№
1Алматы Қазақ Мемлекеттік
гуманитарлық-педагогтік
колледжі
06.05.2021
12
Д тобы
Патриоттық
сағат
Куратор: Буршакбаева
С.Б.
Тақырыбы: «Тұлғасы толған тәлім,есімі елге мәлім»Бауыржан
Момышұлы
Мақсаты:Студенттерге халқымыздың аты аңыз болған даңқты қаhарманы,
гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы туралы мағлұмат беру, батырдың
азаматтық,азамат бойына патриоттық сезім қалыптастырып, Отанды
сүюге тәрбиелеу; батырдың биік тарихи тұлғасын тереңірек тану; оның
өнегелі өмірін, ерлігін бүгінгі ұрпаққа кеңінен үлгі
ету;
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті
ұстаздар мен студенттер.Сіздерді бүгінгі 12Д тобы ұйымдастырып
отырған «Тұлғасы толған
тәлім,есімі елге мәлім» Бауыржан Момышұлының ұлттық рухы рухани мұрасы туралы
патриоттық сағатымызға қош
келдіңіздер!!!
2-жүргізуші:Бүгінгі патриоттық сағатымызды Б.Момышұлының сөзімен
бастасақ: «Әрбір азамат өз ұлтын сүюі тиіс және өз ұлтына деген
терең сүйіспеншілігімен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды
танып, құрметтеп, оларды да сүйе білуге
тиіс.»
1-Жүргізуші: Бауыржан Момышұлының өмір жолы.
Таныстыратын:
Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 жыл - 10
маусым 1982 жыл) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші
дүниежүзілік со ғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег
және тактик. Балалық шағы Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24
желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбас тау
ауылында туған. Дулат тайпасының Шымыр руынан Имаш бабасы 1911 жылы
92 жасында дүниеден өткен. Әкесі Момыш өз бетімен ескіше сауат
ашқан, кири л алфавитімен оқуды меңгерген сол кезеңдегі көзі
қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұс тасы және
етікші, зергерлігімен танымал болатын. Имаш атасы
қартайған кезінде барлық шаруашылықт ы Момыш ұлына
табыстаған. Әжесінің есімі - Қызтумас, қартайған шағында
ағайын-туыс "сары кемпір" деп атаған. Анасы Рәзия дүниеден ерте
өтіп, Бауыржан 3 жасынан бастап Қызтумас әжесінің қолында
өседі.
Мансұр
Айнұр
2-жүргізуші: Ендігі кезекте, Бауыржан Момышұлы
туралы 14 тың дерек атты бейнероликке назар
аударсақ
1жүргізуші: Келесі кезекті біздің батыл да қайсар студеттерімізге
берсек
1.Батыр баба Бауыржан
Жакенұлы Самат
Бауыржандай батыры бар ел
мықты,
Сондай батыр табан басқан жер
мықты.
Бар әлемге қазақ атын паш
етіп,
Ұрпағына мирас еткен
ерлікті.
Жауларына жай оғынан от
алды,
От алды да, қорғап қалды
Отанды.
Сарбаздарын жеңіс күнге
жеткізіп,
Халықының қаһарманы
атанды.
Зор даңқымен өтіп мына
өмірден,
Өшпейтұғын орын алды
көңілден:
Көшелерге, мектептерге,
ауылға...
Бауыржан деп, батыр аты
берілген.
Бауыржан деп самал жел де осы
күн,
Қас батырдың қайталайды
есімін.
Бауыржан деп баласына ат
қойып,
Аналар да тербетеді
бесігін.
Астанада аялы аспан
астында
Бой көтеріп кереметтей тас
тұлға,
Мәңгі тірі Бауыржанға
айналды,
Мақтаны боп кәрінің де, жастың
да.
Қатар қойып, шындығына
нансаңыз,
Ол – бүгінгі Қобыланды,
Алпамыс.
Жалын құйған жүрегіне
жастардың,
Бауыржанға бас иеміз
баршамыз.
2.Бауыржан Момышұлы Төкен
Дәуіржан
Бүркіттей тағдырда отыр
сілкінбеген,
Шал бопты көкірегі
күркілдеген.
Айдындай ақ маңдайын әжім
торлап,
Көзінің алды да аздап
кілкілдеген.
Кез қайда тасқа шапса
іркілмеген,
Көрші емес қазір
ойын-күлкіменен,
Күн ұзақ ой-арманын
айтып-айтып,
Түндерді өткізеді
ыңқылменен.
Тарылып күйкі тартқан кең
кеудесі,
Секілді тозған тұлға
көлеңкесі.
Ойласа от күндерді алады
өксіп,
Қазақтың ай мүйізді ақ
серкесі.
Ойласа от күндерді, қан
майданды,
Қамықпай қасіретсіз сөз айта
алмайды,
Елестеп қансыраған қайран
достар,
Соларға «қайдасың!» деп
айқайлайды.
Кешегі темірдей қол
дірілдеген,
Даусы жоқ жауар бұлттай
күрілдеген.
Жай ғана салқын сумен шаяды
ол,
Көздерін кейбір түнде
ілінбеген.
Есінен қанды жорық бір
шықпайды,
Қарт жанын қатер-қауіп
тыншытпайды.
Мезгілсіз көктей солған көрсе
жапырақ
Жүрегін ауыртады шымшып
қайғы.
Сол кезде ұмытып ол жұмыс
қамын,
Сәл серпіп ойдың суық
зымыстанын.
Бокалмен тартып - тартып
жібереді
Бойының жазбақшы боп
құрысқанын.
3.Батыр Баукең Руфатұлы
Ерхан
Шүу,
тұлпарым,
Жүрісіңді
байқайын.
Шайқастарды шабытыммен
шайқайын,
Хас батырдың сомдап сұсты
бейнесін,
Отқа оранған отты жырмен
айтайын.
Көзбен көріп батыр ұшқан
ұяны,
Бірге асайын құрсау шатқал
қияны.
Бедірейген Волоколам тас
жолын,
Тозаңы ұшқан құстар салған
ұяны.
Шепті шарлап, шегінуді
білмеген,
Қабысайын Баукең сөйлер
тілменен,
Қауіп-қатер, үрей-сүрей
дегенді
Батыр сынды қаперіне
ілмеген,
Жарты сүйем жауды алға
бастырмай,
Тарпа бас сап, ауыздарын
аштырмай,
Қапылыста қалам құрғап
қалмасын
Сумаңдаған жаудың сұрқын
қаштырмай.
Шүу,
тұлпарым!
Көсіл!
Алға
арында.
Суғарылып соғыс салған
сарынға.
Қаула, лаула намысымен
қазақтың
Жігерлілік жарасар жас
шағында!!!
1-жүргізуші: Аға ұрпақ пен жас буынның
Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда
мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеу жолында атқарып жатқан игі
қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге
саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр
тілейміз.
2-жүргізуші: Ендігі кезекті Құсайынов
Нұрболдың орындауында «Соғыстан қалған ән» атты әуезді әуенге
берсек.
1-
жүргізуші
Есенбаев Ержанның
орындауындағы Мұқағали Мақатаевтың «Бауыржан Момышұлына» атты
өлеңі.
2- жүргізуші
:Құрметті қонақтар уақыт тауып
қатысқандарыңызға мың алғыс!!! Біз сіздермен қоштаспаймыз,келесі
кездескенше қош сау болыңыздар.
.