Материалдар / тренинг “Өзіңді өзің тану”. 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

тренинг “Өзіңді өзің тану”. 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлеуметтік психологиялық климатты құру. - өзін - өзі тану процесін тереңірек дамыту. - топтың көмегі арқылы өзін - өзі тану.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1026
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: “Өзіңді өзің тану”.

Міндеттері: Әлеуметтік психологиялық климатты құру.

-         өзін - өзі тану процесін тереңірек дамыту.

-         топтың көмегі арқылы өзін - өзі тану.

Амандасу ретінде. (танысу).  Жаттығу. “Бумба – Юмба тайпасы.”

Психолог: Біз сіздермен барлығымыз Бумба – Юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық. Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасуымыз керек. Қолымызды, алақанымызды 1 рет соққанда сіздер қасыңыздағы отырған адаммен бір – біріңіздің мұрындарыңызбен үйкелейсіздер. Белгі беріліп, алақандарызды 2 рет соққанда бір – біріне арқаларын түйістіріп, үйкелесу қажет.

Рефлексия: Сіздер қандай сезімдесіздер? Қандай әсер алдыңыздар?



«Танысу» тренингі

Мақсаты: топта жұмыс жүргізу үшін жағымды ахуал орнату, қарым қатынастың белсенді стилін және кері байланыс немесе жақсы әсер алу тәсілдерін меңгеру. Жүргізуші: «Барлығымыз шеңбер жасап отырайық. Сендерге өзіңе және өз мінезіңе ең маңызды, ең мәндісі не болып табылатындығы жайлы ойлауды ұсынамыз. Енді оған қысқаша айту формасын тауып көр, мысалы, өлең түрінде де болады: (Мұз және жалын), (Бірге хайуандай ұлимын, бірге сәбидей жылаймын), (Тыныш, мұңды, үнсіз... және т.б.). Ойландың ба? Жақсы. Қазір шеңбер бойымен кезекпен жүргізушінің оң жағында отырған қатысушыдан бастап топқа таныстыруды бастаймыз. Алдымен өз есімдеріңді айтыңдар. Егер ол бір сөйлеммен айтылса да жақсы немесе өлең немесе метафора қолдануға болады. Сен қазір, аяқ астыннан ойлап тап... Өтінеміз. Рахмет. Біз бір-бірімізге бір қадам жасадық. Кімнің таныстыруы көбірек әсер қалдырды, талқылауымызға болады). Рефлексияға арналған сұрақтар: 1. Алғаш бейтаныс кезеңде қандай күйде болдың? 2. Танысу барысында не сездің? 3. Танысу аяқталғанда қандай күйде болдың?





«Метафора»

Мақсаты: Жаттығу арқылы өз ойларын қимыл арқылы бейнелей білуге жағдай жасау.

Жүргізуші: Әркімнің қоршаған ортаға қандай әсер қалдыратыны, қандай ассоциялар тудыратыны, мәнді ретінде қабылданатыны түсінікті, ал нелер байқалмайтынын білу қызық. Барлығымыз өз әріптесімізге кӛркем бейнесін бірігіп жасауға шығармашылық жұмысты жүргізуге қатысуды ұсынамын. Ол үшін алдымен, шығармашылық зат болғысы келген, өз еркімен шеңбер ортасына шығамын дегендерді шақырамын. Қазір қатысушыларға тапсырма: «Біздің кейіпкерге қарағанда сендердің бойларыңда қандай бейне туады. Бұл бейнені қандай суретпен толықтауға болады. Оны қандай адамдар қоршауы мүмкін. Суреттің фонын қандай интерьер немесе пейжаз құрайды. Бұның бәрі қандай кезеңдерді еске түсіреді. Мысылы: біздің ортадағы өз еркімен шыққан бейнесі сендерді суда жүзген және мұхит жәндіктері қоршаған су перісі жайлы ой келуі мүмкін, мүмкін қайда барары белгісіз, шӛл даламен келе жатқан жалғыз ел кезуші болуы мүмкін. Міне, осындай ойлар келуі мүмкін, яғни осындай ойларды өз шығармашылық ойларыңмен ортаға салып бір-бірімізбен бөлісейік. Рахмет. Тағы ӛзін сыртыңнан кӛргісі келетін адамдар бар ма?» Қане алған әсерлерімізбен алмасайық.

«Сезіну»

Мақсаты: Өзгелердің көңіл-күйін сезіне білу қабілеттерін арттыру. Әрбір қатысушы өз жұбының эмоционалдық жағдайын анықтап, оны сипаттайды.



«Ара қашықтық»

Мақсаты: Қатысушылар арасындағы мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау. Қатысушы қабырға қасында турады. Жүре отырып, отырғандардың көздеріне қарайды. Егер біреуінің көзіне күш түссе, онда сол жерде тоқталады.

1. Ара қашықтықта сенім білдіруді талдау.

2. Қатысушылардың ұсынған тақырыптарын талқылау.

3. Өз әсерімен бӛлісу, әрбір қатысушының нақты мінез-құлқын талдау. Талқылау барысындағы стилін анықтау.

4. Қатысушылар арасындағы белгілі бір алаңды анықтау.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!