Материалдар / Тренинг Дос және достық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тренинг Дос және достық

Материал туралы қысқаша түсінік
: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қаңтар 2020
1431
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Автордың аты- жөні: Рахметова Гулим Толеугазыевна

ШҚО Абай ауданы Қасқабұлақ ауылы М.Әуезов атындағы орта мектеп психологы

«Дос және достық» тренинг сабақ

Мақсаты:    Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту.

Міндеті:

1. Адам қарым-қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру;

2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету.

Сабақтың барысы:

Кіріспе әңгіме:  -Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар!

Сабағымызды бастамастан бұрын тренинг ережелерімен танысайық.  

І. Тренинг ережелері.

1.     Бір-бірін сыйлау.

2.     Көңілді болу.

3.     Ұзақ уақыт сөйлемеу.

4.     Бір-біріне қамқоршы болу.

Осы ережелермен келісесіздер ме?

  ІІ. Қызығушылықтарын ояту

-         Балалар, мына тағамды татып көріңдерші, дәмі туралы не айтар едіңдер?

( дәмсіз, тұзсыз)

-         Балалар, ендеше өмірде доссыз адамды да осы тағамға ұқсатуға болады. Доссыз адамның өмірінің мәні, сәні болмайды, тағамның тұзсыз дәмі болмаған секілді.

-  «Доссыз адам – тұзсыз тағам!» - деп, бекерге айтылмаған. Ендеше бүгінгі  сабағымыздың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар? (дос, достық )

- Дұрыс балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Дос және достық».

ІІІ. Ассоциация қабылдау сезімі.

Жаңа біз сіздермен «Доссыз адам – тұзсыз тағам» дедік.

Ендеше, « ДОС » сөзіне дәм кіргізейікші, дос қандай болу керек? Дос ол кім? 

-         Балалар, алдымызда күннің көзі, күннің көзіне не жетіспейді?(сәулелер)

-         Ал, енді бұл күннің көзін достық шуақтарымен толтырайық.

( тақтада берілген күн  «ДОС» сөзіне « шуақтарын » жазу ).

  ДОС: Көмектеседі, мейірімді, қайырымды, шыншыл, жанашыр, қамқоршы, ұқыпты, білімді, адал.

IV. Шаттық шеңбері.

Ендеше, бір-бірімізбен қол алыса отырып, өз ұранымызды айтайықшы.

Дос болайық бәріміз,

Жарассын достық әніміз.

Иықтасып жүрейік,

Қиындықта бәріміз. ( қимылмен көрсету )

  V. Мәтінмен жұмыс.   Екі дос. (Ел аузынан)

Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде  қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

     Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасшыға апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:

- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер мал мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім.  Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді.

     Қолбасшы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

-         Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.

-         Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

-         Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын.

-         Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.

     Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.

     Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.

     Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады» - деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.

 

-         Осы әңгімеде қандай достық туралы айтылады?

(Екі жауынгердің адал достығы туралы айтылады)

  VI. Дәйексөз.

-         Балалар, бүгінгі тақырыбымыздың дәйексөзі «Шын дос – таусылмас қазына» осы дәйексөзді қалай түсінесіңдер?

Осы жауынгерлердің достығын мысалға алуға болады.

Мақал-мәтелдер

1.     Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас.

2.     Досың мың болса да – аз,

Дұшпаның біреу болса да – көп.

3.     Досыңменен дос болғанға шаттан

Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.

4.     Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.

5.     Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды.

 

V. Социометрия әдісі.

Мақсаты: Балалардың ұжымдағы өзара қарым-қатынасын анықтау, алынған

                   мәліметтерді оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану, топ ішінде

                   психологиялық қолайлы жағдай орнату.

Нұсқау: Балалар, берілген  сұрақтарға жауап жазыңдар.

1.     Кіммен дос болғың келеді?

2.     Партада кіммен бірге отырғың келеді?

3.     Мерекелерде кімге сыйлық бергің келеді?

VI. Достық ролигі

-         Адамдар тек қана бір-бірімен дос болып қана қоймайды, қоршаған ортамен де дос болады екен. (Ролик)

X. «Қоршаған ортамен қарым-қатынас» тесті

  -         Қоршаған ортамен достықтарын болды ма?

Қоршаған орта

Достармен

Табиғатпен

Құстармен

Кітаппен

Жануарлармен


Сұрақтар






1

Сіз кіммен доссыз?







VII. Қорытынды: Балалар, қалай ойлайсыңдар шын достық ұмытыла ма?

1.     Достық  дегенді қалай түсінесіңдер? Осы суреттерге өз ойларыңды жазып жеткізіңдер.

2.     Жазып болдық па? Енді осы жазғандарыңды оқып беріңдер. Суреттеріңді тақтадағы достық әлеміне орналастырыңдар.

VIII.  Шығармашылық жұмыс. Достық гүлін жасау.

IX.  Жүректен жүрекке

-         Балалар, достық шеңберін құрайық,

Дос дегенің шыр айна,

Сындырып алма абайла,

Сындырып алсан егер де,

Құрастыру оңай ма?

-         Балалар сондықтан достықты ешқашан сатуға, сындыруға болмайды, достықтарыңа берік болыңдар. Бір-бірімізге жылы тілектермен, мейірімді сөздермен  осы достық гүлімізді сыйлайық.









Тақырыбы: Достық неден басталады?Психологиялық тренинг

Мақсаты:«Дос», « Достық» құндылығы туралы түсінік беру.

Міндеттері:

-         «Дос», «Достық» құндылығы туралы түсінік беру;

-         Достарға деген мейірімді қарым-қатынасқа үйрету;

-         Достаса білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:

Доп, бояу,карандаш, плакат.

Шаттық шеңбері

-         Сәлеметсіңдер ме, достарым! Мен бүгін сенднрді көргеніме қуаныштымын.

Сендерді шаттық шеңберіне шақырамын.Бәріміз қол ұстасып, шын жүректен бір-бірімізге күлкімізді сыйлайық.

 Достар енді өз есімдерімізді, өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер.

Мысалы: Салмақты Сәуле,Ардақты Асқар т.б

-         Әңгімелесу

Суретке қарап әңгіме құрастырайықшы суретте кімдерді көріп тұрсындар

-         Достық дегенімізді қалай түсінесіздер?

-         Достық неден басталады?

-          Дос туралы  өлең, мақал-мәтел білесіңдер ме?

 

 

                     Ойын « Менің досым»

 Балалар мен сендерді ойын ойнауға шақырамын.Шеңберге тұрып әр бала доп «лақтырып досың қандай екенін айтады?

-         Сенің досың кім?

-         Сен кіммен достасқың келеді?

-         Сен досыңа не тілейсің?

-          Сенің досың қандай?

-         Сен досыңмен қалай ойнайсың?

-          Сенің досыңның мінезі қандай?

-         Досыңның сүйікті әні?

-         Досыңның ұнататын түсі?

-          Досыңның сүйікті тағамы?

-          Досың бос уақытта немен шұғылданады?

-         Досыңыздың сүйікті кітабы қандай?

Тыныштық сәт

                 Шығармашылық жұмыс

« Кіммен дос болғың келеді.»

« Достық неден басталады?»

 Кездесу ойыны

Мақсаты: Адамның көңіл-күйі түрлі сезімдері іс жүзінде қалай көрініс беретіндігі, адам бойында көңіл-күй сезімдерін орынату.

Оқушылар сыртқы шеңбер құрайды, әр жұпқа тапсырма беріледі.

-         Сыйлаған гүл шоғын қабылдау кезіндегі қуаныш

-         Досыңызбен  қоштасу кезіндегі мұң

-         Досыңыздың жеңісіне мақтаныш

-         Досынызды ренжітке сәтіңіз

Сабақты қорытындылау

     Бүгін  біздер достар туралы әңгімелестік. Достар әрқашан бір-біріне көмектеседі,мейірімді, қамқор, қайырымды болуы керек.Сондықтанда оқушылар достықты адал сақтайық, достарымыз көп болсын деген мақатпен  жүректерімізден шыққан тілекті достарымызға сыйлайық.

 Ән: Дос болайық бәріміз  Сөзі: Х.Талғаров

                               Әні: И.Нүсіпбаев

  әні шырқалады  

Психологиялық тренинг

Тақырыбы: "Мен ғажайыппын"

Мақсаты: Педагогтардың эмоцияналды және көңіл-күйлерін көтеруге,кәсіби жанудың

алдын алу,топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.

Эпиграф: "Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз, ойын

ойнамағандықтан қартаямыз."

Бернард шоу

Қатысушылар: мұғалімдер

Жұмыс түрі: топтық жұмыс

Көрнекілік құралдар: тақта,бор,доп,ватман,фламастерлер.

Жоспар:

1.Жаттығу "Хор"

2.Мен ғажайыппын (Мұғалімдердің әр түрлі көзқарасын анықтау)

3.Оқушы көзімен

4.Арт-терапиялық жаттығу."Кезекпен сурет"

5.Жаттығу "сыйқырлы ғажайып тілек"

6.Жүргізілген жұмысты қорытындылау.

Жүргізуші: Салеметсіздер ме қымбатты ұстаздар! Біздің көбіміз яғни барлығымыз биікте ғажайып болғымыз келеді. Ал енді осы "ғажайып" дегеніміз не? Біздің бүгінгі кездесуімізде осы ғажайып сөзінің педагогикалық тұрғыдан талдап көрейік. Енді барлығымыз "Ғажайып" сөзіне ұқсас бір-бір сөзден сөз айтып көрейік. Қатысушылар, мысалы мына сөздерді айтуы мүмкін:идеал, үлгі, нәзікке ұқсас,бір бағыттағы, ескерткіш, сондай бір өте жақсы, т.б.

Жүргізуші: Ожеговтың сөздігінде «ғажайып» сөзіне анықтама бар - бұл "барлық жақсы қасиеттердің қамтылған, ең жоғарғы дәрежедегі қасиет". Енді осы қасиетті өз бойымыздан іздеп көрелік,ғажайып болмаса да, бойымызда таң қаларлық мінез болуы мүмкін.Жұмысымызды бастамас бұрын, танысып алайық, әрбір қатысушы өз атын айта отырып, бойындағы жақсы қасиетін айта кетеді. Келесі қатысушы алдыңғы қатысушының атын, жақсы мінезін айта кетеді.

Келесі жаттығуымыз "Хор"деп аталады. Залдан бір қатысушының сыртқа шыға тұрғанын өтінемін,залда қалған қатысушылар бір төрт жол тақпақтың сөздерін бөліп-бөліп алады. Сыртқа шыққан адам келген кезде бір, екі, үш деген нұсқаудан кейін әрбір қатысушы өз сөздерін айтады. Сырттан кірген адам қандай тақпақ екенін табу керек.

Бұл біздің сергіту жаттығуымыз болатын.

Келесі жұмысымызға көшелік. Бірінші бөлім бойынша біз қандай ғажайып не екенін айқындауға тырыстық. Тақырыбымызды одан әрі ашу үшін, балалардың көзімен,яғни оқушы көзімен ғажайып деген ұғымды түсүнуге тырысып көреміз. Екі топ қатысушылары: бірінші топ - бастауыш оқушылары, екінші топ - жоғары класс оқушылары. Жайлы, жақсы отырып алыңыздар, екі қолдарыңызды тізеге қойып, орындыққа арқаларыңызды тигізіп орнықты отырып,көз алдыңызға бастауыш және жоғары класс мұғалімдерінің қандай болатындығын елестетіңіздер. Енді әр бір топ өзара келісіп, шешімге келіп мұғалімнің төрт жақсы қасиетін қағазға жазып орталарыңыздан біреу шығып қорғап шықсын.

Қорытынды: "бастауыш оқушылары" тобының пікірі : мұғалім мейірімді, әдемі, көңілді, шыншыл болу керек.

"жоғары класс оқушылары" тобының пікірі: өз мамандығының кәсіби шебері, ұйымшыл, қатаң, қазіргі талапқа сай болу керек.

Жүргізуші: Ал енді сіздер үлкен адам кейпіне еніп, тәжірибелі ұстаз болуға тырысыңыз. Екі топ бірігіп, мұғалімдерге берген оқушылардың сапаларын талқылап ашып көрелік. Тақтаға жазамыз. Біздің мысалда болған төрт сапа шыншыл,қатаң, кәсіби шебер, ұйымшыл,осы сапалар біздің бойымыздан табылады деп ойлаймыз.

Енді келесі жұмысымызға көшелік ол - арттерапиялық жаттығу "Шеңбер бойынша сурет». Біз қазір ақылдаспай біртіндеп шығып мұғалімнің суретін саламыз. Сурет бойынша қорытынды: идеялды мұғалімнің суретін саламын деп кім пайда болды... «әрдайым көріп жүрген мұғалімнің бейнесі». В.Вишневскийдің афоризмін еске түсіретін болсақ."Мені ғажайыпқа дейін жеткізбе!" дегендей, «ғажайыптылық» өзіміздің жүрегімізде болады.

Біздің кездесуіміз таяп келе жатқан секілді. Бүгінгі шыққан нәтиже жемісіне оралатын болсақ педагогтардың мықты жақтарын тағы да бір еске түсіре отырып, бір-бірімізге қағазға жақсы тілек сөздерін жазыңыздар. Сосын оны қобдишаға саламыз. Сонан соң мен оларды араластырып сіздерге ұсынамын. Сіз алған хатты топ алдында оқып, өзіңізге бүгінгі күннің е

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!