Материалдар / Тренинг-сабақ "Мен қалаған мамандық" 9-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тренинг-сабақ "Мен қалаған мамандық" 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Көптеген жағдайда жастар қателесіп, қиялға ерік береді. Біреуді мамандықтың романтикасы тартады, оның үстіне болашақ мамандықпен нақты таныспай, оның кинолық нұсқасына бас ұрып жатады. кейбіреуі пешенеге жазылған деген сеніммен ата-ана жолын бұлжытпай қуады. Мұның барлығы жөнсіз. Мамандықты таңдау-бұл жеңіл-желпі қарауға болмайтын дүние. Болашағымыз осымен тікелей байланысты болғандықтан оқушыларға алдымен бағыт-бағдар беру керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2018
1096
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Мен қалаған мамандық»

Мақсаты: оқушылардың кәсіби бағдар мен кәсіби өзін-өзі анықтауға ертерек тәрбиелеу және дайындау.

Жүрісі:

  1. Оқушылар кәсіп, мамандық, лауазым сөздердің мағыналарын ашу.

  2. Статистика бойынша шағын мәлімет

  3. Мамандық таңдауда оқушыларға кеңес

  4. Әр түрлі фигураларды таңдау арқылы тұлғалық сипаты анықталады.

  5. Голланд әдісі

  6. Оқушылардың өз ойларын білу.

  7. «Өз жұлдызыңды тап» жаттығуы

  8. Подиумға жүргізу.

Кәсіп, мамандық, лауазым сөздерін талдайды.

  1. Статистикалық мәліметтер бойынша негізгі және жоғары мектеп бітірушілердің оннан жетеуі мамандық таңдауда қателеседі, сондықтан колледж бен жоғары оқу орнын бітірушілердің 70 пайызы алған мамандықтары бойынша жұмыс істемейді

  2. «Өскенде кім болғың келеді?», – бұл сұрақ үлкендердің кішкентай балаларға қойғанды жақсы көретін ең кең таралған сұрақтардың бестігіне кіреді. Мектептік өмір көзді ашып – жұмғанша өтті де кетті, ырқымызға бағынбай қоштасу кеші де, ҰБТ да жақындап келеді, ал “Кім болам” деген сұрақ түлекті де, оның ата – анасын да одан бетер алаңдатуда. Сол кезде адаспай өз мамандығымды қалай табуға болады деген сұрақ туындайды.

  • Ең бірінші мамандықтан не қалайтыныңды жақсылап ойланып ал. Саған қандай салада жұмыс істеген қызықты, қандай өмір салтын жоспарлайсың, жоғары жалақы саған қаншалықты маңызды, осындай сұрақтардың бәрін жақсылап ойланып ал.

  • ең бірінші өзінің қабілетіңді ескер. Математикадан үш алып жүріп бағдарламалаушы болам деп армандаудың қажеті жоқ.

  • Тағы бір пайдалы нәрсе – профориентацияға тестілер.

Бұл не? Әдетте, бұл сен келісетін немесе келіспейтін түрлі пікірлер. Мұндай тестілерде көптеген пәндер бойынша - физика, химия, астрономия, әдебиет және басқалары – сұрақтар болады; сондай – ақ, олар саған өзіңнің қызығушылықтарың мен мінезіңді, кейде зияткерлік дейгейіңді бағалауға көмектеседі.

  • Сондай – ақ, қазір жұмыс берушілер қандай мамандықтарға сұраныс жасауда, ал сен ЖОО – дағы оқуыңды бітіргенде, яғни бес жылдан кейін қандай мамандыққа сұраныс артатынын біліп алғаның жөн.

  • Бірінші жағдайда ең жақсы көмекшің – газеттер мен жұмыс іздейтін сайттар, ал екінші жағдайда – интернет желісінен табуға болатын әлеуметтанушылардың болжамдары, өзіңнің жеке ойың.

Тақтада берілген әр түрлі фигураларды оқушылар өздеріне жақынын таңдайды. Содан кейін таңдаған фигуралар арқылы тұлғалық бейнесі сипатталады.

  1. Оқушыларға «Кәсіпті қалау » тестісі ұсынылады. (Голланд әдісі)

Бұд әдістің мақсаты:Оқушылардың қандай мамандыққа бейімділігін анықтайды.

Нұсқау: бланкіде әр түрлі мамандықты жұптап келтірген. Олардың аттарын жақсылап қарап шығады. Егер мамандықтың немен шұғылданатынын білмесеңіз, онда жүргізілетін тестке көңіл аударыңызға болады. Әр жұптан өзіңіз жоғары бағалаған мамандықтың біреуін таңдайды. Мысалы: 1 –жұпта (1 р инженер- технолог осы мамандықты таңдасаңыз 1 цифрының қатарына Р әрпін жазыңыз. Қалған мамандықтар солай жалғаса береді.

Р әрпі- реалистік типті, И әрпі– интеллектуалдық типті, С әрпі- әлеуметтік типті, К әрпі- конвенциялық типті, П әрпі- тапқыр типті, А әрпі- артистік типті білдіреді.

  1. Мамандық таңдауда оқушылардың өз ойларын тыңдау.

  2. «Өз жұлдызыңызды тап» жаттығуы.

Мақсаты: Өзіңе сенімділікті сезінуге және босаңсуға мүмкіндік жасау.

Нұсқау : шеңбер бойында отырып көзіңізді жұмыңыз. Үш рет дем алып, үш рет дем шығарыңыз. Ал енді көз алдыңызға жұлдызды аспанды елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кішкентай, жарық және сығырайған. Біреулерге бұл бірнеше жұлдыздар, ал басқаларға сан жетпейтін біресе жақындап, біресе алыстайтын жарық нүктелер. Сол жұлдыздарға қарап өзіңе ең керектісін таңдап ал. Мүмкін ол сіздің арманыңызға ұқсайды, әлде бақытты, қуанышты, шабытты балалық шағыңызды еске түсіреді ме? Тағы да жұлдызыңызға қарап оны ұстап алдыңызға қойыңыз, жақсылап ұстап, оның қандай екенін және жарықтығын есіңізге сақтап қалыңыз.

Ал енді алақандарыңызды жоғары созып, керіліп көздеріңізді ашуға болады. Қолыңызға түрлі қағаздарды алып, өз жұлдызыңызды салыңыз. Қиып алып біздің жұлдызды аспанымызға жапсырыңыз.

Енді біздің жұлдыздарымыз әр сабақта өзінің шуағын шашып, достығымызды нығайтып отырады. Соңғы сабақта сіздер оны өздеріңізбен алып кетесіздер. Олар сізге білім жолында , барлық сынақтарда өмір бойы көмектеседі. Жұлдыздарға мұхият қараңыздар, олардың барлығы әр түрлі сіздер мен біздер сияқты бір – біріне ұқсамайды.

Содан кейін барлық оқушылар өздерін жұлдыз санап немесе өзін биік белестен көрінген тұлға ретінде көрсетіп, қызыл матаның үстінен жүріп шығады.



































«Чернова орта мектебі» КММ















«Мен қалаған мамандық»



(тренинг)











Мектеп психологі: С.Н.Муратбекова











2016-2017 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!