Материалдар / "Түймедақ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Түймедақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйымдастырылған оқу қызметі Шығармашылық Мүсіндеу Ересек топ Пән аралық байланыс: Сөйлеуді дамыту, Сурет салу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Желтоқсан 2021
618
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.

Тәрбиеші: Иманғазиева Шолпан Тілекқызы

Тобы: «Зеректер»аралас тобы.

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Оқу іс-әрекеттері:Мүсіндеу

Тақырыбы: «Түймедақ»

Мақсаты: Білімділік: Гүл түрлерімен таныстырып, есу тәсілін пайдалана отырып, бөліктерді біріктіру арқылы түймедақ гүлін ермексаздан жасауды үйрету.

Дамытушылық: Балалардың қол моторикасын, қиялын дамыту.

Тәрбиелік: табиғатты қорғауға, ұқыптылыққа, бастаған ісін аяқтай білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын құралдар: Түймедақ гүлінің, гүлдердің суреті, сары, ақ, жасыл ермексаз, тақтайша, губка, сүлгі

Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті


Мотивациялық- қозғаушылық

-Балалар, біз бүгін сендермен шеберханаға келдік.

Шеберхана не үшін келдік деп ойлайсыңдар?

Дұрыс айтасындар, шеберханада шеберханашы түрлі мүсіндер, суреттер салады екен.

Балалар қазір қандай мезгіл?


Ауа – райы қандай?


Балалар көктем мезгілінде не жауады?






-Шеберханада шеберлер әр түрлі мүсіндер, суреттер салады.



Көктем мезгілі.


Салқын,жел.Күн балшық.


Жаңбыр жауады.


Үйымдастырушылық – ізденушілік



Гүлдер Ханшайымы:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! «Түймедақ алаңқайына» қош келдіңдер! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр?

Сол жұмбақтың жауабын шешсеңдер менің сендерге арнаған қызықты тапсырмаларым және мен сендерге ермексаздан түймедақ гүлінің жасалу жолын көрсететін боламын.

Жұмбақ:

Аппақ өңі тартымды,

Қасиетті гүл қашаңғы

Халық одан әр түрлі

Дәрі-дәрмек жасайды.

Жауабы?

Дұрыс айтасыңдар. Ол түймедақ гүлі.


Суретпен жұмыс. 

(теледиардан түймедақ гүлінің суретін көрсету)

Балалар барлығымыз теледидарға назарымызды аударайық. Түймедақ гүлі бақша гүлдеріне жатады. Түймедақ гүлінің мынау күлтелері. Күлтесі ақ түсті. Ал ортасындағы тостағаншасы. Тостағаншасы сары түсті. Ал мынау сабағы мен жапырағы. Түсі жасыл. Балалар біз бүгін осы түймедақ гүлін өзіміз жасайтын боламыз.


Балалар біз түймедақ гүлін жасамас бұрын Гүлдер Ханшайымының тапсырмаларын орындап алайық жарайма?

Балалар біздің алдымызда түймедақ гүлдері тұр сол түймедақ гүлдерінде біздерге тапсырмалар жасырынған қане қарайықшы.Кім табады екен?

«Гүлдерді құрастырып түймедақты тауып көр» деп аталады.


Балалар мен сендеге құрастыруға түрлі гүлдерді беретін боламын,сендер соны құрастырып,ішінен түймедақ гүлін маған көрсететін боласыңдар жарайма?


Жарайсыңдар балалар сендер дұрыс таптыңдар.


Балалар Гүлдер ханшаймының бізге дайындаған тағы тапсырмасы бар екен.

Қане қандай тапсырма екен бірге тауып көрейік.


«Бөліктерден түймедақ гүлін құрастыр»ойын

Балалар сендердің алдарыңда түймедақтың бөліктері бар,сол бөліктерден түймедақ гүлін құрастыруларың керек.


Балалар тапсырманы орындауға кірісейік.


Балалардың тақпақтары.

Балалар қане кім гүлдер туралы тақпақтар біледі?

:

Мен боламын қырларында текеметтің ,

Көктемге алғаш көрік беретін.

Бәйшешекпін көктесем қыр астында,

Қыс ызғарын қаймықпай көтеретін.

:

Мен қызғалдақ гүлімін

Жапырағы жайылған

Сұлулық бар бойымда

Тамырым кең тараған

:

Өгейшөптің шипалы,

Қасиетін ел білген.

Оны емдік шөптердің,

Қатарына ендірген.

:

Түймедей сары дағы бар,

Далалық жерден табылар.

Балақай, аппақ гүлі көп,

Түймедақты сен танып ал.

Балалар сендер тақпақтарынды өте жақсы айттыңдар. Сендерге рахмет.


Сергіту сәті 


Орнымыздан тұрайық

Құлпырған көктем гүлдерін

Есімізге алайық

Бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ та өседі.

Оң қолменен асықпай салайық

Қане гүлдің сабағын

Жапырағын сол қолмен

Гүлінде ұмытпай салайық.

Міне, осылай балалар

Жақсылап сергіп алайық.



Балалар біз қазір мүсіндеуден түймедақ гүлін жасайтын боламыз.

Жұмысқа кіріспес бұрын қауіпсіздік ережесін есімізге түсіріп алайық.

Қауіпсіздік ережесі.


Түсіндірме жұмыс.

Ол үшін бізге үш түсті ермексаз, ақ, сары, жасыл, тақтайша, сулы губка, сүлгі, пышақ қажет. Ең алдымен жеңімізді түреміз, қолымызды сулы губкамен дымқылдап, сары ермексазды аламыз. Бірінші гүлдің тостағаншасын жасаймыз. Оны алақанымызға домалақтап, екі саусағымызбен мыжимыз. Екінші ақ түсті ермексазды алып, бірдей 5 бөлікке бөлеміз. Бөлінген бөліктерді алақан арасына салып, домалақтап, екі саусағымызбен мыжып, күлтелерін жасаймыз. Үшінші жасыл ермексазды алып, есу тәсілін қолданып, сабағы мен жапырағын жасаймыз. Енді осы дайын болған бөліктерді бір біріне біріктіреміз. Гүлдің тостағаншасын алып, дайын тұрған күлтелерді біріктіріп жапсырамыз. Тостағаншасына сабағын біріктіреміз. Ең соңында жапырағын сабағына біріктіріп жапсырамыз.

Балалар біз түймедақ гүлін ермексаздан жасауды да үйрендік.


Жеке жұмыс.

Балаларды мадақтау.

Тәрбеші: Балалар гүлімізді жасап болсақ, мүсіндеудің тақтайшасына көрмеге қояйық.










Жарайды.



Жұмбақты мұқият тыңдайды.



Жұмбақтың жауабын табады./Түймедақ/











Балалар түймедақпен танысады.









Жарайды.


Балалар түймедартарға зер салып қарайды.





Балалар ойын шартын тыңдайды.

Жарайды.

















Балалар бейне таспаны тыңдайды.



Тапсырманы орындайды.







Көктем келді деп,

Хабарлайтын бәйшешек.

Қар астынан қылтиып,

Шығатын мен бәйшешек.

:

Жомарт мына табиғат,

Өсіргендей бізге арнап.

Қып-қызыл құлпырып,

Қырға өсем қызғалдақ.

:

Үлбіреген бақбақ,

Үлпілдеген аппақ.

Ұшып жүрген қаптап,

Мен әдемі бақбақ.






































Тәрбиеші мүсіндей жолдарымен таныстырады.












Балалар түймедақ гүлінің мүсінің жасайды

Рефлексиялық- түзетушілік

-Балалар, барлықтарың түймедақ гүлін әдемі мүсіндедіңдер! Осы әдемі түймедақ гүлін мына алқапқа орналастырыңдар. Бұл «Түймедақ гүлдерінің алаңқайы» болады.

-Бүгінгі оқу қызметінде түймедақтың мүсінін жасау ұнады ма? Несімен ұнады?

Ал кімге қиын болды? Неге қиын болды?

Балалар Гүл ханшайымы бізге тағы жазба жіберген екен соны қарайық.

Гүл Ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Мен сендерге сенгенмін. Енді сендерде де өз түймедақ алаңқайларың да пайда болды. Мына, менің сендерге деген сый-сыйапатымды қабыл алыңдар. Рахмет.Келесі кездескенше сау болыңдар!




Балалар өздері жасаған гүлдерді алаңқайға орналастырады



Ұнады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Гүлдердің атауларын, түстерін. Ермексаздан түймедақ гүлін жасай алады.

Меңгереді: Әртүрлі тәсілдерді пайдалана отырып мүсіндеуді. Гүлдердің атауларын атай алады.

Игереді: Гүлдер түрлерін, кескішті пайдалануды. Гүлдерге күтім жасайды



770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!