Оқушының өзіндік «Мен»
концепциясын дамыту
Мақсаты: қатысушылардың өз-өзін ашу,
өзін тануы; «МЕН концепциясының» айқындалуы; өзінің және
айналасындағы адамдардың психологиялық сипаттамаларын анықтай және
талдай алуын дамыту.
Құрал-жабдықтар: А4 қағаздары, түрлі түсті
маркерлер, плакаттар
Жүргізілу
барысы:
Ұйымдастыру
Тренингімізге бастау үшін өз
еркімен қатысамын деушілер ортадан орын алсын. Алдымен эмоциялық
жаттығу жасайық.
Шаршадым «Уһ!»
дедім
Ренжідім «Туһ!»
дедім
Қорықтым «Ой!»
дедім
Өкіндім «Аһ!»
дедім
Шарасыз «Еһ!»
дедім
Таңырқап «О!»
дедім
Кейідім «Е!»
дедім
Қуанып «Ха-ха-ха!»
дедім
І. Психотехникалық жаттығу
«Комплимент».
Жүргізуші допты екінші бір
қатысушыға комплимент айтып береді. Допты алған қатысушы, келесі
қатысушыға комплимент айта лақтырады. Комплимент қысқа да нұсқа,
бір ғана сөзден болуы керек. Мысалы: әдемісің, мейірімдісің,
т.б.
психолог: Рахмет, балалар, енді топқа
бөлінейік, ол үшін алдарыңыздағы түстерді таңдаңыздар. Көк түстілер
І топ, сары түстілер ІІ топ. Оқушылар түрлі түсті конфеттерді
таңдау арқылы 2 топқа бөлінеді.
ІІ. Екі топқа
тапсырма:
1-топқа: «Нағыз адамдық»
қасиеттерді бейнелеңіздер.
Мысалы: Нағыз адами қасиеттер,
яғни нағыз адам болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер ең
басты, ең маңызды болу керек деп
ойлайсыңдар?
2-топқа: «МЕН» концепциясын
айқындаңыздар.
Мысалы: «Мен кіммін?», Қазіргі
қоғамның қойып отырған талабына саймын ба? Болашақ өмір жолымды
айқындай алдым ба? Алға қойған мақсаттарыңыз қандай? Өзіңіздің
болашаққа қойған жоспарларыңыз? Үш тұғырлы тіл
туралы?
Осы тапсырма бойынша оқушылар
постер қорғайды.
ІІІ. Оқушылармен ой
бөлісу.
-
Ал, кім өзін жэақсы
біледі?
-
өзіңдегінің барлығы өзіңе ұнай
ма?
-
Сен өзіңді басқалардан қандай
айырмашылығым бар деп ойлайсың?
-
Өзіңді біу керек
пе?
-
Құрметті де, сыйлы адам атану
үшін өзіңе қандай қасиеттер керек деп
санайсың?
ІV. «Менің мінез-құлқым»
жаттығуы.
Алдарыңызда берілген ақ
парақты сызу арқылы төрт бөлікке бөліп, көмекке берілген сөздердің
ішінен аңдардың немесе құстардың суретін салыңыздар. Осы салған
суреттеріңіз арқылы сіздің мінез-құлықтарыңызды айқындауға
болады.
Мысалы:
Ит
Аққу
Түйе
Арыстан
1.Төлдерді таңдаған адамдар
(бота, балапандар) еркелегенді, еркелеткенді ұнататын адамдар; 2.
Түйе – шыдамдылық; 3. Ат – тектілік; 4. Қой – жайдарлылық; 5. Ешкі
– Ұйымдастырғыш қабілеті бар; 6. Ит – адалдық; 7. Мысық – биоөрісі
басым адамдар; 8. Тауық – Шығармашылық; 9. Қаз, үйрек –
ұқыптылыққа, сақтыққа, тазалыққа бейім адамдар; 10. Үкі, байғыз –
сақтық; 11. Қарлығаш – бауырмал адамдар; 12. Көгершін, аққу –
сезімді жоғары бағалайтын жандар; 13. Жыртқыш аңдар: аю, қасқыр,
барыс, арыстан, қабылан – қайратты, жігерлі; 14. Түлкі -
бейімде–гіш; 15. Жыртқыш құстар: бүркіт, лашын – сұсты адамдар; 16.
Балық, дельфин – еркіндікті жақсы көретіндер; 17. сайрайтын құстар
(бұлбұл, бозторғай) – ән айтатын адамдар; 18. Тауешкі, марал,
ақбөкен – талғамы биік адамдар; 19. Маймыл – артистік қабілеті бар;
20. Жылан – салқынқандылық, сабырлылық; 21. Тасбақа – мейірімділік,
баяулық; 22. Қоян, тиін – елгезек, бірақ жұмысты аяғына дейін
жеткізбей тастап кетеді; 23. Қырғауыл құс –
күйгелек.
V. Релаксациялық жаттығу:
«Кішкентай құс»
Мақсаты: Ішкі жан-дүниесінің тыныштығын
қалыптастыру, жағымсыз ойлардан арылға
көмектесу.
Барысы: Оқушылардың отырғышқа ыңғайлы
отырып, көздерін жұмуы сұралады. жайлы әуен ойнап
тұрады.
Өзіңізді еркін сезініңіз және
ыңғайлы кейіпте отырыңыз. Терең дем алыңыз, алақаныңызды жайып,
тізеңіздің үстіне қойыңыз. Ал алақаныңызда кішкентай, жұмсақ жануар
жатыр деп ойлаңыз, яғни елестетіңіз. Оның кішкентайлығы сондай,
тіпті алақаныңызға сыйып кетеді. Ол ұйықтап бара жатыр, оны оятып
алмауға тырысыңыз. Кейбіреулеріңіз оны сипағыңыз келіп отырған
болар, бас бармақтарыңыз бен жай ғана сипаңыз. Қолыңызбен кішкентай
жануарды ойша тыныштандырыңыз, оны еркелетіп сөздер айтыңыз, яғни
ойша ал өзіңіз күлімдеп отырыңыз.
Оның демалысы бір қалыпты жай
болып бара жатқанын сезіндіңіз, өзіңізде сондай дем алып жатқан
сияқтысыз. Оның ұйқысы келіп жатыр, ұйықтап бара жатыр. Енді сіз
сол жануарыңызды оятып алмай, жай қозғалыспен көрші отырғыштағы
жылы көрпешенің үстіне қойдыңыз.
Енді жаймен көзіңізді
ашыңыз.
Талдау:
1. Жаттығу кезінде қандай
көңіл күйде болдыңыз?
2. Қандай сезім пайда
болды?
3. Нені елестете
алдыңыз?
4. Қазір мазасыздық бар
ма?
VІ.
Рефлексия.
Көңіл-күй жаңалықтарын сезіну
санамен қозғау әдісі:
VІІ. Жүректен
жүрекке
«Ұсақ моншақтарды сыйлашы»
жаттығуы. Тренингке қатысушылардың қарым-қатынастарын үйлестіру.
Қатысушыларға қорапшадан бір-бір моншақ алып сол жақтағы көршісіне
сыйлау ұсынылады, алайда «мен саған мынау моншақты сыйлаймын,
өйткені сен ең ....» деп міндетті түрде айту қажет. Осымен әркім
өзінің алған әсері туралы қорытындылайды.