Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ОТБАСЫНЫҢ РӨЛІ:ӘЛЕУМЕТТІК ТАЛДАУ.
Материал туралы қысқаша түсінік
Әлеуметтану пәні бойынша Отбасы тақырыбын талдау барысында жастарға керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
14 Қараша 2018
3644
1 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ӘОЖ 316.362.1
Шуршитбай М
Менің бұл мақалада қарастыратыным қазіргі таңдағы тұлға қалыптасуындағы отбасының рөлі және отбасы мәселесі.Отбасы-ежелден қалыптасып қана қойған жоқ.Сонымен бірге қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтерінің біріне айналды.Отбасы ерлі зайыптылардың арасындағы,басқа да туыстық тұрпаттағы қарым-қатынастарды негіздей отырып,өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына орай қоғаммен,мемлекетпен тығыз органикалық байланыста болады.Отбасында пайда болып,тұрақты орныққан әлеуметтік жағдайды талдау,оның мән-мазмұнын ашу,сонымен бірге сол ортадағы әке мен шешенің,олардың ұрпақтарының алатын орнын,рөлін,отбасының ішкі құрылысын,атқаратын функциясын және т.б зерттеу әлеуметтану ғылымының алға қояр аса маңызды талаптары.
Отбасының құрылымы-бұл оның элементтерінің тұтастығын қамтамасыз ету тәсілі болып саналады.Отбасының құрылымы мен тәртібі,өмір салты, дәстүрі, өзге отбасылармен және қоғаммен өзара қарым-қатынастары бір-бірімен тығыз байланысты.
Отбасының әлеуметтендіру функциясы тәрбие функциясымен сабақтасып жатыр.Отбасы ғана ұрпақтан-ұрпаққа мирас болатын мәдениет үлгілірінің негізгі алып жүрушісі болып саналады,тек отбасында ғана баланың қоғамдық мәдениетке және оның дәстүрлеріне араласуы жүреді,қоғамдағы жүріс-тұрыс ережелері туралы мораль нормалары туралы,ар-намыс,жақсылық,әділдік, ұғымдары туралы білім алады.Отбасында оның тұлға ретінде қалыптасуының негіздері пайда болумен қатар,қабілеті анықталып,баланың болашақтағы мамандығын таңдау іске асады.
Отбасының ерекшелікті қызметтеріне мыналар жатады:
-халықтың ұдайы өсіп-өнуі,яғни дүниеге нәресте әкелу;
-балаларды асырап, сақтау;
-балаларды тәрбиелеу;
-әлеуметтендіру.
Тұлға дегеніміз-индивид дамуының қорытындысы және мұнда барлық адамдық сапалар неғұрлым толық көрініс табады.Тұлға әлеуметтік өзара қимыл-әрекеттер мен қатынастардың бірінші өкілі.Ал тұлға дегеннің кім екенін анықтау үшін әуелі адам, индивид, индивидуалдық деген ұғымдарды түсініп алу керек.Күнделікті өмірде және ғылыми тілде бұл терминдер өте жиі кездеседі.Бұл ұғымдар көбінесе синонимдер ретінде де қолданылады.
Басқаша айтқанда,адамның тарихи дамуының әр түрлі деңгейлеріндегі жеке алғандағы және нақтылы-тарихи өзгешеліктерін көрсету үшін индивид деген ұғыммен қатар, тұлға деген ұғымды қолданады. Индивид дегніміз халық,қоғам,тап,әлеуметтік топ сияқты әлеуметтік қауымдастықтардың,жалпы адамзаттың жеке өкілі ретінде,нақты адам ретінде түсіндіріледі. Ал енді индивидуалдық түсінігін (жеке адамның өзіне тән) индивидтің басқаларда қайталанбайтын бірден-бір өзіндік ерекше қасиет сипатын,бір индивидті екінші индивидтен ерешелейтін белгілердің жиынтығын қарастыру арқылы анықтауға болады.Бұл ерекшеліктер биохимиялық, нейрофизиологиялық, психологиялық, әлеуметтік және т.б деңгейлерде байқалады.
Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық,қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.
Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір орынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады,ол үшін оған сәйкес құқықтары мен міндеттері,яғни белгілі бір әлеуметтік мәртебесі болады.
Тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы XX ғасырдың 30-жылдарында Американың әлеуметтік психологиясында пайда болды.Оның негізін Дж.Мид салды.Бұл тұжырымдама әр түрлі әлеуметтану ағымдарында,әсіресе құрылымдық-функциялық талдау ағымында кеңінен таралды.Т.Парсонс және оның ізбасарлары әлеуметтік рөлдердің көптігіне орай тұлғаны функция ретінде қарайды,бұл рөлдер қайсыбір қоғамдағы кез келген индивиктерге тән.
Отбасының әлеуметтендіру функциясы тәрбие функциясымен сабақтасып жатыр. Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын,туған-туысын,жолдасын сыйлаудан басталады. Себебі, ата-анасын сыйламаған бала, жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды деп қазақтың белгілі ағартушы педагогы Ы.Алтынсарин ата-ананың бала тәрбиесіндегі атқаратын рөлін айрықша атап көрсеткен. Шынында болашақ тұлғаның тәрбиесі өте күрделі құбылыс. Жас ұрпақтың тәрбиесі қоғам алдындағы жауапты іс.
Қазақстан Республикасының президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғауды жариялай отырып Еліміздің болашақта қандай болатынын балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты. Ең алдымен, біз қыздарымыздың тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз керек. Олар болашақ жар,болашақ ана,шаңырақтың шырақтары. Бала тәрбиесі –тек ананың емес,ата-ананың екеуінің де міндеті. Балалар қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиісті емес. Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын. Бала тәрбиелеу-болашаққа ең үлкен инвестиция,-деп айтқан болатын.
Тұлға кемел жасқа жетіп,есейген шағында оның белсенділігі артады, мұны әркім өз қалауынша, жеке өміріне және сыртқы жағдайларға сәйкестендіре бастайды, индивид экономикалық, әлеуметтік және моральдық-психологиялық тұрғыдан тәуелсіздік алады, саяси жағынан пісіп-жетіледі. Бұл оның өзін өмір сүруіне қажетті заттармен қамтамасыз ету қабілетінен көрінеді және өзгелерден тәуелсіз,өз табысын тапқан материалдық игіліктерді пайдаланудан өз бетінше өмір салтын құрудан ,ата-анасынан тәуелсіз өмір сүруден,некеге отырудан,заң алдында жауапкершілікті болудан,сайлауға қатысудан және т.б. байқалады.
Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі жаңа заман талабына сай қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістерге байланысты.Оған қойылар талап жан-жақты жетілген адамды тәрбиелеу. Қазақ зиялыларының бірі М.Жұмабаевтың Тәрбиедегі мақсат баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару,-деп айтуы бала тәрбиесіндегі ата ана,мектеп,қоғам алдында үлкен жауапкершілікте тұрғанын дәлелдейді. Отбасындағы көріністің бәрі бала өміріне әсер етеді.Әке әулет басшысы,отбасы мүшелерінің тірегі,асырап сақтаушысы,қамқоршысы.Ал ана болса,отбасының ұйытқысы, жанашыры, баланың және отбасының тәрбиесіне рухани қолдау көрсететін ерекше жан.
Отбасы әлеуметтануы екі бағытта дамып келеді: Оның бірінші бағыты бойынша отбасының тарихы зерттеледі, оның шығуының әлеуметтік заңдылықтары талданады. Екінші бағыт әлеуметтік институт ретіндегі отбасы мен қоғамның өзара әрекетін талдау қазіргі отбасының қалпын және шағын әлеуметтік топ ретіндегі отбасы ішіндегі қатынастарды зерттеу жағдайын зерттейді. Әлеуметтік институт тұрғысынан отбасын қарастырғанда неке-отбасы қатынастары саласындағы қоғамдық сананың қалыптасуына, әр түрлі жағдайдағы халықтың қайсыбір топтарының отбасылық тәртібіне жалпылама сипаттама беруге, отбасының негізгі міндеттерін жүзеге асыру тиімділігіне және т.б назар аударылады.
Отбасы-баланың әлеуметтану жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата- ананың әрекеті мен мінез - құлқы,өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік саяси құндылықтар беріледі.
Бала тәрбиесінде отбасы төмендегідей рөлдерді атқарады:
- отбасы болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады;
- отбасы жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырады;Ол болашақ жас азаматтың дене жетіліуіне, рухани және адами тұрғыдан дамуынан,жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға еңбек ету дағдысы тәрбиелеуге ықпал жасайды;
- отбасында бала тәрбиесінде ұлттық дәстүрлер жалғасады;
- отбасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеуші, елжанды азаматты тәрбиелейді;
Отбасының мәртебелік функциясы бар. Отбасында тәрбиеленген әрбір адам өз отбасының мүшелеріне етене жақын кейбір мәртебелерді мұра етіп алады. Бұл ең алдымен, тұлғаның мынандай аса маңызды мәртебелерін: ұлтын, қала немесе ауыл мәдениетіндегі орнын және т.б. жағдайларды қамтиды. Таптық қоғамдарда отбасының белгілі бір әлеуметтік жікке бөлінуі баланың келешек өмірін көбіне-көп анықтайтын мүмкіндіктер жасайды. Әлбетте, таптық мәртебе адамның күш-жігеріне орай және қолайлы жағдайлардың тууына байланысты өзгерістерге ұшырайды, алайда адамның болашағын оның өз отбасынан іздеу керек. Ата-анасының және туыстарының мәртебелеріне етене жақын рөлді атқара білуге баланы дағдыландырып, дайындауды міндетті түрде отбасы жүзеге асыру керек.Оны іске асыру барысында баланы әртүрлі жағдайларға, мүдделерге, құндылықтарға, өмір салтына қызықтыра отырып тәрбиелейді.
Әлеуметтану отбасының функцияларына, отбасы саласындағы келеңсіз құбылыстарға (ажырасу санының артуы, көртеген отбасыларының дүниеге бір ғана нәресте әкелуге бағыт ұстануы,жалғыз бастылардың санының өсуі т.б) талдау жасауда үлкен көңіл аударады.
Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де, балаларының жан-дүниесіне үңіліп, мінез – құлқындағы ерекшеліктерін жете білген жөн. Отбасының ең маңызды мүшелері ол ата-ана. Ал ата-ана міндеті-баланың әлеуметтік ортаға бейімделуін,жаңа қоғамдық жағдайдағы қиындықтарға төтеп беруін қадағалау. Ата-ана ол жеке тұлғаның ұлының немесе қызына деген мейірімі және де ол өте қарапайым, мейірімді, қамқор, жанашыр және олардың балаларына деген тәрбиесі мықты болуы қажет. Мәселен: “қыз баланы, қырық үйден тыю” деген қазақ халқының жақсы мақалы бар. Қыз бала ол ертеңгі біздің болашағымыз және де ол әрине болашақ ана. Сол себепті ата-ана қызына қатты көңіл бөліп назар аудару керек. Ал ұл балаға келсек ол ертеңгі елімізді, жерімізді қорғайтын намысшыл, ержүрек болуы қажет. Жалпы ата-ана қандай болса, ертеңгі күні балаларының тәрбиесі де сондай болмақ.
Қазіргі таңда біздің отбасындағы әлеуметтік мәселелер жастарымыз шет елге көп еліктеуде. Себебі: сонау жылдары біздің ата-бабаларымыз 10-15 балаға дейін тапқан, оларды жамандықтан аулақ қылып, тіпті қыз баласын үйінен шығармаған, ол кезеңдерде жетім балалар аз болған. Ал қазіргі XXI ғасыр, ғасырма қазіргі таңда әр жанұяда кем дегенде 4-5 қана бала бар. Неге? деген сұрақ қойып көрейік өзімізге. Себебі: тәрбие, ынсап, бауырмалшылдық қазіргі таңда жоқтың қасы. Қыз балаларымыз жүр түнгі клубтан клубқа, келте киімдерді сәнге айналдырып, кіндіктерін көрсетіп шет елге көп еліктеп. Ал ұл балаларымыз темекі, ішімдік, есірткі заттарды абырой санап, тіпті керек десең құлақтарын тестіріп, шаштарын әр түрлі түске бояп жігіт емес, қыз балаға айналуда. Біздің жастарымыз неге бұлай болуда. Менің ойымша заман емес, мына адамдар өзгеруде. Осыдан кейін қалай мына заман жастардың қолында дей аламыз. Әрине, көпке топырақ шашып қайтейін. Міне осының барлығы ата-ананың тәрбиесіне, айналасындағы қоршаған ортаға байланысты. Бүгінгі таңда отбасында ата-ана балам ешкімнен кем болмасын деп, бар жиғанын, керек десең жанында береді. Оларды тым еркелетіп жіберген, тіпті қыз баласы босағадан бала тауып келсе де, былқ етпейді. Амал не баласы үшін бәріне де көнеді. Ал кейбір ата-аналар балаға зар болып жатса, ал кейбіреулері өз баласын құлындай көреді. Бізде жылдан жылға жетімдер мен қарттар көбеюде...
Қазіргі таңның жастары өз ата-анасын өз үйіне сыйғыза алмай қарттар үйіне апарып тастауда.Кезінде олар баласы үшін барлығын істеген еді,ал енді міне оларға қиянат жасап өз ата-анасынан безіп, ал ата-ана өз баласынан безіп жатқандар қаншама. Біздің қоғамның жағдай ертеңгі күні не болмақ, сонда осы мені қазіргі таңның әлеуметтік мәселелері ретінде қатты толғандырады.
Ата-ананың ішімдікке салынуы баланың тұлға ретінде қалыптасуына кері әсерін тигізіп,олардың мінез-құлықтарының,тәрбиесінің теріс бағыт алуына,сөйтіп жеткіншектің қылмыс жасауына себепкер болады.
Қорыта келе, қазіргі қоғамда отбасының рөлі басым. Себебі қоғамның жаңа талаптары мен жұмыссыздықтың етек алуынан отбасында қақтығыстар,түсінбеушіліктер деңгейі күрделіленіп, күнделікті әлеуметтік құбылыста ішімдік пен жеткіншек жастан бастап нашақорлыққа үйір болу, ерте жүктілік, ойсыз жыныстық қатынастарға бару салдарынан ажырасулар мен бүтін емес отбасылар қалыптасуда. Бұл жеке тұлғаның өзін, отбасын әлеуметтік ортадан шеттету мәселелерін туындатады. Отбасындағы мәселелер,жағымсыз жағдайлар мен дағдарыстар бүгінгі әлеуметтік жағдайларда көкейкесті жағдай болып жатыр.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
1. Қапанова Ж.Т. “Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі”
2. Назарбаев Н.Ә./ “Қазақстан -2050” стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы, Астана, Ақорда 2012.
3. Раушан Әбсаттаров пен Мұқсын Дәкенов “Әлеуметтану: өзекті мәселелер”, Алматы “Қарасай” баспасы баспасы 2013 жыл.

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)