Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
түкті кілем
Материал туралы қысқаша түсінік
Түкті кілем заманау кілем түрі мен бұрынғы казақ кезіндегі кілем
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
19 Қаңтар 2018
1183
1 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ТҮКТІ КІЛЕМ – ҚОЛДАНБАЛЫ СӘНДІК ӨНЕРІНІҢ БІРІСейтхан М.Е.
Қазақ халқының қолөнері деп, халық тұрғысында жиі қолданатын шығармашылық өнер жиынтығын айтады. Осындай шығармашылық өнер жиынтығының бірі-кілем өнері. Кілем өнері- қолданбалы сәндік өнерінің бірі бола тұра, оның түрлі –түсті өрнек салып тоқылған жиһаздық үлесі мол. “Үй жасауы-кілем”деп халық айтқандай ,кілемді жайғанда төсеніш, ілгенде сән болып үйге әр береді. Сонымен қатар кілем бөлме жылылығын сақтап, дыбысты бәсеңдетеді.Осындай асыл қасиеттерімен үнемі елдің көңілінде жүретін кілем өнері біздің заманымызға сонау көне дәуірден келген тілсіз хат секілді, өзінің айбынды ерекшелігімен бүкіл әлемді дүр сілкіндіруде. Кілем бетіндегі сан қилы сәнді өрнектерге зер сала қарасаңыз,тұнық халық өмірінің шежіресін көргендей боласыз. Ол,сірә, тарихи ескерткіш сияқты, бір кезде өмір сүрген халықтың тұрмысы,олардың қандай іспен айналысқандығы жайлы көптеген маңызды нәрселер кілем бетінде баяндалған. Ондағы суреттер қаншама өрнектеліп бейнеленсе де,одан өмір шындығын аңғарту қиын емес. Шығыс елдерінде оны тоқып, тұтанбаған халық болған емес.Рас, кілемді тоқымас бұрын, оған өрнектер арқылы кілемге сырыңызды шертіп отырғандай сезінесіз.Ал кілемді тоқып отырсаңыз жанға жайлы, рахат сезімге бөленесіз.Мұның өзі кілем тоқушы шеберлерге әбден мәлім болар. Егер де,кілем тоқу адамның көңілінен шықпаса, онда оны тұтыну мүмкін емес. Түркі елдерінде тоқылатын кілемдер ішінен түркімен, әзербайжан,қазақ, өзбек, қырғыз кілемдері көрнектілігі жағынан ерекше көзге түсед.Ұлттық кілемдер сол түркі тілдес халықтар арасындағы қолөнердің негізгі түрі бола тұра,кілемдердің тоқылу мәнері, материалы, көлемі,ою-өрнегі және бояу үйлесімі әр түрлі болып келеді. Кілемдер мен кілемдік бұйымдарды ең ерте заманнан шығарып келе жатқан елдің бірі түркімендер. Ал керемет қиын да қызықты өнер Қазақстан топырағында бұдан мың жылдар бұрын, қарапайым халық өнерпаздарының ойқазынасынан шығып,шебер қолдарымен тоқылатын.Кілем күнделікті тұрмыста кеңінен пайдаланатын жүннен жасалған бұйымдардың ішінде орын алып,әлі де өз маңызын жоғалтпай келеді.Еліміздің түкпір-түкпірінде кең тараған осы бір өнер түрінің кең өріс алып,бай мазмұн-мағынаға ие болған.Тұрмыста қолдану сипатына, әркімнің қолда бар шикізат мөлшеріне қарай кілем тоқудың түрлері де әр алуан.Әркім өз қалауынша көлемін таңдап алған қалыпқа лайықтап,қазіргі тұрмыста кеңінен қолданып жүргені түкті кілем.Түкті кілем тоқылуына, материалына, көлеміне,ою-өрнегіне, түстік ерекшелігіне,тұрмыста қолдануына,ұлттық және рулық үлгілеріне қарай әр алуан атауларына ие болған.Қазақ жерінде оның сан түрлі атаулары бар.Мәселен,қоңырат кілем, қалы кілем,пазылық кілем және т.б. Сондай-ақ, «Кілем сыры –түгінде»дегендей, кілем биік түкті және аласа түкті болып екі түрге бөлінеді.Биік түкті кілемді жерге төсеніш ретінде жайса,аласа түкті кілемді керегеге сән етіп іледі.Осыған байланысты,кілем түгінің биік-аласалығына, қалың-сиректігіне байланысты неше түрлі атаулары болады.Тек кілемнің түріне қарап қана атау берілмеген,сондай-ақ оның жоғарыда айтып кеткендей көркемдік жағындағы үлесіне «масаты кілем»,қай жерде қандай мәнермен қолданылуына «орда кілем»,мән-мағынасына «арнау кілем»,түгіне «жұлғыш кілем» қарасты атаулары жетерлік. Осындай көптеген атаулардың өзі-ақ,қазақ халқының кілем тоқумен ертеден айналысқандығын және кілемнің әр жерде әр түрлі мәнде тоқылғандығын аңғартады.Сондай-ақ түкті кілемді көркемдік жағынан байыту, яғни,мәнерлеп өрнекте,әр түсті айшықты бояу қолдану әр заттың сипатына,тоқушының өр қиялына және іскерлігіне байланысты әр аймақта,әр алуан.Сонымен бірге,кезкелген кілемнің өзіндік мәні, мағынасы зор. Өйткені өрнектің,ондағы бояу үйлесіміндегі философиялық тұрғыдағы ойдың кілемнен алатын үлесі мол. Түкті кілемдердің өрнектері көбінесе көгеріс өрнекті,геометриялы,космогониялық өрнектер болып келеді. Өрнектердің түстері ақ-қызыл, сары-жасыл, қызыл-көк және т.б. болып бір-бірінің орнын толтырумен қатар,кілемнің қызыл фонымен үйлесімділік табады.Кілемдердің жиегіндегі өрнектері көгеріс өрнекті болып келсе, ортасындағы гүлді табақшалалар космогониялық өрнектер болып келеді. Ал зооморфтық өрнектер кездескен жағдайда,олар геометриялы болады. Түкті кілемдерінің өрнектері ақ бас тау алқапта, ашық аспан аясында тігілген ақ үйді еске түсіреді. Кілемнің шет жиектері ашық түсті текшелі өрнектермен көмкеріледі. Орталық бөлігіне тоқылатын ромб пішіндегі бірнеше көрнекті гүлдер (« Күмбездері») түкті кілемге айрықша монументілік сипатын туғызады.Кілемнің орталық гүлдері қомақты болғанымен,әсерлі көрінетін текшелі ромб, сегіз құйрықты жұлдызша, шаршы, гүл қауызы пішініндегі өрнектерді тұрпаттауды ұнатады.Өрнек ырғақтары қоңыр, қызғылт немесе қызыл қошқыл реңкте берілетіндіктен түрдің ашық түсті иірімдері кілемге тадтымдылық қасиетін тудырады. Әрбір түр шалымы жеке-жеке іріктеліп тоқылатындықтан кілемнің өңі әссерлі де, ойнақы болып шығады. Негізінен алғанда, түкті кілемдердің « ортаңғы бөлігі» және «шет қаймасы» деген екі түрі бар.Қазақ түкті кілемдерінде ортаңғы ширекке көркемдеп салатын өрнектерді « табақша» немесе «гүл», ал сол ортаңғы бөлікті айнала қоршап тұратын өрнектерді «шет ою» деп атайды.Шет қаймаға тоқылып салынатын өрнектер ортаңғы бөліктегі табақтар сияқты жекеленіп алынбайды.Сонымен қатар, олар табақшалар секілденіп жекеленіп қайталанбай жалғасымды тұрғыда көремделінеді. Ал түкті кілемнің орта табақшалары бірнеше түрге бөлініп, атауларға ие болған :

- «Жұлдызгүл» табақшасы
- «Күмбезгүл»табақшасы
- « Өрмекшігүл» табақшасы
- «Шигүл»табақшасы
- «Сегізбұрыштыгүл» табақшасы
- «Пәтнүсгүл» табақшасы
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)