Тренинг: Эмоционалды қарым-қатынас ерекшеліктері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг: Эмоционалды қарым-қатынас ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың эмоционалды қарым-қатынас жайымен таныстыру және түрлі қарым-қатынас жағдайларында жағымды эмоционалды байланыс орнату дағдыларын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Эмоционалды қарым-қатынас ерекшеліктері. Эмоционалды байланыс орнату тренингі.»

Мақсаты: Оқушылардың эмоционалды қарым-қатынас жайымен таныстыру және түрлі қарым-қатынас жағдайларында жағымды эмоционалды байланыс орнату дағдыларын қалыптастыру.

Құрал-жабдықтар: магнитафон, аудиокассета.

Амандасу;

Жүргізуші қатысушылармен амандасады және олардан шартты белгімен дайын екенін көрсетулерін сұрайды.

«Сөздер» жаттығуы.

Жаттығудың мақсаты: тренингтің бағытына және ырғағына ену.

Жүргізуші: Эмоционалдық көріністің түрлерін білдіретін сөздерді атаңыз:

таңқалу

қорқыныш

жек көру

шаршау

махаббат,т.б.

Қазір сендерге маңызды болып отырған эмоцияны атаңыз.

Қарым-қатынасқа жататын сөздерді атаңыз:монолог

әңгіме

пікірталас

әңгімелесу

тіл

сөз сөйлеу,т.б.

Енді, біздер қандай тәсілдер арқылы қарым-қатынасқа түсеміз соны анықтайықшы:сөзбен

дыбыспен

мимикамен

көзбен

интонациямен

жестпен

Жүргізуші: Осы жаттығуны қорытындылай келе, қарым-қатынас сөздер арқылы (вербальды қарым-қатынас), сонымен катар сөзсіз (вербальды емес қарым-қатынас) арқылы жүзеге асады. Қарым-қатынастың әр түрінде эмоция қатысады.

Эмоционалды емес қарым-қатынасқа мысал:

а) хабарлау-бұл қарым-қатынас түрінде, бір адам екінші адамға қандай да бір мәлімет береді;

б) ниет-бір адам екінші адамды қандай да бір байланысқа, әрекетке ояту үшін жүзеге асатын қатынас түрі.

Эмоционалды қарым-қатынас-эмоционалды мәлімет, эмоционалды пікір алмасу қатысатын қарым-қатынас түрі.

Бүгінгі тренингтің тақырыбы: «эмоционалды байланыс тренингі» деген едік, яғни бүгін біз «қолдау» туралы айтамыз.

  1. «Қолдау» түрі-комплимент.

Жаттығу «Комплимент»

Жаттығудың мақсаты:

-топтағы қысымдылықты түсіру;

-өзге адамның жағымды сапаларын көре білуге үйрету;

-жағымды қарым-қатынас орнату үшін қажетті сөздерді таба

білуге жаттықтыру.

Жаттығуда қатысушылар бір-біріне комплимент айтады.

  1. «Қолдау» түрі-жест және мимика.

Қатысушылар жұп болып болініп жест және мимикаға мысал

келтіреді: құшақтасу

қол беріп амандасу

көз қысу, т.б.

«Қимылды жалғастыр» жаттығуы.

Мақсаты: қатысушыларға бір жестті адамның көңіл-күйіне, сезіміне байланысты түрлеше қабылдайтынын көрсету;

-қысымдылықты түсіру.

Жаттығу шеңбер бойынша орындалады.

  1. «Қолдау» түрі-мақтау.

Мысал:Жарайсың!

Өте жақсы!

  1. «Қолдау» түрі-сыйластық білдіру.

Қолдау көрсетуге мысал:Уайымдама, үлгіреміз!

Біз сенімен біргеміз!

Релаксация.

Жүргізуші: Ыңғайлы отырыңыз. Ойыңызды өзіңізге, өзіңіздің сезімінізге бағыттаңыз.денеңізді сезініп, өзіңізді бос ұстаңыз...Сіз аспанға қарап жатырғаныңызды елестетіңіз. Аспанды өзіңіздің ішкі дүниеңізде сезіңіз. Оның шексіздігін сезіңіз.

Санаңыз сергек,ал денеңіз демалуда...Сендер менің дауысымды тыңдап отырсыздар...Ойыңызды менің дауысыма бағыттаңыз! Мен сендерге жақсы қарым-қатынаста екенін сезініңіз және менің әр сөзім сендердің жүрегіңізге орын тапсын.

Жылулық дегеніміз не, соны елестетіп,сезініңіз! Өміріңізде сендерге жылулықпен және махаббатпен қараған күндерді есіңізге түсіріңіз.Оны сезініңіз. Ал енді сіз біреуге жылулықпен қарайтыныңызды елестетіңіз.Жылулық сеземін білдірген немесе білдіргіңіз келген жағдайды елестетіңіз.Оны сезініңіз. Бұл сезімді есте сақтаңыз.

Жақсы...

Енді, жанашырлық сезімін елестетіп, сезініңіз. Сендердің туыстарыңыз-әке-анаңыз, ата-әкеңіз, аға-апаңыз жанашырлықпен қараған күндерді есіңізге түсіріңіз. Оны сезініңіз.

Ал енді, сіз өзге адамға жаныңыз ашығанын сезініңіз. Оның уайымын сезініңіз. Сіз оны жұбатыңыз, түсіністікпен қараңыз...Бұл сезімді есіңізге сақтаңыз...

Жақсы...

Енді, әділдік не екенін есіңізге түсіріңіз. Өзіңіздің қасыңызда отырған адамардың бет әлпетін есіңізге түсіріңіз. Ал енді,әрқайсысын ойлаңыз. Сіз ол адамға қандай тілек тілер едіңіз, соны ойлаңыз. Сонымен,қасыңызда отырған адамдардың барлығын есіңізге алып, оларға жақсылық, бақыт және махаббат тілеңіз.

Бұл жаттығу сіздің өміріңіздегі жақсы күндерді есіңізгі түсіруге мүмкіндік берді. Қазір сендерде негізгі болып табылатын эмоция қайсысы екенін сезініңіз. Оны атаңыз.

«Активатор» жаттығуы.

Жаттығудың мақсаты: сергектік, белсенділік жағдайына оралу.

Шеңбер бойынша жалғастыру:

-мамықты;

-қарды;

-ыссы жұмыртқаны:

-тірі тышқанды.

Қорытындылау

Ауызша анкета жаттығуы.

Шеңбер бойынша қатысушылар келесідей сұрақтарға жауап береді:

-Осы тренингте сезіміңізде орын алған сәттер болды ма?

-Сізге не ұнады?

-Қазір сіздің көңіл-күйіңіз қандай? Ешкімнің көңіл-күйі түскен жоқ па? Бәрі жақсы ма?

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
2118
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі