400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг: Зиянды әдеттер 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға зиянды әдеттерден аулақ болуға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Тренинг

Сынып: 7
Тақырыбы: Зиянды әдеттер
Мақсаты:
Оқушыларға зиянды әдеттер туралы мағлұмат беру.Балалардың бойында
зиянды әдеттерге қарсы жағымсыз көзқарас қалыптастыру.Зиянды әдеттердің
алдын-алу шараларын ұйымдастыру.
Құрал-жабдықтар: Суреттер, журналдар, кітапшалар.
Барысы:
Зиянды әдеттер көптеген аурулардың пайда болуына, адам денсаулығына
орасан зор зиянкестік әкелетін маңызды факторлар болып табылады.Зиянды
әдеттерге темекі шегу, нашақорлық, ішімдік ішу жатады.
Темекі шегуші алғашында өз ағзасын уландырып жатқанын байқамайды.Ал
темекіде ең күшті у – никотин бар.Ол қанға тез араласады, ішкі органдарға кіріп
алып, олардың қызметін бұза бастайды.Темекі шегушінің қасында болу да
зиянды, себебі улы түтінді жұтасың.Темекі шегуші тыныс алу органдарының
ауруына шалдығады: демікпе, рак,туберкулез.Темекі шегу – ақырындап өзін-өзі
өлтіру, ауру мен өлімге душар ететін зиянды әдет.
Нашақорлық - өте ауыр дерт.Нашақорлықтың қалыптасуы негізгі 3
тәуелділіктің дамуымен анықталады:
1. Психологиялық тәуелділік – белгілі бір сезімге бөлену үшін немесе
психологиялық ыңғайсыздықтан арылу үшін үнемі наркогендік дәрілерді
қабылдауға деген ұмтылыс.
2. Ағза тәуелділігі – есірткі құрамындағы заттар адам ағзасының зат
алмасуына етене енгендіктен, есірткі қолдануды қойған сәтте абстинетті
синдром дами бастайды.Көңілі түсіп, ас қорыту процесі бұзылып, бұлшық
еттер мен сүйектер қақсап, сынып ауруымен ұштасып жататын адам
шыдарсыз жағдай.
3. Толеранттылық – бұл есірткіге үйреніп алуы.Сондықтан, оған есірткі
немесе наркогендік дәріні оданда қажетсінеді.
Есірткі – миға қатты әсер ететін улы зат.Бүйрек ауруына,сүйек және адам миының
ауруға шалдығуына әкеліп соғады.
Алкоголь – созылмалы аурулардың асқынуына алып келетін қауіпті
фактор.Спирттік ішімдікті ішкен сайын бауыр қатып, тас болады.Осының
нәтижесінде бауыр циррозы пайда болады.Спирттік ішімдік – депрессант.Ол ми
қызметінің әрекетін құлдыратады.Сыра, шарап, күшті спирттік сусындар –
бұлардың бәрінің құрамында алкоголь бар.
Зиянды әдеттердің алдын-алу үшін ішімдікті,темекіні және есірткіні
пайдалануға әуестенбеу керек.Денсаулық жақсы болу үшін бос уақытты тиімді
пайдалану қажет.
Қорытынды:
Зиянды әдеттерден аулақ болайық!Өз денсаулығымыз - өзіміздің қолымызда!


Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18.02.2021
958
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі