400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг тақырыбы: АРТ-ТЕРАПИЯ ТЕХНИКАЛАРЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ, ТАНЫМ ҚАБІЛЕТТЕРІН ЖАҚСАРТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
• Балаларға АРТ-терапия туралы түсінік беру; • сурет салу терапиясы жаттығуларын орындау; • әсемділікті сезінуге тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы № 4 мамандандырылған мектеп –интернат педагог-психологы Исмаилова Жанат Смагуловна


Тренинг тақырыбы: АРТ-ТЕРАПИЯ ТЕХНИКАЛАРЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ, ТАНЫМ ҚАБІЛЕТТЕРІН ЖАҚСАРТУ


Мақсаты:
• Балаларға АРТ-терапия туралы түсінік беру;
• сурет салу терапиясы жаттығуларын орындау;
• әсемділікті сезінуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Психологиялық тренинг.
Ортақ қобалжу: «Біз әртүрліміз»
Әдістемелік жарақтау: А4 қағаз, түрлі түсті бояу, су бояу.
Уақыты: 20 минут
Жоспар:
1. Сәлемдесу (танысу) жаттығуы
2. АРТ-терапия туралы түсінік
3. Сурет салу терапиясы
4. Еркін сурет жаттығуы
5. Сиқырлы алақан жаттығуы
6. Сергіту
7. Рефлексия
Тренингтің барысы:
1. Сәлемдесу жаттығуы “ Кездесу ”
булдіршіндер бір-бірімен амандаса тұрып, адамға жағымды сөздер айту әдетін жаттықтыру. Мысалы: Сәлем Жанар, сен бүгін өте әдемісін, немесе сәлем Исмаил, осы аптадағы істерің онды болсын.


Таныстыру
Жүргізуші. Барлығымызға белгілі біздің азан шақырып қойған атымызбен қатар отбасымызда ата-анамыз, ата-әжеміз, аға-апамыз, сонымен қатар достарымыздың ортасында еркелетіп атайтын екінші есіміміз бар. Оны естіген кезде ерекше сезімге бөленіп, көңіліміз көтеріліп жатады.
Нұсқау: Қазір 1 минуттай ойланып, сол есімдеріңіз бен өзініңізді теңестіретін қандай да бір затты, табиғат құбылысын немесе бейнені естеріңізге түсіріңіз. Сіздердің өз есімдеріңізді топ алдында жариялап, топқа өзіңізді жаңа бір қырыннан таныстыруға мүмкіндігіңіз бар.


Еркін сурет жаттығуы
Мақсаты: Бұл жаттығу сабақ бастамасында өте қолайлы. Ол баланың шығармашылық қабілетін оятады, өз эмоцияларын сезінуге және бір-бірлерімен танысуға мүмкіндік береді.
Материалдар: парақ, қарындаш, бояу.
Өтілу барысы: Парақ, қарындаш жағынан жетіспеушілік сезінбеуі керек. Әр адам өзі жалғыз қала алатын орын табады. 2 минуттай өз ойын жинақтайды, өз сезіміне құлақ салады. Оған алдағы жұмыстың шығармашылық жағын ойлап керек емес. Ол тек қарындашты алып, сурет сала бастауы керек. Сурет салушының міндеті – өз жағдайын символикалық бейнелеу. Ол өзін нақты бір нәрсе суреттеуге мәжбүрлемеу керек. Басына не келеді, соны салуы тиіс. Топ сурет салуды аяқтағаннан кейін, қатысушылар өзінің және басқалардың жұмыстары туралы ойларымен бөліседі, бірақ оларға баға бермеуі тиіс. Өз суретіне ұқсас суреттерді қарап шығып, бірге талдау


Сиқырлы алақан жаттығуы 
Мақсаты: жаттығу шығармашылықты дамытады, өз қиялын оятады.
Материалдар: парақ, сулы бояу, қарындаш.
Өтілу барысы: Әрбір қатысушыда парақ, түрлі–түсті қарындаштар, қарындаш болуы керек. Бәрі шеңбер құра отырады. балаларға өз алақанына өзіне ұнаған бояуды жағып алып, сонаң соң ақ қағазға түсіреді. Кейін сол түскен саусақтардың ізінен өз қиялымен сурет жасап шығару керек. Тағыда жетіспеген элементтер қосуға болады. Жұмысты талдау.


7. Сергіту. Жақсы бір әуенге, би қимыл қозғалыстарын жасау.
8. Рефлексия
Бүлдіршіндерге бүгінгі сабақ туралы ойларын білу, сұрақтар қою.
• Бүгінгі сабақ ұнады ма, қандай әсер алдың?
• Бүгінгі сабақта саған не жаңалық болды?
• Болашақта өзіңе осы сабақтан не алар едің?
«Жақсы сөз» жаттығуы арқылы қоштасу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
01.11.2021
2838
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі