Материалдар / Тұлғаның психологиялық портреті

Тұлғаның психологиялық портреті

Материал туралы қысқаша түсінік
Біз осы эсседе айтылған мейірімділік пен мейірімді жан сөзін мысалға ала отырып , мейірімді ананы сипаттап шықтық. Ол мейірімді ананың психологиясы қандай болатынымызға тәнті болдық. Оның бойындағы ерекше үлгі тұтаррлық қасиеті мейірімділік. Ананың бойындағыдай мейірімділікті өзгенің бойынан таба алмаймыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қазан 2021
1234
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе

Тұлғаның психологиялық портреті



Тұлға деген кім? Оны қалай түсінеміз? Тұлғаның психологиялық портретін қалай білеміз және Мейірімді жан кім?

Адам деген ұғымды пайдаланғанда – ол

Алланың жараткан перзенті, жеке тұлға, жер бетінде тіршілік етуші, саналы сөйлей алатын жан. Биоәлеуметтік қасиеттермен сипатталатын жоғары психикалық функциялары қалыптасқан, құрал-жабдықтарды жасап, оны пайдалана алатын жан деп түсінеміз. Ал жеке тұлға деп жекелік психикалық қасиеттері дамыған, әлеуметтік ортада өмір сүруге және қарым-қатынас жасауға қабілеті қалыптасқан адамды айтамыз. Бұл адам дегеніміз Жеке тұлға.

Мен осы жеке тұлғалардың бірі <<Мейірімді жан >> деген атаулыны алғым келеді. Сіздердің түсініктеріңіз бойынша << Мейірімді жан >> деген кім. Сол атаулыны естіген кезде көз алдарыңызға кім елестейді. Ең алдымен <<мейірімділік >> деген сөзге тоқталып мағынасын ашып алсақ.

Мейірімділік – ізгіліктің жолы. Жақсылық жасау дегеніміз адамдарға, айналаға, табиғатқа, қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады. Баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал етеді. Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелейді. Жақсылық жасау-адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау-биік адамгершіліктің белгісі. Осы қасиеттер арқылы балалардың шығармашылық қиялын, ой-өрісін, есте сақтап, жүйелі ойлауын дамыта отырып, танымдық, мейрімділік қабілеттерін жетілдіреміз.

«Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атап өтсек: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар едік? деп балалардан сұрасақ. Олар мейірімді жандардың қатарында ең бірінші өздерінің аналары екенін айтады. «Жылы сезім жүректерде сақталады, Мейірімділік тек жүректен басталады», – демекші балалар жүректен шыққан сөздерін, бір-біріне деген жақсы тілектері арқылы жеткізеді, мысалы «сен мейрімдісің,сен ғажайыпсың, сен ақкөңілсің, сен ақылдысың, сенің жүрегің жақсылыққа толы т.б». Осындай жылы лебіздер арқылы балалардың бір-біріне деген сыйластығы артады. Мейірімділік-адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Адам бойындағы бағалауға лайық қасиет – ақыл емес. Қайта сол ақылды басқаратын қасиеттер: мінез, жүрек, мейірімділік және таза ой. «Өзіңді-өзің танысаң – істің басы» деп Шәкәрім айтқандай мен өз сабағымда оқушыларға әртүрлі жағдаяттарды өздігінен шешкізе отырып, әңгімелерді талқылап, өз пікірлерін ортаға салу арқылы, өз жүрегіндегі мейірімділікті айту сонымен бірге жүрек жылуын сезіндіре отырып, қайырымдылық, қамқорлық, жанашырлық сияқты адамгершілік құндылықтарды бала кезден бастап олардың жүрегіне жылулықты қалыптастырамын. Сонымен қатар оқушылар өз бойына төмендегідей қасиеттерді сіңіреді. Осылар арқылы мейірімділік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейтеді. Бір-біріне қамқорлық жасауға жетелейді. Біреудің жанын өз жанындай түсіне біледі, өзіне жақын жандарды бағалайды, сүйе біледі. Сондай-ақ ой толғау, мәтінмен жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау, пікірталас арқылы бір-біріне өз ойларын толық жеткізе біледі. Әртүрлі бейнекөрілім көру арқылы оқушылар қамқорлықты, жұбанышын, мейірімін көре отырып, қатыгездік, жаны ашымайтынын көре отырып аяныш сезімдері оянып, ақ пен қараның ара жігін ажыратып, өз ойларын ортаға салып, өз ойларын ашық айта біледі. Бейнекөріністегі жаман қасиеттерді мен жақсы қасиеттерді ажырата біледі. Адам баласының бойындағы әділеттілік, мейірімділік, рақымдылық, адалдық, жомарттық, қонақжайлылық, бауырмалдық, намысқойлық тәрізді ізгі қасиеттерді жүрек ісі деп түйген Абай жүректі негізгі орынға қою арқылы жүректен шыққан осындай адамгершілік қасиеттерді басты орынға қоя білді. Абайдың он төртінші қара сөзінде: «Тірі адамның жүректен аяулы жері бар ма?» Біздің қазақтың жүректі кісі дегені – батыр кісі» деген күрделі философиялық ұғым бар. Яғни, мейірбандылық, тілдің жүрекке көнуі, жаманшылыққа ермеуі – жүректің ісі. Қандай жағдай болмасын жүрегі мен ақылын қоса тыңдай алған адамның іс-әрекеті, сөзі мен ойы сүйіспеншілікке толы болады. Абай атамыз айтқандай жүректі кісі, мейірімді болуға асығайық!

Маған<< мейірімді жан >> дегенде ең алдымен ойыма <<АНА >> деген жылы сөз түседі.Жаңадан туылған сәбиге ана өз мейірімін төгеді. «Айналайын» деген сөздің астарында қандай мейірім жатыр. Қашанда ата-анасы балаларына «мейірімді, бауырмал болыңдар» деп үйретеді. Мейірімділік – адамның жүрегі арқылы күлімдеген жүзінен мейірім оты көрінетін сезім. Бұл қасиетті әркім әрқалай түсінер. Бірақ бұл қасиет қазіргі таңда жоғалып бара жатыр. Ата-анасын қарттар үйіне апарып тастаған балалардың, баласын туа сала әжетханаға тастаған көкек аналардың, бауырын мұра үшін ештеңеден тайынбайтын бауырлардың, жетімдерді шырылдатып балалар үйіне тасатаған безбүйрек ата-аналардың, досын атақ пен даңқ үшін аяғынан шалған достардың көбеюі жүректі ауыртады. Одан қалса, қыстың қақаған аязында, жаздың аптап ыстығында қол жайып, тыйын-тебен сұраған қайыршыны көргенде аяйсың. Жүрегің шымырлайды. Қалтаңдағы соңғы тыйыныңды бересің.

Мейірімді аналарымызды бағалайық! Қадірлерің түсірмейік!





Біз осы эсседе айтылған мейірімділік пен мейірімді жан сөзін мысалға ала отырып , мейірімді ананы сипаттап шықтық. Ол мейірімді ананың психологиясы қандай болатынымызға тәнті болдық. Оның бойындағы ерекше үлгі тұтаррлық қасиеті мейірімділік. Ананың бойындағыдай мейірімділікті өзгенің бойынан таба алмаймыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ