400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

тренинг сабақ 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
тəжірбие алмасуға болады меніңше
Материалдың қысқаша нұсқасы


8- сынып оқушыларына арналған тренинг сабақ

(сынып қыздары арасында өткізілді)


Сабақтың тақырыбы: Қарым-қатынасқа не кедергі болады?

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жағымды қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.Оқушының бойындағы жағымды және жағымсыз мінез-құлықтарын бақылау;

Сабақтың барысы:

Жүргізуші: - Алдымен бір-бірімізбен танысып алайық. Әрқайсымыз өз атымызды айтып, артынан ең қуанған сәттегі эмоциямызды көрсетейік. Ал қалғанымыз соны қайталап көрсетеміз. Кейін атымызды ұмытып қалсақ, сол эмоциямызды еске түсіру арқылы атымызды да еске түсіруге болады.

Топ мүшелері өз аттарын айтып, кейіннен қуанған сәттегі өз эмоциясын көрсетіп, артынан басқалары қайталайды.

Жүргізуші: (Тақтаға қарым-қатынасқа кедергі болатын жағдаяттар жазылған парақ ілінеді)

  • Қарым-қатынасқа не кедергі болады? Бұйрық, қоқан-лоқы, уағыз-үгіттеу, өнеге-насихат, жауапты жасырын айтып жіберу, пікір айту, ақталу, диагноз қою, қадала сұрау.Осы қарым-қатынасқа кедергі болатын сөздерді қарым-қатынасқа жағымды сөздермен алмастырайық.Мысалы:

  • Бұйрықты - өтінішке;

  • Қоқан-лоқыны – кеңеске;

  • Уағыз-үгіттеуді – жасырын айтып жіберуге;

  • Өнеге- насихатты – үлгіге

  • Жауапты жасырын айтып жіберу – шындықты айту керек

  • Пікір айту – мысал келтіріп айту

  • Ақталу – кешірім сұрау («енді қайталанбайды»)

  • Диагноз қою – ақыл кеңес беру

  • Қадала сұрау – қойылған сұрақты қайталамау керек.

Келесіде мысал келтірілген карточкадағы сөйлемдерді қарым-қатынастың жағымды түрлерімен алмастыру керек.

«Сен ертең кел! - ...», «Сен келмесең өзім барып, көріп келемін.- ...», «Сен одан да қайт. - ...», «Сенің шашың өсіп кеткен - ...», «Менің тісім ауырып қалды - ...», «Неге келмей қалдың? - ...», «Сен өкпешіл адамсың. - ...» т.б.

Оқушылар ойланып, сөйлемді жағымды қарым-қатынасқа алмастырады.

Жүргізуші:

  • Ақ парақты екіге бөліп, бір жағына өзіміздің бойымыздағы жағымды қасиеттерімізді жазайық, ал келесі жағына өз бойымыздағы жағымсыз қасиеттерімізді жазайық.

Оқушылар өз бойындағы қасиеттерін айтып, талдайды.

Сабақты қорытындылау: рефлексия

Жүргізуші:

  • Өз атымыздың бірінші әріпінен басталатын жақсы сөздер жазып шығайық. Мысалы: Айнұр – ақкөңіл, ақжарқын, ақылды қыз.

Әрбір қатысушы осылайша өз атын жазады.



Мектеп психологы: Қапанова А.Б.

Сынып жетекшісі: Хамитдолданова А.




































ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА НЕ КЕДЕРГІ БОЛАДЫ?


БҰЙРЫҚ, ҚОҚАН-ЛОҚЫ, УАҒЫЗ-ҮГІТТЕУ, ӨНЕГЕ-НАСИХАТ, ЖАУАПТЫ ЖАСЫРЫН АЙТЫП ЖІБЕРУ, ПІКІР АЙТУ, АҚТАЛУ, ДИАГНОЗ ҚОЮ, ҚАДАЛА СҰРАУ;

  • Бұйрықты - өтінішке;

  • Қоқан-лоқыны – кеңеске;

  • Уағыз-үгіттеуді – жасырын айтып жіберуге;

  • Өнеге- насихатты – үлгіге

  • Жауапты жасырын айтып жіберу – шындықты айту керек

  • Пікір айту – мысал келтіріп айту

  • Ақталу – кешірім сұрау («енді қайталанбайды»)

  • Диагноз қою – ақыл кеңес беру

  • Қадала, қайта-қайта сұрақ қою немесе сұрау – қойылған сұрақты қайталамау керек

Жоғарыда келтіргендей айналдырып сөйлесеңіз қарым-қатынасыңыз ойдағыдай, кикілжіңсіз болады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
15.10.2020
1405
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі