Материалдар / Түбірлес сөздерге жаттығу жұмысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Түбірлес сөздерге жаттығу жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың түбір мен қосымша туралы алған білімдерін тереңдете отырып, жұрнақ пен жалғаудың атқаратын қызметі, түбірлес сөздердің жасалу жолдары туралы білім беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2018
1247
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



24.01.2017

Ашық сабақ Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Түбірлес сөздерге жаттығу жұмысы

Сабақтың тақырыбы:

1. Оқушылардың түбір мен қосымша туралы алған білімдерін тереңдете отырып, жұрнақ пен жалғаудың атқаратын қызметі, түбірлес сөздердің жасалу жолдары туралы білім беру.

2. Оқушылардың ой – өрісін, тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту мақсатында өз беттерінше ізденуге дағдыландыру.

3.Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, адамгершілікке, көркем, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ертегі сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі:  сұрақ – жауап, әңгімелеу, талдау, ажырату, дәлелдеу, ізденушілік.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, тірек сызбалар, оқушы баланың суреттері, түрлі-түсті қағазға жазылған түбірлес сөздер.

Пән аралық байланысы: әдебиеттік оқу.

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі: (2 мин).

  • Оқушылардың оқу-құралдарын дайындату.

  • Қане балалар орнымыздан тұрып, психолоиялық дайындық кезеңін өткіземіз.

  • Назарларын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық(қандай сабақ екенін еске түсіру)

Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім, Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені, Болашағым,бақытым,дара тілім.

Жарайсыңдар, балалар олай болса сабағымызды бастаймыз. Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегі сабақтан ерекше, себебі қонақтар келіп отыр. Ол кісілер сендердің тәртіптеріңді, білімдеріңді көргелі келіпті.Сыныпты топқа бөлу.

Жұмбақ шешу: Аспаннан ақ ұлпа борады,Даланы ақ мамыққа орады.(қар) І топ: «Түбір»

Шашылды көктен ақ моншақ ,Жоғалды біздер тапқанша-ақ.(бұршақ)ІІ топ: «Жұрнақ»

Қыста шыны боп қатады, Жылыда су боп жатады. Ол нелер? (мұздар)ІІІ топ: «Жалғау»

Топ ұстанымы:

1.Бір-біріміздің пікірімізге құрметпен қараймыз.

2.Бір-бірімізді мұқият тыңдаймыз.

3.Бір-бірімізге көмектесеміз.

4.Берілген тапсырманы ұйымшылдықпен орындаймыз.

5.Уақытты тиімді пайдаланамыз

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: (8 мин).

-Үйге қандай тапсырмалар берілді?

45-жаттығу. Берілген жұрнақтар арқылы түбірлес сөздер жасап жазу.127-бетте

          І топ.                       ІІ топ                            ІІІ топ

гіш                           лық                                     лы

Біл                        таза                                       су

гір                            лықшы                               лық

Білгір, тазалық, сулы, сөздеріне сөйлем құрап келу тапсырылған. Сөйлем құрап келген оқушылардан сұрау

ІІІ. Үй тапсырмасын бекітуге арналған сұрақтар:

      «Кім жылдам?» ойыны арқылы:(ұяшықтар таңдау арқылы)

  • Түбір сөз дегеніміз не? Мысал келтіру.

  • Қосымша нешеге бөлінеді?

  • Жұрнақ дегеніміз не?

  • Жалғау дегеніміз не?

  • -хана, -шік, -паз жұрнақтарын жалғап, жаңа сөздер табу.

  • Туынды сөз дегеніміз не?

Ия, дұрыс балалар, — деп әр ережені өзім толықтырып отыру.

Жұрнақ – сөзден жаңа мағыналы сөз жасайды, не сөз мағынасын өзгертпей – ақ үстеме мағына береді.

Жалғау – жалғанған сөзін екінші бір сөзбен қарым – қатынасқа түсіріп сөздерді байланыстырады.

Қосымша – жеке дара тұрғанда мағынасы жоқ, түбір сөзден кейін қосылып тұрған бөлшектері.

    Оқушы жауаптары тыңдалады, сосын өзім толықтыру.

  (ертегі айтылады).

  Қызығушылықты ояту. 

-Ерте – ерте, ертеде, біз білмейтін сиқырлы көп өлкеде бір қария өмір сүріпті. Оның үйінде алтын ағаш өсіпті. Қария сол ағашта өскен алманы базарға апарып сатып күнін көреді екен. Бір күні көршісі оны қызғанып, түнде келіп, ағашты кесіп алып кетеді де, оны өз үйне отырғызады.

Түбірі кесілген ағаш өспей, өліп қалыпты.

  • Балалар, ағаш не үшін өспей, өліп қалды деп ойлайсыңдар? (жауаптары тыңдалады).

-«Ия», балалар, себебі ағаштың түбірі қарияның бағында қалып қояды. Қария ертесі есіктің алдында тұрған ағаштың жоқ екенін байқайды. Ағаштың түбіріне су құйып күте бастайды.Сонда ағашқа қосымша бұтақтар өсіп, кейін қайтадан жеміс береді. (Осы ертегідегі оқиғаны салыстыра отырып, түбір- сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін қосымшаның мағынасы болмайтындығы түсіндіріледі).

Бізде тапсырмаларды орындай отырып, атайдың ағашының жайқалып өсуіне көмек берейік.

ІҮТүбірлес сөзге жаттығу: Көркем жазу.Ж ж(аудиовидео пайдалану)

Туынды  сөздер дегеніміз не? Түбір сөзге жұрнақ жалғанған сөзді айтамыз.

Түбірлес сөздер бір түбірден тарайды.

Мысылы:

Бас                     басшы, бастық, басқар.

Кітап                     кітапша, кітапхана, кітапханашы.

Бізде түбірлес сөздерді өткен едік, бүгін сол сабағымызды қайталап отырмыз.

  (Оқулықпен жұмыс) Ойлан, бірік, бөліс: 1 – тапсырма 46- жаттығу. Жаңылтпашты көшіріп жазу.

 Шежіреші кісі шежіре айтты,

Ішіндегі шежіресін шешіле айтты.

(Есен Елубай)

  • Қане түбірлес сөздер бар ма? Бар шежіреші. Шежіреші – түбірлес болады, себебі шіл-жұрнақ. Ал шежіресін деген сөз, түбірлес сөзге жатпайды, себебі сін – жалғау.

  • Жалғау жалғанған түбір сөз – түбірлес сөз бола алмайды.

  • Міне қараңдаршы.1 – тапсырманы орындау арқылы түбіртек ағашқа бұталар пайда болды. Түбіртек ағашымызға су құйып қоямыз.

2-тапсырма. 47-жаттығу.

Берілген сөздерден бірнеше түбірлес сөз жасау:1-топқа:жаз.2-топқа-көр.3-топқа-ой сөзі.

      шы                      ғы                ушы          гіш              ші         ла           на

Тық      пахана        ған     ғыш                        пе                   мақ      ын

Қар

2- тапсырманы орындап болдық, түбіртек ағашымыздың жапырақтары жайқала бастады.

 3-тапсырма: 48 – жаттығу.Суретке қарап.үбірлес сөздерді оқу(ауызша орындалады).

Болжау стратегиясы есімізге түсіру.

  • Мына суреттен кімді көріп отырамыз?

(баланы)

  • Ол бала қандай бала?

(оқушы,әдепті, сабырлы,ақылды)

  • Оның алдындағы не?

(оқулық)

  • Ол мектепке неліктен барды?

(оқу оқуға)

Қай сөз түбірлес сөзге жатпайды?

  • «Оқу» деген сөз жатпайды. Себебі ол түбір сөз. «Оқу» деген түбір сөзден – оқушы, оқулық сөздері жасалып тұр.

  • Оқуға сөзі жатпайды. Себебі ға – жалғау.

  • 1-топқа :Әңгіме құрау

  • 2-топқа:оқушы сөзіне пирамида әдісі бойынша сөйлем құрау

  • 3-топқа:Оқу сөзіне мақал ойлау

(Тағыда жапырақтары ілінеді).

Ү. Сергіті сәті:суреттер арқылы қимыл көрсету

 4- тапсырма. 49 – жаттығу. Сөздерді оқы. Бәрі түбірлес сөз бола ала ма? Тек түбірлес сөздерді көшіріп жаз. Әр сөздің түбірін тиісті білгемен белгіле.

Тақтамен жұмыс:     І топ 

    Бала, балақай, балақан, балалық. «Баламен» — сөзі түбірлес сөз бола алмайды. Себебі, сөздің мағынасы өзгермейді, мен – жалғау.                    

  ІІ топ     

Сый, сыйлау, сыйлық, сыйлы. Барлығы да түбірлес сөздер.          

 ІІІ топ

Ек – егін, егіндік, егінші. «Егінді» — сөзі түбірлес сөз бола алмайды. Себебі, сөздің мағынасы өзгермейді, ді – жалғау.

  Осы сөздерді тақтаға жазып, түбірі мен жұрнағын сызбамен көрсетіп, гүлдерін жапсырады.

5- тапсырма. «Тапқыр болсаң талас жоқ» айдары бойынша:1-Топқа:шрифтограмма шешу

2-топқа:Адасқан әріптерден сөз құрау

3-топқа:Айшықты сөздер(сөзтіркестер мағынасын ашу)

ҮІ. Сабақты қорыту. (3 мин).

Сәйкестестендіру тестін пайдалану

Сый                   -гіш

Жұмыс              -лі

біл                    -шы

өнер                  -қыш

ұш                     -лық

іс -кер

Балалар ағашымызға қарайықшы жемісін салып жайнап тұр. Ендеше түбірлес сөздер де бір түбірден тараған туынды сөз екенін ұмытпайық.

ҮІІ.Бағалау: (2 мин).Оқушыларды жетон арқылы бағалау, мадақтау.

ҮІІІ.Үйге тапсырма: (2 мин).

  • 51- жаттығу:Жұмбақты шешіп,шешуін жазып келу.

  • Ереже жаттау.





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!