Материалдар / Түйсіктердің өзара байланысы мен дамуы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Түйсіктердің өзара байланысы мен дамуы

Материал туралы қысқаша түсінік
педагог-психологтарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Сәуір 2021
858
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баяндама тақырыбы: Түйсіктердің өзара байланысы мен

дамуы

Баяндаманы дайындаған педагог- психолог: Сактаганова Ж.А

Түйсіктердің өзара байланысы -психофизиологиялық зандылықтардың бір түрі. Белгілі бір тітіркендіргішті сезгіштің сол бойда сезіліп тұрған баска тітіркендіргіштерге тәуелділігін түйсіктердің өзара байланыеы дейді. Әдетте, сыртқы әсерлер талдағыштардың жеке түрімен ғана емес, өзара байланысты түрде түйсіну процееін тудырып отырады. Мысалы, тамак ішкенде адам-ның дәм,. тактильдык, температуралық, иіскеу талдағыштары бір мезгілде жұмыс істейді. Денеге бір нәрсе тисе, тактильдік, температуралық, кейде көру рецепторы қатьшасады. Түйсіктін бір түрінің басқаларьша әсер етуі ми орталықтарындағы қозудың үдеуіне байланысты.

Түйсіктердің өзара байланышн айқын елестетін жайт -түйсіну қарама-қарсылығы (контрастыры). Мысалы, әуелі тәтті кәмпит жеп, содан кейін ізінше алма жесеңіз, алма кышқыл дәмді болып түйсініледі; егер алманы бірден жесеңіз, ол тәп-тәтті көрінер еді. Қарама-қарсыға байланысты көршілес және бірімен-бірі жалғасып келетін түйсінулердін. айырмашылығы күшейеді.

Мұндай жайт нәрселердің қасиеттерін қабылдау үшін маңызды.Өйткені, түрлі тітіркендіргіштер бірінен-бірі оқшауланып әсер етсе, нәрселердің жеке қасиеттері анық түйсініледі.

Түйсіктердің дамуын өзге де психикалық процеетермен байланысты түрде қарастыра отырьш, оның барлық психикалық процестердін негізі болатындығын аңғарамыз. Талдағыштар неғұрлым жақсы қызмет атқарса, адам сыртқы ортадан соғұрлым анық хабарлар алып отырады. Белтілі дәрігер ғалым С. П. Боткин (1832-1889) түйсік адамның өмірлік толқуын белгілі дәрежеде сақтап отыратын процесс екендігін өзінің тәжірибелік зерттеулерінде айқыңдап берді.

Бала түйсіктерінің дамуы оның дүниеге келген күиінен басталады. Ол туғаннан кейін бірнеше күннен соң қант қосқан судан сүтті айыра алады. Оның аузына хинин ерітіндісін тамызса, ерітінді ыңғайсыз реакция тудырады. Осы жайттар балада дәм түйсігінің ерте көрінетіндігін байқатады. Баланың есту түйсігі біртіндеп дамыды. Үш айлық бала анасының еркелеткен даусын естіп көңілденеді, ал жекіріп қатты сөйлесе, ол кемсеңдеп жылайтын болады. 5 айлық бала алдымен заттын, түріне, біртіндеп онын көлеміне, одан соң бояуына көңіл аудара бастайды.



Түйсік түрлері адамның іс-әрекетіне, мамандығына, өмір тәжірибесіне байланысты айқын сипатталады.

Түйсіктерді тәрбиелеп жетілдіру адам талдағыштарының рөлін күшейтіп отыруға байланысты Медицина мен жол көлігі, авиация мен теңіз флоты, телеграф, телефон, музыкалык мамандықта бір сөзбен айтқанда, адам тіршілігі түгел дерлік салаларында сезім мүшелерінің қызметін дамытып отыру - түйсіктердің барынша нәзік, әрі өткір болып тәрбиеленуін қамтамасыз етеді. Сөйтіп, адамның сезім мүшелерінің жұмысын жоғары сатыға көтеріп, мәдениетін арттырады.

Психикалық депривация (лат. deprivatio - бірдеңені жоғалту) - адамның негізгі қажеттіліктеріне қол жеткізуіне ұзақ уақыт бойы шектеу жасау нәтижесінде пайда болады. Толық даму үшін ең қауіптілері сенсорлық, эмоционалдық, байланыс түрлері. Депривация эмоционалдық және интелектуалдық дамуда кемшіліктердің болуымен (эмоционалдық байланыстың бұзылуы, тіл дамуының, әлеуметтік және гигиеналық дағдылардың, нәзік моториканың, интелект|інің кемшілігі) сипатталады.

Дереккөздер психология, факторларды сипаттау сенсорлық, эмоционалдық, мотор, психоәлеуметтік және айыру оқшауланған құбылыстар, психикалық даму. айыру туралы айта отырып, біз қанағаттандырылмаған қажеттіліктері мен апатты салдарын бар нәтижесінде орын жай-түрін білдіреді. осындай әсерлерді ең маңызды психологиялық аспектісі.

Барлық көріністері психологиялық ұқсастықтар бар. Олар шағын қателіктердің терең зақымдануы жеке және барлау дейін бұзылулардың үлкен спектрін қамтуы мүмкін. Мысалы, оқшаулау, ауыр жарақат немесе жарақат, қаттылығы тудыратын, физикалық есептерді, сондай-ақ тек қана емес әкеп психикалық бұзылулар, жеңу өте қиын болып табылады.

Адам реакциялардың тану үшін көптеген эксперименттер субъектілерінің негізгі жарты шағын жабық бөлмеде үш күн астам жұмсауға мүмкін емес екенін көрсетті.

Сенсорлық депривация жүзінде әрбір адамның тым қиын. Ұқсас эксперименттер үйде жасауға болады: құлақты жабу,көзіді байланған қалыпта дене қозғалысы шектейді.

Мемлекетімізде йога, психологиялық тәжірибе (оқыту), баламалы медицина, медитация пайдаланылады. Осы іс-шаралардың негізгі мақсаты - жеке түзету, ішкі «Мен» және өзін-өзі дамыту.

Жиі, депрессия, әлеуметтік мәселелер, кешендерін дамыту, жалғыздық сезімі эмоционалды айыру болып табылады. Мұнда психологиялық тәуелділік, адам тұлғааралық қарым-қатынастар және қоғам әсеріне ұшырауы мүмкін психикалық бағдарламалау техника, психологиялық мәжбүрлеу үшін үлкен мүмкіндіктер жатыр.

Зейін — адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.

Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды байқамайтын болады.

Адамның зейіні ырықты зейін, ырықсыз зейін және үйреншікті зейін болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін. Ол арнайы күш жұмсауды қажет етпейді. Жеке адам зейінінің негізгі ерекшеліктеріне тұрақтылық, оның бір нысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, бөлінуі, нысандарды қамту көлемі, алаң болмаушылық, т. б. жатады.

3ейін басқа процестерді сүйемелдейтін субъективтік фактор. 3ейінді кейде аттенционалды әрекеттер деп те атайды. 3ейін (А. Р. Лурия) - субъектінің қажетті ақпаратты таңдап алу, қимыл-қозғалыстардың таңдамалы бағдарламасын сүйемелдеп, қамтамасыз ету және осы бағдарламаның ағымын қадағалау процесі. 3ейіннің негізі ретінде тұлғаның қызығушылықтары мен қажеттіліктері, бағдарлары мен бағыттылығы тұрады. С. Л. Рубинштейннің пікірінше, зейінде сананың затпен байланысы көрініс табады. 3ейін мен объект өзара әсерде болады. Бір жағынан, зейін затқа немесе объектіге бағытталады, екінші жағынан, объект зейінді өзіне аудартады. 3ейіннің нақты бір объектіге бөлінуі субъектіге, яғни адамға ғана байланысты емес, сондай-ақ зейінді тудырған объектінің қасиеттері мен сапаларына да байланысты. 3ейіннің оянуы-бағдарлық-зерттеудің бастамасы. В. И. Страховтың тұжырымдауынша, шынайы зейін мен шынайы зейін емеспен қатар, адамда зейінді болып көріну және зейінді емес болып көріну деген қасиеттер кездеседі. Оны ол зейіннің сыртқы формасы мен оның шынайы күйінің кейде сәйкес келмеуімен түсіндіреді.

Зейін тітіркендіргіштердің келесі қасиеттерімен ынталандырылады:

интенсивтілігі;

жаңалығы;

аффективтілігі.

П. Я. Гальпериннің тұжырымы бойынша: 3ейін— бағдарлық-зерттеулік іс-әрекеттің негізгі шарты. Өзінің қызметі жағынан, зейін өзі бағытталған феноменнің мазмұнын қадағалау болып табылады. Зейінде қадағалау белгілі бір белгі, өлшем, үлгі арқылы жүзеге асады. Ал Л. C. Выготский бойынша, ырықты зейін ұғымдардың, түсініктердің дамуына байланысты, яғни берілген жайтта қалай әрекет ету қажеттілігін түсінуге, жалпы, жағдайды түсіне білуге байланысты. Адамның психикалық ұйымдасуының құрылымына сүйене отырып, зейінді:процесс (немесе психикалық процестің жағы: сенсорлық және т. б.) ретінде;

күй (зейіннің шоғырланған күйі) ретінде;

тұлғалық қасиет (зейінділік) ретінде анықтауға болады.

Зейінің функциялары:

қазіргі сәтте қажетті психологиялық және физиологиялық процестерді белсендіріп, қажетті еместерін тежейді;

ортадан келетін ақпараттың мақсатты, ұйымдасқан түрде сұрыпталуын қамтамасыз етеді;

белсенділіктің бір объектіде ұзақ уақыт шоғырлануын қамтамасыз етеді.



Зейін - психологиялық феномен, ол туралы пікірталастар ғасырлар бойы жалғасып келеді. Зейін барлық психикалық құбылыстарға қатысы бар, оны зейіннің динамикалық сипаты (шоғырлануы, тұрақтылығы, көлемі, бөлінуі) арқылы зерттеуге болады. Зейін – сезім мүшелері арқылы бір ақпаратты іріктейтін басқаларды елемейтін үрдіс болып табылады.

Ғалымдардың бір қатары зейін тәуелсіз үрдіс ретінде өмір сүре алмайды, ол тек қана кез келген психикалық үрдістің немесе адам іс-әрекетінің бір жағы ретінде көріну деп тұжырымдайды. Басқалары зейінді тәуелсіз үрдіс, өзінің ерекшелігі бар, олар анатомиялық және физиологиялық өзін басқаратын құрылымына сүйеніп басқа таным үрдістерінің міндетін атқыруын, динамикасын және психикалық ахуалдың ерекшеліктерін қарастырғанда маңызы бар екенін айтады.

Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К.Д. Ушинский (1824-1870) зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. «Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды».

Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас. Өйткені адам өз өмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады.

Зейін - бұл арнайы психикалық процесс. Ол танымдық та, еріктік те болып табылмайды, өйткені біздің санамыздың объектіге бағытталған формасының және онда ұзақ сақталуының жағдайы болып табылады.

ЗейІн - бұл психикалық іс-әрекеттің қандай да бір белгілі нәрсеге бағытталып, шоғырдануы.

Зейін өзіндік процесс немесе адамдардың іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілі болып табылады деген сүрақ кейінгі он жылда, әсіресе советтік әдебиеттерде күрделене түсті. Егер 1920-1930-шы тіпті, 1940-шы жылдардағы мақалаларда жоғарыдағыдай айтылса, қазіргі кезде зейінді қалай түсіну жайлы сұрақтар талдануда. Советтік психологияда зейін адамның психикалық іс-әрекетке бағыттылығы немесе шоғырлануы сияқты анықталмайды.

Өздерінің көптеген жұмыстарыңда зейінді өзіндік көрініс ретінде емес танымдық психикалық іс-әрекеттің бір жағы сияқты қарастыру советтік әдебиетте әсіресе С.Л. Рубинштейн мен Н.Ф, Добрынинның еңбектерінен көрінді, Добрынинның еңбегінде зейін психикалық іс-әрекеттің белгілі бір объектіге бағыттылығы, шоғырлануы сияқты анықталады. Ол зейін түжырымдамасына келесідей анықтама береді: зейін - тұлғаның психикалық іс-әрекетінің өзара бағыттылығы мен шоғырлануы болып табылады. Бағыттылықтьт ол іс-әрекеттің тавдамалы сипаты немесе осы таңдамалы іс-әрекеттің сақталуы сияқты түсіндірсе, шоғырлануды - іс-әрекетке терең ену және басқаларына көңіл бөлмеу деп түсіндіреді. Осыдан зейін бірден-бір кез келген психикалық іс-әрекет сипатының қасиеті екені белгілі, Рубинштейн зейінге танымдық процестердің бір жағы деген анықтама береді.

Зейінді пайда болуы жағынан зерттеу біріншіден сананың бірде-бір нақты психологиялық теориясы болып табылады. Алғашқыда зейінді зерттеу дәл осы сананың индивидуалдық мәселелеріне байланысты болды. Жалпы психологияда зейін мәселелері жан-жақты қарастырылған. Сондықтанда ең бірінші көзге түсетіні бұл зейіннің әр түрлі анықтамаларының көп болуы. Зейінді зерттеуде әр түрлі тәсілдерді қалайда жүйелеуге тырысу үшін зейіннің әр түрлі теорияларын, осы мәселелердің зерттеу тарихын қарастырған жөн.

Өз уақытында әйгілі психолог Н.Н. Ланге сол уақыттағы философиялық және психологиялық әдебиеттерден орын алған зейіннің негізгі теорияларының жүйелілігін тексеріп, негізгі сегіз теорияны бөлді:

Зейін қозғалысқа бейімделудің нәтижесі.

Зейін сана көлемінің шектеуі,

Зейін эмоцияның нәтижесі.

Зейін апперцепцияның нәтижесі,

Зейін жүйке тітіркендіргіштерінің нәтижесі.

Зейін ерекше белсенділік, жан қаблетінің нәтижесі.

Зейін іс-әрекет түрлерінің бірі,

Зейін жүйке тежелулерінің нәтижесі.





Зейіннің осы теориясын қысқаша қарастырудың өзінде зерттеу көрінісінің сипатында көп жоспарлықтың жатқандығын көрсетеді.

У. Джемс зейінді толықтай физиологаялық шартқа тәуелді психикалық процесс ретінде қарастырады. Және ол зейін объектілерінің солай анықталатынына сенімдг.

Зейінді психофизиологиялық зерттеу және оларды талдау.

Зейіннің физиологиялық механизмі өте күрделі. Оның негізі - жүйке

жүйесінің әртүрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі. Сезгіштік дегеніміз -

ми қабығының төменгі қатарында орналасқан ретикулярлық формациялар

деп аталатын анатомиялық және функцияналдық ерекшелік. Ретикулярлық

формацияның өрлеуші, төмендеуші дейтін екі түрі бар. Ол бір

импульстерді сиретіп, тежеп, екіншілерін күшейтіп, ми қабығына талғап

жеткізіп отырады. Осының нәтижесінде сананың айқындығы реттеледі.

Ми алаптары жұмысының реттеліп (қозын, тежеліп) тұруының

нәтижесінде әр қилы психикалық әрекет жүзеге асады. Әр түрлі импульстер

жоғарыдан (ми қабығынан) төменгі ми алаптарына (ми бағанасы т.б.)

келіп, оларды өзіне бағындырады. Бұл төмендеуші ретикулярлық

формация деп аталады. 1958-1960 жж. АҚШ ғалым Г.Мэгун, италия ғалымы Моруций импульстардьщ төменнен жоғары ми алаптарына жетіп, олардың жұмысына әсерін тигізе алатынын дәлелдеп береді. Мұны өрлеуші ретикулярлық формация деп атайды.

Ағзаның белсенді ұйымдасуының таңдамалы бағытының көрінудегі еріксіз зейіннің формасын зерттеу басты жағдайда психофизиологиялық зерттеудің контекстінде жүзеге асырылады. Осы зерттеумен олардың теориялық көріністері мен түсініктеріне тән негізгі бағыттарды қарастырамыз.



Шеррингтон воронкасы. Зейіннің физиологиялық табиғатын түсінуде танымал физиолог Чарльз Шеррингтон еңбегінің маңызы зор болды. Координация қозғалысын зерттей отырып, ол «Шеррингтон воронкасы» деген атқа ие болған жүйке жүйесі жұмысының бірден-бір принциптерін анықтады. Шеррингтонның теориясы бойынша, адамға әсер етуші көп қоздырғыштардың арасында күрес болады. Егер бір-біріне ұқсас қоздырғыштар болса, олар бір-бірін толықтырып, немесе бір-біріне жол беріп отырады. Егер әсер ететін қоздырғыштар қарама-қарсы болса, олардың арасында күрес пайда болып әлсіздері жеңіліп күштілері жеңеді. Күшті қоздырғыштарға сезгіш жолдар арқылы қимыл таратушы психикаға барған соң, оларға тиісті жауап қайтарылады. Міне, осы қайтарылатын жауаптар - зейін.

Шеррингтонның теориясы бойынша, зейінді белсенді, ерікті әрекет деп түсінуге болмайды. Өйткені ол зейінді әсер етуші күшті қоздырғыштарға ғана қайтарылатын жауап ретінде түсіндіреді.

Зейін мәселесіне қатысты физиологиялық зерттеудің тағы бір маңызды көрінісі, бұл бас миы бөлігінде тітіркендіргіштердің ретсіз орналасуы. Оны өңдеумен айналысқан советтің атақты физиологы И.П. Павлов болды.

И.П. Павлов зейіннің физиологиялық негіздерін мида пайда болатын индукция заңдарымен байланыстырады. Бұл заң бойынша мидың бір саласында пайда болған қозу мидың басқа салаларының әрекетіне бөгет жасауы немесе пайда болған тежеулер мидың басқа салаларын қоздыруы мүмкін. И.П. Павловтың пікірінше, зейін қою кезінде мида өктем қозу пайда болуы мүмкін. Сөйтіп, И.П. Павлов зейіннің физиологиялық негіздерін шартты рефлекстер пайда болуымен, жүйке саласының қызметімен байланыстырады. Зейіннің физиологиялық негізін қозудың оптималдық ошағы деп аталатын физиологиялық құбылыспен де түсіндіруге болады. Миға көптеген тітіркендіргіштер бір мезгілде әсер етеді. Солардың әсерінен ми жарты шарларының қабығында күштері әр түрлі қозу ошақтары пайда болады. Қозудың оптималдық ошағының қарқынды болуы мидағы өзара индукция заңдарына байланысты, Қозудың оптималдық ошағы құбылмалы. Тітіркендіргіштердің өзгеруі не олардың ми қабығының бір ғана беліміне ұзақ уақыт бойы әсер етуі бірізділік индукция заңына орай бір жерден екінші жерге ауысып отырады.

Зейіннің физиологиялық негізін академик А.А. Ухтомский доминант теориясымен түсіндіреді, Доминант - мида пайда болатын өте күшті үстем етуші қоздырғыштардың ошағы. Доминанта принципі зейіннің бір затқа ғана ерекше бағытталып, басқа тітіркеңдіргіштерді елемей қалатын жағдайын түсінуге мүмкіндік береді. Зейіннің шоғырлануын адамның белгілі бір іске ықылас-ынтасымен берілгендігінен көруге болады. Зейінділік, адамның сырт пішінінен де байқалады. Мысалы, адам бір нәрсеге зейін салғанда, қимыл-қозғалысы тежеліп, сезім мүшелерінің бәрі сол нәрсеге қарай бағытталады. Бұл теория бойьшша, мида бірнеше қоздырғыштар пайда болып, бұл қоздырғыштардың қайсысы күшті болса, әлсіз қоздырғыштарды өзіне тартып, оларға үстемдік жасап, өзі ғана әрекет етіп отырады. Ми сол күштің қозу әсерінде болады. Мұндай құбылысты субдоминант деп атайды.

А.А. Ухтомский өзіне дейінгі ашылған жүйке орталықтарының жұмыс принциптері рефлекторлық реакция орталықтары арақатынасының үйлестік маңыздылығын түсіндіре алмайтындығын айтты, себебі олардың мазмұнында реакцияның таңбалық бағасы, яғни таңбалы үрдісті бейнелейтін жүйе тарихының жоқтығы, Ағзаның жұмыс қабілетін нақ сол таңбалы реакциялар жоғары және тұрақты қамтиды: жаттығулар, белсенді демалыс, ойлау, шығармашылық әрекет содан көрінеді. Осы айтылған доминанта ілімінің аумағы ешқандай авторлардың назарында болмаған, ал,

А.А. Ухтомский құрған еңбек физиологиясы лабораториясында осы мәселе тәжірибе жүзінде және теориялық тұрғыда дамытылып келеді.

А.А, Ухтомский доминант психологиясы мен физиологиясының арақатынасын төмендегіше түсінеді: бір жағынан сана өз әрекетін кортикалық доминанта негізінде орындайды, ал басқа жағынан сананың жемісті жұмысын қамтитын рецепциялардың, әсерлердің бағыттылығын, сипатын өңдейтін доминантарды тәрбиелейді. Доминанта орталықтар арасындағы теңдіктің бұзылуын көрсетеді. Ол өзінің бағыттылығымен ағзаны жаңа мүмкіндіктермен толықтырады.

Қазіргі кезеңде А.А. Ухтомскийдің доминанта принципін және

И.П. Павловтың шартты рефлексін теориялық-эксперименталдық жоспармен жақындатып зерттеуші А.С. Батуев доминанттық принциптің маңыздылығына ерекше назар аударып, жетекші мотивация дейді, ал, П.К. Анохиннің пікірі бойынша доминанттық принцип іс-әрекетті анықтайды.

1926 жылы Л.С. Выготский психологтар үшін доминанта принципінің

бағалығын, психологияның негізгі сұрағына жауап беретінін «қылықтың

бірлігін және тұтастығын білдіреді, реакциялар жиынтығын қылыққа

айналдырады, жаңа химиялық дене сияқты бірқатар жаңа қасиеттер, оның

құрамдас бөліктерінде берілмеген және оның құрамдас бөліктерінде

болған бірқатар қасиеттерін жоғалтады»,-деп түсіндіреді.

Қазіргі кезде А.А. Ухтомскийдің доминантасын жеке психикалық

күйлермен ұштастырмай, бірқатар психология тұжырымдамаларымен,

әсіресе Д. Узнадзенің бағдар теориясымен және В.Н. Мясищевтің

қатынас теориясын байланыстырған дұрыс.

Доминантаны белгілі бір биіктікте механизмге әсердің бағыттылығын

қолдау үшін қоздыру импульстерін және функционалдық күйде біртіндеп

нәзік күшпен көтермелеу қажет. «Олай болмаса доминантта бір жақты әсер

ретінде өзін жояды». Бірақ мұндай өзін-өзі тежеуі - жаңа күйдің

туылуымен ауысады, оның экзальтациясымен таңбалы үрдісте көрінеді

және жасырын күйде сакталады, ол өзекті жағдай болғанда үдемелі түрде

көрінеді, немесе онсыз да ездігінше, тысқары тітіркендіргіштермен

сүйемелденеді.

Э.Б.Титченер бойынша зейін адам рухының өз дамуында үш кезеңнен тұрады: бірінші зейін жүйке жүйесіне күшті әсер ететін әр түрлі әсерлермен анықталуы сана орталықтарымен шектеледі; екінші зейін сана орталықтарының жалғасы белгілі қабылдау немесе елес басқалардың уайымының қарама-қайшылығына қарамастан шектеледі. Зейіннің рухани процесі басында қарапайым; одан кейін ол күрделенеді, шоғырлану мен ойластыру жағдайында өте жоғары дәрежедегі күрделілікті иемденеді. Титченер өмірді толықтай қарастыра отырып былай дейді -оқыту мен тәрбиелеу кезеңі зейіннің екінші кезеңі, ал ересектік пен өзіндік іс-әрекеті бірінші зейіндік кезең болып табылады.







Зейін ол тәуелсіз психикалық процесс емес, адамға қажетті психикалық іс-әрекеттің компоненті ретінде ілгері басады, сондықтан да сананың кез келген жұмысы белгілі формада сол немесе басқа болмыстың көрінісі ретінде болады, Мюллер зейінді сол кездегі әсермен байланысты бас ми бөлігіндегі сезімталдықтың уақытша жоғарылауынан көреді.

Эббингауз зейіннің физиологиялық теориясы жайлы айтады. Ол істі мида жүйке жүйесі тоқтарының белгілі бір нақты жолдары арқылы жаттығулардың ықпалымен жүргізілетін біліммен байланыстырады.

Зейінді бірден-бір зерттеген француз психологы Т.А. Рибоны айтуға болады. Ол әсіресе өзінің еріксіз зейін теориясын зерттеумен танымал. Т. Рибоның айтуынша зейін екі маңызды әртүрлі формадан түрады: оның біреуі еріксіз, шынайы зейін, ерікті жасанды зейін. Зейіннің екі формасында «тазарухани актіге» жатқызбайды.

Әйгілі педагог К.Д. Ушинский зейін - сыртқы дүниедегі материялардың барлығын санамызға жіберіп отыратын есік дейді. Егер осы есік дұрыстап ашылған болса ғана, студенттер лектордың айтқанын ұғып біліп алады, егер бұл есік жабық болса, онда лектордың айтқанын жөнді ұғып, есінде қалдыра алмайды.

П.Я. Гальперин зейін концепцияларын ұсынды. Ол зейінді іс-әрекеттің ішкі бақылауы сияқты қарастырды. Оның ойынша зейінді осы түрде қарастыру зейінді өзіндік көрініс ретінде елестетуге, зейін феномендерінің өз бетінше өмір сүру формасын табуға мүмкіндік береді. Зейін жайлы мұндай елес оның ақыл-ой әрекетінің кезеңдік қалыптасуының жалпы теориялық контекстінде дамыды.

Д.Н. Узнадзенін зейін теориясы.

Зейіннің тағы бір теориясы Д.Н. Узнадзе және оның шәкірттері дамытты. Осы теорияға сәйкес зейін объективтілік актісімен байланысты, ол адамдардағы ерекшелікті байқай отырып мінез-құлықты екі түрге бөледі. Бір түрін ол импульсивтік деп атады. Бұл мінез-құлық қанағаттануға ешқандай мүмкіндік болмағанда субъект шартындағы қанағаттанушылық қажеттілігімен байланысы, Д.Н. Узнадзе одан басқа адамға ыңғайлысы еріктік мінез-кұлықты бөледі. Міне осы еріктік мінез-құлықты талдауда объективациялық актілердің болуы жайлы көрініс енеді. Сонымен Узнадзе бойынша субъективация актісі дәстүрлі түрде зейін деп аталады.



Философ, психолог, Юм Дэвид - болмысты білу міндетін емес, тұрмыстың өмірге басшылық ететін дәрежесін қолдады. Сенім туғызатын білімнің негізгісі - математика объектілері, қалғандары тек қана тәжірибеден туады, дәл түсінген. Тәжірибенің дәлелдейтіні - себеп пен әрекеттің ара-қатынасы.

Гештальтпсихологиядағы зейін мәселесі.

Гештальт психологиясындағы зейін мәселесіне келсек, олар зейін болмайды деп тұжырымдады. Шынындада бұл теория зейінді түсінуді керек етпеді және олардың шығарған қортындысы бойынша зейін өзіндік көрініс болып табылмайды. Гештальт гюихология қатынастағы фигуралар мен фондардың арасындағы қозғалыстарды зерттей отырып, зейін болмайды деген қортындыға келді. Сонымен Гешталътпсихология аймағында еріксіз зейін ғана ескерілді (мысалы, мен аудиторияға бір қарағанда бірнәрсе бірінші көрінеді, ал бірнәрсе фон ретінде қызмет атқарады). Бұл менің кейбір перцептивтік белсенділігімнің еріксіз жағы).

Мінездің акцентуациялануы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет.

Мінездің акцентуациялануы - адамның әрекеті мен істеріңде көрініс беретін мінез ерекшеліктеріне қарағанда жиі басымдылық танытатын, күшті дамыған мінез ерекшеліктері. Мінездің акцентуацияланған типтері — әртүрлі жағдайлардағы адамның қылығын анықтайтын, мінездердің басқа қасиеттеріне қарағанда жетекші орын алатын және басқалардың жәрдемімен ерекше дамитын мінездің типтік қиылысқан көрсеткіші. Мінез акцентуациясы — психопатиялармен шектесіп, норманың шеткі варианттарын көрсететін белгілі бір мінез бітістері мен олардың үйлесімдерінің ерекше көрінісін білдіретін, К. Леонгардпен ұғым. Акцентуация (Мінезді қараңыз) басқа қасиеттерінен қандай да бір қасиеттің немесе белгінің бөлініп ерекше дамуы.

Адамдардың мінездері олардың темпераменті сияқты типтерге бөлінеді, бірақ мінездердің жіктелуінің темперамент типтерінен елеулі айырмашылығы бар. Егер де темперамент қасиеттерінің айқын бірігіп келуі темпераменттің типтері деп аталса, айқын байқалатын мінез бітістері акцентуациялардеп аталады. Бұл ұғым «акцент» - қазақшалағанда бөліп көрсету, атап көрсету мағынасында қолданылады. Бірақ тәжірибеде «акцентуация» ұғымы адамда бір емес, бірнеше әртүрлі бітістердің байқалуын білдіреді.

Мінездік бітіс асқынуы(акцентуация) психологияда -мінездің кейбір бітістерінің қалыптан тыс дамып, тұлға психикасының «әлсіз жерлері» формасында көрініс беруі. Мұндай да адам жалпы тұрақты қасиеттерге ие бола тұра, кейбір әсерлерге өте шәмшіл, шыдамсыз келеді. Асқынба мінез адамы қиын жағдайларда төзімділіктен айрылып, мінез-құлығының ақаулығын жасыра алмайды. Тұлғалық мінез асқынуына тап болған адам қоршаған орта әсерлеріне берілгіш, психикалық күйзеліске көп түседі. Егер жағымсыз әсерлер мінездің «әлсіз жерлеріне» соққы болып тиетіндей жағдай болса, адам қылығы күрт өзгереді, мінездің шектен тыс дамыған бітістері адам билігіне ырық бермей, басқа ұнамды қасиеттердің бәрін жоққа шығарады. Кейбір адамдардың жәй әзіл немесе сын көтермеуі, екіншілердің - орынды, орынсыз тіке, шыншыл болуы - осы мінез бітісі асқынуының айқын мысалы. Мінездің мұндай ұнамсыз жәйттары жасоспірім шақта қарқынды дамып, уақыт өтумен қалыпты күйге түсуі мүмкін, ал адамды қоршаған ұнамсыз жағдайлар басымдау болса, психикалық сырқаттарға тап қылады.

Мінез –әр адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиетт

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!