Материалдар / түбір сөз бен қосынды сөз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

түбір сөз бен қосынды сөз

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдту үшін жазыларламаға сәйкес сабақта жаңа тәсілдерді қолданып сабақ өту үшін жазылған ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
576
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Сабақүбір сөз бен туынды сөз

КҮНІ:21.06.2016ж

СЫНЫП:3а

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны:0

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

  • Түбір сөз бен туынды сөзді ажырата біледі;

  • Туынды сөздің жасалу жолдарын біледі

  • Түбір, жұрнақ, жалғау және туынды сөз арасындағы байланыс туралы біледі.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: түбір сөзден туынды сөз жасай білу; сауатты көркем жазу

Оқушылардың басым бөлігі: туынды сөздің қай сөз табынан жасалғанын ажырата білу

Кейбір оқушылар: туынды сөздің жасалу жолын түсіндіріп оған бірнеше мысалдар келтіру арқылы дәлелдей білу

Тілдік мақсат

Оқушылар: сөйлем ішінен туынды сөзді таба алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: түбір сөз бен туынды сөз жұрнақ, жалғау

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: 1)түбір сөзбен туынды сөздің айырмасы неде?

2) туынды сөз қалай жасалады?


Талқылауға арналған тармақтар: түбір сөзден туынды сөз жасау арқылы оның қай сөз табынан жасалған? Қандай сұрақтарға жауап береді?

Сіз неліктен бұл сөздің туынды сөз екенін айта аласыз ба?

Жазылым бойынша ұсыныстар: туынды сөздерді қатыстырып сөйлем құрады

Алдыңғы оқу

Түбір мен қосымша

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар


Басталуы(Кіріспе)

10мин

1.Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен сәлемдесу;

б) оқушыларды түгендеу;

в) жұмыс орнының сабаққа дайындығын тексеру;

г) оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

2. Қызығушылықты ояту: «Сөз құра» ойыны арқылы Берілген сандарды өсу ретімен қойғанда «Жазғытұры» сөзі шығады. Ол сөз туралы не білетіндерін сұрап өту

Абайдың «Жазғытұры» өлеңін хормен оқиды.


Жазғытұры ќалмайды ќыстың сызы,

Масатыдай ќұлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі

Осы өлең жолдарын оқыту арқылы көктем мезгілін еске түсіру. Көктем мезгілінде тулған балалар бар ма?

Егер бар болса, онда бүгін оларды құттықтайтын боламыз. Және көктем мезгіліне саяхат жасайтын боламыз. Олай болса қазір сендермен

3. «Гүл таңда » ойынын ойнап өткен сабақтарды қайталаймыз.


Түбір дегеніміз не?

Қосымша дегеніміз не?

Жұрнақ дегеніміз не?

Жалғау дегеніміз не?


4. Үй жұмысын тексеру

12-жаттығу мақалдың түсіп қалған әріптерін қойып көшіріп жазу болатын.

-Кәне, тексеріп өтейік.(оқушылар кезекпен оқып шығады)

-Жарайсыңдар!


















-Біз нені еске түсірдік?

үгінгі сабағымыз «Түбір сөз және туынды сөз» деп аталады


Негізгі бөлім

25мин

5.Жаңа сабақ

- Балалар, енді бір сәт бері қараңдаршы

Мына сөздерге жұрнақ қосып айт:

дәрі, оқу, қобыз, күй, ас

Дәріхана, оқушы, қобызшы, күйші, аспаз

  • Иә дұрыс айтасыңдар.

Енді осы сөдерді қалай жасадық?

Дәрі-дәрі +хана

Оқу- оқу+шы

Қобыз – қобыз+шы

Күй – күй+ші

Ас – ас+паз (оқушылар сөздерді жасап мағынасын салыстырады)

Сонда түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы туынды сөз, яғни жаңа сөз жасалды. Бұлар туынды сөздер.

Аббревитуралар” әдісі арқылы ережені қысқартып жазу

Т с ж қ а ж с т с д

Оқулықпен жұмыс

19-жаттығу “Топтық жұмыс”

Түбір сөздерге тиісті жұрнақтарды қосып жаз.



ЖDrawObject1 ұмыс, дос, сый, -шы, -ші

талап, қызмет, -лық

дойбы, ас кер, -тық

20-жаттығу берілген сөздерді ажыратып жазу. «Жұптық жұмыс»


Түбір сөз

Туынды сөз






6.Сергіту сәті. Берілген суреттердегі зат есімнен туынды сөз жасау кім көп біледі?




23-жаттығу ”Кім жылдам” ойыны

Жаңылтпашты оқып,жатқа айт.

Шын іскер-жұмыскер,

Жұмыскер-шын іскер.

Жұмысты кім істер,

Жоқ болса жұмыскер.

*Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.Олардың ішінен туынды сөзді тап


24-жаттығу «Данышпан атаның хаты» арқылы орындалды.

(Терезе жақтауына келіп қонған көгершіндегі хатты алып оқиды және оған жауап жазып қайта ұшырып жібереді)

Сәлеметсіңдер ме, балалар? Сендердің бүгінгі сабақтарыңды мен де тамашалап отырмын. Білімдерің жақсы екен. Менің де бір тапсырмам бар еді, соны орындап бере аласыңдарма? Онда тапсырма мына төмендегіше:

Берілген сөздердің кейбірінен заттың атын білідіретін, кейбірінен заттың сынын білдіретін сөздер жасаңдар да, оны берілген кестеге жазыңдар.

Тапсырмам сендерге қиындық туғызбайды деген ойдамын. Жауаптарыңды күтемін. Сау болыңдар!

Ұш, жақсы, сән, мейірім, біл, оқу, өнер

заттың атын білідіретін

заттың сынын білдіретін




25-жаттығу «Қай көбелек қай гүлге қонады?»

Берілген сөздерден туынды сөз жасау

Тәрбиеші, тәрбиелі, таулы,сыншы, құрлысшы, сәнді, жыршы





























А4 қағазына сызылған кесте

















Қорытынды

8 мин

7.Сабақты қорытындылау мақсатында тест жұмыс мен Венн диаграммасымен жұмыс жүргізу


8.Кері байланыс:

Оқушылар біліміне кері байланыс арқылы қорытынды жасалды.

1.Сіз бүгін нені білдіңіз?

2.Сіз үшін не құнды болды?

3. Қандай тапсырманы орындау қиынға соқты?

Оқушылар өз пікірлерін айтып,сабақ қорытындыланды.

Оқушылардын кері байланысты "Нені білемін"?, "Нені білдім" , "Нені білгім келеді ? "










Қосымша ақпарат: 55 сабақ тест жұмысы,

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және қорғау ережелері

АКТ мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Семантикалық картамен жұмыс.

Шығармашылық жұмыспен шұғылдану арқылы оқушы жан-жақты ізденісте болады. Оқулықтан тыс жаңа дүниемен таныса отырып, шығармашылық қабілеті артады

  • Топтық бағалау.

  • Өзін-өзі бағалау.

  • Әдебиеттік оқу және дүниетану.

Интербелсенді тақта.


  • Әдебиеттік оқу сабағында мәтіндер оқу арқылы оқушылар туынды сөздерді біледі , есте сақтау қабілеттері артады.

Рефлексия

Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жосапрыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз?

Сабақта мақсатыма жеттім. Оқушылар туынды сөздің жасалу жолдарын меңгерді. Сыныптағы ахуал көңілді болды. Жоспарланған саралау шаралары тиімді болы. Берілген уақыт ішінде жоспар толық орындалды. Жоспарыма 23-жаттығуды орындау барысында өзгерту енгізілді. Өйткені, көпшілік балаларға ауызша сөз құрамына талдаған түсініксіздеу болды.

Қорытынды бағамдау



Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушылар топта жұмыс жасау арқылы туынды сөзді жақсы меңгерді



2: Жаңа сабақты қортындылау кезінде қолданған тест және Венн диограммасы табысты болды


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Ойын арқылы оқушыларға тапсырмаларды орындау қызықты, әрі көңілді болды



2: Жұптық жұмыс сәтті шықты


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Оқушылармен кері байланыс жасау арқылы мен келесі сабақта туынды сөздердің сұрақтарға жауап беруіне байланысты қай сөз табына жататынын толықтыру керек екенін білдім.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!