Материалдар / тренинг «Сен және Мен. Біз әлемді өзгертеміз»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

тренинг «Сен және Мен. Біз әлемді өзгертеміз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушыларға зорлық -зомбылық туралы қысқаша ақпарат беру, адамның ең жаман қасиеттерінің бірі екенін айту. Білім алушыларға адамның құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы қысқаша мағлұмат беру, пікір алмасу. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2021
1821
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Сен және Мен. Біз әлемді өзгертеміз»

Сынып: 6 «В»

Қажетті көрнекіліктер: доп, жер шары суреті, А3, фломастерлер, журекшелер, қалам.

Мақсаты: Білім алушыларға зорлық -зомбылық туралы қысқаша ақпарат беру, адамның ең жаман қасиеттерінің бірі екенін айту. Білім алушыларға адамның құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы қысқаша мағлұмат беру, пікір алмасу. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау. 

Түрі: тренинг

1.Амандасу – «таныстыру» жаттығуы. 
Нұсқау: әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек. Мысалы: мен Жансая жігерлі қызбын.... 
Оқушылар түгел амандасып болғаннан кейін топқа бөлінеді. 

Топта жұмыс істеу ережесі: 
1. Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды. 
2. Болып жатқан іс әрекетке белсенді қатысу. 
3. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы. 
4. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт. 
5. "Басынан" "Аяғына" дейін жұмыс істеу. 


Кіріспе

Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін- бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.  Оның кепілі – заңдылық.
Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.

Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген.
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.

Зорлық -зомбылықтың түрлері:

Психологиялық (эмоциялық)
Физикалық зорлық-зомбылық
Бопсалау
Кибербуллинг
Кемсітушілік

Мектептегі зорлық-зомбылық түрлері:

1. Психологиялық зорлық-зомбылық – балаға назар аудармау, кері итеру, бақылау, баланы қорқытуға, үрей сезімін тудыруға, баланың мінезіне ықпал етуге,оның өзін-өзі құрметтеу, өз бағасын білу сезімін жоюға, әлеуметтік және эмоционалдық дамуы мен жақсы өмір сүруіне кедергі келтіруге бағытталған қасақана жасалатын вербалды және іс-әрекеттік қимылдар схемасын қамтиды.
Психологиялық кемсітушілік әрекетке баланың өзін керексіз, кемістігі бар, сүйкімсіз және қалаусыз болып табылатынына сендіру үшін жасалатын мазақтау, балағаттау, кемсіту, ұялту және дөрекі сөздер айту сияқты вербалды әрекеттер кіреді. Ол сондай-ақ баланы қорқыту және оны бақылау үшін қорқыныш сезімін тудыру мақсатында физикалық залал келтіре отырып балаға қауіп төндіру сияқты іс-әрекеттік қимылдарды да қамтиды.
2. Физикалық зорлық-зомбылық – балаға қатысты өзге баланың не ересектің тарапынан физикалық зардапқа не жарақатқа әкелетін, баланың денсаулығына, оның өмірінің ұзақтығына, дамуына, өзін-өзі бағалау сезіміне нұқсан келтіруі мүмкін физикалық күш көрсету арқылы жасалатын әрекеттер.
3. Физикалық зорлық-зомбылық ретінде бағаланатын іс-әрекеттің түрлері көп: соққы, ұру, итеру, тебу, тұншықтыру, шаштан тарту, сілкілеу, қандай да бір затпен не қарумен шабуыл жасау. Физикалық зорлық-зомбылық көбінесе балаға залал не жарақат әкеледі, тіпті баланың мүгедек болуына не қайтыс болуына да соқтыруы мүмкін. Жыныстық сипаттағы сөздерді айту не қысым көрсету – қандай да бір баланың не ересектің балаға қатысты жыныстық алдап-арбауы, нәпсіқұмарлық сипатта ауызша не физикалық қысым көрсетуі.
4. Бопсалау – балаға зорлық не тән жарақатын салу қаупін қосқанда, қысым жасау не мәжбүрлеу арқылы заңсыз ақша мен мүлік талап ету және алу түрінде көрінетін қылмыс.
5. Кибербуллинг – баланың қыр соңына түсу, қорқыту, ұялту мақсатында Интернетті не басқа технологияларды пайдалану. Дөрекі, қатыгез сипаттағы мәтіндік хабарламалар жіберу; жәбірленушіні онлайн режімінде мазақ ету не жеке басына тән ақпаратты, фотоны не бейнежазбаны орналастыру; басқа баланың қыр соңына түсу не мазақ ету мақсатында жалған тіркеу жазбасын, веб-парақшаны не онлайн режімінде бейне жасау сияқты әрекет түрлерін қамтиды.
Құрбылар тарапынан қорқытып -үркіту – нақты не болжамды күштер теңсіздігін білдіретін мектеп жасындағы балалар арасындағы агрессивті әрекеттер. Мінез-құлықтың мұндай моделі қайталанып отырады немесе белгілі бір кезең сайын қайталануы ықтимал. Баланы кемсіту қорқыту, өсек тарату, балаға физикалық не сөзбен тиісу не әдейілеп топтан шығарып тастауды қамтиды.
6. Кемсітушілік – баланың жынысына, ұлтына, ұлыстық мәртебесіне, әлеуметтік-экономикалық жағдайына, дініне не мүгедектігіне негізделген әділетсіз не бөліп-жару қарым-қатынасы. Тән жазасы – физикалық күш қолданылатын, балаға қандай да бір жеңіл ауырту сезімін не қолайсыздықты сездіруге бағытталған кез келген жазаны білдіреді. Көбінесе, бұл соғып жіберу, шапалақпен тартып қалу, баланы қолмен не затпен ұруды білдіреді. Сондай-ақ тебу, сілкілеу, баланы итеру, тырнау, шымшу, шашынан тарту не құлағынан жұлқылау, балаларды қолайсыз жағдайда ұстау, күйдіру, буға шалдыру, мәжбүрлеп жұтқызу (мысалы, баланың аузын сабынмен жуу не ащы дәмдеуіштерді жұтуға мәжбүрлеу) де қамтылады.


2.«Зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ»   тақырыбында постермен жұмыс жасау, қорғау.


3.Видео-ролик «Шегенің ізі» Ютуб каналынан көрсету


4.Жағдаяттар талдау

1.Асханаға барған Алмас, әдеттегідей, өз орнына отырмады. Ол Жамалдың орны еді. Жамал оның жанына келіп, орындықты босатуды сұрады. Ол қызды күшпен итеріп жіберді, Жамал еденге құлады.

2. Олжас Медеттің қаламын рұқсатсыз алды. Медет Олжасты қаламын алғанын көріп,ұрып жіберді.

3. Үзіліс кезінде Еділ сыныпты айналып жүгіріп, Алтынайды итеріп жіберді. Құлап бара жатқан қыз мұғалімнің үстеліндегі вазаны абайсызда сындырып алған. Мұғалім сыныпқа кіріп, вазаның сынғанын көрді. Алтынай үзілісте не болғанын түсіндіруге тырысты, бірақ мұғалім ақтауды тыңдамады және оған айқайлады.


5.Идеялар шеңбері «Зорлық-зомбылықты қалай тоқтатамыз?»

(Мақсаты: зорлық -зомбылық жағдайынан қалай аулақ болу керек).

Қатысушылардың міндеті: осы мәселені талқылау және оны түсіндіре отырып, бір нұсқаны ұсыну.


Зорлық -зомбылыққа әкелуі мүмкін жағдайлардан аулақ болыңыз.

Байсалды және сенімді сөйлеңіз.

Агрессорға тоқтауға мүмкіндік беріңіз.

Үндемей қалу. Бұл әлсіздіктің белгісі емес!

Дұшпандардан кек алмаңыз. Кешірім сұрай білу.

Көмек сұрау. Бұл әлсіздік пен қорқақтықтың белгісі емес!


6.Біз зорлыққа қарсымыз!»жаттығуы.

Біз зорлыққа қарсымыз. Әр оқушы жүрекшелерге себебін жазып, жер шарына ілу.


Психолог кеңесі:

Қалай зорлық – зомбылыққа душар болмау керек?

  • Көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу, көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ орындарға және т.б. жерлерге бармау.

  • Үйде жалғыз болғанда, бөтен  адамдарды үйге кіргізбеу керек; 

  • Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау.

  • Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүру.

  • Егер сіз зорлық -зомбылық қауіпін сезсеңіз, дереу полицияға 102 немесе 112 номеріне қоңырау шалыңыз.

Міне, осындай қарапайым заңдылықтарды ұстанып жүретін болсаңыз,сіз әрқашанда сақтықта жүресіз!

  • Қайда бара жатырғаныңды үнемі ата-анаңа айтып жүр;

  • Тек достарыңмен бірге қыдыр;

  • Достарыңмен бірге адам жүрмейтін жерге түнде бармаңдар;

  • Танымайтын кісілерден сыйлық қабылдама;

  • Егер біреу сенімен бірге қыдырғысы келсе ата-анаңнан рұқсат ал;

  • Қорықсаң, адамдар бар жерге қарай жүгір;

  • Өзіңді қаншалықты нашар сезінсең де өз мәселелеріңді ешкіммен талқылама;

  • Есікті ешкімге ашпа және есік арқылы ешкімге жауап берме;

  • Егер біреу пәтерге ұрланып кірейін деп жатса, полицияға хабарлас та, терезені ашып, көмекке шақыр;

  • Егер көлікке мінген адамдар қандай-да бір мекен-жайды сұраса – жақындама және сен баратын жақта болса да бірге барып, көрсетуге келіспе;

  • Ешкімнің саған жақындасуына құқығы жоқ. Егер біреу солай істеуге тырысса, айтуға ұялма;

  • Егер де біреу сені қорқытса, адам көп жүретін қауіпсіз жерге бар;

  • Егер біреу сені бір жерге шақырса, ата-анаңның рұқсатын ал.

Қорытынды

Немістің ұлы ақыны В. Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып шығып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүруді жаны сүйген. Оның жүрген жерлері мезгілі келгенде керемет гүлдер өсіп шығатын. 
Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме, оны білу міндетті емес. Дегенмен сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық-зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!