Материалдар / Тренинг сабак, Педагогикалық-психологиялық міндеттер мен проблемалық, жағдаяттарды шешу жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тренинг сабак, Педагогикалық-психологиялық міндеттер мен проблемалық, жағдаяттарды шешу жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандар баламен қарым-қатынас жасауда кез-келген жағдаяттан жол тауып, шығу жолдарына психологиялық қолдау көрсету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Сәуір 2021
1291
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы: Педагогикалық – психологиялық міндеттер мен проблемалық жағдаяттарды шешу жолдары.


Мақсаты: Қатысушылардың   көңіл –күйін  көтеру, жүйке жүйесін демалдыру,  дене бұлшық  еттерінің шаршағандығын  басу.


Міндеті :

1. Бір –біріне деген құнттылық, сергектік, адамгершілік қатынасын қалыптастыру.

2. Жас мамандар оқушымен қарым – қатынас жасауда кез –келген жағдаяттан жол тауып, шығу жолдарына психологиялық қолдау көрсету


 I. Жаттығу.   Бой жазу: Уақыты:    ( 5-мин. )

Ал қазір сәл бой жазып алайық, ол " қорқыныштан арылу» деп аталады. Бұл бой жазуымыздың мақсаты,қорқынышты, мазалануды алу, күйзеліс жағдайына дайындалу болып табылады.

Ыңғайланып отырыңыз, еркін дем алыңыз, көздеріңізді жұмыңыздар және көз алдарыңа елестетіңдер, сіздер жасыл алаңда, ашық күннің астында дем алып отырсыңдар... Аспанда күн шуағын шашып тұр және осы нұрдың шашуының бөлігі сізге тиісті ...  Оның  шуақтары сіздің басыңызды  жұмсақ және еркелетіп қыздырады, денеңізге кіреді, ол өн бойыңызға төгіледі, осының бәрі сіздің қорқыныш пен топшылама, барлық жағымсыз ойларыңызбен сезіміңіз, сіздің  ренішіңіз және мазасыздануыңыздың  бәрі ериді, оның бәрі тазартылған  жарықпен толтырылады.

Барлық таза емес бөліктеріңіз қараңғы түнге айналып, оны жұмсақ жел тез қуады, ол сіздің  денеңізді тастап кетеді. Сіз қорқыныштан арылдыңыз, сіз тазардыңыз, сізге жарық түсті және сіз көңілдісіз.


Талдау:

 Қалай жаттығуымыз ұнады ма?

Қандай әсер алдыңыз?

Әр қайсысы өз ойын білдіреді.


Ситуациялық сұрақтар:

1. Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз. Оны бір оқушы интерактивті тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алады, не істер едіңіз?
2. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бір оқушы дәптеріне сіздің суретіңізді салып мазақ етіп жазып қойған. Не істер едіңіз?
3. Бір оқушыға мықтап ұрысып алдыңыз. Ал ол үйіне барып апай басымнан ұрды деп арыз айтып, ата - анасын ертіп әкелді. Сіздің әрекетіңіз қандай?
4. Бір оқушы журналды бүлдіріп тастайды. Сіз әрине мықтап сөгіп алдыңыз. Сізді сол күні кешке қонаққа шақырады, жаңағы оқушы да сол үйге атасымен еріп келген. «Ата, мынау менің апайым, бүгін маған ұрысты» деп есіктен кірер кірместен айқайлап жібереді? Сіз өзіңізді қалай ұстар едіңіз?
5. Алдыңғы қатарда отыратын оқушының басында бит өріп жүргенін көріп қалсаңыз не істер едіңіз?
6. Сіз сыртқа шығып кеткен кезде бір бұзық оқушы сөмкеңе бақа салып қояды. Сіз білмей сумкаңызды ашып қалған кездегі жағдай. Не істер едіңіз?
7. Сізді бір жоғарғы кластың оқушысы ұнатып қалғанын айтып, дос болуға шақырады, не істер едіңіз?
8. Мұғалім сабаққа кірген кезде, тақтадан өзінің карикатурасын көреді. Балалардың ойынша мұғалім кінәлі оқушыны іздеп, сабақ өткізбейді. Не істеу керек?
9. Ата-аналар кеңесуге мұғалімге келді. Олардың 13 жасар қызы өте көп оқиды, үлгерімі жақсы, соңғы кезде қыз бен ата-ана арасында кейбір мәселелер туындап жүр. Ескертулерге қыз: - сендер мені жақсы көрмейсіңдер, үйден кетемін, - дейді. Ата-ана бұдан қорқып, қыздың барлық жағдайын жасайды. Ол жиі қайталанып жүр. Ата - анаға кеңес.
10. Мұғалім оқушыларға математика оқулығын таратуда. Самат үндемей кітапты апайға қайтарып берді. Мұғалім: Самат не болды? Неге қайтардың?
- Ол жыртық.
- Ол таза, әдемі болу үшін не істеу керек?
- Оны түптеп, желімдеп күтіп ұстау керек.
- Мұны кім істеу керек?

«Аманжол үнемі сабаққа ұқыпсыз келеді, шашы өскен, киімі үтіктелмеген, бірақ осы түріне қарамастан үнемі сабаққа дайындалып келуге тырысады. Оқушылар арасында ешқандай достары да жоқ,ешкіммен араласпай өз бетімен жүреді.» Сіздің іс-әрекетіңіз, қандай жұмыс түрлерін жүргізер едіңіз?
«Сіздің сыныбыңыздағы оқушының отбасылық жағдайына байланысты ата-аналарымен қарам - қатынасы өте төмен. Бәлкім сол себептен сіздің оқушыңыз үнемі үйіне бармай мектепте жүреді немесе көшеде қаңғыбастыққа салынады. Араласып жүретін ортасындағы оқушыларда лайықты емес. Ата-анасының тарапынан қажет етпейтіндей қатынас байқалады.» Сіздің іс-әрекетіңіз?
«Сіздің сыныбыңыздағы Айнұр белгісіз жағдайда өзіне-өзі қол көтеріп, «суицидке» бейімділік көрсетті» Сіз осы оқушымен қалай жұмыс жүргізеді, және сіздің осыдан кейінгі атқаратын жұмыстары

Оқушының оқудағы жетістіктеріне көңілі толмайды, өзінің икемділігінен күмәнданады, оқу материалын түсініп, игеріп алатындығына көзі жетпейді, ол мұғалімге: «Сіз қалай ойлайсыз, мен қашан да болсын сыныптастарымнан қалмай жақсы үлгеріп, оқып кете аламын ба?»-дейді, Сіздің жауабыңыз? Жауаптар:   1) Сенің икемділігің өте жақсы, мен саған үлкен сенім артамын.   

2) Қане отырып әңгімелесіп, мәселені шешейік

3) Әрине, бұл туралы сен күмәнданбасаң да болады.

 Сабаққа кіруге қоңырау соғылды. 8-ші сынып оқушылары кабинеттің алдында оқытушыны күтіп тұр. Кабинет жабық. Оқытушы келіп, кілтпен есікті ашайын десе, кілттің орны қағазбен бітелген. Оқытушы оқушыларға күмәнді көзқараспен қарап шығып: «Бұл кімнің ісі, осылайша сабаққа кедергі жасайын дедіңдер ме?»-деп өзінің наразы көңілін білдірді. Оқушылар сасып қалды, қарсыласайын деп еді, оқытушы тыңдамай одан әрі дауыс көтеріп кінәлай берді. Осы сәтте директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары келіп: «Жамал Бектасқызы, кешіріңіз сәл кешігіп қалдым. Мен сізге басқа кабинет ашып берейін, себебі бұл кабинет сырланған еді, бөгде адам кірмеуі үшін мен кілт орнын әдейі қағазбен бітеп едім» деді.

      Сұрақтар:

      1) Неліктен шиеленіс пайда болды?

      2) Шиеленісті болдырмауға болатын ба еді?

    3) Осындай жағдаяттардың дұрыс шешімін табу үшін, оқытушы қандай сапаларды игеру керек?

      4)Бұл жағдайда сіздің әрекетіңіз?

Оқу жылы басталды. 6-шы сыныпта оқитын Арман әкесімен қыркүйектің басында, егер мен жақсы оқитын болсам, маған велосипед алып бересіз бе, деп келісті. Әкесі ойланбастан уәдесін берді. Арман жақсы оқуға тырысты, бірақ ол жақсы жетістікке әр түрлі әдістермен жетті. Математикадан көршісі Мөлдірден, басқа сабақты тағы басқалардан ұқыптап көшіріп алып жүрді. Әкесі Арманның күнделігін бақылап жүрді, бағалары дұрыс. Арманның  әкесі уәдесінде тұрып, жазғы демалыс кезінде баласына велосипед алып берді.

      Сұрақтар:

     1)Сіз осындай екі жақты келісім шартқа қалай қарайсыз?

 


Жалпы баламен жұмыс жасау барысында кездескен психологиялық жағдаяттардан шығу жолдарына өз ойларыңызбен бөлістіңіздер.

Бүгінгі тренингімізге қатысқандарыңызға рахмет !


Психолог: Біздің сіздермен кездесуіміз аяқталды. Көздеген мақсатымызға жеткенде біздің алдымыздан тағы да өзге жаңалықтар ашылады, қазіргі дәуірде, яғни 21 - ғасырда жаңалықтың шегі жоқ. Олай болса жаңашыл 21 - ғасырдың Керемет педагогтары бола берейік!
Мен сіздерге шығармашылық табыстар тілеймін!

(Баяу музыка әуені ойналады.) Көзімізді жұмамыз. Денемізді бос ұстаймыз. Сіздер өзен жағасында отырсыздар, судың әуелгі шуылы құлағыңызға жағып, күн шуағы денеңізді жылытады. Жалаң аяқ құмның үстінде жүрсіздер, құм аяқтарыңызды күйдіріп барады. Су денелеріңізді жеңілдетіп өзіңізді жақсы сезінудесіз. Өте жақсы дем алдық. Қандай ғажап табиғат деген, таза ауа, жұмсақ құм, жылы су, табиғат деген қандай тамаша! Кең дем аламыз, ақырын демімізді шығарамыз. Біздің басымыз артық ойлардан тазарды. Біз өзімізге күні бойға жетер жігер, қуат жинадық, біздің көңіліміз қуанышты. Біз осы өмірдегі ең бай, байсалды, білімімді, керемет жандармыз!
Енді ақырын - ақырын көзімізді ашамыз. Бір - бірімізге қуанышты сезіммен қараймыз. Біз қандай бақыттымыз!, Қандай кереметпіз!
Біздің кездесуіміз аяқталып келе жатқан секілді. Бүгінгі жұмысымыздың нәтижесіне орала отырып, нағыз «керемет» педагогтардың мықты жақтарын еске түсіре отырып бір - бірімізге комплимент айтайық.
«Комплимент» ойыны
Мақсаты: қатысушылардың тіл табыса алуын, бір - бірін толық тануын дамыту.
Қатысушылар шеңбер бойымен тұрып кезекпен кез - келген жағымды комплимент айтады (Біздің тақырыпта мыс. «өте жаңашыл», «нағыз кәсіби педагог»т. б.), ал қалғандары ол комплименттің кімге арналғанын табады. Комплимент иесі ойынды ары қарай жалғастырады. Барлығы жағымды комплимент алмайынша ойын жалғаса береді.
Психолог: Біздің сіздермен кездесуіміз аяқталды. Егер тақырыбымызға келетін болсақ, «керемет» деген түсінік бір нәрсенің біткенін, аяқталғанын білдіреді (Мыс. керемет үй екен т. б.) Бірақ біздің жолымыз біткен жоқ, біз әрдайым қозғалыстамыз. Көздеген мақсатымызға жеткенде біздің алдымыздан тағы да өзге жаңалықтар ашылады, қазіргі дәуірде, яғни 21 - ғасырда жаңалықтың шегі жоқ. Олай болса жаңашыл 21 - ғасырдың Керемет педагогтары бола берейік!
Мен сіздерге шығармашылық табыстар тілеймін!

































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!