Материалдар / Тренинг Өмір, сен маған қымбатсың !
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тренинг Өмір, сен маған қымбатсың !

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологтарға көмек ретінде тренинг
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2020
838
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Маңғыстау аудандық білім бөлімінің Есір Айшуақұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ




Тренинг






Өмір, сен маған қымбатсың !






Психолог: Б.Көңілқосова








2020-2021 оқу жылы

Тренинг тақырыбы: Өмір, сен маған қымбатсың !

Мақсаты :

өмір адам баласына бір ақ рет берілетін қымбат сый екенін түсіну;

адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту . Жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жиренту

балалардың ойын ашу , өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру .

Көрнекілік :

Өмір – қымбат сый ”.

“…Әрбір қиын мәселенің шешілетін жолы бар .”

Өз өмірің , өз әлемің өз қолыңда .”

“ …Өмірдің барлық сәтсіздіктері бақытсыздық емес .”деген нақыл , мағаналы сөздер жазылды .

Бірінші біз іс – шарамызды бастамас бұрын Ереже қабылдап алайық.

Ереже :

біз тыныштықты сақтаймыз ;

бір – бірімізді тыңдаймыз ;

өз ойларымызбен бөлісеміз;

сезімдерімізді сыйлаймыз ;

бір – бірімізді мазақ етпейміз ;

уақытымызды үнемдеп , қысқа да нұсқа жауап береміз;

тәртіппен , өз кезегімізбен сөйлейміз ;

мектеп ережесін бұзбаймыз ;

Психолог сөзі : – Өмір – ол адамға бір – ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый . Осындай сыйды саған сыйлаған кім ?…

Әрине саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың ,

ол сенің ата – анаң .Сондықтан оларды ренжітпеуіміз керек ,айтады – ғой,

Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаңда борышыңды өтей алмайсың” -деп. Себебі , біріншіден ол саған “өмір” сыйлады , саған жарық дүние көрсетті , сені өсірді , сенің ыстығыңа күйді , суығыңа тоңды, түн ұйқы-

сын төрт бөліп сені аялады , тәрбиелеп өсірді .

Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа , сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің.

Өз өмірің , өз әлемің өз қолыңда ! Біреуге ренжіп ,біреуді кінәлап , мін

тағу дұрыс емес . Өмірдегі қайғыны , қиындықты , сәтсіздікті көтере білу керек. Жаңа , жақсы ойлар ойлау керек.

Адам өмірі жеңіс пен жеңілістен , сәттілік пен сәтсіздіктен , қайғы мен қуаныштан құралады . Міне өмірдің өзі біле – білсең сонысымен қымбат.

Енді осы өмір туралы ойларымызды тренинг – жаттығу жасау арқылы жалғастырайық .

Қызығушылықты ояту

Ойлануға арналған балықтар ” жаттығуы. ( сұрақ – жауап түрінде )

Өмір дегеніміз не , қалай түсінесің ?

Өмір сүру жақсы ма ,әлде жаман ба ?

Сен бақыттысың ба ?

Сені не қобалжытады , сондай кездерің болады ма?

Егер саған біреу қатты дауыс көтеріп ұрысса , сен не істейсің ?

Сенің мінезіңнің жаман , жақсы жақтары қандай ?

Келешекте сен өз өміріңді қалай құрар едің ?

Мағынаны тану

Психолог сөзі : Сонымен өз ойларыңмен бөлісіп , пікірлестіңдер,өмір сүру үшін күйретуші ойлардан аулақ болуымыз керек екен ұқтыңдар.

Мазасыз жаман , жағымсыз , мағынасыз ойлар адамды психикалық , тәндік жарақатқа шалдықтырып , тіпті өлімге әкеліп соғады .

Өздерің ойлаңдаршы ? Сонда не өзгереді ? Одан сен не ұтасың ?

Оның кімге пайдасы , кімге зияны тиеді ? …

Ештеңе де өзгермейді , ештеңе де ұтпайсың , еш пайдасы жоқ , керісін –

ше өзіңе жақын адамдарыңа зияныңды тигізесің .

Әрине дұшпаныңа күлкі , достарыңа , ең қымбат адамыңа , ата – анаңа,

бауырларыңа орны толмас қайғы , қасірет әкелесің , одан басқа ештеңе жоқ. Өмірдегі кездесетін сәдсіздіктерді уақытша қиындық деп қабылдау керек. Әр нәрсенің ақырын шыдамдылықпен күтіп ,не істесеңде ойланып істеуге үйрену керек. Сабырлы , шыдамды , төзімді болуды үйрен .

Өмірде бәріде өткінші екенін ұмытпа . Ерте ме , кеш пе ол дүниеге бәрі- бір барарымыз анық , сондықтан асықпа .Сол өлшеулі уақытқа дейін бә-

ріне төзуіміз керек.

Мысалы : Дінде “ Алла саған өмір берді , сол Алланың бұйрығымен өмір- іңді Алла ғана алады .” делінген. Өз -өзіне қол жұмсау кешірілмес үлкен күнә болып есептелінеді Міне сондықтан ондай ойлардан аулақ болайық.

Әрі қарй ой бөлісу , пікірлесу үш тағы жаттығу өткіземіз.

Сөйлемді жалғастыр ” жаттығуы .( жазылған сөйлемді өз сөзімен толықтырып жазып , ой қорту .)

Жақсы өмір – бұл …..

Баққытты адам – ол ……

Психолог сөзі : Әрине өмірдің барлық сәтсіздіктері бақытсыздық емес .

Өмір – өзен ағып жатыр , тынбайды ,

Өмір болмас қасіретсіз , мұң қайғы ,

Сондықтан да , өз – өзіңе абай бол ,

Өмір сені сонда ғана шыңдайды . – деп ақындар жырлағандай , Өмір – арнасы кең өзен , сол өзеннен өз арнаңды тауып ағу сенің басты мақсатың. Ал өз мақсатыңа жету оңай емес , ол үшін қандай да бір қиын-

дықтарға , кедергілерге кездесуің мүмкін .Ал енді біреулерге қиындықтар

кездеспеуі де мүмкін . Сондай кездерде біреулерге қызғаншақтық , көреал-

маушылық танытпа ,өз мақсатың үшін күресе біл .Өзіңнің күшті жақта-

рыңды көрсет , әлсіздік , шарасыздық танытпа . Сен өз өмірің үшін өмір сүруге тиіссің . “Екі бақа” аңызы мысалға келтіріледі .

Ал сен біреуге ренжіп неге оп оңай өле салуың керек , бақа ғұрлы жоқ-

сың ба ? Бақа да өз өмірі үшін күресіп ақыры жеңіске жетті .

Адам өзін – өзі тәрбиелеуі , алдына мақсат қоя білуі керек. Сол мақсатқа

жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып , “өз өмірім өзіме құнды ” деген қағиданы басты назарда ұстауы қажет .

Біз өмірде өзімізге мақсат қоя білеміз бе ? осыны тренинг жаттығу жүргізу арқылы тексеріп , дәлелдеп көрейік .

Егер сен ағаш болсаң ” . Балалар ,(жапырақ , діңгек , тамыр) біреуін таңдаулары керек , неге таңдағандарын айтып түсіндірулері қажет.

жапырақ – ол көктейді , гүлдейді;

діңгек – барлық ауыртпашылықты , жпуапкершілікті көтереді ;

тамыр – ол арқылы бүкіл ағаш қоректенеді ;

Келесі тренинг “ Менің мақсатым .” Сендер әрбіреуің бір – бір үйдің гүлісіңдер , сондықтан өз мақсаттарыңды берілген гүлдерге жазып осы ағашқа ілулерің керек .

Психолог сөзі : Осы мақсатымызға , арманымызға жету үшін не істеуіміз керек.? Ол үшін ең бастысы денсаулығымызды сақтауымыз керек.

Өмір арпалыс , күрес .Бұл табиғат заңдылықтары .Өмірде мойымағандар тарихта аттарын қалдырып кеткен , ел есінде сақталған адамдар .

Сондықтан осындай адамдарды өздеріңе үлгі тұтыңдар .

Қане кімде осындай үлгі тұтар адамдарың бар ? ( қысқаша өнегелі өмірлерін айтып беру .)

Адам өзіне – өзі ,өз ісіне сенімді болуы керек , олай болса келесі жаттығуымызды жасайық .

Өзіндік бағалау ” жаттығуы .

мақсаты: өзіне деген сенімділігін дамыту .

Ой толғаныс

Психолог сөзі : Қымбатты балалар !  Қызықты өмір сүру үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

Мен қазір  сіздерге психологиялық кеңес беремін , естеріңе ұстаңдар .

Психологиялық кеңес : қызықты өмір сүру үшін …

ай сайын жаңа кітап оқы  оқығандарыңды көңіліңе тоқы

икемің бар іспен айналыс , мысалы (ән айту , би билеу , шеберлік істер )

әрбір демалыс күніңе жоспар жасап, қызықты өткізуге тырыс ,

ертеңгілік жаттығу жаса , сергек жүресің

ата – анаңа , бауырларыңа т.б. жақындарыңа көмектесіп тұр.

әр айдың бір күнінде өзіңді басқа біреудің орнына қойып көр , содан

өзгеше ойлап , тәлім алуға тырыс ,

әр күні кешке “ мен бүгін не істедім?” деп өзіңе есеп беріп үйрен

күнделік жазуға дағдылан , ол сенің ең сенімді серігің бола алады .

Рефлексия: бүгінгі тренингтен алған әсерлерін және достарына, өздеріне арналған тілектерін жазып «тілек» ағашына апарып жапсырады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!