«Зияткер»
мамандандырылған-мектеп интернаты»
КММ-сі
Мұғалім: Қалибекова
Г.Қ.
Тренинг
тақырыбы: «Оқуға деген ынта мен
құлшынысты арттыру жолдары»
Сынып: 7А
Күні: 16.03.2018
ж.
Мақсаты: Түрлі қызықты тапсырмалар мен
ойындар ойнату арқылы оқушылардың оқуға деген ынталары мен
құлшыныстарын ояту.
Сынып ішінде бірлік пен
ұйымшылдылықты арттыру.
Барысы:
-
Психологиялық ахуал
тудыру. Сынып ішінде көңілді
психологиялық ахуал туғызу үшін таратылып берілген суреттерді
байланыстыра отырып, өздері туралы қысқаша
таныстыру.
Мысалы, күннің суреті түссе,
«мен күндей жарқырап құлпырып жүргенді ұнатамын» деп жауап беруге
болады.
-
Топқа
бөлу. 1,2,3 сандарын таратып беру
арқылы 3 топ құрамын.
-
1-тапсырма. Алдыларындағы заттардан
бұйым жасап шығару және оны жарнамалау, не таныстыру түрлі қызықты
формада. (берілетін уақыт – 15 минут).
2-тапсырма.
Ситуациялық
сұрақтар:
-
Егер мұғалім болсаң, өз пәніңе
оқушыларды қалай қызықтырар едің?
-
Егер Білім және ғылым министрі
болсаң, оқу бағдарламасына қандай жаңа пән қосар
едің?
-
Егер уақыт машинасы арқылы
өткенге қайтып бару мүмкіндігі туса, қай оқиғаны өзгертер
едің?
-
Егер де Джин 3 тілегіңді айт
десе, қандай тілек айтар едің?
Тренингтің соңында бейнеролик
көрсетіледі. Бейнероликтің мазмұны:
Баяғыда ұстазын сөзінен
жаңылдырмақ болған шәкірт ұшып жүрген көбелекті алақанымен қысып
ұстап алады. Ұстазына барып: «Менің алақанымда өлі көбелек пе, әлде
тірі көбелек пе?» деп сұрайды. Сонда ұстазы «егер де мен тірі деп
айтсам, шәкіртім көбелекті алақанымен қысып өлтіріп тастайды. Ал
егер өлі десем, көбелекті жібере салады» деп ойлайды. Содан соң
ұстазы: «Бәрі өз қолыңда...» деп жауап берген
екен.
Мұғалімнің қорытынды
сөзі:
Оқуға деген ынта мен
құлшынысты арттыру үшін қажет:
-
Қолайлы орта, яғни сынып
ішіндегі жағымды атмосфера, бірлік,
татулық;
-
Алдыға мақсат қоя білу, сол
мақсатқа қол жеткізу үшін міндеттерді орындай
білу.
Видео көре отырып, оқиғаның
соңын болжау. Қорытынды шығару.