400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Тренинг сабақ Құқықтық мәдениетті қалыптастыру 5-7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыра отырып, құқық бұзушылықтың алдын-алу туралы. 5-7 сынып оқушыларын жалпы тәртіп пен бала құқықтары туралы түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тренинг сабақ

Shape1   ( 5-7 сынып оқушылыры)

 

 













  Дайындаған: психолог Б.С.Муканбеталина

 

 

 

 

 

  2015-2016 оқу жылы 

 Мақсаты :Оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыра отырып, құқық бұзушылықтың алдын-алу .

  Әдісі : ой қозғау, сұрақ- жауап, пікірталас.

  Түрі: дөңгелек үстел.

Күні: 20.11.2014ж

Жоспары .  

І. Кіріспе . Тренинг.

ІІ. Негізгі бөлім.

Топқа тапсырмалар

        А) Бала құқығы туралы не білесіз?

       Ә) сөз шебері

       Б) сен білесің бе?

       В) жалғасын тап.

       Г) Тосын жағдай.

       Ғ) Рефлексия "менің ағашым"

ІІІ. Қорытынды бөлім.

    Оқушыларға кеңес

 

Кіріспе. 

Қылмыс жасағаны үшін жазаға  тартқаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуынан ғана емес, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалық  ерекшеліктерін ескеруге де байланысты. Мектеп жасындағы балалардың құқықтық санасының төмендігі олардың қылмысты көп жасауына, заң талаптарына өз талаптарын қарсы қоюына әкеліп соғады. Сондықтан оқушылар қылмысының алдын алып, құқықтық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Құқықтық тәрбие – кәмелетке толмағандар арасыда заң ұғымдарын насихаттай отырып, жасөспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Жастарды заңнын негізгі принциптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет.

 1.Сәлемдесу

Атыңды атап "мен....."деген сөзбен бастап, бойыңдағы тек жақсы қасиеттерінді айтып, өзімізді-өзіміз мақтап бастайық.


Бірінші тапсырма:     «Баланың қандай құқықтарын білеміз?»

Жауаптар.

-Еңбек ету . –Өз пікірін білдіру. –Баланың өз атын, әкесінің атын алуы.

-Ата –анасымен  тұруы.  –Білім алуы.  –Өзінің  сүйікті ісімен айналасуы.

 - Мүлікке ие болуы. –Қорғалуы.   –Отбасында өмір сүруі. -Тәрбиеленуі.

 -Ұлтын таңдауы.              –Демалуы.  –Денсаулық сақтауға құқылы.

 


Екінші тапсырма:     «Сөз шебері»

Әр топ тақырып суырып, сол бойынша әңгіме құрайды

1.Ішімдік  ішу – ұлт болашағына зиян.

2.Бала құқығы жіне ата-ана құқығы.

3.Жаза және тәрбие.

 

Үшінші тапсырма.                                                                                            

  «Сен білесің бе?» сайысында сұрақтар оқылады,топ «иә» деген жауапқа оң қолын көтереді, «жоқ»деген жауапқа сол қолын көтереді.

Сұрақтар «Бала құқығы туралы »  конвенциядан алынды.

1.«Бала құқығы туралы» конвенцияны 1989 жылы 20-қарашада БҰҮ-ның Бас

   Ассамблеясы қабылдады.                                                         (дұрыс)

2.18 жасқа толған жеткіншек бала деп саналады.                     (дұрыс)

3.Мемлекет  баланы зорлық – зомбылықтың барлық түрінен қорғауға, оның құқығын қорғауға, тиісті шараларды қолдануға міндетті.           (дұрыс)

4.Әрбір бала өмір сүру  құқығына ие.                                          (дұрыс)

5. Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға құқығы жоқ.          (бұрыс)

6.Бала  өз ойын ашық жеткізуге, ақпарат алуға, ақпарат алуға құқықсыз (бұр)

7. Конвенцияның 18- бабында ата-ана жауапкершілігі туралы айтылған. (дұр)

8.Заң бұзған  бала өзінің ар – намысын, тұлғалығын оятатын, дамытатын лайықты ілтипат алуға құқықсыз                                                         (дұрыс)

 

Төртінші тапсырма:                « Жалғасын тап»

1.Тура биде туған жоқ,   туғанды биде иман жоқ.

2.Дау мұраты – біту.

3.Жігіттің құны – жүз жылқы,     ары – мың жылқы.

4.Қылмыскер кісіден қорықпайды, ісінен қорқады.

5.Заңнын құрығы бәрінен ұзын.

6.Әділ істің арты игі.

7.Сөз шынына тоқтайды,  пышақ қынына тоқтайды.

8.Атаның баласы болма, адамның баласы бол.

 

Бесінші тапсырма.                           «Тосын жағдай»

 

І топ.

Екі ата-ана жолдастарымен дастархан басында ішіп отыр.Туған күнін тойлауда.

Баласы :               Көке, апа, мен ойнап келемін.

Анасы:                 Ойна, ойна.

Әкесі  :                 Бүгін менің туған күнім, балам мә, ұрттап қой! Сен де      болашақ       еркексің ғой.

Баласы:               Жоқ, әке, арақ балаға да, үлкенге де зиян. Одан ми су болады, жүрегі ауырады, асқазан тозады. Тіпті адам айуан болады. Солай бізге апай айтты. (жүгіріп кетіп қалады)

        Осының үстіне келген үлкен баласы: Е-е, апайың айта береді, қазір ішімдікті барлық жерде сатады,- деді.

        

Сұрақ.

-         Сіз сол ата –анасы, ағасы орнында болсаңыз не айтар едіңіз?

 

ІІ топ.

Сыныптастарының  туған күнін атап өткен мектеп оқушылары түн ортасында тұрған үйлерінің ауласында би кешін ұйымдастырды. Музыканың үнімен шулаған оқушылардың айқай шуын естіген үлкен әже немересін алып кетуге келіп тұр. Көршілер шуды тоқтатуды өтінген. Тұрғындардың өтінішіне құлақ аспаған олар биді көше кезекшілері келгенше жалғастыра берді.

        Сұрақ.

 -Мектеп оқушылары қандай құқық бұзушылыққа барды?

 -Оларды жауапкершілікке тартуға негіз бар ма?

 - Әкімшілік жазаны қалай қолдануға болады?

 

ІІІ. Қорытынды.

     Оқушыларға пайдалы кеңестер.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25.12.2018
1552
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі