Материалдар / Тренинг:«Балалар ұжымындағы психологиялық ахуал, мейірімділік атмосферасы» мектепалды даярлық тобы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тренинг:«Балалар ұжымындағы психологиялық ахуал, мейірімділік атмосферасы» мектепалды даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
психологтарға керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2018
1305
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бекітемін»

«Қошақан» балабақшасының

меңгерушісі

Утегулова А.У_________

« »________2015ж











«Балалар ұжымындағы психологиялық ахуал, мейірімділік атмосферасы»

(тренинг метеп алды даярлық топтары)













Балабақша психологы: Бегалиева Ұ.М













Мейірімділік жолымен

Мейірімділікті анадан үйрен

(Халық даналығы)


Мақсаты: Балалардың «мейірімділік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: - Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • Өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту;

  • Мейірбандылыққа тәрбиелеу.


Шаттық шеңбері

Психолог балаларға шеңбер құрып тұруды ұсынады:

-Балалар ортаға шеңбер құрып тұрып «Мейірімділік» өлеңі оқылады.


Мейірімділік

Әкел, досым, қолыңды,

Татуласқан орынды.

Өкпелесіп не керек,

Көрсет, қане, соныңды

Баққа бірге кірейік,

Қол ұстасып жүрейік.

Мейірімділік белгісі-

Кел, қосылып күлейік.


Психолог: Балалар бүгін біз адамның жақсы құндылықтарының бірі мейірімділік жайлы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейірімділігі – әдептілік белгісі.

«Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атап өтсек: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар едіңдер?

-Әрине мейірімді жандардың қатарында ең бірінші біздің аналарымыз тұрады екен.

-Адамзат ненің мейіріміне бөленген?

-Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және тағы басқалардың мейіріміне бөленеді. Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші:

«Мейірімді адам» дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай адамды мейірімді адам деп айтасыңдар?

Балалардың жауаптары тыңдалады:


«Мейірімділік» өлеңін оқу: (психолог)

Мейірімділік – ғажайып өмір есігі,

Мейірімді болсаң – сазды әуенмен тербетілер бесігің.

Ашық болсаң мұқтаждарға көңілің мен есігің,

Мейірімсіз болсаң, Алладан болмас кешірім.

Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,

Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.

Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,

Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.

Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,

Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.

Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында,

Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.


Тыныштық сәті (Үнтаспада арнайы әуен естіледі) балаларға мейірімділік сезімін сезіну мақсатында тыныштық сәті ұйымдастырылады.

Психолог: Балалар, көзімізді жұмып, біраз демалып жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, ізгілікке толы әлемге саяхат жасаймыз.

Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісті. Бәріміз сол әлемге қарай қадам басайық, сүйіспеншілік, мейрімділік, ізгілік нұры бізге қонып, жан дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады. Адамдар бір – біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап жатса, қандай жақсы болар еді! Қайтуға уақыт жетті, сиқырлы әлеммен қоштаса отырып, мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік. Енді балалар көздеріңді ашыңдар.


Сахналау: «Сары тауық пен балапандары»

-Балалардың мейірімділікті тереңірек түсіндіру мақсатында сахналауды ұйымдастыру .


Жағдаяттарды талдау

Суреттер бойынша балалардың табиғатқа, заттарға, жан – жануарларға, бір – біріне деген қамқорлық, мейірімділік сезімдерін ояту.


Балалар біз бүгін адам бойындағы жақсы, асыл құндылықтарының бірі мейірімділік жайлы әңгімелестік. Қазақ халқы баланы жасынан тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, мейірімділікке, адалдыққа, сыпайылыққа, кішіпейілділікке, ұйымшылдыққа, отаншыл болуға тәрбиелеген. Көптеген нақыл, тыйым сөздер, мақал – мәтелдер айтып отырған.


Балалар кімнің, ненің мейірімді екендігін мынадай сөздермен айтып жеткізеді:

  • Күлімдеген күн меірімді!

  • Кіршіксіз ақ қар мейірімді!

  • Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!

  • Аяулы анам мейірімді!

  • Қадірлі әкем мейірімді!

  • Әлпештеген әжем мейірімді!

  • Еркелеткен атам мейірімді!

  • Жылы жүзді тәрбиешім мейірімді!

  • Тату – тәтті достарым мейірімді!


Жүректен жүрекке

Психолог: «Жылы сезім жүректерде сақталады, Мейірімділік тек жүректен басталады». – деп балаларды жүректен жүрекке шеңберіне шақырады. Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір – біріне деген жақсы тілектерін білдіреді.

Балалар бәрі қосылып: «Балалардың мейірімді жүрегі, сіздерге бақыт, шаттық тілейді» - деп бір – біріне өздері жасаған жүрекшелерді ұсынады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!