Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түйіндесулер
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Пәні: |
Сызу |
|
Мұғалім: |
|
|
Мерзімі: |
2.10.17 |
|
Сыныбы: |
9 |
|
Тақырыбы: |
Түйіндесулер |
|
Мақсаты: |
Түйіндесулер туралы білім беру. Әр түрлі бұрыштарды, шеңберлерді және шеңбермен түзулерді түйіндестіруге үйрету. Оқушыны ұқыптылыққа және дербестікке тәрбиелеу. |
|
Күтілетін нәтиже: |
екі түзуді, шеңбер мен түзуді және екі шеңберді түйіндесуді жаттығу арқылы сызып үйренеді. |
|
Сабақтың әдісі: |
Ауызша, көрнекілік, машықтық. |
|
Пәнаралық байланыс: |
математика |
|
Қажетті құрал-жабдықтар: |
Сызғыш, қарындаш, циркуль, А4 форматы, транспортир, лекало,өшіргіш т.б |
|
Сабақтың барысы |
Мұғалімнің қызметі |
Оқушының қызметі |
I.Ұйымдастыру |
Оқушылармен амандасу.Сабаққа дайындықтарын тексеру. |
Мұғаліммен сәлемдеседі. Оқу құралдарын дайындайды. |
II. Үй тапсырмасын тексеру |
Өткен сабақтағы материал сұрақтар қою арқылы пысықталады. 57-сурет |
Оқушылар сабақ айтады. |
III. Жаңа сабақты түсіндіру
IV. Қорытындылау V. Үйге тапсырма |
Бір түзу сызықтың екінші түзу сызыққа біртіндеп көшуі – түйіндесу деп аталады. Түйіндесулерді салу үшін түйіндесу центрі мен нүктелерін табу керек.
а) түйіндесу центрін табу үшін шеңбердің О нүктесінен радиусы R + r болатын көмекші доға жүргізеді. б) АВ түзуінен r қашықтықта радиусы R + r доғасымен қиылысқанша, АВ түзуге параллель түзу жүргізеді. Шыққан О1 нүкте түйіндесу центрі. в) О О1 қосқанда М нүктесі пайда болады. О1 нүктеден перпендикуляр жібереміз, Н нүктесі пайда болады. г) М,Н түйіндесу нүктелерін r доғасымен қосып сызық жүргіземіз
А) І- шеңбердің диам. r1-30 мм, ІІ- шеңбердің диам. r2 –20 мм, түйіндесу радиусы R – 10 мм. Б) шеңбер ø r2 + R екі шеңбер сызу, центрі О1 және О2 ø r1 — R в) қиылысқан нүкте О, О1О, О2О – қосамыз.Қиылысқан нүктелер А және В. Сырттай түйіндесу 4.Шеңберлер доғаларын түйіндестіру нәтижесінде алынған тұйық сызықты – сопақша (овал) деп атайды. Сопақшаларды біросьті және екіосьті деп ажыратады. Екіосьті сопақша осьтерінің ұзындықтарымен анықталады. Сопақша салу әдісі түсіндіріледі және оқушылар мұғаліммен бірге сызады. 1.Түйіндесу дегеніміз не? 2. Сопақша дегеніміз не?
Оқушылар бүгінгі өткен тақырыпты оқып келеді. 67-сурет; |
|
|
Пәні: |
Сызу |
|
Мерзімі: |
11.09.17 |
|
Сыныбы: |
9 |
|
Тақырыбы: |
Пішімдер, масштабтар |
|
Мақсаты: |
оқушылардың ой – өрісін дамыту, сабаққа деген ынтасын арттыру . |
|
Күтілетін нәтиже: |
Пішімдер мен масштабтар туралы ақпарат алады.Масштабты сызып үйренеді. Сызуға қажетті құрал-жабдықты ережеге сай қолдануға дағдыланады. |
|
Сабақтың әдісі: |
Ауызша, көрнекілік, машықтық. |
|
Пәнаралық байланыс: |
Технология, математика, бейнелеу өнері |
|
Қажетті құрал-жабдықтар: |
Сызғыш, қарындаш, циркуль, А4 форматы, транспортир, лекало,өшіргіш т.б |
|
Сабақтың барысы |
Мұғалімнің қызметі |
Оқушының қызметі |
I.Ұйымдастыру |
Оқушылармен амандасу.Сабаққа дайындықтарын тексеру. |
Мұғаліммен сәлемдеседі. Оқу құралдарын дайындайды. |
II. Үй тапсырмасын тексеру |
Өткен сабақтағы материал сұрақтар қою арқылы пысықталады. 24-сурет |
Оқушылар сабақ айтады. |
III. Жаңа сабақты түсіндіру IV.Қорытындылау
V. Үйге тапсырма |
Пішім . Сызбаны кез келген өлшемдегі қағазға орындауға болмайды. Сызбаны өлшемдері келісім бойынша тағайындалған қағазға салады. Өлшемдері тағайындалған сызба салуға арналған қағазды пішім (формат) деп атайды. Формат француз сөзі , қазақ тілінде сыртқы өлшемі деген мағына береді. Көбіне төменде қарастырылған төрт пішімнің біреуі қолданылады. Пішім А1: ұзындығы – 841 мм, ені – 594 мм. Пішім А2: ұзындығы – 594 мм, ені – 420 мм. Пішім А3: ұзындығы – 420 мм, ені – 297 мм. Пішім А4: ұзындығы – 297 мм, ені – 210 мм. Ватманға сызбаны салмай тұрып, пішімнің шетін көрсететін сызықтарды жүргізіп алу керек. Пішімнің шеті төрт бұрыш болуы шарт. Одан кейін сызбаның өрісін кеңейтетін рамка деп аталатын тіктөртбұрыш салынады. Сызбадағы рамканы қағаздың үстіңгі , оң және төменгі шетінен 5 мм, ал сол жағынан 20 мм қашықтықта жүргізіледі. Қағаздың сол жағындағы ені 20 мм болатын жолақ пішімдерді сызбаларды альбом түрінде тігу үшін қалдырылады. Масштаб : Үйлердің , машиналардың сызбаларын салу үшін олардың өлшемдерін кішірейтіп алмаса болмайды. ( пішімге сыймайды). Өте кіші денелердің сызбалары анық және түсінікті болуы үшін оларды үлкейтіп салуға тура келеді. Әрине ең жақсысы - нәрсенің өз өлшемін өзгертпей салу. Нәрсенің нақты шамасынан кескін неше есе үлкен немесе неше есе кіші екенін көрсететін санды масштаб деп атайды. Дәлірек айтқанда , масштаб дегеніміз – нәрсенің сзбадағы ұзындығының оның натурал ұзындығына қатынасы ( бөлшек сан ). Сызбаларды орындағанда мынандай масштабтардың бірін таңдап алуға болады. Кішірейту масштабтары : 1 : 2; 1 : 2,5 ; 1 : 4 ; 1 : 5 ; 1 : 10 ; 1. 15 ; 1: 20 ; 1: 25 ; 1: 40 ; 1 : 50 ; 1 . 75 , 1 : 100 ; 1 : 200 ; 1 . 400 ; 1 . 500 , 1 : 800; 1 . 1000. Нақты шама : 1 : 1 Үлкейту масштабтары : 2 : 1 ; 2,5 : 1 ; 4 : 1 ; 5 : 1; 10 : 1 ; 20 : 1 ; 40 :1 ; 50 :1 ; 100 :1. Масштабты М әрпімен белгілейді . Мысалы М 1 : 4 сызбада нәрсе 4 есе кішірейтіліп, ал М 2 : 1 екі есе үлкейтіліп салынғанын көрсетеді.
1. Пішімдердің қандай түрлерін білесіңдер ? 2. Масштаб дегеніміз не ?
Оқушылар бүгінгі өткен тақырыпты оқып келеді. 18-сурет; |
Пішім А2: ұзындығы – 594 мм, ені – 420 мм. Пішім А3: ұзындығы – 420 мм, ені – 297 мм. Пішім А4: ұзындығы – 297 мм, ені – 210 мм.
|
Пәні: |
Сызу |
|
Мерзімі: |
14.09.17 |
|
Сыныбы: |
9 |
|
Тақырыбы: |
Сызба сызықтары.Сызба қарпі |
|
Мақсаты: |
оқушылардың ой – өрісін дамыту, сабаққа деген ынтасын арттыру . |
|
Күтілетін нәтиже: |
Сызба сызықтары, сызба қарпі туралы ақпарат алады.Қаріпті сызып үйренеді. |
|
Сабақтың әдісі: |
Ауызша, көрнекілік, машықтық. |
|
Пәнаралық байланыс: |
Технология, математика, бейнелеу өнері |
|
Қажетті құрал-жабдықтар: |
Сызғыш, қарындаш, циркуль, А4 форматы, транспортир, лекало,өшіргіш т.б |
|
Сабақтың барысы |
Мұғалімнің қызметі |
Оқушының қызметі |
I.Ұйымдастыру |
Оқушылармен амандасу.Сабаққа дайындықтарын тексеру. |
Мұғаліммен сәлемдеседі. Оқу құралдарын дайындайды. |
II. Үй тапсырмасын тексеру |
Өткен сабақтағы материал сұрақтар қою арқылы пысықталады. 18-сурет |
Оқушылар сабақ айтады. |
III. Жаңа сабақты түсіндіру IV.Қорытындылау
V. Үйге тапсырма |
Оқушыларға сызба сызықтарының түрлері жайлы тереңірек мағлұмат беремін және әр сызықты тақтаға сызып түсіндіремін. Сызба сызуда 9 түрлі сызық қолданылады. Олардың төртеуі тұтас, ал қалған бесеуі тұтас емес сызықтар.
Сызбада қиюшы жазықтықтардың орындарын көрсеткенде пайдаланылады, сондықтан оны қима сызығы деп те атайды. Жуандығы (1 ... 1,5) s-ке тең болады. Бұл сызық екі бөліктен тұрады, бөліктерінің аралығы қимасы немес тілігі берілетін нәрсенің сәйкес өлшеміне байланысты. Бір бөлігінің ұзындығы 8... 20 мм-ге тең. Қаріп – әріптердің, цифрлардың және сызбадағы белгілердің жиыны. Қаріптің өлшемі стандарт бойынша берілген. Қаріптің өлшемі (һ) деп бас әріптердің миллиметрмен есептелген биіктігіне тең шаманы айтады. Бас әріптердің биіктігі(һ) жазу жолына перпендикуляр бағытта өлшенеді.
Көлбеу қаріптер жазу жолына 75˚-қатең бұрыш жасап көлбейді. Әдемі жазып үйрену – қол өнерінің бір түрін меңгеру. Әріптердің ені де (g) қаріптің өлшеміне байланысты анықталады: Г, З, С әріптері үшін g – 5d; А, Д, М, Х, Ц, Ы, Ю әріптері үшін g — 7d; Ж, Ф, Ш, Щ, Ъ әріптері үшін g — 8d, қалған әріптері үшін g — 6d. Кіші әріптің биіктігі өлшемі кішірек келесі қаріптің өлшеміне тең. Мәселен, қаріптің өлшемі 14 болғанда, кіші әріптердің биіктігі 10, ал қаріптің өлшемі 10 болғанда, кіші әріптердің биіктігі 7 және с. с. болады. Әріптердің арақашықтығын қаріп сызығының жуандығынан екі есе үлкен етіп алады. Негізгі жазуды 3,5 мм, ал сызбаның атауын 5мм немесе 7мм қарпімен толтырады. Негізгі көлбеу қаріп: а\ бас әріптер, б\кіші әріптер, в\ араб цифрлар А, Ә, Б, В, Г, Ғ, Д, Ж, Е, З, И, К, Қ, Л, М, Н, Ң, О, Ө, П, С, Т, У, Ү, Ұ, Ф, Х, І, Ц, Ч, Ш, Щ, Ъ, Ь, Э, Ю, Я а ,ә, б, в, ғ, д, ж, у, з, и, к, қ, л, м, н, о, ө, п, с, т, у, ү, ұ, ф, х, і, ц, ч, ш, щ, ъ, ь, э, ю, я
Оқушылар бүгінгі өткен тақырыпты оқып келеді. 26-сурет; |
|
Пәні: |
Сызу |
|
Мерзімі: |
18.09.17 |
|
Сыныбы: |
9 |
|
Тақырыбы: |
Сызбаға өлшемдер түсіру |
|
Мақсаты: |
Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б |
|
Күтілетін нәтиже: |
Кескіндерді өлшеммен сызып үйренеміз, сызбада шартты белгілер туралы мағлұмат аламыз. |
|
Сабақтың әдісі: |
Ауызша, көрнекілік, машықтық. |
|
Пәнаралық байланыс: |
Технология, математика, бейнелеу өнері |
|
Қажетті құрал-жабдықтар: |
Сызғыш, қарындаш, циркуль, А4 форматы, транспортир, лекало,өшіргіш т.б |
|
Сабақтың барысы |
Мұғалімнің қызметі |
Оқушының қызметі |
I.Ұйымдастыру |
Оқушылармен амандасу.Сабаққа дайындықтарын тексеру. |
Мұғаліммен сәлемдеседі. Оқу құралдарын дайындайды. |
II. Үй тапсырмасын тексеру |
Өткен сабақтағы материал сұрақтар қою арқылы пысықталады. 26-сурет |
Оқушылар сабақ айтады. |
III. Жаңа сабақты түсіндіру
IV. Қорытындылау
V. Үйге тапсырма |
Сызбада берілген нəрсені сызбасына қарап жасау үшін арнайы өлшемдері болу қажет. Ал, өлшемдерді дұрыс қоюға арналған оларды түсіру ережелері мемлекеттік стандартта белгіленген. Сызбада берілген сызбаның өлшемдерін қою үшін, алдымен сызбаның контурына шығару сызықтарын сызамыз. Шығару сызығы нұсқамадан стандарт бойынша 1-5 мм шығып тұруы керек, дегенмен бұл ұзындық 2-3 мм болғаны дұрыс. Осы шығару сызықтарына перпендикуляр болатын өлшем сызығын сызамыз. Нəрсенің күрделілігіне байланысты өлшем сызықтырының бір немесе бірнеше параллель сызықтары болады. Стандарт бойынша өлшем сызықтарының аралары 6-10 мм болуға тиіс (6-сурет). Алайда бірінші өлшем сызығын контурдан 10 мм, ал келесі өлшем сызықтарын осы сызықтан 8 мм арақашықтықта сызған дұрыс. Өлшем сызықтарының шетін нұсқамамен шектеп қояды. Нұсқама міндетті түрде сызғышт ың көмегімен ұзындығы (6-10) s мм болатын сызықпен сызылады (7-сурет). Кей жағдайларда нұсқа ма сызықтары өлшем сызықт арына сыймай қалса, онда өл шем сандары шығару сызығының сыртына сызылады. Айта кету керек, құрылыс сызбаларында өлшем сызықтарының шеттерін оңнан солға қарай 45ْ болатын ұзындығы 2-4 мм болатын көлбеу сызықпен шектеп қояды (8-сурет). Өлшем сызығының үстіне биіктігі 3,5-5 мм болатын өлшем санын сызып қояды.
Сызбада
шеңбердің радиусын латынның бас əрпі R-мен белгілеп, қасына өлшем
саны жазылады (9-сурет). Радиустың белгісі мен саны бірдей
биіктікте сызылуы тиіс. Сызбада радиус өлшем сызығы шеңбердің
ортасынан (центрінен) басталады, бұл сызық шеңбер доғасына дейін
созылып, бір нұсқама сызығымен аяқталады.
Сызбада бұрыштық өлшемдер
градуспен, минутпен жəне секундпен белгіленеді. Бірақ бұл
өлшемдер сызбада жазылмайды. Бұрыштың өлшемін өлшем санымен өлшем
сызығының ортасына төбесіне шеңбер доғасы арқылы көрсетіп қояды.
Шығару сызықтарын ось бойымен тарамдап
жүргізеді.
1.
Сызбада бұрыштық өлшем қалай қойылады? Оқушылар бүгінгі өткен тақырыпты оқып келеді. 30-сурет; |
Сызбада бұрыштық өлшемдер градуспен, минутпен жəне секундпен белгіленеді. Бірақ бұл өлшемдер сызбада жазылмайды. Сызбада шеңбердің радиусын латынның бас əрпі R-мен белгілеп, қасына өлшем саны жазылады |