Материалдар / Тренинг "Құқық бұзушылықтың алдына алу"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тренинг "Құқық бұзушылықтың алдына алу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Профилактикалық жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2021
3525
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тренинг: "Құқық бұзушылықтың алдын алу"

Материал жайлы қысқаша түсінік: : Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру.

Мақсаты: Құқық бұзушылықтың алдын алу.
Тәрбиелік мәні: Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру.
Дамытушылық: Саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру; қоғамдағы заңдарды білуге, оны құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі: дөңгелек үстел
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, буклеттер слайд т.б.
Сабақтың барысы:
Кіріспе.
Адам құқықтарының басты сипатын айтып өту.
Адам құқықтары дегеніміз не?
Адам құқықтары олардың лайықты өмір сүруінің негізгі нормасы ретінде анықталыды. Адам құқытары бостандық пен әділдіктің, баянды бейбітшіліктің тұғыры. Оларға деген құрмет бүкіл адам баласының жан-жақты дамуына мүмкіндік жасайды.
Адам құқықтарының даму тарихы бүкіл дүние жүзіндегі бостандық пен теңдік үшін күреспен тығыз байланысты. Адам өмірі мен оның биік адамгершілік қасиеттерін құрметтеуді адам құқығының негізгі қағидалары ретінде көптеген діндер мен философияда кездестіруге болады.
Олар Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында жарияланған. Сондай-ақ, басқа да адам құқықтары жөніндегі халықаралық Пактіде белгіленгендей, мемлекеттің өз азаматтарының құқықтарын құрметтеуі үшін және мемлекет тарапынан бұл құқықтар мен бостандықтарға нұқсан келтірулеріне байланысты шаралар бекітілген.
Адам құқықтарының басты сипаты
- Адам құқықтары сатып алу, табыс көзі немесе мұрагерлік арқылы келмейді және тек адамдардың өздеріне ғана тән, әр адамның өмір сүруінің ажыратылмас бөлігі болып табылады.
- Адам құқықтары адамдардың нәсіліне, жынысына, дініне, саяси сеніміне, ұлттық, немесе әлеуметтік тегіне және басқа да жағдаятарға қарамастан бәріне бірдей ортақ. Біз туғаннан азат, тең құқылы және биік адамгершілік қасиеттерге иеміз, адам құқықтары жалпыға бірдей.
- Адам құқықтары ажырамас – ешкім де ешқандай себептермен біреудің құқығынан айаруға қақы жоқ. Адамдар әрқашан тең құқылы, әсіресе құлдық етек алған елдерде олардың заңдары адам құқықтарын моынсынбай, бұзу әрекетіне барған жағдайдың өзінде де адам құқықтары тартып аланбайды.
- Адамдар лайықта өмір сүрулері үшін бәрі бірдей тең бостандық пен қауіпсіздікке құқылы, икемді өмір дәрежесі де солай, өйткені адам құқықтары ажырамас және мызғымыс.
Құқықтар категориясы.
Құқықтарды үш санатқа бөлуге болады:
1. Азаматтық және саяси құқықтар ( Оларда бірінші ұрпақ құқықтары деп те атайды). Бұл құқықтар бастандыққа негізделіп, оларға өмір сүру құқығы, жеке басның қауіпсіздігі мен бостандық құқығы; азаптау мен құлдықтан азат болу құқығы; саяси өмірге қатысу құқығы; сенім бостандығы мен ой-пікір, еркін сөз, ар-ождан және дәни сенімділік; ассацииялар мен жиналыстар бостандығы сияқты құқықтар жатады.
2. Әлеуметтік-экономикалық құқықтар (Оларды екінші ұрпақ құқықтары деп те атайды). Бұл құқықтар әлеуметтік жағынан қорғалуға негізделген Мысалға, еңбек ету құқығы, білім алу құқығы, қанағаттанарлық өмір сүру, тамақ, тұрғын-үй, дәрігерлік қызмет алу құқықтары және т.б.
3. Қоршаған ортаға қатысты жеке адамның рухани-мәдени даму құқықтары (Оларды үшінші ұрпақ құқықтары деп те атайды).Оларға: ласталмаған, әрі бүлінуден тыс қоршалған ортада өмір сүру құқығы, экономикалық және саяси, мәдени даму құқықтары жатады.
Адам құқықтары туралы ойлануды бастаймыз.
Кім, мен? Жауапкершілік сезімдерін арттыруға арналған
жаттығулар мен тапсырмаларды орындаймыз.
Осы жаттығулар мен тапсырмалар жеке жауапкершілік түсігініне назар аудартқызады. Адалдық пен күнделікті міндеттер туралы мәселені қою үшін нақты өмірден алынған ізгіліктік тағылымдар қарастырылады. Басқа жаттығу қадағалау және билік өкілеттілігін жауапкершілікпен пайдалану мәселесін көтереді. Осы жаттығулардың жалпы мақсаты- барлық құқықтардың тиісті міндеттемесі бар екенін көрсетеді.
Тапсырма қалай орындалады:
· Сыныпты жұптарға бөліңіз. Әр оқушы өзі мектепте ие болуға тиіс деп санайтын бес маңызды құқықты және үйде болуға тиіс бес маңызды құқықты жазуы қажет. Мысалы, жеке орынға отыру құқығы.
· Оқушылар өз әріптестерімен тізімдерін ауыстырсын. Әр оқушы өз әріптесінің тізіміндегі әрбір құқыққа сай келетін міндеттемелер туралы ойлануға тиіс. Мысалы, өзімен бірге тұратын адамдардың құқығын сыйлау, дербес орын міндеттемесі.
· Өз тізіміндегі міндеттемесі сәйкес болып келетін екі құқықты оқиды. Мұғалім осы құқықты тақтаға жазады.
· Оқушылардан Құқықтар мен міндеттемелер туралы ақпаратты оқуын сұраңыз. Талқылауды мына сұрақтарға берілетін жауаптардан бастаңыз.
Сұрақтар:
· Әрбір құқыққа келетін міндеттемелерді табу оңайға түсті ме немесе қиын болды ма?
· Қауіпсіздік белбеуі туралы мысалда , қалай ойлайсыз биліктікі дұрыс па немесе осы белбеуді тағудан бас тартқан адамдардікі дұрыс па?
· Сіз жақсы білетін бір адам машина жүргізушісінің қауіпсіздік белбеуін тақпағандықтан зардап шеккенін елестетіп көріңіз? Бұл қалайша болуы мүмкін? Сіз қандай күйде болар едіңіз?
1-топ тапсырмасы.
Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасады. Ерланның есіне асханада ақша майдалатқан Қайрат түседі. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып алу керектігін Маратқа айтады. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырады. Ойында ештеңе жоқ Қайратты Ерлан артынан артынан келіп бас салып, ақша тауып беруді талап етеді. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол, ақшасының жоқ екенінайтса да, соңынан бұл істің қалжың емес екенін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере салады. Аман-есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертеді. Ерлан мен Мұрат егер бұл істі біреуге айтса, онда жақсылық болмайтынын Қайратқа жақсылап ұғындырады.
Сұрақтар:
Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелді?
Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады?
Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?
2-топ тапсырмасы.
Нұрлан 5-сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға талабы жақсы. Оқыса, жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата-анасының тәрбиесі баланы дұрыс жолдан тайдырады. Нұрланның ата-анасы бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды. Баланы сабақтан себапсіз жиі қалдырады, кейде тіпті апталап қалдыратын кездері болады. Мектепте, сыныпта ата-аналарға байланысты өтетін жиналыстарға мүлдем келмейді.
Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата-анасымен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиже шықпайды. Ата-анасы құрғақ уаде беріп шығарып салады. Бір жетіден соң жаңағы жағдай қайталанады. Білім алу баланың басты міндеті екенін біле тұра, соны орындауға ата-анасы салғырттық танытады.
Сұрақтар:
Нұрланның ата-анасының қылығын қалай бағалайсыздар?
Сынып жетекшісінің орнында болсаңыз не істередіңіз?
Ата-ананың бала алдындағы мінднттері қандай?
3-топ тапсырмасы.
4-сыныпты сәтті аяқтаған Жалғас жазда жақсы демалып, тынығып, қыркүйекте мектепке келеді. Биыл орта буын, яғни,5-сыныпқа келген соң, өзін-өзі бір есейіп қалғандай сезінді. Әрбір істеген жұмысына өзінше бір есеп беріп отыратын болды. Жалғастың қыркүйек айындағы тынымсыз, еңбекке толы күндері өтіп жатты. Ол енді мектептегі үйірмеге қатысып, бойындағы бір ерекше қабілетін шыңдауды мақсат санады. Сөйтіп мектептегі Тұмар пікір сайыс клубына жазылмақшы болып бір шешімге келді. Осы ойын ата-анасына жеткізді. Ата-анасы Жалғастың ойына қарсы болдлы.Оны анасы ағылшын өтетін үйірмеге өзі жаздырып қойғанын, қазіргізаманға ағылшын тілі мамандарының өте қажет екенін, заман ағымына сай өмір сүру керектігін баса айтты. Ал, Жалғастың бар ойлағаны, өзінше бір жасаған шешімі құмға сіңген судай жоқ болды да кетті. Үнемі ата-анасының айтқанын дұрыс санап, соны басты назарға алатын Жалғас тағы да ата-анасымен келісуге мәжбүр болды.
Сұрақтар:
Жалғастың ата-анасының іс-әрекетін қалай бағалайсыз?
Осы жерде баланың қандай құқығы шектеліп тұр?
Жалғастың ата-анасының шешімімен келісуі дұрыс па?
Енді осы жағдаяттар бойынша деңгейлік сараптамалар жасасақ.
Осы жағдаяттар өмірде кездесе ме?
Мұндай жағдаяттар немен аяқталуы мүмкін?
Осындай жағдаяттарды болдырмау үшін не істеуге болады?
Келесі жұмысымызды пікір сайыс түрінде жалғастырсақ. Бір-бірлерімізге осы тақырып бойынша қарама қарсы пікірлерімізді айтып тақырыпты жандандыра отырсақ.
Ой қорыту.
Оқушылардың екі альтернативті ой қорытуларға өздерінің көз қарастарын білдіру сұралады. Бұл ой қорытулар сынып ішіндегі әр түрлі жағдайларды және проблемаларды шешуге үйретеді.
Қорытынды ой тұжырым.
Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық, нені ойға тоқып үйренуге тиіспіз, неден аулақ болуымыз керек.
Қолжазба күнделігін толтырайық.

Не білемін
Не білдім
Нені білгім келеді













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!