Материалдар / Тренинг сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тренинг сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тренинг сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2024
74
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баяндама

Тақырыбы: «Білімдіге дүние жарық»

Таным қуанышы: баланың қызыға оқуына қалай көмектесеміз?

Тренингтің мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың тірбиелік ықпалын арттыру.Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым-қатынасты жақсартуын, бала тәрбиесімен қоса сабақ үлгеріміне көбірек көңіл бөлудің маңызды екенін дәлелдеу.

Қажетті құрал- жабдықтар: үлестірмелі қағаздар,А4 формат,қалам, доп және мақал –мәтелдер жазылған плакат,т.б.

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық жаттығулар.

Тренинг бағдарламасы:

1. «Танысу» жаттығуы.

2. Топқа бөлу.

3. Баяндама.

4. «Додакаедр» әдісі

5. Бейнебаян: «Тәрбие отбасынан басталады»

6. Ситуациялық сұрақтар.

7. Бірге ән шырқайық «Ана туралы жыр»

8. Постер.

9. «Лабиринт» әдісі

10. «Көгершін хаты» әдісі

Тренинг жүрісі:

Кіріспе сөз:

- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!

Бүгінгі біздің «Білімдіге дүние жарық»

Таным қуанышы: баланың қызыға оқуына қалай көмектесеміз?

атты тренинг – сабағымызға қош келдіңіздер!

Ата-ананың тілегі–баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.

Баланы бастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата –ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата–ана.

1. «Танысу» жаттығуы.

Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өз есімін және балаңыздың есімін, балаңыздың жағымды қылығын атаңыз.

Қандай әсер алдыңыздар ?

Не қиындық келтірді ?

2. Топқа бөлу.

Ата-аналар көгершін суреттерін алады. Артындағы сандарға сәйкес топқа бөлінеді.

3. Баяндама.

4.  «Додакаедр» әдісі

5. Бейнебаян: «Тәрбие отбасынан басталады»



6. Ситуациялық сұрақтар.

Ата-аналар үстел үстінен үлестірмелі қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.

1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?

2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер, 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрінеді. Мысалы:түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады,.....деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?

3. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік .Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс –әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

5. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келеді, не істейсіз?

6. Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

7. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес бересіз?

8. Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі ,алайда бір күні сынып жетекшісі үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды,сіздің іс-әрекетіңіз?

9. Балаңыздың сабағы, тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрасыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?

10. Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады, сабаққа барғысы келмейді. Сіз жұмыссызсыз, не істейсіз?

11. Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?

7. Бірге ән шырқайық «Ана туралы жыр»

8.Постер: Үш топқа тақырып беріледі. Ата–аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады. Постер қорғайды.

1топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.

2 топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.

3топ. Бала үшін мұғалім мен ата- ана арасында қандай байланыс болуы керек?

Ата-аналарға төмендегідей бланкілер таратылып толтырылады.


Менің тренинг барысында түйгенім----------

Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады -------------

Маған ең пайдалы, құнды болған----------

Маған ұнамағаны--------------

Ең жақсы ұнағаны--------------

Келесі тренингіде мен келесі жайттарды білгім келеді-------------------

Тренинг жүргізуші сізге ұнады ма?--------------

Қолы------------------------------------

8. Қорытындылау. «Көгершін хаты».

Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.

«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Ата- аналардың, қатысушылардың тілектерімен бүгінгі жұмысты қорыту

Қорытынды.


Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі,

Көңіліне көп жұбаныш.

Гүлденіп ой- өлкесі,- деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.

Баланың үлгерімін арттыруға байланысты бірнеше кеңестер. Балаңыз мектепке барам деп қуанғалы қашан...Міне, арманына да жетті, алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.Оның балалық ермектеріне енді тіршіліктің жаңа қамы қосылды.Үй тапсырмасын орындауы керек, ертеңгі сабақтарға қажет оқулық, дәптер, жазу құралдарын әзірлеп, портфеліне салып қоюы керек.Оның алғашқы үй тапсырмалары, әрине, онша қиын емес.Ең алдымен үйде шәкірттің тұрақты жұмыс орны, жинақы столы, бойына шақ орындығы болуы керек, жарық күндіз де, түнде де сол жағынан түсуі тиіс.Оның кітаптары, оқу құралдары үнемі бір орында тұруы, жазу столына жақын сөреде болғаны жөн.Балаңызды ұқыптылыққа баулу үшін өз столының маңындағы көрнекі жерге таблицалар, сабақ кестесін, күн режимін т.б. іліп қоятын арнайы бұрыш әзірленген дұрыс. Бала мектептен шаршап келеді. Ол тамақтанғаннан кейін 1,5-2 сағат ұйықтап тұрып, далада сонша уақыт ойнап келгеннен кейін үй тапсырмасын орындауға отырғызу керек.Екінші маусымда да оқитындарға да ұйқы, ойын уақыты осы айтылған мөлшерде болады. Ата-ана, үй ішіндегі үлкендер бала сабаққа дайындалатын кезде, оны әр нәрсеге жұмсап алаңдатпай, орнықты әрі сергек отыруына жағдай жасаған жөн. Бала оқу еңбегіне әбден дайындалғанша ерінбей-жалықпай, ұрсып-зекімей, шыдамдылықпен күн сайын сабағын түсіндіріп оқуына көмектесу оның бірте-бірте өз міндеттеріне айналып, өзін соған қалыптастыруына мүмкіндік береді.Бала өзіне парасаттылықпен қарағанды ұнатады.Оған көмекті кеңес, ұсыныс түрінде берсе, жекіріп, бұйырудан әлдеқайда өтімді болмақ..«Баланы бастан» деген халық ғибраты айтқандай, бастауыш сыныпта берік қаланған дағды,машық өз жемісін берері хақ.






  1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?

2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер, 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрінеді. Мысалы:түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады,.....деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?


3. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік .Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?


4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс –әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

5. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келеді, не істейсіз?

6. Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?


7. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес бересіз?


8. Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі ,алайда бір күні сынып жетекшісі үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды,сіздің іс-әрекетіңіз?


9. Балаңыздың сабағы, тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрасыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?


10. Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады, сабаққа барғысы келмейді. Сіз жұмыссызсыз, не істейсіз?


11. Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?







1 - жағдаят. Он жасар баласының бөлмесін жинап жүрген шешесі баласының бір қатар заттарын қажетсіз деп лақтырып жіберді. Баласы сабақтан келген соң, бұл жағдайды көріп шешесіне қатты ренжіді. Шешесінің ойынша баласының мұндай реніш білдіруге қақысы жоқ. Себебі осы үйді реттестіретін, қалыпқа келтіретін жалғыз адам шешесі болғандықтан, қалай жинайды, солай болуы тиіс.
Сұрақ: Шешесінің іс әрекеті дұрыс деп ойлайсыз ба?
Қандай қателік бар?
Баланың қандай құқығы бұзылды?

2 - жағдаят. Баласының күнделігінде үнемі оның мектепте жанжал шығарғандығы туралы ескерту жазулы тұрады. Осы үшін балаға ата - ана тарапынан жазалау мақсатында әркез күш қолданған.
Сұрақ: Баланың мектепте үнемі жанжал шығаруы неліктен?
Осы жағдайда ата - ана не істеу керек?

3 - жағдаят. Бала өте қатал отбасында тәрбиеленеді. Оған ата - анасы ешқашан ойыншық сатып алып бермеді, тәтті әперіп еркелетпеді, концерт, кино, спектакльге де барып көрмеді. Ата - анасының айтқанымен жүрді, дегеніне көнді, тек бұйрықты жүзеге асырушы, орындаушы қалыпта ғана өсті. Бала ата - анасының барлық айтқандарын екі етпей, бұлжытпай орындаса да олардан бір ауыз жылы сөз естімеді.
Сұрақ: Мұндай отбасы туралы не айтар едіңіз?
Сіз балаңыздың осындай болып өсуін қалайсыз ба?

4 - жағдаят. Соңғы кезде сымбаттың тәрбиесіне байланысты отбасында екі түрлі көзқарас туындап отыр. Әкесі Сымбатты шығыс жекпе-жегінің үйірмесіне жазамын, кейін өзін өзі қорғап үйренеді десе, анасы баласының ол үйірмеге баруға мүлдем қарсы. Оның ойынша, бұл қыз бала айналысатын іс емес. Сымбат не істерін білмей әуре. Үйірмеге қатысқысы келеді, бірақ анасының көңілін де қалдырғысы келмейді
Сұрақ: Мұндай жағдайда ата - ана не істеу керек?
Сіз кімнің көз қарасын жақтайсыз? Әкесінің бе? әлде шешесінің бе?

5 - жағдаят. Он екі жасар Әсемге қонаққа келген Айгүл апасы жақсы кітап пен үлкен шоколад конфетін алып келіп берді. Әсем анасының үйреткеніндей рахметін айтып, ризашылығын білдірді де апасына «Менде мұндай кітап бар, ал шоколад мен жемеймін» деп жауап қайтарды.
Сұрақ: Мұндай жағдайда сіз балаңызға не айтар едіңіз?
Балаңызды сыйлықты қалай қабылда деп үйретесіз?




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!