«Тұғыры биік туған тіл» атты
танымдық сайысы
Мақсаты: Оқушыларды
мемлекеттік тілдің өркендеуіне, мемлекеттік тілімізді сүюге,
мемлекеттік тілдін мәртебесін биік ұстауға тәрбиелеу. Оқушылардың
өлеңді мәнерлеп оқу дағдысын қалаптастыру.
Міндеті: Оқушылар
өлеңді талапқа сай мәнерлеп жатқа көркем түрде оқулары
тиіс.
Көрнекіліктер:
Танымал ғалымдардың тіл туралы айтқан ойлары, тіл туралы слайд,
Қазақстан туралы бейнероликтер.
Барысы:
I – жүргізуші: Қайырлы күн! Ана
тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!
II - жүргізуші: Армысыздар,
асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! Қазақстан Республикасы
халықтарының тілдер күніне арналған «Тұғыры биік туған тіл» атты
танымдық сайысына қош келдіңіздер!
(Әнұран)
І – жүргізуші: Қайта туды
қазағымның ай – күні,
Күннен – күнге асар ма екен
айбыны?
Жетпіс жылда өтті талай
кешуден,
Қатар көріп шаттық, табыс,
қайғыны.
ІІ – жүргізуші: Қазақпын мен,
қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның
өлшемінің.
Қазақ деген жалғыз ұлт мен
боламын,
Енді міне жетеді көпке
үнім.
І – жүргізуші: Олай болса
сайыстың әділқазы мүшелерімен таныстырып
өтсек,
......................................................................................................................
......................................................................................................................
......................................................................................................................
......................................................................................................................
ІІ – жүргізуші: Ана тілі - әр
адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған
рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.
І – жүргізуші: Біздің ана
тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы, ошақ қасының ғана тілі емес,
мемлекеттік тіл!
ІІ – жүргізуші: Тәуелсіз еліміз
үшін тіл мерекесінің маңызы жоғары. Сіздерді Қазақстан Республикасы
халықтарының тілдері мерекесімен
құттықтаймыз!
(бейне
ролик)
І – жүргізуші: 1989 жылы 22
қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын. Бұл
заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс
тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді. Тіл – адам ойы
мен санасының жемісі, жаратылыстың аса күрделі көрінісі, қыры мен
сыры мол қатынас-құралы. "Тәрбие басы – тіл" дейді Махмұд
Қашқари. Жаңа оқу жылына ере келген тіл мерекесі көпұлтты
мемлекетіміздің береке-бірлігін нығайта
берсін!
(би)
ІІ – жүргізуші: Ерлік, елдік,
бірлік, қайрат, бақ - ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не
бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі
боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен
қалдың.
Сайыс
5 кезеңнен
тұрады.
І кезең «Ой қозғау» – 10 сұраққа әр топ жауап
беру керек
«Тарлан» тобының
сұрақтары
1. Қазақ тілінде неше жалғау
бар?
2. Сан есім қандай сұраққа жауап
береді?
3. Аптада неше күн бар? Күндердің аттарын
атаңыз.
4. Жыл мезгілдері нешеу? Атап
айтыңыз.
5. Қазақ халқының ұлттық тағамдарын
атаңыздар.
6. Қазақ тілі қандай топқа
жатады?
7. «Ата - ана»
синонимин атаңыз.
8. «Я живу в
независимом государстве» сөйлемді
аударыңыз.
9. «Немере»
деген кім?
10. «Кенже»
отбасындағы қандай бала?
«Алғыр» тобының
сұрақтары
1. Қазақ
тілінде неше тән дыбыс бар?
2. Тілдер
мерекесі қай айда
тойланады?
3. Бір жылда
неше ай бар?
4. Қазақ
тілінде неше септік бар?
Қандай?
5. Қазақ
халқының ұлттық сусындарын
атаңыздар.
6. Етістік
қанадай сұраққа жауап
береді?
7. « Туысқан»
сөзінің синоними
8. «Казахстан –
многонациональное государство» сөйлемді
аударыңыз
9. «Жиен» деген
кім?
10. «Тұңғыш»
отбасындағы қандай бала?
ІІ кезең.
«Сыңарын тап» түсіп қалған мақалдардың сыңарын
табыңыз.
«Тарлан»
тобынына мақалдары
1. Тіл тас
жарады, тас жармаса... (бас
жарады)
2. Жақсы сөз
-... (жарым ырыс)
3. Тіл
қылыштан... (өткір)
4. Басқа
пәле... (тілден)
5. Бас кеспек
болса да,... (тіл кеспек
жоқ)
6. Жақсы байқап
сөйлер, жаман.. (шайқап
сөйлер)
7. Тауды, тасты
жел бұзар, адамзатты... (сөз
бұзар)
«Алғыр» тобының
мақалдары
1. Білім кілті
-... (тіл)
2. Айтылған сөз
-... (атылған оқ)
3. Тілден
артық... (қазына жоқ)
4. Ең ашы да
тіл, ең... (тіл)
5. Піл
көтермегенді... (тіл
көтереді)
6. Тілге
құрмет... (елге құрмет)
7. Өнер алды...
(қызыл тіл)
Сергіту сәті
«Бір адым» Екі тыңдаушы шығады, белгіленген жерге дейін кез келген
сөзді айтып жетуі тиіс. Кім бірінші жетеді сол
жеңімпаз.
ІІІ кезең
«Аудармашы» мәтінді аудару
«Тарлан»
тобының мәтіні
Алматы
Алматы –
Қазақстан Республикасының ірі қаласының бірі. Алматы – өте әдемі
қала. Ол өндіріс, ғылым және мәдениет орталығы. Мұнда Қазақстан
Республикасының Ғылым академиясы, 16 жоғары оқу орны, 8 театр, 13
мұражай бар. Қала маңында әсем жерлерде емханалар, демалыс үйлері
және «Медеу» мұз айдыны
орналасқан.
Сөздер: өндіріс
– промышленный, мұражай – музей, мәденеит -
культура
«Алғыр» тобының
мәтіні
Біздің
мекеме
Біздің мекеме
үлкен. Онда көп қызметкер жұмыс істейді. Біздің мекемеде 12 бөлім
бар. Әрбір бөлімде 7 маман істейді. Мен жоспарлау бөлімінде
істеймін. Жұмысым өзіме ұнайды. Бұл мекемеде мен көп жылдан бері
жұмыс істеймін. Біздің мекеменің адамдары білгір, іскер. Біздің
мекеме Ж. Жабаев көшесінде
орналасқан.
Сөздер: мекеме
– учреждение, жоспарлау – планировать, іскер -
деловой
ІV кезең
«Тапқырлар» берілген сөзден бірнеше сөз
құрастыру
«Тарлан» тобына
( ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ) -
удовлетворительный
«Алғыр» тобына
( ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ) – простота,
обыденность
Жүргізуші:
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды
жығар.
V
кезең Берілген тірек сызба
арқылы бірнеше сөйлем
құра.
Тәуелсіз
Жер көлімі – 2,7 млн
ш.м.
Президент
ҚАЗАҚСТАН
Рәміздері
Көп
ұлтты
Аймақтары
І –
жүргізуші:
Өнерліге
кім жеткен,
Әр салада
небір өнер көрсеткен.
Төртінші кезеңді біз
бастайық,
Өнерлінің
әрқашан да өрісі кең.
көрермендерге блиц сұрақтар
қойылады. 1.Қаңтар айы
жылдың нешінші айы? – бірінші ай 2.Қазақтағы үш арсыз не ? – ұйқы,
тамақ, күлкі 3. Жер бетіндегі екі мәңгілік не? – ай мен күн 4.
«Салмақты» сөзінің синонимі – байсалды, ұстамды, сабырлы 5.
8-наурыз қандай мереке? – Халықаралық әйелдер күні 6. Ақмешіт
қаласының қазіргі атауы – Қызылорда 7. Жеті қазынаға не жатады? –
ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық,
жүйрік тазы 8. «Сұлу» сөзінің синонимі – ажарлы, көрікті, келбетті,
дидарлы 9. Кісі елінде сұлтан болғанша,…………….. 10.Он екі мүшеге не
жатады? – бас, екі көз, екі құлақ, мұрын, ауыз, екі қол, дене, екі
аяқ 11. Отырар қаласының ескі атауы – Фараби 12. 30 тамыз қандай
мереке? – Қазақстан Республикасының Конститутциясы
күні
ІІ– жүргізуші: Ендеше бүгінгі
сайыстың қорытынды сөзін әділқазы мүшелеріне
береміз.
І – жүргізуші: Ана тілінсіз
халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт – тарихынан, түп-тамырынан
айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды. Тілінен айырылған халық
– ата-бабасының, туған әкесі мен анасының атын ұмытқан халық. Ал
ондайларды мәңгүрт деп атайды. (Шерхан Мұртаза) деген екен осы
жолдан Алла бізді сақтасын дейік. Көгімізде көк туымыз мәңгілікке
желбіріп, туған тіліміз жасай берсін!
І – жүргізуші: Кешімізді
Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен
аяқтаймыз.