде араласатындығының айғағы.Жол кең , әрі үйдің
есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім
және қонақжай екендігін көрсетеді.Жол тар немесе үйдің қасынан
(үйге бұрылмай)өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа
оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.
Жылан – “Басқа адамдардың мен туралы
пікірі қандай?”деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап
беретіндігіңіздің айғағы.Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық
тілі аузынан көрініп тұрса, ондаСіз “Басқалардың мен туралы
пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа
іспен айналыспайды екен” деген ойдасыз.Жылан үй жаққа қарап
тұрмаса, онда Сіз “Басқалардың мен туралы ойы жаман емес”деген
ұстанымдасыз.
Шалбар мен
орамал – адамдардың
түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін
көрсетеді.
Шалбардың суреті орамалдан
биік тұрса, онда адам өмірде ер адамды әйелдерден жоғары
санайды деген сөз.
3. «Екі қолға бір
қалам»
Ақ қағаз таратылады да екі адамға бір ақ
қағазға бір қаламмен сурет салу тапсырылады. Өзара келісімсіз салу
керек. Бір адам бағыттаушы болса, екінші бір адам еліктеуші болуы
керек. Суретті салып болған соң қандай қиындық туындады соны
талқылау. Қиындық туындамаса кім бағыттаушы, кім еліктеуші болғанын
анықтау.
4.«Жасырылған хат, ойлан
тап!»
Қатысушылар үш топқа
бөлінеді.
Психолог: Ерте-ерте-ертеде…. әлі
адамдардың әріп танымаған уақытта да, олар бір-біріне хат жазған
екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті біз бүгін оны
үйренеміз.
Әр топқа тапсырма сөйлемдер
беріледі. Сол сөйлемдерден сурет шығару
керек.
Тапсырмалар:
1.Жексенбі күні сағат
15.00-де менің туған күніме кел.
2.Бүгін жұмыстан кейін кино
көруге барайық.
3.Мен Астанаға ұшақпен
бардым.
Қарсылас топтар суретте не
жазылғаның анықтайды.
“Жеміс
ағашы”
Мақсаты: бүгінгі тренингтен алған
әсерлеріңізбен бөлісу.
Нұсқау: алма стикерлерін
қолдарына алып, тілектерін айтып, тақтаға жапсырып, алма ағашын
гүлдендірейік.
Құрметті әріптестер!
Біздің сіздермен кездесуіміз өз мәресіне жетті. Бірақ біздің
жолымыз әлі соңына жеткен жоқ, біз әрдайым қозғалыстамыз. Олай
болса ΧΧΙ ғасырдың жаңашыл педагогі, шығармашылықтарыңыз толағай
табыстарға толы шебер маман иесі болуларыңызға
тілектеспін!
Барлықтарыңызға үлкен
рахмет!
1.Жексенбі күні сағат
15.00-де менің туған күніме кел.
2.Бүгін жұмыстан кейін кино
көруге барайық.
3.Мен Астанаға ұшақпен
бардым.