Тренинг "Мен жаңашыл мұғаліммін"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг "Мен жаңашыл мұғаліммін"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім мамандығын жаңадан баcтап жатқан жаc мамандарға өз мамандығының өнерлі,жан-жақты маман болу үшін cерпін беру үшін тренинг өткізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімдермен өткізіледі

Тренинг: «Мен жаңашыл мұғаліммін»

Мақсаты: Мұғалімдердің эмоциналды көңіл-күйлерін көтеру арқылы білім берудің мазмұның жаңарту жағдайында педагогикалық –психологиялық қолдау көрсету, өзіне деген сенімділіктерін арттыру.

Психолог сөзі: Құрметті мектеп мұғалімдері! Сіздерді Ұстаздар күнімен құттықтай отырып, бүгін сіздермен«Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру мен тәрбие үрдісін педагогикалық-психологиялық қолдау»шығармашылық тақырыбыма сай білім саласында жаңартылған білім беру мазмұнына көшуге байланысты тренинг өткізгелі отырмын. Бұл тренингтен сіздер өздеріңізге көп ақпараттармен қатар өз жұмыстарыңызға шабыт алады деп ойлаймын.

Қазіргі заман талабына сай латын әліпбиіне көшуді қолға алып жатқандықтан және мұғалім жан-жақты өзін дамытып отырғанда ғана үлкен жетістікке жететінін ескере отырып, бүгінгі тренингте бір-бірімізбен жапон әліпбиімен танысамыз.

1.Танысу: ағылшынша танысу

My name is Janar

2. Жаттығу «Қар қиыршықтары»

Нұсқау: Ақ қағазды алып ортасынан бүктеймізде, оң бұрышын жыртып аламыз.Тағы да бүктеймізде оң жақ бұрышын жыртып аламыз.Осылайша мүмкіндігінше жалғастырамыз. Енді барлығымыз өзіміздің қар қиыршықтарымызды ашып қараймыз.

Психолог сөзі: Байқап қарасаңыздар, әрқайсысыңыздың қар қиыршығыңыз әртүрлі болып шықты. Бұл дегеніміз айтылған тапсырма бірдей болғанымен, әр адамның қабылдауы әртүрлі. Сондықтанда қазіргі жаңартылған білім беру мазмұнына көшуде әр мұғалімнің ойы, пікірі көзқарасы әртүрлі. Сіздер өздеріңіз алған білімге толық қанағаттанып, әрқайсысыңыз өз алған білімдеріңізбен жұмыс жасап, өздеріңізге толық сенген адам ғана жеңіске жететінін ұмытпаңыздар.

3-тапсырма «Формативті және суммативті бағалау»

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқушыларды бағалаудада өзгерістер болып жатыр. Енді сол бағалаулар арқылы біз өзімізді формативті және суммативті бағалау бойынша бағалайықшы.

Формативті бағалау бұл күнделікті бағалаудеп аталады.Яғни біз өзімізді 3 күн бойы қалай бағаладық? Соған жауап берелікші.

1 күн- Әйел

2 күн-Ана

3күн-Мұғалім дәл қазір өзімізді өзіміз бағалап айтайық.

Формативті бағалау арқылы бағаладық.

Енді өзімізді суммативті бағалайық.

1 айдан кейін Мен қандай боламын?

4-тапсырма «Блум таксономиясы бойынша бұл өмірге, қызметіне ой шолу»

Мұғалімдер өз- өздеріне сұрақ қойып жауап береді.


Осы Блум таксономиясы бойынша әр мұғалімге өзінің өміріне, қызметіне байланысты білген , түсінген, қолданған, талдаған, жинақтаған және бағалағантәжірибелерімен ой бөлісу ұсынылды.

5-тапсырма «Даралықтан- даналыққа»

Әр мұғалім өздеріне ұнаған даналық сөздерді таңдап, өз ойларымен бөліседі. Мұғалімдерге осы даналық сөздер бойынша жігерлендіру сөздері айтылады.

  1. Нағыз өмір- үйреншікті жылы аймақтан шыққанда басталады.

  2. Дамудың болмауы құлдырауға әкеп соғады.

  3. Біреуді өзгереді екен деп ешқашан үміттенбе. Өзгерісті ылғи өзіңнен баста.

  4. Өмірде өзгені емес, өзіңді басып озуға ұмтыл.

  5. Ешкім сізден ақылды емес, тек олар сәл ертерек бастаған.

Кері байланыс: «Бір сөзбен әдісі»

Мұғалімдерге 12 сөз жазылған парақша таратылады. Сол парақшаға тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, өздерінің жүрегіне жақын болған сөзді таңдайды.

Төзімсіздік. Ашу. Қуаныш. Немқұрайлылық. Қанағаттану. Шабыт. Зерігу. Алаңдау. Тыныштық. Сенімділік.

Қорытынды.Психолог сөзі:Бір дана келе жатса, алдынан тас тиелген ауыр арбаны итеріп келе жатқан адамды кездестіреді. «Сен не істеп келе жатырсың?»- деп сұрайды дана одан. Ол: «Көрмей тұрсың ба, мына қарғыс атқыр арбаны сүйреп келемін», - деп жауап береді. Алдынан екінші арбаны сүйреген кісі шығады. Сондай сұраққа ол «Не істейін ойнап жүрген жоқпын, ақша табудың амалын жасап жүрмін»,- дейді. Тап сондай арбамен үшінші адам келеді. «Ал сен не істеп келесің?» деген сауалға ол: «мен ана тұрған қасиетті мешітті салып жатырмын» - деп қуана жауап беріпті. Барлығының да салып жатқандары мешіттің құрылысы екен деп айта келе мұғалімдерге ұстаздық жолында шаршамай, талмай балаға деген риясыз көңілмен жұмыс жасауларына шығармашылық табыс тіледі.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.05.2024
384
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі